Салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу кезiнде салық төлеушiнiң артық төлеген салық сомаларын есепке жатқызу

Өткен салық кезеңдерiндегi салықтың осы түрi бойынша мiндеттемелер ескерiле отырып, салық кезеңiнде бюджетке төленген және есептелген салық сомалары арасындағы айырма артық төленген салық сомасы болып танылады.
Салық төлеушінің бюджетке артығымен теленген сомасының салық органдарына берген өтінішіне орай он жүмыс күні ішінде жекелеген салық түрлері бойынша берешектері мынадай тәртіппен:

1)салыктың нақты түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;

2) салықтардың басқа түрлері бойынша өсімпұлдар мен айып пұлдарды өтеу есебіне;

3) салықтардың басқа түрлері бойынша бересі сомаларды өтеу есебіне;

4) салықтардың осы және басқа да түрлері бойынша болашақ төлемдер есебіне міндетті түрде есепке жатқызылуға тиіс.

Ал салықтөлеуші тарапынан өз салықтық міндеттемесі бойынша артығымен төленген салық сомасын кайтарып беру жөнінде өтініш берілген жағдайда, салық органдары өздеріне өтініш табыс етілген күннен бастап он бес жүмыс күні ішінде артық алынған соманы кайтарып береді.

Қазакстан Республикасының кеден шекарасы аркылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салык телеушінің өтініші бойынша, салықтардың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растамасымен қоса, өтініш берілген күннен бастап он жүмыс күні ішінде осы бапта белгіленген тәртіппен салық берешегін жабу есебіне есептеуге жатады.

Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдердің артық төленген сомаларын қайтару, салык және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомаларынын бар екендігі туралы кеден органынын растамасымен қоса, кайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі. '

Орындалу мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен салықтык міндеттеме сомасына Қазақстан Республикасының Үлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2 еселенген мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпүл есептелінеді.

Бюджетке артық төленген салық сомасы басқа салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi бойынша берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызылмауға тиiс.

 

Сұрақ Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері

Салық төлеушiнiң белгiленген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындау:
1) төленбеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына өсiмпұл есептеу;
2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеушiнің салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етуiн шектеу тәсiлдерімен қамтамасыз етілуi мүмкiн.