Эмоцияны тілде және сөйлеуде беру жолдары

Тіл мамандарын, В.И.Шаховский сөздері бойынша «жаңа ғылыми парадигманың – эмоция лингвистикасының (эмотология)» қалыптасуына енген вербалдану және эмоцияларды тематизациялау үдерісі қызықтырады. Бұл парадигманың бағыты тілдің тұрмыстық эмоциялық ортасына: эмоциялық тілдік тұлғаға, тілдің эмотивтік белгісіне және олардың эмоциогенді прагматикасына, жаңа эмоционалды боялған контекстің түсініктеріне бағытталған (Шаховский В.И., 1994, с.130).

Антропоцентризм қазіргі заман лингвистикасының негізгі қағидаларының бірі. Қазіргі тіл білімінде сөйлеуші субъектілер тіліне және тілдегі адам факторларын анықтауға деген зерттеушілер қызығушылығының күшею үрдісі байқалады.

Тіл тек адамдардың ақпарат алмасуында ғана емес, сонымен қатар сөйлеушінің ішкі дүниесін білдіруде де қолданылады. Эмоциялар көп қырлы. Эмоциялар өздігінен тілдік феномендер болып табылмайды, алайда сөйлеуші субъектінің тілін зерттеу - адам эмоциясын ұғынудың бір жолы. Адамның эмоционалдық әлемін зерттеу зерттеушінің адам жайындағы бірнеше ғылымдарға жүгінуін қажет етеді: психология, әлеуметтану, лингвистика, философия.

Тіл адамға тән эмоцияларды зерттеудің кілті болып табылады, себебі ол оларға атау береді, білдіреді, сипаттайды, тұжырымдайды, топқа бөледі және түсіндіреді. Дәл осы тіл осы немесе басқа лингвомәдениет әлемі өкілінің эмоциональдық суретін қалыптастырады [Шаховский, 1983: 25-26].

Эмоциялар адам өмірінің ажырамас бөлігіне айнала отырып, әлі күнге дейін лингвистикалық зерттеулерде негізге алуға болатын психологиялық зерттеулердің нәтижелері көңіл көншітпейді. Бұл адам эмоциялары мен сезімдерінің және олардың бөлінуінің қиындықтарына байланысты. Эмоцияның тіл арқылы бейнеленуінің тілде тиянақталған материалды формасы бар. Сондықтан да XX ғасырдың соңы — XXI ғасыр басындағы ағылшын тіліндегі еңбектердегі эмоцияны жеткізу әдістері мәселелері қазіргі тіл білімінің өзекті мәселесі болып табылады. Адамдар эмоцияны сезініп қана қоймай, осы эмоцияны сезінгенін біледі және де әрбір адам ситуацияға байланысты әр түрлі эмоцияны бастан кешіреді. Лингвистикалық тұрғыда адамның эмоциялық күйі эмотивтер арқылы беріледі.

Алайда лингвисттер эмоцияның лингвистика саласының нысаны екендігін бәрінен кеш түсінгендігі, олардың әлі күнге дейін эмоцияға қатысты өз концепциясын аяғына дейін тұжырымдамауына себеп болды.

В.И.Шаховскийдің айтуы бойынша, эмоциялар лингвистикасы яғни эмотиология, өзінің бастауын ертедегі лингвисттердің үлкен тобының (М. Бреаль, К. Бюлер, Э. Сепир, ван Гиннекен, Г. Гийом, Ш. Балли және т.б.), лингвистиканың эмоцияларды зерттеумен айналысуы қажет па, жоқ па деген пікірталасынан алады.
Ғалымдардың бір тобы, мысалға К. Бюлер, Э. Сепир және Г. Гийом тілдің доминанты оның когнитивті қызметі деп санаған, сондықтан да олар тіл туралы зерттеулерде эмоционалдық компоненттерге аса көңіл аудармаған.

Ғалымдардың екінші тобы (Ш. Балли, ван Гиннекен, М. Бреаль) эмоцияны білдіру тілдің орталық қызметі деп санаған. Осылайша Ш. Баллиді бірнеше сұрақтар қызықтырған: Эмоция қайдан пайда болды? Ол сөздерге және сөз тіркестеріне байланысты ма әлде сөйлеушінің сөйлеу мәнеріне байланысты ма? Тілде немесе сөйлеушінің сөзінде эмоция бар ма? Эмоция сөйлеу мәнеріне және сөйлеп тұрған сәтке байланысты ма? Оның пікірінше, эмоционалдық компоненттер осы аталған жағдайлардың барлығында бар және ол қазіргі заманғы зерттеулермен дәлелденген [Goleman, 1997; Филимонова, 2001].

М.Бреаль өз кезегінде сөйлеу сипаттауға, баяндауға және алдын-ала пайымдауға арналған емес, ол қалауды және сөйлеушінің сол сәттегі көңіл-күйін білдіруге, сонымен қатар ұйғарым жасауға арналғанын, ал осының барлығы эмоционалдық сүйемелдеусіз жүзеге аспайтынын айтты.

Эмоция лингвистикасы психология мен дәстүрлі тіл білімінің байланысынан туындайды. Қазіргі таңда эмоция лингвистикасы мынадай ресейлік ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмысының нысаны болып табылады: И.В. Арнольд, Э.С. Азнаурова, С.Б, Берлизон, Е.М. Галкина-Федорук, М.Д. Городникова, В.А. Мальцева, Н.М. Михайловская, Н.М. Павлова, В.И. Шаховский және т.б. Аталмыш ғалымдар XXғ екінші жартысында антропоцентризм ғылымының негізін қалады[Ионова, 2004: 4].

С. Кербрат Оречионидің пікірі бойынша эмоцияның XX ғасыр лингвистикасында маңызы жоқ, себебі оның ойынша эмоцияны білдіру негізгі мәселе болып табылмайды (Kerbrat-Orecchioni, 1977). Шындығында тіл ең алдымен нақты бір ақпаратты жеткізу үшін, алынған мәліметтерді тиімді түрде өңдеу және ақпарат алмасу үшін қызмет етеді, алайда бұл әрекеттер сезім, уайым, қалаудан тысқары бола алмайды және сондықтан да лингвистикадан тысқары қала алмайды. Жоғарыда келтірілген автор баяғыда ескіріп қалған Э.Сепирдің тілді инстинкті құрал (Pinker, 1994) деп санаған пікіріне сүйенген сияқты. Э.Сепирдің айтуынша, «эмоцияны білдіруге қарағанда идеяның қалыптасуы тіл үшін маңыздырақ» (Sapir, 1921). Бұл пікірмен келісуге болмайды, себебі адамның сөйлеуі эмоция арқылы жүзеге асады, оның ішінде креативті ойлау, оның өзін-өзі ұстауы, оның барлық вербальдық және эмоционалды рефлексиялары. Осылайша жоғарыда айтылған Э.Сепирдің эмоцияны көрсету лингвистика саласы үшін еш маңызы жоқ екендіні туралы мәлімдемесі ескірген деп санаған жөн.

Бұл жайында Ш. Балли, Э. Станкевич, Д. Гоулман және Э. Стивенсон жазған, тіпті Э.Сепирдің өзі эмоцияның тіл арқылы білдірілуі мүмкін екендігін мойындаған болатын. Бұл пікір ресей психолингвистерінің жетістіктеріне қарсы келеді, олардың ойынша тілдің сөздік құрамын эмоционалды және бейтарап деп бөлу қисынсыз, себебі кез келген сөз дискурсивті түрде эмоциямен боялуы мүмкін [Шаховский, Сорокин, Томашева, 1998; Мягкова,2000].
1.3.Тілдің эмоционалды қызметі.

Адамның эмоционалдық жүйесі – тілде өз бейнеленуіне ие болған ең күрделі жүйелердің бірі. Тіл білімінде ол лингвистикалық қарым-қатынаста әлі күнге дейі арнайы ғылыми зерттеудің пәні бола қоймады. Сонымен қатар оның зерттелуі тілдерді функционалдауға талдау жүргізу саласында теориялық және практикалық мәнге ие.

Тілдің эмотивті қызметі «тілдің эмотивті функционалды алаңын қалыптастыратын, тілдік және сөйлеу тәсілдерінің жүйелеріне ие арнайы код арқылы» жүзеге асады (Апресян 1995). Оған лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тілдік тәсілдер жатады. Эмотивтілік сөйлеуде тәсілдердің күрделі кешені арқылы білдіріледі, оның ішінде эмоционалдық сөздер, одағайлар, жұрнақтар, шылаулар, қаратпа сөздер, кейбір синтаксистік құрылымдар және интонация, сонымен қатар салыстырулар, троптар, образдық эпитеттер ерекше рөлге ие. Олардың тікелей қызметі – нақты кейіптерді жеткізу, алайда олар сезімдерден ажырамаған фантазияға жүгінгендіктен, олардың мәні затқа немесе құбылысқа жоғары деңгейде бейнеленген басқа заттың сипаты ауысуында. Осылайша берілген зат немесе құбылыстың нышаны қиялда артады, сондықтан бұл образдық көріністер сөйлеудің эмоционалдылығын арттырады.

Адам өмірі аффективті және эмоционалды: адамдарды эмоционалды байланысқан адамдар және заттар қоршап тұрады. Адамдар ақпарат жинаудан гөрі, эмоционалдылықты қалайды. Адамның өзін-өзі ұстауында эмоциялар ең басты, ештенемен алмастыруға келмейтін фактор болып табылады.

Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер барған сайын тұлғаға негізделеді, зерттеу нысаны –адам, оның ішкі күйзелуі, эмоциялары, ойлары, тәжірибесі, дүниетанымы. Дәл сондықтан да ғалымдар антропоцентризм ғылымының дамуы жөнінде көп айтуда. Бәрімізге белгілі тіл тұлғаның күйзелістері мен сезімдерін көрсетудің басты құралы болып табылады, сондықтанда лингвистика үшңн адамның ішкі дүниесі маңызды. Эмоцияларды жеткізу тілдік бірліктермен жүзеге асады. Тілдегі және сөйлеудегі эмоционалдылық – бұл кешенді лингво-әлеуметтік-психологиялық мәселе.

Сонымен қатар эмоциялар, олардың физиологиялық экстериоризациясы (күлкі, жас, тремор және т.б.) және оларды тіл арқылы берудің әр түрлі әдістері – атау, келтіру, сипаттау бар екендігі белгілі (Шаховский, 1987). Басқаша айтқанда эмоцияның бір-бірімен байланысқан, кем дегенде екі семиотикалық жүйесі бар – Body language и Verbal language, оларды ғылымда әлі де зерттеу және сипаттау қажет. Жалпы алғанда, алғашқы семиотикалық жүйе екіншіні сенімділігі, жылдамдығы, туралығы, шынайылық деңгейі және білдіру сапасы, эмоция коммуникациясы, сонымен қатар оларды қабылдаушының қабылдауына байланысты асып түсетіндігі белгіленген. Адамзаттың іс-әрекетінің көптеген аспектілері сөз арқылы жеткізілмейді: тіл болмыспен салыстырғанда жұтаң келеді, оның семантикалық кеңістігі бар әлемді толығымен қамти алмайды. Әр адамда өз эмоцияларын білдіру барысында тиісті сөздерді таба алмай қиналатын кездері болады. Оған қоса эмоциялар ешқашанда таза, дифференциалданған күйде көрсетілмейді, сондықтанда олардың вербалды сипаттамасы үнемі субъективті (Diller, 1992: 26-27). Бір эмоция әр түрлі тілдік тұлғалар арқылы көптеген тілдік емес ықпалдарға байланысты, әрқалай жеткізіледі. А.Хеллердің дәл ескертуі бойынша, эмоциялар әрқашанда когнитивті және жағдайларға және сөйлеп тұрған сәтке байланысты. (Heller, 1979; Bonheim, 1992: 182), өз кезегінше оларды білдірудің тілдік тәсілдерін таңдау да жағдайға байланысты.

Оксфорд университетінің профессоры Джин Эйчисон өзінің бір жұмысында (Aitchison, 1985) лингвистер эмоциядан қорқады және олар жайында аз жазады деген болатын. 1970 жылдардың ортасына дейін тілдік концептуализация және вербалдану мәселесі, сонымен қатар эмоциялардың категорияға бөлінуі шын мәнінде өрескел және қауіпті болатын, осы тақырыпқа қатысты лингвистика саласында жазылған ғылыми еңбектер қызығушылық тудырмайтын. Алайда тілді қалыптастырушыға, тасымалдаушыға және қолданушыға, оның психологиясына деген ерекще көңілмен лингвистикалық парадигманың гуманистік, жаңа жақтары пайда бола бастағаннан кейін, тіл мамандары эмоция саласына ерекше көңіл бөле бастады. Ш.Баллидің ойынша, эмоционалдық компоненттер тілдің барлық деңгейлерінде де бар (ол қазіргі заманғы эмоция лингвистикасымен дәлеледенеді (Goleman, 1997; Шаховский, 2001; Филимонова, 2001 және т.б.)).

Эмоция естің, ойлаудың және әлеуметтік мінез-құлықтың негізі екендігіне күмән келтіретіндер азайды. Ресей тіл мамандары В. А. Мальцев, С. Б. Берлизон, М. Д. Городникова, Э. С. Азнаурова. И. В. Арнольд, Е. М. Галкина-Федорук, Н. М. Павлова, О. И. Быкова, Н. М. Михайловская, және т.б. батыс еуропа және америка тіл мамандарынан озық бола отырып, лингвистканың жаңа эмотиологиялық бағытының негізін салды. Сондықтан да эмоционалдылық концепт саласы, мәдениет, эмоционалды мінез-құлық, мәдениетаралық коммуникацияның эмоционалдылық/эмотивтілік мәселелерін қарастыруға амалдар жасалынды.

Бүгінгі таңда тіл мамандарының көпшілігі сөзде эмоционалдылық компоненттің бар екендігін мойындайды және сөйлеу стилистикасы сөйлеушінің эмоционалды таңдауымен жүзеге асатынындығымен келіседі (тұрмыстық жағдайдағы сөйлеу мәнері, көркем шығармадағы тілдесу және т.б.)

Алғаш рет 1987 жылы Берлиндегі XIV Халықаралық тіл мамандарының конгресінің отырысында Ф.Данештің тілдің эмоционалды аспектісі туралы (Danes, 1987) баяндамасы тыңдалды, онда когниция мен эмоцияның тығыз байланысы жайында ашық әрі анық айтылды, сонымен қатар тілдің эмоционалдылығына үлкен лингвистикалық мән берілді. Конференция шешімі бойынша «Тіл және эмоция» мәселесі қазіргі заманғы лингвистикалық зерттеулердің бес алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі екені айтылып өтілді. Бұл шындық көптеген тіл мамандарын эмоцияны өз ғылыми еңбектерінің нысаны етулеріне себеп болды.

Эмоцияның сөйлеуде тіл арқылы берілуі уақыт өте келе өзекті мәселеге айналуда. Тіл – мәдениеттің ғана емес, сонымен қатар эмоцияларды білдірудің басты құралы. Эмоциялар адамның әлемге деген көзқарасының арнайы бір құралы. Тіл мамандарын эмоцияларды тіл арқылы жеткізу мәселесі қызықтырады. Ой және эмоциялар коммуникация барысында бір-бірімен тығыз байланысады да, бірақ эмоция ойдан басым түседі.

Сөйлеушінің қандай да бір ақпаратқа деген баға беруін және эмоциялық қатынасын беретін, тілдің эмотивті қызметі, оның мазмұны болып табылатын тілдік құралдардың жиынтығы соңғы жылдары прагмалингвистиканың негізгі мәселесіне айналды (Ахманова О.С., 1966, б.525). Эмоциялар объективті болмыс ретіндде белгілер арқылы беріледі және бұл көрініс әр түрлі тіл деңгейлерінде өтеді» (Водяха А.А., 1994, б.28-29).

Ғылыми бағыттардың айқындығына қарамастан, эмоцияны зерттеу толықтай қанағаттандырлықтай деп санауға келмейді. Л.Г.Бабенконың пікіріне сәйкес «эмоцияны белгілеп көрсету (номинация)» жеткілікті түрде күрделі және бірқалыпты емес. Б.И.Додонованың да зерттемелері де соны дәлелдейді. Оның пікіріне сәйкес «сөйлесу тәжірибесінде біз әр түрлі ішкі дүниеміздің күйін білдіру үшін бір ғана сөзді, олардың нағыз сипаты тек мәтіннен ғана байқалатындай етіп қолданамыз. Сонымен қоса тек бір ғана эмоция әр түрлі сөздер арқылы берілуі мүмкін» (Додонов Б.И., 1975, с.23).