Эмотивтілік және экспрессивтілік

«Эмоционалдылық» және «эмотивтілік» түсініктерін алғаш рет Ш.Балли (1961), орыс лингвистикасында Б. А. Ларин (1974) ажыратты. Алайда бүгінгі күні де «эмоционалдылық» және «эмотивтілік» терминдері бір мағынада жиі қолданылады. Эмоцияны зерттеумен айналысатын ғылым эмоция лингвистикасы немесе эмотиология деп аталады. Оның нысаны эмоцияның тілдік категоризациясы. Эмотиология дегеніміз сонымен қатар эмоцияның вербалдану, бейнелену және байланысуын зерттейтін ғылым саласы.

Эмотивті сөйлеу актілерінің құрамында келесідей компоненттер кездеседі:1) эмоцияның атауы; 2) эмоция субъектісіне 3) эмоцияға негіз болатын себеп; 4) эмоция объектісі. Сәйкесінше эмоция жеткізу тіліне жататын сөйлеу актілері ретінде эмотивті сөйлеу синтаксистік және лексикалық деңгейлердің өзара қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады. Эмоцияларды жеткізудің лингвистикалық құралдарын зерттеу - осы бағытта жасалып жатқан лингвистикалық жұмыстардың теориялық және практикалық мәнінің зор екендігін және міндетті түрде олардың өзектілігін көрсетеді. Осыған байланысты эмотиология дәстүрлі тіл білімінің алдыңғы қатардағы саласы болып табылады. Эмотиологияның ең басты міндеті - тіл бірліктерінің субъективті компоненттерін зерттеу, сонымен қатар тілдің эмотивті коды жайындағы білімді ұштау [Ионова,2004: 5].

Эмоционалдылық тіл арқылы бейнеленудің пәні болып табылғандықтан, эмоционалдық күйдің бейнеленуі олардың қатынасқа түсетін объектілерінің сөз-кейіптерінің мағыналық құрылымымен шектеледі. Бұл бейнелену сөз эмотивтілігі қалыптастыратын өзіндік семантикалық компоненттермен кодталады. Бұл эмоциялардың тілде, сонымен қатар ең алдымен оның лексикасында бейнеленетінін білдіреді. Олар тілдік рәсімдеуге ие бола отырып, онда эмотивті лексиканың негізін қалыптастырады.

Тілдегі эмоционалдылық элементтері адамның ішкі күйін жеткізу үшін қолданылады. Экспрессивті құралдар эмоцияны, ерікті және ойды жеткізу кезіндегі бейнелілік пен мәнерлілікті күшейту қызметін атқарады. Экспрессивтілік пен эмоционалдылықты бір-бірінен шектеу мүмкін емес, себебі олар өзара байланысты. Осыған орай экспрессивтілік және эмоционалдылық терминдері қиысады деп айтуға болады.

Тілде эмоцияны жеткізу лингвистикада кең таралған эмотивтілік, экспрессивтілік, бағалау сияқты терминдермен тікелей байланысты. Сөйлеушінің ішкі эмоциялық күйінің деңгейі мен сипатын, оның тіл арқылы жеткізілу тиімділігін анықтау үшін осы бағалау, экспрессивтілік түсініктеріне жүгінген жөн. Эмотивтілік тілдің және сонымен қатар жалпы көркем мәтіннің үш негізгі сипаттамасының (когнитивтілік, коммуникативтілік, эмотивтілік) бірін білдіреді [Шипова, 2005: 8].

1. Эмотивтілік – қандай да бір нәрсеге баға беру. Көп авторлар баға беру және эмотивтілік ұғымдарын ұқсас деп қарастырады [Ахманова, 1969; Лукьянова, 1986; Шаховский, 1987]. Басқалар олар екеуі бір-бірімен тығыз байланыста болып және бір-бірімен қиысса да эмотивтілік пен бағалауды ұқсатуға келмейді деп санайды [Блох, 1986; Телия, 1991; Астарян, 1995 және т.б.]. Біз екінші көзқараспен келісеміз, себебі бағалау эмоциялық та, рационалды да бола алады. Эмоционалды баға беру бұл баға берушінің белгілі бір нәрсеге эмоциялық коннотативті мағына беруі. Эмоционалды бағалаушылық шоғыры рационалдыққа қарағанда кеңірек. Баға беру – жеке және әлеуметтік бағалау жүйелерімен тығыз байланыста болатын сөйлеудегі бағалауды жеткізу. Бағалаушылық эмоцияның ажырамас бөлшегі. Эмоция әрқашан бағалана алады, ал бағалаушылық үнемі эмоционалды болмауы да мүмкін [Яблокова, 2006: 7-8]. Сонымен бағалаушылық ұғымы эмоционалдылықпен және эмоция түрлерімен де тығыз байланыста болады. Жалпы алғанда барлық үш категорияны (эмотивтілік, бағалаушылық және экспрессивтілік) бір-бірімен тығыз байланысты және қиысады деп айтуға болады, бірақ олар тең емес [Шипова, 2005: 8].

2.Эмотивтілік – экспрессивтілік. Тілде эмоцияны жеткізу тілдік категориялар эмотивтілік пен экспрессивтілікті бір-бірімен байланыстырады. Оның мәнісі мен семантикасы, сонымен қоса олардың қатынасы лингвистикалық әдебиетте де бір жақты емес.

М.Я.Блохтан кейінгі Н.А. Резникованың зерттеу жұмыстарында эмотивтілік сөйлеушінің бет әлпетіне сәйкес келетін және оның ішкі әсерін, сезімін, бағасын білдіретін сөйлеудің бөлшегі ретінде қарастырылады. Балли, 1961; Якобсон, 1979; Новиков, 1982 сынды ғалымдар эмотивтілік және экспрессивтілік ұғымдарын бірдей деп санайды. Ал Телия және Александрова экспрессивтілікті эмотивтілік және бағалауды жеткізу құралы ретінде қарастырады. Қазіргі таңда зерттеушілер эмоционалдылықты – ақпараттық категория, ал экспрессивтілікті –стилистикалық деп жеке қарастырады. Экспрессивтілік– тілдік бірліктер арқылы тыңдаушыға әсер ете алу мүмкіндігі [Яблокова, 2006: 8]. Эмоционалдылық пен экспрессивтілік категорияларының дифференциациясы олардың әр түрлі табиғаттарына негізделген: эмоциялық элементтер тілде адамның ішкі сезімдерін жеткізуде қолданылады, ал экспрессивті болса эмоцияны жеткізу кезінде, сонымен қоса кез келген коммуникация кезіндегі эмоционалдылық пен бейнеленушілікті күшейту қызметін атқарады [Волгина, 2006: 38]. Басқаша айтқанда экспрессивтілік дегеніміз тіл бірліктерінің семантикалық-стилистикалық белгілерінің жиынтығы, сөйлеушінің сөйлеу мазмұнына немесе сөйлесіп тұрған серіктесіне қатынасының, субъективті сөйлеу құралы ретінде коммуникативті актіде қолданылу мүмкіндігі [Шипова, 2005: 8].

Қазіргі заманғы лингвистика сөйлеушінің немесе тыңдаушының сезім-күйін білдіретін сөздің бір қызметі ретінде эмотивті қызметті атап өтуде. Эмотивтілік эмоцияның мағыналық бейнеленуі болып табылады немесе сөйлеуде ол әр түрлі деңгейдегі тіл құралдары арқылы эмоцияны білдіру ретінде көрінеді. Сөздің эмотивті семантикасы «адамның эмоционалды-әлеуметтенген көріністерінің қоршаған ортаға деген жанама тіл арқылы қатынасы» болып саналады (Бабенко 1990: 5).

Бүгінгі күні эмотивтілік мәселесі лингвистикада жаңа бағыт болып табылмайды. Соңғы кездері оған үлкен көңіл бөлінуде: орыс және шетел зерттеушілері эмотивтілік мәселесін антропоцентрлік лингвистиканың алдыңғы қатарлы мәселелерінің қатарына енгізеді (Апресян В.Ю. Апресян Ю.Д. 1995; Баранов А.Г. 1993; Болотов В.И.Д981; Вольф Е.М. 1995; Гак В.Г. 1998; Городникова М.Д. 1985; Графова Т.А. 1991; Гридин В.Н. 1983; Малинович Ю.М. 1989; Маслова В.А. 1991, 1995; Пиотровская JI.A. 1993, 1995; Сорокин Ю.С. 1982; Телия В.Н. 1986, 1991; Шаховский В.И. 1987, 1995, 1996, 1997, 1998; Шахнарович A.M. 1991, 1997; Вежбицкая А. 1996; Volek В. 1987, 1997; Danes F. 1994; Dijkstra К. 1994; Caffi, Janney 1994; Kneepkens E.W.T.M., Zwaan R.A. 1994 -1995 және т.б.).

Алайда эмоционалдық фактордың тілді зерттеудегі маңыздылығын мойындауға қарамастан, бұл зерттеу саласы ең күрделі және пікірталасты болып қала береді.

Тілде эмоцияның бейнелену мүмкіндігіне қатысты пікірталастардың өз тарихы бар. Бұл мәселені қарастыруға антикалық философтардың риторикалық зерттеулері арналған, оған Ш. Балли, К. Бюлер, Л. Вайсгербер, Ж. Вандриес, В. фон Гумбольдт, X. Шпербер, О. Эрдманн өз жұмыстарын арнаған, сонымен қоса «эмотивизм» эстетика жақтастарының еңбектері,

В.В. Виноградова, В.А. Звегинцева, Б.А. Ларина зерттеулері арналған. Тілде және сөйлеудегі рационалды және эмоциялық қатынасы, эмоцияның вербалдану тәсілдері мәселелерін шешуге арналған белгілі әдістер бір-біріне қарама-қайшы. Қарама-қайшылықтар бір жағынан негізгі тіл зерттеу мәселелерін шешудегі қиындықтарға, екінші жағынан эмотивтіліктің лингвистикалық зерттеулері эмоцияның бірыңғай психологиялық концепциясының болмауына негізделген.

Осы диплом жұмысында «эмоционалдылық», «экспрессивтілік», «бағалау» терминдері жиі қолданылады, олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бірінің орнын бірі баса алмайды. Біз бұл түсініктерді (олардың мағыналарын, функционалдануын, бір-бірімен қатынасын) Галкина-Федорук Е.М., Михайлова Л.М., Лукьянова Н.А., Арнольд И.В. сияқты белгілі тіл мамандарының пікірлеріне сүйене отырып қарастырдық.

Эмотивтілікке қатысты пікірталастар әлі күнге дейін жалғасуда. Қазіргі тіл білімінде осы феноменді зерттеу тілдің дәстүрлі бірліктерімен шектелмеуі тиіс.

Эмоционалдылық – экспрессивтіліктің маңызды құрамды бөлшегі. Оның семантикалық қызметі сөз мағынасында өз көрінісін табатын тілдік жүйе. Экспрессивтілік ол бірліктің сөйлеуде қолданылу нәтижесі, ол функционалдық қасиетке ие. Экпрессивтілік мән-мағынаға ие бола алмайды, себебі тілдік әдістің функционалдану, яғни таңдау және қолданудың нәтижесі болып табылады. Эмоция сөйлеушінің затқа, тұлғаға, құбылысқа немесе жағдайға деген бағалау қасиетіне ие.

Тілтанудың энциклопедиялық сөздігінде бұл категория төмендегідей жүйеленген: «Экспрессивтілік – тіл бірлігі белгілерінің семантико-стилистикалық жиынтығы, ол тілді коммуникативті актіде сөйлеушінің сөз мазмұнына немесе сөз адресатына қатысты субъективті айқындылығының құралы ретіндегі қасиетімен айқындалады. Тілдің экспрессивті құралын, бірлестігін және өзара қарым-қатынасын белсендендіру нәтижесінде сөз сөйлеушінің психикалық күйін айқын көрсетуге қабілеттендіретін экспрессияға ие болады [51. Ғ.Қалиев].

Экспрессивтілік – лингвистикалық универсалийлердің бірі болып табылады. Экспрессивтілік – табиғаты бойынша функционалды және нақты бір коммуникативтік мақсатқа бағдарланған, таңбалық мәннің динамикалық жүйесі ретінде сөйлеудің (мәтіннің) фундаментальды имманентті қасиеті болып табылады. Сонымен, экспрессивтілік – бейнелеу, бағалау тілдік құралдардың айқындығымен ерекшеленіп, сөйлеушінің белсенді сезім-күй әрекеттері арқылы ойды әсірелеп, көркемдеп жеткізуде сөз өрнектерінің ұтымды қолданылуы деп тұжырымдай аламыз. “Эмотивтілік” - латынша еmovere - еліктеу, толқыту, яғни сезімді, эмоцияны білдіретін тіл элементі болып табылады. Ал эмотивтiк лексика осы эмотивтiлiк, экспрессивтiлiк, бағалауыштық, интенсивтiлiк және образдылық деген түсiнiктердiң маңызды теориялық мәселелерімен тығыз байланысты. “Өзге психикалық процестер сияқты, сезімдердің де табиғаты сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге жауап беретін рефлекторлық әрекетпен байланысты”, - дейді ғалымдар және “адам эмоциясының тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты” екендігін тұжырымдайды .

Тіл білімі тарихында тілдің мәнерлеу мүмкіндіктеріне арналған алғашқы жұмыстар XX ғасырдың ортасында пайда болды. Тілдің экспрессивтілігі мәселесі В.В. Виноградова (1980, 1981, 1990, 2005), В.А. Звегинцева (1955, 1957), О.С. Ахмановтың (1966, 1969, 1985) және т.б. еңбектерінде қарастырылады, сонымен қоса Е.М. Галкина-Федорук (1958), Н.А. Гвоздева (1955), JI.JL Ким (1956) және т.б. өз жұмыстарын соған арнаған болатын. Бұл кезеңде алғаш рет экспрессивтілік және эмоционалдылық түсініктерін ажыратуға қадамдар жасалған еді.

Әдебиет материалы тіл болғандықтан, бейнелеу әдістерін зерттеуді лингвистикалық негіздің өзінде жүргізген жөн. Көркем сөйлеуді талдауға арналған әдістің қажеттілігі жайында лингвистиканың әр түрлі бағыттарының өкілдері ғана емес (JI.B. Щерба, Г.О. Винокур, В.В. Виноградов және т.б.), сонымен қатар ғалым-әдебиеттанушылар да (3.0. Паперный, М.М. Бахтин және т.б.) айтып өткен.