Silly little fool

Эмоционалдық коннотациядан басқа, бұл сөздер жағымсыз бағалау, экспрессивті, сонымен қатар стилистикалық коннотацияға ие. Жануарлар аттарының синонимі болған кезде, олар ауыспалы түрде адамға қатысты қолданғанда интенсивтілігі және коннотациялық сипаты бойынша ерекшеленеді.Осылайша, pig, donkey, monkey сөздері ироникалық сипатқа, ал swine -шошқа, ass - есек, ақымақ, ape – маймыл сөздері дөрекі және жағымсыз сипатқа ие. Мысалы:

Old cow; what are you grinning at, you ape?; you pig.You filhy pig; poor lamb; you made it easy for me to behave like a cad.

Жағымсыз коннотациялар эпитеттер мен эмфатикалық құрылымдармен күшейтіле түседі: you filthy swine – ты грязная свинья, you lazy dog – ты ленивая собака

Транспозиция тек жағымсыз мағына беріп және ауыспалы мағынамен ғана шектелмейді. Экспрессивтілік пен эмоционалдықты келесі сөздерді қолдана отырып білдіруге де болады. Мысалы, лексика нормасында әйел адамын duck, angel, fairy; star, rose, jewel; honey, pearl, love, beauty сөздерін қолдана отырып атайды. Мысалы, of course darling, oh, my pet, don’t talk such nonsense;

Транспозицияда әр түрлі сөз таптарының сөздері де қолданыс тапқан. Тұлға атауы үшін және олардың апеллятивті функция ретінде қолданылуы тек қана эмоционалды және экспресиивті ғана емес, сонымен қатар функционалды-стилистикалық, ауызекі мәнерге ие болады: : Listen, my sweet. Come on, lovely!

You rotten bitch” she said to herself.- Zoomorphism

What the devil do you mean by that?” – Zoomorphism

What the devil’s the matter with me? God, I can hardly breathe.”- Zoomorphism

Who the devil is Avice Crichton?” – Zoomorphism

Why the devil don’t you answer when I speak to you?”- Zoomorphism

You devil! – Zoomorphism

Silly old bitch,” he said when the door was closed behind her.- Zoomorphism

Poor lamb.- Zoomorphism

Эмоцияны білдіретін лексикалық тәсілдердің келесі түрі – одағай сөздер.

Одағай сөздер. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған.

Одағайлар — өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар:

1. Одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезіміне байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді.

2. Адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып келеді.

Эмоциялардың нағыз белгілері одағай сөздер болып табылады. Одағайлар адамның ішкі күйін, сезімін, әсерлерін атамайды, тек қана оларды дыбыстайды. Шығармада мынадай одағайлар кездеседі: Oh!, Ah! - О!, Ах! Pooh! Тьфу! Уф!, Gosh! - Черт возьми!, О черт!, Hush! - Тыныш! Тс!, Fine!- Жақсы! Christ!, Jesus!, Jesus Christ!, Good gracious!- , Goodness gracious!, Good heavens! - , Oh my god!-
Бұл сөздер лексиканың ерекше бөлімін құрайды, себебі оларда заттық-логикалық мағына жоқ. Одағай сөздерде эмоционалдық лексиканы ерекшелеп тұратын барлық белгілер бар: сөйлемнің басқа мүшелерімен байланысы болмайтын синтаксистік факультативтілік және сөйлемде бір ғана эмоционалды сөздің болуы бүкіл сөйлемге эмоционалдылық беретін семантикалық иррадация.Мысалға, Oh Christ, don’t be so magnanimous, she cried. I can’t bear it; “Oh my dear,” cried Julia gaily, “how marvelous! I’ve been trying to get someone to compromise me all my life”. Осы сөйлемдердегі «Оh» одағайы қуанышты да, қайғыны да және тағы да басқа эмоцияларды да білдіре алады. Себебі көптеген эмоционалды сөздер, соның арасында әсіресе одағай сөздер, эмоцияның жағымды не жағымсыз сипатына қарамай, оны жалпы күйінде жеткізе алады. Шығармадағы кейіпкерлердің эмоциялары қандай сөз табы арқылы жеткізілгеніне байланысты экспрессивті болып табылады. Сонымен, «Театр» шығармасында одағай сөздер кейіпкерлердің сезімін, көңіл-күйін, қуаныш, уайым, қайғы, таң қалу, өкіну, қорқыныш, ашу, жек көру, ұнатпау сияқты эмоцияларын жеткізуде жиі қолданылады, соның ішінде кейіпкерлердің эмоционалды күйін жеткізуде басым қолданылған «Oh», «Christ» одағайлары.

Мысалы:

“Christ, what a sight I looked” (looking at the photograph of herself in her wedding dress), мұндағы одағай арқылы таң қалу эмоциясы жеткізіледі.

“God, I’ve worked for it,” thought Julia, but aloud said: “How d’you know?”,

“Gosh, I am going down like a barrel of oysters.”; Oh, I couldn’t do that;

 

Эксплетивтер – дөрекі сөздер (вульгаризм) сияқты тілдік категорияға жататын, талқыланатын затқа деген бағалау қатынасына ие және сөйлеу кезіндегі сөйлеушінің эмоцияларын жеткізу құралы болып табылады. Олардың заттық мағынасы көбінесе the hell, the devil сияқты сөздерімен байланысты болады. Қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі эксплетивтерге damn (damned), lousy, dam, blasted, the heck, on earth, in the world, the dickens, bloody, the fuck, fucking сияқты бірліктерді жатқызуға болады. Бұл бірліктердің аффективті мазмұны олардың заттық-логикалық мағынасынан басым болады. Жалпы алғанда эксплетив терминінің нақты анықтамасы жоқ, алайда оның ауызекі сөйлеу тілінде және күнделікті қарым-қатынаста алатын орны орасан зор. Осы «Театр» шығармасында эксплетивтер көбінесе ашу-ыза эмоциясын жеткізу кезінде жиі қолданылған, мысалы,

“Who the devil is Avice Crichton?”;

“Why the devil don’t you answer when I speak to you?”;

“What the devil do you mean by that?”;

“What the devil’s the matter with me? God, I can hardly breathe; It’s my damned virtue;

Oh, God,if I could only tell him to go to hell; Of course, I should miss you like hell;

Why the hell should I educate her?; No, damn it, I can’t; A damned rotter like me; Damn your money; by gum (черт подери), if I had your looks what an actor I’d have been;

Экплетивтер сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаратын (балағат лексика), толық лексикалық элементтер.

Аталмыш шығармада белгілі бір сөзге немесе сөйлемге экспрессивті реңк беру үшін thing,яғни зат деген мағынаны білдіретін сөз girl,яғниқыз деген зат есімнің орнын алмастыра отырып,оныңэкспрессивті мәнін күшейте түседі. Thing сөзі girl сөзін алмастыра отырып, pretty, little, poor сын есімдерімен сипатталып, оның нәзіктігін экспрессивті түрде көрсетіп тұр. Thing адамға қатысты қолданған жағдайда, әрқашан сын есіммен қатар жүреді. Ол эмоционалдық сын есімдермен сипаттала отырып, оның мағынасын күшейте түседі.

Мысалы:

You’re a pretty little thing.

The poor thing was at the moment frightfully nervous.

She was hard, mercenary little thing.