Тақырып. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың ұғымы мен түрлері.

Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану. Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану: ұғымы және жасалу жолдары. Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу. Пара алудың, пара берудің, парақорлыққа делдал болудың ұғымы мен белгілері. Қызметтік жалғандық жасау. Қызметтегі әрекетсіздік: бұл қылмыстың түрлері. Салақтық.

15-тақырып. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлері. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік гимнін қорлау. ҚР Президентінің ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қол сұгу және оның қызметіне кедергі жасаудың ұғымы мен белгілері.

Депутаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау. Өкімет өкілін қорлау.

Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның заңды талаптарын орындамау. Жауаптың мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету. Бұл қол сұғушылықтардың саралану белгілері.

Ресми құжаттарды және мемлекетік наградаларды сатып алу немесе өткізу. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру. Жалған мқұжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу. Әскери қызметтен жалтару. Өзінше билік ету және оның саралану белгілері. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену.

Мемлекеттік туды заңсыз көтеру. ҚР-ның күзетілетін Мемлекеттік шекарасынан қасақана заңсыз өтудің ұғымы мен белгілері. Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу. ҚР-ның Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.

Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану. Байланыс желілерін күзету ережелерін бұзу.

Жиналыстарды, митингтерді, пикеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу. Төтенше жағдайлар кезінде тиым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы. Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе олардың қызметіне қатысу. Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету.