Талан-тараждың түрлері

Қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстык, кодексте бөтеннің мүлкін ұсақтап талан-таражға салғаны үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілмеген. Мұндай іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады. Тонау немесе қарақшылық жасағанда талан-таражға салынған заттың құнына қарамастан ондай іс-әрекет қылмыс деп танылады.

Қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық занда талан-тараждың түрі негізінен үшке бәлінеді: а) жай — яғни талан-таражға түскен мүліктің кұны заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен белгілі бір еседен асып түсетін (бүл тонауға және қарақшылыққа жатпайды); б) талан-тараждың екінші бір түрі — азаматтарға едәуір залал келтірген (негізінен ұрлық құрамы бойынша); в) талан-тараждың — үшінші түрі ірі мөлшер немесе ірі залал, яғни заңмен белгіленген есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны немесе залалдың мөлшері. Талан-таражға түскен мүліктің құны қылмыс істеген уақыттағы зиянмен белгіленген айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді. Талан-таражға ұшыраған мүліктің бағасы мемлекеттік өткізу бағасымен, егер мүлік нарық немесе комиссиялык бағамен алынса, осы бағалармен есептелуі қажет. Талан-таражға түскен заттың бағасы белгісіз болса, онда оның бағасы сарапшының қорытындысы бойынша анықталады.

Ерекше құнды заттарды талан-таражға салу (180-бап)

Қазіргі жаңа Қылмыстық кодексте талан-тараждың ерекше түрі — ерекше құнды заттарды талан-таражға салуды қылмыстың затының ерекшелік белгісіне байланысты жеке құрам ретінде бөліп қараған.

Қылмыстық кодекстің 180-бабының 1-тармағында ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құнды заттар мен кұжаттарды талан-таражға салу, талан-тараждың жасалу тәсіліне қарамастан осы қылмыс құрамын құрайды деп белгіленген. Талан-тараждың осы түрінің заты болып ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттар танылады. Бұларға археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған ерекше заттар, көркемдік маңызы ерекше заттар (картиналар, скульптуралық шығарма, әр түрлі нәрселерден жасалған көркем бұйымдар), көне кітаптар, сирек қолжазбалар, архивтер, сирек кездесетін коллекциялық байланыс маркалары, көне мәнеттер, ордендер, ғылым немесе мәдениет үшін аса кұнды кұжаттар жатады.

Заттар мен құжаттардың ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құндылығы, олардың ақшалай бағасымен бірге тарихи, ғылыми немесе мәдениет үшін және бар немесе жоғына байланысты сарапшылық қорытындысы арқылы анықталады.

Қылмыс объективтік жағынан ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан кұнды заттар мен кұжаттарды талан-таражға салу, талан-тараждың тәсіліне (ашық, жабық, күш қолдану арқылы, алдау немесе сенімге қиянат жасау) қарамастан жүзеге асырылады. Мұндай әрекеттерді істеу ұрлық, алаяқтық, иеленіп кету немесе ысырап ету, тонау я болмаса қарақшылықпен жасалуы да мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 180-бабы ерекше құнды заттарды мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдарды, мекемелер мен кәсіпорындардан, соңдай-ақ заңды немесе заңсыз жолмен осы заттарға иелік етуші азаматтардан талан-таражға салғаны үшін қылмыстық жауаптылықты қарастырып отыр.

Ерекше құнды заттар мен құжаттарды талан-таражға салу сол заттарға кінәлі адам толық иелік еткен уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Қарақшылықта бұл қылмыс шабуыл жасаған сәтінен бастап аяқталған деп есептеледі. Мұндай ретте оның әрекеті осы 180-баппен қосымша сараланбайды. Осы көрсетілген қылмыс құрамын — ұрлық, тонау немесе қарақшылық нысандары арқылы істеген 14-ке толған адам осы қылмыстың субъектісі болып танылады, ал талан-тараждан басқа нысандармен осы қылмысты істеген жағдайда — қылмыстың субъектісі болып — 16-ға толған азаматтар танылады.

Көрсетілген қылмыс құрамы субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен жүзеге асырылады.

Қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-тармағында осы қылмыс құрамының мынадай ауырлататын түрлері көрсетілген:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) бірнеше рет жасалса;

в) осы баптың бірінші бөлігінде аталған заттардың немесе құжаттардың жойылуына, бұзылуына немесе бүлінуіне әкеп соқса. Осындағы "а" және "б" тармақшаларындағы құрамдардың белгілері ұрлықтың (175-бап) ауырлататын түріндегі осындай белгілерге ұқсас, олардың мазмұны сайма сай келеді. Ал осы қылмыс құрамының ауырлататын арнаулы түрі — талан- таражға түскен ерекше құнды заттарды немесе құжаттардың жойылуына, бұзылуына немесе бүлінуіне әкеп соғуы болып
табылады. Бұл жерде ерекше құнды заттар мен құжаттардың жойылуы деп оның іске мүлдем жарамсыз болып қалуы айтылады. Мұндай ретте аталған нәрселердің тарихи, ғылыми және мәдени құндылықтары түкке тұрғысыз болып қалады да, өз мақсатында пайдалануға жарамайды.

Ерекше құнды заттар мен құжаттардың бұзылуы немесе бүлінуі деп дұрыс сақтамаудан олардың тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылықтарының едәуір тозуы, іске жарамдылығының кемуі, оларды бұрынғы қалпына келтірмесе немесе қайта өңдемесе, түзетпесе пайдалануға жарамайтындығын айтамыз.