Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары

Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінін ережелерін бүзу (295-бап)

Қылмыстық кодекстің 295-бабының 1-тармағы темір жол, әуе, теңіз немесе су жолы көлігі қозғалысы немесе пайдалану ережелерін орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметіне байланысты осы ережелерді сақтауға міндетті адамның бұларды бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі — нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесі. Қосымша тікелей объекті — заңның диспозициясында көрсетілген зардаптың түріне байланысты — адамның денсаулығы болады.

Қылмыстың заты — көліктің 4 түрі: темір жол, әуе, теңіз және су көліктері.

Темір жол көлігіне — рельсті көлік құралдары (локомотив, вагондар: жартылай вагондар, платформалар, цистерналар) метролар, тар табанды темір жолдар, және басқа арнаулы бағыттағы темір жолдар, дыбыс беру және байланыс құралдары) бағдаршамдар, телефон линиясы, жолдардағы құрылыстар (көпірлер, құбырлар, туннецтер) жатады.

Өндірістік қызметтер атқаратын шахталардағы рельсті көлік, цех ішіндегі электрлендірілген көліктер (электровоз, вагонетассалар) темір жол көлігіне жатпайды. Бұл көліктерді пайдалану ережесін бұзу өндірістік, техника кауіпсіздігі немесе басқадай еңбек қорғау ережелерін бұзғандық (көлік қылмыстары емес) болып табылады.

Әуе көлігіне адам немесе жүк тасуға арналған азаматтық авиациялар және азаматтық әуе кемелерінің барлық құралдары (ұшақ, тік ұшақ, планерлар, аэростаттар, дирижабильдер, гидроұшақтар т.б.) жатады.

Теңіз көлігіне — ірі немесе шағын теңіз кемелері, пароход, теплоход және теңіз көлігі құралдарының барлық түрлері жатады.

Өзен көлігіне — шағын өлшемді өзен кемелері, пароходтар, теплоходтар, катерлер, моторлы қайықтар және өзен көлігі құралдарының барлық түрлері жатады.

Бұл қылмыстың объективтік жағы: а) нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесін бұзатын іс-әрекеттер (әрекет немесе әрекетсіздік); б) қылмыстың зардабы — адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі; в) іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс арқылы сипатталады.

Қылмыстық кодекстің 295-бабының диспозициясы бланкеттік,осыған орай нақты жағдайларда орын алған ережелерді бұзушылықты анықтау үшін заңды күші бар нормативтік актілерге жүгіну қажет және олар арқылы әрбір орын алған құқық бұзушылық фактісі бойынша кінәлінің нормативтік актілердегі қайсы баптың, баптың тармақтарының талаптарын бұзғаны дәлме-дәл, нақты анықталуы тиіс.

Жол қозғалысы кауіпсіздігі ережесін бұзу көлікті жүргізудің белгіленген ережелерін орындамау немесе шала орындау әрекеттері аркылы көрініс табады (Мысалы: жылдамдықты
арттыру, бағдаршамның өтуге, қозғалуға тыйым салған талабын бұзу, ұшу маршруттарын сақтамау т.с.).

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға — көлік Құралдарын техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, оларды мақсатсыз пайдалану, мас күйдегі немесе көлікті . Жүргізуге құқығы жок адамды көлік құралын жүргізуге жіберу, көлікке артық жүк тиеу немесе артық жолаушылар отырғызу сияқты әрекеттер жатады. Көліктің тиісті түрін пайдалану ережелері арнаулы ведомстволар арқылы бекітіледі және оның орындаушыларға дер кезінде белгілі болуы шарт.

Жауаптылық темір жол, әуе немесе су жолы көлігі қозғалысы немесе пайдалану ережелерін бұзуға кінәлі адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі заңда көрсетілген зардап абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиянға (295-баптың 1-тармағы), абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне (295-баптың 3-тармағы) әкеп соққан жағдайда пайда болады.

Адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірудің түсінігі ҚК-тің 103,104-баптарында көрсетілген кік құралдары нақты түрінің козғалысы мен оларды пайдалану ережелерін бұзу мен орын алған зардаптың арасында себепті байланыс болған ретте ғана осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет, егер ол осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген зардаптардың тууына әкеп соқпаса да олардың тууына көрінеу қауіп төндірсе, — жауаптылық 295-баптың 4-тармағы бойынша белгіленеді. Яғни темір жол, теңіз немесе су жолы көлігі қозғалысы немесе пайдалану ережелерін бұзу абайсызда адамның денсаулығына ауыр, орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, абайсызда кісі өліміне, абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеліп соғу қаупін төндірсе, кінәлі адам баптың осы тармағы бойынша жауапқа тартылады. Бұл жерде аталған зардаптардан орын алуы міндетті емес. Заң бапта көзделген (295-бап 1, 2, 3-тармақтары) зардаптардың тууына көрінеу қауіп төндірген жағдайды көрсетіп отыр, яғни бұл қылмыс құрамы формальдық, көрінеу қауіп төндірген сәттен бастап қылмыс аяқталған деп саналады.

Қылмыс субъективтік жағынан жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін бұзу жөнінде де және одан туындайтын зардап жөнінде де тек абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі арнаулы: есі дұрыс, қылмыс істеген кезде 16-ға толған, орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметіне байланысты заңда көрсетілген ережелерді сақтауға міндетті адам (диспетчер, көлік капитаны, экипаж командирі, ұшқыш, көлік жүргізуші т.с.с).

Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік кұралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (296-бап)

Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе — кінәлі Қылмыстық кодекстің 296-бабы-нын 1-тармағы бойынша жауапты болады деп белгіленген.

Қылмыстың тікелей объектісі — көлік құралдарының қозғалыс және пайдалану қауіпсіздігі, қосымша объект — жәбірленушінің денсаулығы.

Қылмыстың заты — автомобиль, троллейбус, трамвай және басқа да механикалық көлік құралдары (мотоциклдер, матроллерлер, жол, құрылыс және басқа да арнаулы машиналар).

Қылмыстың объективтік жағын: а) заңның диспозициясында көрсетілген көлік құралдарының жол қозғалысы және пайдалану ережелерін әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзуы, б) жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзудан абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі; в) іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс.

Қылмыстық кодекстің 296-бабының диспозициясы бланкеттік, сондықтан да ереженің бұзылғанын анықтау үшін басқа нормативті актілерге, атап айтқанда Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы ережелеріне жүгініп, осы нормативтік кұжаттың нақты қайсы бабы, баптың кай тармағының талаптарының бұзылғанын анықтау қажет.

Жол қозғалысы ережесін бүзуға жылдамдықты үдету, бағдаршамның тыйым салғанына қарамастан жолдан өту, рұқсат етілмеген жерлерде басқа көлікті басып озу, т.с.с. жатады.

Пайдалану ережелерін бұзуға техникалық жағынан ақауы бар көлікпен жолға шығу, арнайы жабдықталмаған көлікпен жолаушыларды тасу, көлік құралында ерекше белгі көрсеткіштердің жоқ болуы т.с.с. жатады.

Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша қылмыстық жауаптьшық көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуынан абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орта ауырлықтағы зиян (296-баптың 1-тармағы) абайсызда кісі өліміне (296-баптың 2-тармағы), абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса (296-баптың 3-тармағы) туындайды. Егер адамның денсаулығына абайсызда жеңіл дәрежеден аспайтьш зиян келтірілсе, онда азаматтық-құқыктық жауаптылық орын алады. Сондай-ақ көлік құралдарын жүргізуші адамдардың әрекеті көлікті жөндеу, жүк тиеу немесе түсіру кезінде, Құрылыс, жол немесе басқадай жұмыстарды жүргізу барысында ҚК-тің 296-бабында көрсетілген зардаптың орын алуына әкеп соқса, онда істің нақты жағдайларына байланысты олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің жеке адамдарға, меншікке немесе басқа бір белгілі жұмыстарды атқарудың тәртібін бұзғаны үшін жауаптылықты белгілейтін баптары бойынша сараланады. Велосипед, ат көлігін пайдалану арқылы зиян келтіруде жеке адамға немесе меншікке қарсы қылмыс ретінде саралануы мүмкін. Өйткені бұлар көлік қылмыстарының затына жатпайды. Көрсетілген қылмыс материалдық құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген зардап орын алған сәттен бастап аяқталған деп табылады.

Іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы қажет. Өйткені кейбір жағдайларда жүргізуші қауіпті тойтаруға барынша әрекет істегенімен, объективтік себептерге байланысты оны тойтара алмайды, мұндай реттерде олардың әрекетінде қылмыс құрамы болмауы да мүмкін.

Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайдылық түрінде) істеледі.

Менмендікте адам көлік қозғалысы және пайдалану ережесін бұзудан адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілу мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді.

Немкұрайдылықта адам көрсетілген зардаптардың болу мүмкіндігін болжамайды, бірақ қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын еді.

Қылмыстың субъектісі — жалпы 16-ға толған, көлік құралын жүргізуші адам. Көлік құралын адам өзінің атқарған жұмысына байланысты немесе оған байланыссыз (мысалы жекеменшік көлігін немесе көлікті өз бетімен айдап әкетуде) жүргізуі мүмкін. Заң бойынша көлікті жүргізген адам қылмыс субъектісі деп танылады.

Қылмыстық кодекстің 296-бабында көрсетілген қылмысты оған ұқсас көлік қылмыстарынан (298, 300-баптар) және әскери қызметке қарсы қылмыстан (КК-тің 391-бабы) ажырата білген жөн. Алдыңғы екі құрам қылмыс құрамының субъективтік және объективтік жағы, ал үшіншісі — объект және субъекті белгілері бойынша ажыратылады.

 

Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп калу (297-бап)

Көлік құралын жүргізуші және жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бүзған адамның осы Кодекстің 295-бабында көзделген зардаптар болған жағдайда ол көлік оқиғасы болган жерден кетіп қалғаны үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 297-бабында тікелей көрсетілген. Қылмыстың тікелей және қосымша тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің 296-бабында көзделген қылмыстың объектісімен бірдей.

Қылмыстың заты — жол-көлік құралы.

Қылмыстың объективтік жағы — әрекетсіздіктен, соған байланысты орын алған зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстан тұрады.

Әрекетсіздік көлік құралын жүргізуші адам жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзған жағдайда окиға болған жерде болып, жәбірленушіге колдан келген көмек көрсетуге міндетті. Бірақ кінәлі адам мұндай мүмкіндіктерді жүзеге асырмай, жәбірленушіге көмек керсетпей оқиға болған жерден кетіп қалып, жол жүру ережесінің талаптарын бұзады. Осыған орай оқиға болған жерден кетіп қалу деп — өмірі қауіпті жағдайда қалған жәбірленушіге нақты көмек көрсетуге мүмкіндігі бола тұра, себепсізден-себепсіз көмек көрсетпестен жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуды айтамыз. Егер жүргізушінің өзі жол оқиғасына байланысты жарақат алып, дәрігерлік көмек алу үшін немесе зардап шеккендерге көмек көрсетуге байланысты жол-көлік оқиғасы болған жерден кетсе онда ол осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Жол қозгалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін адам кінәлі деп танылса, онда оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 296, 297-баптарымен қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының объективтік жағының Қажетті белгісі осы Кодекстің 295-бабында кезделген зардаптардың орын алуы және жол-көлік окиғасы болған жерден кетіп қалу мен орын алған зардаптың арасын байланыстыратын себепті байланыстын болуы болып табылады.

Қылмыс материалдық кұрамға жатады және ол занда көзделген зардаптың пайда болған уақытынан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан кінәнің екі түрлі нысаны арқылы істеледі. Жол-көлік оқиғасы болған жерден себепсіз кетіп қалу қасақаналықты, ал одан туатын зардап абайсыздықты білдіреді.

Қылмыстын, субъектісі — жалпы, 16-ға толған, көлік құралын жүргізген адам.

Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік кұралын жүргізуге жіберу (298-бап)

Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс кұралдарын не өзге көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникалық ақауы бар екені белгілі көлік құралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе Қылмыстық кодекстің 298-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық көзделеді.

Осы қылмыстың негізгі де қосымша тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің 295-бабындағы қылмыстың объектісімен бірдей.

Заң қылмыстың затыың қатарына — көліктің барлық түрлерін (темір жол, әуе, теңіз, су, автокөлік), қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын, езге көлік жабдықтарын (мысалы электропоезды қозғалысқа келтіретін контактілік сымдар) жатқызған.

Қатынас жолдарына — рельстер, шпалдар, ұшу алаңдары, жол айырықтары, су көлігі токтайтын айлақ, жол төсем т.б. жатады.

Белгі беру құралдарына — семафорлар, бағдаршамдар, шлагбаумдар, маяктар, бакендер, белгі беру құрылымдары, автотежегіш жүйелері т. с.с. жатады.

Байланыс құралдарына — ведомстволық телефондар, радиотелефондар және телеграф линиялары, рациялар, жасанды байланыс аппараттары т.с.с. жатады.

Өзге де көлік жабдықтарына көпірлер, эстакадылар, радиолокаторлар, туннелдер, шлюздер т.с.с жатады.

Қылмыс объективтік жағынан: а) көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын, не өзге көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, сондай-ақ техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға шығару; б) денсаулықка ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру; в) көрсетілген осы әрекет пен орын алған зардаптың арасын байланыстырудың себепті байланысы болуы арқылы сипатталады. Жөнделген бұйымдарды міндетті техникалық талаптарға сай емес күйде әзірлеу сапасыз жөндеу деп танылады.

Көлік құралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникалық ақауы бар екені белгілі көлік құралдарын пайдалануға уақытша, ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат етуі, оларды жолға шығару деп танылады.

Осы қылмыстың зардабы заңда Қылмыстық кодекстің 295-бабындағы сияқты — денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян (298-баптың 1-тармағы), кісі өлімі (298-бап-тын 3-тармағы), екі немесе одан да көп адамның өлімі (298-баптың 4-тармағы) деп көрсетілген.

Осы Кодекстің (298-баптың 3-тармағында) көлік құралы иесінің немесе иеленушінің алкогольдік, есірткілік немесе өзге мастық күйдегі адамдарды көлік құралдарын жүргізуге жіберуі, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндағы кәлік иесіне — көліктің меншік иелері, ал иеленушісіне — көлікке сенімхат немесе басқа да заңды негіздермен иелік етіп жүрген адамдар жатады. Мас адам деп — есірткі немесе алкогольдік ішімдіктерді пайдалану арқылы мастық күйге түскен адам. Көлік иелерінің немесе иеленушілерінің мас күйдегі адамды көлікті жүргізуге жіберуі, одан заңда көрсетілген зардаптың орын алуы, және осы іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыстың нақты болуы қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады.

Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы абайсыздықпен істеледі. Егер заңда көрсетілген осы іс-әрекеттер қасақана түрде жасалған болса, онда кінәлі істің нақты жағдайларына байланысты диверсия: террорлық акт, касақана кісі өлтіру немесе денеге жарақат салу, мүлікті касақана жою немесе бүлдіргені үшін жауаптылыққа тартылады.

Көлік құралдарын, қатынас жолдарын: белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге иелік құралдарын жөндеудің субъектісі көрсетілген механизмдерді жөндеген кез келген 16-ға толған адам болады, ал көлік құралдарын пайдалануға жіберудің субъектісі нормативтік актілер немесе қызмет борышы бойынша көлік құралдарының техникалық күйіне жауапты адамдар (механик, диспетчер, колонна бастығы, жол Қауіпсіздігі жөніндегі инженер) болады.

Қылмыстық кодекстің 298-бабыньщ 3-тармағында көрсетілген қылмыстың субъектісі меншік түріне қарамастан көлік иелері немесе иеленушілері болып табылады.

 

Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-бап)

Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлік жабдықтарын қасақана бұзу, зақымдау немесе өзге де тәсілмен пайдалануға жарамсыз күйге келтіру, сондай-ақ көлік коммуникацияларына тосқауыл қою, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, не ірі көлемде залал келтіруге не көлік пен байланыстын, қалыпты жұмысы бұзылуына әкеп соқса Қылмыстық кодекстің 299-ба-бының 1-тармағы бойынша жауаптылық туады.

Осы қылмыстың тікелей немесе қосымша тікелей объектілері Қылмыстық кодекстің 295-бабының құрамындағы қылмыспен бірдей.

Қылмыстың заты — Кылмыстық кодекстің 298-бабындағы көрсетілген заттармен ұқсас.

Қылмыс объективтік жағынан: а) көлік құралдарын, катынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлік жабдықтарын бұзу; б) зақымдау; в) немесе өзге де тәсілмен жарамсыз күйге келтіру; г) сондай-ақ көлік коммуникацияларына тосқауыл қою; д) заңда көрсетілген қылмыстық зардаптың келтірілуі; е) аталған іс-әрекеттер мен зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы сипатталады.

Көліктің техникалық жүйелерін толық жарамсыз күйге келтіру арқылы оны өзінің негізгі қызметін атқару қабілетінен айыруды бұзу деп айтамыз.

Көліктің техникалық жүйелерін ішін ара істен шығарып жарамсыз етуді зақымдау деп айтамыз.

Бұзу немесе зақымдау тәсілдерінен басқа кез келген әрекеттерді қолдану арқылы көліктің техникалық жүйелерін немесе оның жекелеген бөлшектерін істен шығаруды өзге де тәсілмен жарамсыз күйге келтіру деп айтамыз.

Көлік құралдарының еркін қозғалысына қарсы сан түрлі кедергілер келтіру арқылы (ұшу алаңын, темір жол полотнасын қоршау, жол үстінде митинг өткізу, баррикада кою арқылы көлікті жүргізбеу, келік коммуникацияларына кызмет ететін адамдарды машинист, диспетчер, жол жөндеушілерді) көлікке жібермеу сияқты әрекеттер, көлік коммуникациясына тосқауыл кою деп танылады.

Заңда көрсетілген зардап адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру не ірі көлемдегі залал келтіру не көлік пен байланыстың қалыпты жұмысы бұзылуына әкеп соқса қылмыс құрамы бар деп саналады.

Денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 295—298-баптарында көрсетілген.

Осы баптың (299-бап) ескертуіне сәйкес, осы тараудың баптарында азаматқа айлық есептік көрсеткіштен жүз еседен асып түсетін мөлшерде келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мөлшерде келтірілген залал ірі көлемдегі залал деп танылады.

Көлік пен байланыстың қалыпты жұмысының бұзылуы деп заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің салдарынан олардың біршама уақыт кызметін амалсыз тоқтатуы айтылады. Осы тұрғыдағы мәселе арнаулы нормативтік актілер арқылы анықталады.

Заңда көрсетілген зардаптардың кез келгені кінәлінің істеген іс-әрекетімен себепті байланысты болуы арқылы орын алған уақыттан бастап қылмыс аякталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан кінәнің абайсыздық түрі арқылы істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 14-ке толған, кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 299-бабының 2 және 3-тармақтарында осы қылмыстың ауырлататын (абайсызда кісі өліміне), өте ауырлататын (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне) әкеп соққан әрекеттері үшін жауаптылық көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің 299-бабында көзделген қылмысты осы құрамға ұқсас қылмыстардан ажырата білген жөн. Қылмыстық кодекстің 295-бабынан бұл қылмыс құрамы субъектісі бойынша ажыратылады, Қылмыстық кодекстің 181-бабынан (диверсия) — арнаулы мақсат (Қазақстан Республикасының -экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін күйрету), болмауына байланысты, ал Қылмыстық кодекстің 300-бабында көрсетілген қылмыс құрамынан іс-әрекеттің мазмұны мен . мәнінің ерекшеліктеріне, сондай-ақ заң қорғайтын объектіге ( зиян келтіру процесінің даму ерекшеліктеріне байланысты ажыратылады.

Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу ( (300-бап)

Жолаушының, жаяу адамның немесе жол қозғалысының І басқа қатысушысының (осы Кодекстің 295, 296-баптарында 5 аталған адамдарды қоспағанда) жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, егер бүл әрекет абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқса жауаптылық Қылмыстық кодекстің 300-бабы бойынша реттеледі.

Жол-көлік оқиғаларының катысушылары көлік құралдарын жүргізушілер ғана емес, белгіленген сақтық ережелеріне жауапсыз, немкеттілікпен қараудан, оған ауыр зардап келтіретін адамдар да болуы мүмкін.

Осыған байланысты Қылмыстык кодекстің 300-бабында көрсетілген қылмыстың тікелей объектісі болып — жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігінің шарттары, қосымша тікелей объектісі адамдардың өмірі немесе денсаулығы болады.

Қылмыстың заты — көліктің барлық түрлері (темір жол, әуе, теңіз, су көлігі және автокөлік). Ат көлігі бұл қылмыстың затына жатпайды. Осыған орай егер адам ат көлігін пайдалану арқылы бөтенге жарақат келтірсе (мысалы, адамды ат арбамен немесе шанамен немесе салт атпен), онда ол жеке адамға қарсы қылмыс немесе меншікке қарсы (белгілі бір жағдайларда) қылмыс үшін жауапты болады. Егер ат көлігін жүргізуші механикалық көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді заңда көрсетілген зардаптарды келтіре отырып бұзса, онда оның әрекеті Кылмыстық кодекстің 300-бабымен саралануға жатады.

Қылмыстың объективтік жағы: а) темір жол, әуе, теңіз, және автокөлік қозғалысы қауіпсіздігі және көлікті пайдалану ережелерін бұзумен; б) адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру түріндегі зардаппен; в) көрсетілген ережелерді бүзу зардаптың арасындағы себепті байланыстардың болуы арқылы сипатталады.

Қылмыстық кодекстің 300-бабында механикалық көлік құралдарының кауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелердің бұзылуы туралы ғана сөз болып отыр. Талданып отырған бап бланкеттік диспозицияға негізделген, сондықтан да әрбір орын алған факт бойынша нормативтік актілерге жүгініп, кінәлінің белгіленген ережесінің нақты қайсы талаптарын бұзғанын өте мұқият анықтаған жөн.

Қылмыстың объективтік жағының тағы бір міндетті белгісі көрсетілген ережелерді бұзу заңда көрсетілген зардапқа — адам денсаулығына ауыр зиян келтіру (300-баптың 1-тармағы) кісі өліміне (300-баптың 2-тармағы); екі немесе одан да көп адамның өліміне (300-баптың 3-тармағы) әкеліп соғуы керек. Келтірілген зардап пен іс-әрекеттің арасында себепті байланыс болуы шарт.

Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайдылық) істеледі.

Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған, есі дұрыс кез келген, оның ішінде лауазым адамдары болуы мүмкін (жолаушы, жаяу адам, велосипед мінген адам, ат көлігінің жүргізушісі, темір жолдан рұқсат етілмеген жерден өткен адам, мал айдаушы т.с.с.).

Қылмыстық кодекстің 295, 296-баптарында аталған адамдар осы қылмыстың (300-бап) субъектісі болып табылмайды.

Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату (301-бап)

Поезды стоп-кранмен не ауа тежегіш магистралдарын ажырату жолымен немесе өзге әдіспен қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату, егер бұл кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса — кінәлі Қылмыстық кодекстің 301-бабымен жауапқа тартылады.

Қылмыстың тікелей объектісі — поездың бірқалыпты, қауіпсіз жұмысы, қосымша тікелей объект адамдардың өмірі немесе денсаулығы, меншігі болуы мүмкін.

Қылмыс объективтік жағынан: а) поезды стоп-кранмен не ауа тежегіш магистралдарды ажырату жолымен немесе өзге де әдіспен қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату; б) одан қылмыстың зардабы — кісі өлімі немесе өзге де ауыр зардаптардың болуы; в) олардың арасындағы себепті байланыс.

Өз бетімен тоқтату деп ешбір қажетсіз, негізсіз жүріп келе жатқан поезды тоқтатуды айтамыз. Тоқтатудың тәсілдері әр түрлі: стоп-кранды пайдалану арқылы, ауа тежегіш магистралды ажырату, өзге әдіспен — кызыл жалаумен немесе қызыл от жанған әйнек арқылы, жолға көлденендеп тұрып алу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Аса қажеттілік жағдайында (мысалы ауыр жағдайдағы ауру адамға дәрігерлік көмек көрсету) поезды ез бетінше тоқтату қоғамға қауіпті іс-әрекет болып табылмайтындықтан қылмыс қатарына жатпайды.

Поезды қажетсіз өз бетінше тоқтатудың зардабы — кісі өлімі немесе өзге де ауыр зардаптарға (адамдардың ауыр дене жарақатын алуы, поездың күйреуі, жолдың істен шығуы т.б.) әкеліп соғады. Істелген іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасында себепті байланыс болуы шарт.

Қылмыс субъективтік жағынан екі нысандағы кінә түрімен (іс-әрекет жөнінде қасақаналық, ал одан туындайтын зардап жөнінде абайсыздық) істеледі.

Қылмыстың істелу ниеті әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ол саралауға әсер етпейді. Егер кінәлі адам поезды қасақаналықпен, адам өлтіру үшін тоқтатса, онда ол кісі өлтіргені үшін жауапқа тартылады.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.

Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу (302-бап)

Жол, құрылыс және басқа ұйымдарда басқару міндеттерін атқаратын және жолдарды және жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жауапты адамдарды көлікте қолданылатын тәртіп қорғау және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзуы, егер ол:

а) ірі көлемде залал келтіруге;

б) орташа ауырлықтағы дене зақымын келтіруге әкеп соқса
кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 302-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Қылмыстың тікелей объектісі жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері және көлікте қолданылатын тәртіп, ал косымша тікелей объектісі адамдардың денсаулығы, меншігі болуы мүмкін.

Қылмыстың объективтік жағы: а) жол құрылыс және басқа ұйымдарда басқару міндеттерін атқаратын және жолдарды және жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалану жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жауапты адамдардың көлікте қолданылатын тәртіпті қорғау және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу; б) ірі көлемдегі залал немесе орташа ауырлықтағы дене зақымын келтіру зардаптары; в) көрсетілген ережелерді бұзу мен зардаптың арасындағы себепті байланыс.

Қылмыс құрамының диспозициясы бланкеттік. Көлікте қолданылатын тәртіп қорғау және қозғалыс қауіпсіздігі туралы ережелері арнаулы нормативтік-кұқықтык актілерде көрсетіледі. Осы көрсетілген ережелерді сақтамау заңда көрсетілген зардапқа ұласса қылмыс болып табылады. Бұл жерде көлікте қолданылатын ережелерді бұзу — әрекетсіздікпен жүзеге асырылады. Жолдарды және жол құрылыстарын салуда — жүруге байланысты қауіпсіздік белгілері койылмауы, мысалы жолдағы апандардың беті жабылмай калады, нәтижесінде көлік соған құлап апат болады немесе жаңа салынып жатқан жолда жүруге тыйым салынған белгі қойылмайды, ал жүргізуші оған сеніп апатқа ұшырайды, сондай-ақ, жол астында орналасқан су, жылу коммуникацияларының бұзылуынан — жол бетіне жылу, су шығып тайғанақтау, жолдың бұзылуы, көріністі қиындатуы, қозғалысқа бөгет жасау сияқты құбылыстардан жол апаты, адамдарды бақытсыздыққа ұшырату немесе басқадай ауыр зардаптар болуы мүмкін.

Жол құрылысына қолданылатын жабдықтарды пайдалану ережелерінің бұзылуына — жол құрылысына қолданылған техника, жабдықтардың жол үстіне қалдырылуы, олардың көліктің қозғалысына бөгет келтіруі, сөйтіп көліктің соқтығысына, апатқа ұрынуына, нәтижесінде заңда көрсетілген қылмыс зардабының пайда болуына тікелей әкеліп соғатын жәйттер жатады.

Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі — қылмыстық зардаптың — ірі көлемдегі залал, орташа ауырлықтағы дене жарақаты (302-баптың 1-тармағы); ауыр зардап (302-бап-тың 2-тармағы) келтірілуі болып табылады. Келтірілген зардап пен көлікте қолданылатын ережелерді бұзудың арасын байланыстыратын себепті байланысты анықтау қажет.

Қылмыс құрамы — материалдық, ол заңда көрсетілген зардап туындаған сәттен бастап аяқталған деп саналады.

Қылмыс субъективтік жағынан кінәнің абайсыздық түрі арқылы істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, жол, құрылыс және басқа ұйымдарды басқару міндеттерін атқаратын, жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жауапты адамдар.

Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөңдеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (303-бап)

Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бүзу, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге не ірі залал келтіруге соқса — жауаптылық Қылмыстық кодекстің 303-бабында көзделген.

Қылмыстың тікелей объектісі магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу жұмыстарының Қауіпсіздігін реттейтін қоғамдық катынастар, қосымша тікелей объектісі адамдардың өмірі немесе денсаулығы, сондай-ақ меншік қатынастары болады.

Кейінгі кезде көліктің түріне — магистралдық труба кұбырлары жатқызылады. Магистралдық труба құбырлары арқылы белгілі бір қашықтыққа мұнай, газ өнімдері жеткізіледі. Бұл объектілерге қауіпсіздік ережелерін бұзу жарылысқа, өртке, адамдардың қаза болуына, қоршаған ортаның бүлінуіне, ірі материалдық залалға әкеліп соғады. Осы бап бойынша труба құбырлары көлігінің бір түрі — магистралдық труба қылмыстың заты болып табылады. Труба кұбырларының басқа түрлері — (қосымша және қоймалық, жер үсті және жер асты су құбырлары) қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда кінәлі адам мүлікті жою немесе бүлдіру, қүрылыс, техника кауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылады.

Қылмыс объективтік жағынан: а) магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу; б) заңда көрсетілген зардаптардың орын алуы; в) осылардың арасындағы себепті байланыстың болуымен сипатталады.

Баптың диспозициясы бланкеттік болғандықтан магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеудің қауіпсіздігін реттейтін әр түрлі арнаулы нормативтік актілерге сілтеме жасайды. Тергеу жүргізуде немесе істі сотта қарауда іс бойынша қандай нормативті акті басшылыққа алынады, оның қайсы талаптары бұзылды, занда көрсетілген зардаптың болуы осы талаптардың бұзылуына байланысты орын алды ма, бәрін жете анықтау керек. Адамды жауапқа тарту немесе тартпау мәселелері осыларды анықтауға байланысты шешіледі.

Қылмыстық жауаптылықа тарту үшін магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісінің ғана орын алуы жеткіліксіз, көрсетілген қауіпсіздік ережелерін бұзудың нәтижесі заңда көрсетілген зардапқа — адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян (303-баптың 2-тармағы); екі немесе одан да көп адамның өліміне (303-баптың 3-тармағы) әкеп соққан әрекеттермен ұштасуы қажет. Осы тізбектелген кылмыстардың зардабы магистралдық труба кұбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзумен себепті байланыста болуы шарт.

Қылмыс материалдық құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген зардаптардың біреуі болса да орын алған уақытынан бастап аяқталған деп саналады.

Қылмыс субъективтік жағынан тек кана абайсыздық нысанда (менмендік немесе немқұрайдылық) жасалады.

Қылмыстың субъектісі — керсетілген жұмысты жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау өзіне жүктелген 16-ға толған адам.

Труба құбырларын зақымдау немесе қирату (304-бап)

Труба құбырларының адамдар денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге нақты қатер төндірген зақымдалуы немесе қиратылуы — Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыс болып саналып, кінәлі Кылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Кылмыстың тікелей және қосымша тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің 303-бабында көрсетілген объектілермен бірдей.

Қылмыстың затына — магистралдық труба кұбырларына жатпайтын басқа — бірақ магистралдық құбырлардан тарайтын қоймалық қосымша жер асты және жер үсті газ, су, жылу — басқа құбырлар жатады.

Қылмыс объективтік жағынан қылмыс заты — труба құбырларының зақымдалуы немесе киратылуы арқылы сипатталады. Зақымдалу деп труба құбырларының тесілуі, ішін ара істен шығуы, ал қиратылуы деп оның мүлдем іске жарамсыз болып қалуы. Труба құбырларының зақымдануы немесе қиратылуы адамдар денсаулығына немесе қоршаған ортаға нақты зиян келтіру қатерін төндіруі қажет (газдың иісі шығуы, жанар-жағар майлардың кеңістікке таралуы, олардың өрт қаупін төндіруі, т.с.с.).

Қылмыс құрамы формальдық, ол заңда көрсетілген труба құбырларының зақымдануы немесе күйреуінен адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты зиян келтіру қатерін төндірген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 304-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі — абайсызда адамдардың денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян (ҚК-тің 103, 104-баптарын қараңыз). Не ірі залал келтірілген (ҚК-тің 299-бабының ескертуін караңыз), ал 3-тармағында аса ауырлататын түрі — абайсызда немесе бірнеше адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстық кодекстің 304-бабының 2 және 3-тармақтарындағы қылмыс Құрамы материалдық құрамға жатады және қылмыс заңда көрсетілген осы зардаптардың нақты орын алған уақытынан бастап аяқталған деп табылады.

Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі (305-бап)

Теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға кеме капитанының, егер осы көмек көрсету өзінің кемесіне, онын, экипажы мен жолаушылары үшін елеулі қауіп келтірмейтін болғанда көмек көрсетпеуі — қылмыс деп саналып, кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 305-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады.

Бұл қылмыс құрамы Қылмыстық кодекске 1910 жылғы 23 ақпандағы халықаралық конвенцияға (теңізде құтқару және көмек көрсетуге байланысты ережелердің қолданылуы) сәйкес енгізілген.

Қылмыстың тікелей объектісі — тенізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, ал косымша тікелей объектісі — бір немесе бірнеше адамның өмірі немесе денсаулығы.

Осы қылмыстың заты — кез келген санаттағы және бағыттағы теңіз немесе өзге де су көлігі болып табылады.

Қылмыстың жәбірленушісі болып теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған кез келген адам танылады.

Қылмыс объективтік жағынан әрекетсіздік күйде яғни кеме капитанының теңіз немесе басқа да су жолында апатқа ұшырағандарға заңда көрсетілген жағдайларға және шарттарға сәйкес көмек көрсетпеуі арқылы сипатталады.

Себепті жағдайларға байланысты (қатты дауылдың әсерінен немесе көмек көрсету өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшін елеулі қауіп төндіретін (өрт, жарылыс болуы, суға бату қаупі төну) жағдайларда көмек көрсетпеу — қылмыс құрамын түзбейді. Көмек көрсету немесе көрсетпеу мүмкіндігі техникалық сарапшылық қорытындысы негізінде анықталады.

Қылмыс құрамы формальдық, сондықтан да ол көмек көрсетпеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыстың зардабының болуы (адамдардың апатқа ұшырауы) немесе болмауының қылмысты саралауға әсері жоқ, бірақ жаза тағайындағанда сөз жоқ ескеруге жатады.

Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі — қылмыстың жасалу орны болып табылады. Мұндай орынға — теңіз немесе өзге де су кеңістігі (өзен, көл, шығанак, бұғаз т.с.с.) жатады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналық нысанда жасалады. Кінәлі адам теңіз немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетуге мүмкіндігі бола отырып, көмек көрсетпегенін (әрекетсіздігін) сезеді және көмек көрсетпеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі арнаулы меншік түріне қарамастан кез келген су көлігінің (теңіз, өзен, жолаушылар немесе жүк таситын) кемелердің капитаны. Қылмыстың субъектісі Казақстан суларында жүзіп жүрген шет елдердің кемелерінің капитаны болуы да мүмкін. Егер көмек көрсетпеу ашық теңізде орын алса, онда халықаралық конвенцияға сәйкес кеме капитаны қай елдің азаматы болса сол елдің заңымен немесе оны ұстаған мемлекеттің заңы бойынша жауапқа тартылады. Егер кеме капитанының өзі апатқа ұшырап, басқа экипаж мүшелері көмек көрсету мүмкіндігі бола тұра көмек көрсетпесе, онда ол қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін (ҚК-тің 119-бабы) жауаптылыққа тартылады.

Теңізде немесе су жолында соқтығысқан кемелердің бірінің капитанның басқа кемені құтқару үшін тиісті шаралар қолданбауы абайсызда кеменің опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, егер бұл шараларды өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулі қауіп төндірмей колдану мүмкін болса — ол үшін жауаптылық осы баптың 2-тармағында көрсетілген. Бұл жерде соқтығыскан екі кеменің біреуінің капитанының өз кемесіне, онын экипажы мен жолаушыларына елеулі кауіп төндірмей, басқа кемені құтқару үшін мүмкіндігі бола тұра тиісті шараларды қолданбағаны туралы сөз болып отыр. Егер мұндай мүмкіндігі бола тұра кеме капитаны көмек көрсетпесе, одан заңда көрсетілген зардап — кеменің апат болуы немесе өзге де ауыр зардаптарға (адам өліміне, дене жарақаты т.б.) әкеп соқса, ол баптың осы бөлігі бойынша кінәлі болып, жауапқа тартылады.

Қылмыстық кодекстің 305-бабының 2-тармағы материалдық құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген зардаптардың бірі нақты орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу (306-бап)

Рұқсатта көрсетілген маршруттарды, қону орындарын, әуе қақпаларын, ұшу биіктігін сақтамау немесе халықаралық ұшу ережелерін өзге де бұзу — ұшудың халықаралық ережелерін бұзу деп табылады (КК-тің 306-бабы).

Қылмыстың тікелей объектісі — ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың заты — ұшатын әуе кемесі. Әуе кемесінің Республикасының әуе шекарасынан өтіп, басқа үстінен ұшуын халықаралық ұшу деп айтамыз. Ұшуды Қазақстан Республикасының әуе кемелері, сондай-ақ шет мемлекеттердің әуе кемелері өзара келісім бойынша жүзеге асырады. Мұндай ұшулар әуе қозғалысы қауіпсіздігін, мемлекеттік және қорғаныс қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы керек (Ұшу маршруттарының белгілі болуы, ұшу биіктігі, әуе қақпасы, қону орны, дыбыс беру жүйелері т.б.). Халықаралық ұшу ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы заңымен реттеледі.

Қылмыс объективтік жағынан әр түрлі халықаралық ұшу ережелерін сақтамау арқылы көрініс табады. Оның нақты көріністері: рұқсаты көрсетілмеген маршруттарды, қону орындарын, әуе қақпаларын, ұшу биіктігін сақтамау немесе халықаралық ұшу ережелерін өзге де бұзу болып табылады. Қылмыстық кодекстің 306-бабының диспозициясы — бланкеттік. Халықаралық ұшу ережелерінің нақты қайсы талаптары бұзылғанын анықтау үшін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге жүгіну қажет. Қылмыс құрамы формальдық. Ол заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан қасақана немесе абайсыздықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат әртүрлі болуы мұмкін.

Қылмыстың субъектісі — арнаулы, әуе кемесінің экипаж мүшелері. Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын тұрі кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеліп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Көліктегі қылмыстардың топтық обьектісіне не жатады?

2. Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу обьектісі не?

3. Труба құбырларын зақымдау немесе қиратудың субьективтік жағы қандай?

 

 

Дәріс тақырыбы 12. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар

Негізгі сұрақтар:

1. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жалпы сипаттамасы және белгілері. Лауазымды тұлғаның түсінігі.

2. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары.

Қылмыстық кодекстің 13-тарауы "Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа" арналған. 1959 жылғы Қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ еді, керісінше "Лауазымды қылмыстар" деген тарау (V) бар болатын. Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің нәтижесінде лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесінде істелетіні айқындалды. Осыған орай бұрынғы Кодекстегі лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып істейтін қоғамға кауіпті іс-әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізі қылмыстың объектісі мен субъектісі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарының қылмысты іс-әрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың мемлекеттік аппарат қызметіне еш қатысы болмайды.

Осы екі органның — мемлекеттік немесе коммерциялық және өзге ұйымдардың лауазымды адамдарының атқаратын функцияларында елеулі әзгерістер бар. Сондықтан да осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық Кодекстің арнаулы 8-тарауында көзделген. Жалпыға мәлім бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік аппараттың кызметін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажетті белгісі болып, ондағы жүріп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Жаңа Қылмыстық кодексте қызмет борышын адал атқаратындардың мүдделерін қорғайтын көптеген баптар баршылық, сонымен бірге өз қызметтеріне қиянат жасайтындарға заң алдындағы қатаң жауаптылықта көзделген.

Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды бір тарауға біріктіруге негіз болған мына төмендегідей ортақ белгілері бар: 1) Бұл тұрғыдағы қылмыстар негізінен арнаулы субъект — мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік органның лауазымды адамдары арқылы жасалады.

2) Бұл тараудағы қылмыстар қызмет өкілдігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

3) Лауазымды адамдардың қылмысты іс-әрекеттері Мемлекеттік аппараттың дұрыс, заңды қызметін кызмет мүддесіне қайшы түрде бұзады.

Мемлекеттік қызмет мүддесіне карсы қылмыстардың топобъектісі — мемлекеттік аппараттың дұрыс, бірқалыпты қызметі; қосымша тікелей объектісіне — азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамның, мемлекеттің заңды мүдделері жатады. Кейбір қылмыс кұрамдарының міндетті белгісі — қылмыс заты болады: материалдық сыйақы (311, 312, 313-баптар), ресми құжат (314-бап).

Объективтік жағынан — мемлекет мүддесіне қарсы қылмыстар материалдық құрам — (ҚК-тің 307, 308, 309, 315, 316-бап-тары) және формальдық құрам (ҚК-тің 310, 311, 312, 313, 314-баптар) болып бөлінеді.

Субъективтік жағынан бүл қылмыстар негізінен қасақана кінә нысанымен жасалады, тек қана салақтық (316-бап) абайсыздық түріндегі кінә нысаны арқылы жүзеге асырылады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), қызметтік жалғандық (314-бап) жасау құрамдарының субъективтік жағының қажетті белгісі ретінде занда пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесі кезделген.