Скери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да нормативтік-құқықтык актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға арналған.

Қылмыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың заңдылық ұғымы берілген. Онда: әскерге шақыру бойынша не келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы, әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады делінген.

Осыған орай әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібі қоғамдық қатынастар осы қылмыстың топтық объектісі болып табылады.

Әскери қызметшілердің әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібімен байланысы жоқ басқадай қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттері әскери қылмыс болып табылмайды, олардың мұндай іс-әрекеттері жалпы қылмыстық құқықтық норма бойынша сараланады.

Әскери қылмыстың екінші бір өзіндік белгісі — қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. Олар әскерге шақыру бойынша не келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери кызметшілер, сондай-ақ жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарушы запастағы азаматтар.

Казақстан Республикасы Қарулы Күштеріне Қорғаныс министрлігі және оған бағынышты құрылық әскерлері, ракеталық әскерлер, соғыс-теңіз флоты, соғыс-әуе күштері, әскери-космикалық күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамалары, шекаралық әскерлер, қауіпсіздік қызметі әскерлері, үкіметтік байланыс әскерлері, азаматтық қорғаныс әскерлері, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, т.б. жатады.

Әскери қылмыстар тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты мына төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді:

Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелеріне сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар: Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап). Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап). Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-бап). Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (370-бап). Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап).

Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыс-тар: Белімді немесе қызмет орнын ез бетімен тастап кету (372-бап). Қашқындық (373-бап). Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (374-бап).

Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар: Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-бап). Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу (376-бап). Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-бап). Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (378-бап). Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу (379-бап).

Қару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсы қылмыстар: Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (387-бап). Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (388-бап). Әскери мүлікті жоғалту (389-бап). Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (391-бап). Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (390-бап). Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (393-бап). Кеме жүргізу ережелерін бұзу (393-бап).

Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар: әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту (386-бап).

Әскери лауазымды қылмыстар: Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (380-бап). Қызметке селқос қарау (381-бап).

Шайқас даласында және соғыс жүріп жатқан ауданда әскери қызметті атқару тәртібіне қарсы қылмыстар: Құрып бара Жатқан әскери кемені тастап кету (382-бап). Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (383-бап). Тұтқынға өз еркімен берілу (384-бап). Тонаушылық (385-бап).

Әскери қылмыстар объективтік жағынан алғанда әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрамдары формальдық та, материалдық та болып кездеседі. Оларға жеке құрамдарға талдау жасағанда толық тоқталамыз.

Субъективтік жағынан алғанда бұл қылмыстардың кепшілігі қасақанлықпен, азын-аулағы абайсыздықпен істеледі. Енді осы қылмыстардың жекелеген тобына және түрлеріне талдау жасайық.

Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар

Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап)

Қылмыс объективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп, өзгедей әдейі орындамауы арқылы сипатталады. Бүл жерде екі бірдей қылмыс құрамы көрсетіліп тұр. Оның біріншісі бағынбау, яғни бастықтың заңды бұйрығын орындаудан ашық, касақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей әдейі орындамау — яғни бастықтың белгіленген тәртіппен, заңды түрде берілген бұйрығын, яғни бағыныштының әдейі орындамауы болып табылады. Әдейі орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес берілген бұйрықтағы талаптарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапқа қарсы басқа әрекетті істеуі, немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады.

Бағынбау мен бұйрықты өзгедей әдейі орындамау іс-әрекетінен қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірілуі кажет. Зиян мүліктік немесе ұйымдастырушылық, я болмаса басқадай түрде орын алуы мүмкін. Егер іс-әрекеттен әскери тәртіпте ойсырауы орын алса, бастықтың бағыныштының алдында беделі түссе, адамдардың денсаулығына әр түрлі дәрежедегі жарақат келтірілсе немесе әскери бөлімде, оның мүлкіне, техникасына залал келтірілсе зиян елеулі деп танылады.

Бұйрыққа бағынбаудан немесе оны әдейі орындамаудан келтірілген зиянның арасында себепті байланыс болуы шарт.

Қылмыс құрамы материалдық.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.

Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп сокқан дәл сол әрекет осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (367-баптың 2-тармағы). Ауыр зардаптарға қасақана денеге орта дәрежелі жарақат келтіру, абайсызда кісі өлімінің орын алуы; әскери дайындықты қамтамасыз ететін шаралардың жүзеге аспай қалуы; әскери техникалардың істен шығуы; ірі мөлшердегі материалдық залал келтірілу т.с.с. жатады.

Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі көзделген әрекеттер соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалса онда бұл осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (367-баптың 3-тармағы).

Қызметке ұкыпсыз не ықылассыз қараудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан бұйрықты орындамау үшін жауаптылық ҚК-тің 367-бабының 4-тармағында көзделген. Мұндағы ауыр зардаптардың түсінігі осы баптың 2-бөлігінде көрсетілген ауыр зардаппен бірдей болуы да мүмкін. ҚК-тің 367-бабының 4-тармағындағы қылмыс құрамы субъективтік жағынан тек қана абайсыздықпен (немқұрайдылық немесе менмендік) жүзеге асырылады.

Егер осы баптың төртінші бөлігінде кезделген әрекет со-ғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалса, онда кінәлының жазасы арта түседі, ол үшін ж,ауаптылык ҚК-тің 367-бабының 5-тармағында көзделген.

Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап)

Қылмыс объективтік жағынан бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға қарсылық керсету немесе оны осы міндеттерді бұзуға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы, мәжбүр ету арқылы сипатталады.

Қарсылық көрсету деп бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға ашықтан ашық қарсы шығып, оның заңды талабына мән бермеу, олардың өзіне жүктелген міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Мысалы, патрульдің мас күйдегі әскери қызметшіні Ұстауға байланысты әрекетіне соңғының қарсылық көрсетіп бағынбауы.

Бастыққа немесе әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға күш қолдану және күш қолданбақшы болып қорқыту аркылы олардың міндеттерін бұзуға бағытталған белсенді әрекет мәжбүрлеу деп танылады. Мысалы, қатардағы әскери қызметшінің тәртіп бұзып қолға түсіп қалған екінші бір әскери қызметшіні бастыққа күш қолданбақшы болып қорқытып босатып алуы.

Қылмыс құрамы формальдық, көрсетілген іс-әрекеттердің біреуін істеген сәттен қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

Дәл сол әрекеттер:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) қару қолдана отырып жасаса;

в) ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатын салса не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса — осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (368-баптың 2-тармағы).

Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабында көрсетілген.

Қару қолдануға атылатын немесе суық қаруды қолдана отырып бастыққа қарсылық жасау немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр етушілік жатады.

Ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатының түсінігі ҚК-тің 103, 104-баптарында көрсетілген. Өзге де ауыр зардаптарға бастықты абайсызда өлтіру, жауынгерлік тапсырманы жүзеге асырмау, әскери техниканы істен шығару, Қарулы Күштердің мүддесіне елеулі зиян келтіру т.с.с. жатады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер талданып отырылған қылмыс құрамының өте ауырлататын түріне жатады (368-баптың 3-тармағы).

Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-бап)

Қылмыс объективтік жағынан алғанда бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде бастыққа күш колдану әрекеттері екі түрлі жағдайда: 1) бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде; 2) немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты жүзеге асырылады,

Әскери қызмет міндеттерін атқару деп бастықтың ұрыс әрекеттеріне қатысуы, лауазымдық міндеттерін атқаруы, әскери кезекшілікті атқаруы, қызметтік жағдайына байланысты әскери бөлімнің аумағында белгіленген уақыт ішінде міндетін өтеуі, қызметтік іссапарда болуы кезінде ез борышын өтеуін айтамыз.

Осы міндеттерді атқаруға байланысты бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттеріне кінәлінің оның қызмет бабын атқаруына көңілі толмаудан немесе одан кек алу, я болмаса басқадай өзара қақтығыстықтан пайда болған өшпенділікті жүзеге асырулар жатады. Көрсетілген қылмыс бастықтың қызмет бабына байланысты жасалады. Және оған қарсы күш қолдану әрекетімен ұласады. Күш қолдану ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру жолымен немесе өзге де күш қолдану (қолын бұрау, байлап қою, бетін тырнау т.с.с.) арқылы көрініс табады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады.

Дәл сол әрекеттер:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) қару колданып жасаса;

в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардаптар келтірсе, осы қылмыс кұрамының ауырлататын түріне жатады (396-баптың 2-тармағы). Бұл
көрсетілген жағдайлардың түсінігіне ҚК-тің 363-бабын талдағанда тоқталғанбыз.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер көрсетілген қылмыстың аса ауырлататын түрі болып табылады (369-баптың 3-тармағы).

Бір-бірінін арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (370-бап)

Қылмыс объективтік жағы бойынша бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу арқылы сипатталады.

Заң бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелер шеңберінде жүзеге асырылуын талап етеді, бұл ережелерді бұзып осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу көрсетілген қылмыстың құрамын кұрайды. Көрсетілген ережелерді бүзу нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттерімен немесе жәбірленушінің киім-кешегін, тамағын, басқа заттарын тартып алумен ұштасқан жағдайда кінәлінің іс-әрекеті қылмыстардың жиынтығын кұрайды.

Дәл сол әрекеттер:

а) бірнеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз).

б) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;

в) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса (ҚК-тің 31-бабы).

г) қару колданып жасаса;

д) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірсе (ҚК-тің 104-бабы), осы талданып отырылған қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (370-баптың 2-тармағы).

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттерге (370-баптың 3-тармағы) талданып отырылған қылмыстың өте ауырлататын түріне жатады. Ауыр зардаптарға мәжбүрленушінің денесіне ауыр дене жарақатын келтіру, абайсызда кісі өлімінің болуы, жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі жатады. Осындай іс-әрекеттен қасақана кісі өлтіру болса, онда іс-әрекет Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша саралануға жатады.

Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап)

Қылмыс объективтік жағынан әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе оны атқарумен байланысты бір әскери қызметшінің екіншісіне тіл тигізуі арқылы сипатталады.

Тіл тигізу деп әскери қызметшінің ар-намысын аяққа басатын, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін әрекеттерді айтамыз. Көрсетілген баптың диспозициясына сәйкес бір әскери қызметшінің екінші бір әскери қызметшіге тіл тигізуі қылмыс деп қарастырылады. Бұл қылмыс құрамы бойынша іс-әрекетті саралау үшін күш қолданудың орын алуы шарт емес. Әскери қызметшінің тіл тигізуі жәбірленушінің әскери қызметін атқарумен байланысты немесе әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде болуы қажет.

Егер бағыныштының бастыққа, сол сияқты әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе оны атқарумен байланысты бастықтың бағыныштыға тіл тигізуі орын алса, онда мұндай іс-әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (371-баптың 2-тармағы).

Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істеледі.