Азіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер

ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп, әлемдік ғылыми біртұтастық пайда болды. Осы қалыптасқан әлемдік ғылыми біртұтастық, бүкіл дүниежүзілік экономикалық бірігудің алғы бастамасы болды. Бұл үдерістің көріністерінің бірі ретінде алдыңғы қатарлы дамыған елдерде және әртүрлі континенттердегі ұлтаралық бірлестіктерде бірыңғай ұйымдастырушылық мәдениетінің түрлерімен жұмыс жүргізе бастады.

 

Табиғатқа техногендік қатынас – рухани қанағаттану құралы ретінде емес, қайта өндірістік қажеттіліктерге тікелей бағытталуы ХХ ғ. бірінші жартысындағы еуропалық мәдениет дамуының басты көрінісі болды.

 

Ғылымға озық технологиялық табыстары мен жетістігіне сүйенген дүниежүзілік өнеркәсіптің қарқынды дамуы, адамға әлемді сезінудің оптимистік түрі, табиғатты игерудегі қабылеті мен мүмкіндіктерінің мол екендігіне сенімі артып, соған тән сипаттардың туындауына қызмет етті. Адам өз болмысының ғаламат ғарыштылығын сезінді. Бірақ ХХ ғ., европалық мәдениетке біртіндеп енген техногендік өркениет өзімен бірге адамзат қоғамына жағымсыз дағдарысын да ала келді.

 

Бүгінгі күні әлемдік мәдениеттің тағдырына екі көзқарас – оптимистік және писсимистік пікірлер қалыптасқан. Алғашқыларының сендіруінше әлемдік мәдениет дұрыс жолмен даму үстінде, келешекті ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттық құралдардың жетілуі рационалды ұйымдасқан экономиканың өсуімен байланыстырып, батыс мәдениетінің архиптік құндылықтары батыстық өмір сүру тәртібі ең дұрысы деп есептеледі. Сонымен бірге, ХХ ғ. басында антропоцентризмнің дағдарысы да басталды деуге болады. Орыстың ойшыл-философтары (Н.А.Бердяев, Е.Н.Тругецкой, С.Л.Франк т.б.) айтуынша индивидуализм, қоғамның атомдануы, өмір талғамының тоқтаусыз өсуі, соған сай жоғары технологияға негізделген өнеркәсіптің қарқынды дамуы, тұрғылықты халық саны мен тұтынушы қажеттіліктің шексіз өсуі, рухани өмірдің бәсеңдеп, сенімсіздіктің пайда болуы – адам өмірінің сипатын, оның стилін өзгертіп, табиғат ырғағынан айырып, индустриалды-капиталистік жүйенің қалыптасуына алып келді.

Ал, мәдениеттер арасындағы көзқарастың өзгеруі, әртүрлі сәйкессіздіктің туындауы, Ф.Ницше айтқандай, «барлық құндылықтарды қайта бағалау» қайта қарауға тура келіп, ол қазір өте тұрпайы түрде жүзеге асуда.

 

Машиналар мен техниканың қарқынды дамуы және олардың адамзатқа билігі тарихта екі дүниежүзілік соғыстың болуын, әлеуметтік капитализмнің ерекше дамып, ашаршылық пен құлақ естімеген ауруларды, атомдық қатерді, күрделі экологиялық және антропологиялық дағдарыстарды, адамгершілік пен моралдық жалпы руханилықтың дағдарысын тудырды. Қазіргі заманғы көптеген ойшылдар М.Хайдеггер, К.Ясперс, Л.Мэмфорд және т.б. мәдениет пен өркениеттің дағдарысын озық техника мен жоғары технологияны орынсыз қолданумен байланыстырады.

Ресейлік ғалым В.А.Лекторскийдің пікірінше «Дамудың біржақты технологиялық, технократтық ізбен сипатталатын қазіргі мәдени ахуалда толыққанды гуманитарлы білімі жоқ адам тұлға ретінде жеткіліксіз және сыңаржақты болып табылады. Ал ең бастысы ол – догматты болады» деп көрсетті.

Осы заманда, қазіргі адам табиғи адамзаттан айтарлықтай өзгеріске ұшырады деуге болады. Бұл өзгерістер оның тек әлеуметтік мінездемесіне ғана емес, биологиялық сапасына да әсер берді. Қазіргі адамдағы осындай өзгерістер өмірдегі заңды процестерге байланысты, ол постиндустриалды өркениетінің басталуына (ғылыми-технологиялық қоғам) соған сәйкес ноосфералық мәдениеттің қалыптасуына әкеп саяды.