Депозиттер тарту саласындағы бәсекелестiк

 

Бүгiнгi таңда Қазақстан рыногында әдiлiн айтқанда үш жетекшi банк бар: «Казкоммерцбанк», «Халықтық банк» және «Тұранәлем».

Мысалға карточкалық бизнестi алайық. Егер шығарылған электронды карточкалар саны сияқты көрсеткiштi қарайтын болсақ, онда Тұранәлем банк пен Халықтық банктiң алда тұрғаны даусыз, олардың мұндай карточкалары жүз мыңдаған. Ал, карточкалық шоттар мен алынған кiрiстер тұрғысынан алып қарағанда бiздiң көрсеткiштерiмiз елде ең жоғары. Бұл бiрiншi кезекте банк салынған итвестициялардан барынша жоғары пайда табуға ұмтылған бизнес жүргiзудiң тиiмдiлiгiн бiлдiредi. Карточканы миллиондап шығаруға болады, бiрақ клиентке әралуан және қолайлы жағдай жасалмаса, карточка айналымы төмендеп, ал карточка тек айлық жалақы төлеу құралы болып қана қалады.

Карточкалық бизнестi қолдау үшiн айтарлықтай инвестициялар мен ағымдағы шығыстарды жүзеге асыра отырып, оның түсiмдiлiгi мен өзiн өзi ақтауын нақты бағалау және рынокта дұрыс позиция ұстау керек. Жалпы, барлық Қазақстандық банктер үшiн сапалық көрсеткiштер өте маңызды деп есептеймiн. Басты мәселе - сiз қаншалықты тиiмдi жұмыс iстейсiз, сiздiң кiрiстерiңiз қаншалықты жоғары және операция тәуекелдерi төмен, банктiң резервтерi қандай (орын алуы мүмкiн шығындарға сiздiң кепiлдiгiңiз), осылар кездесуi мүмкiн тәуекелдерге баға беруде сiздiң қаншалықты керiтартпалық пен бойкүйездiкке бой алдыратыныңызды бiлдiредi.

Бүгiнгi күнi Қазақстандағы қаржылық жүйенi айтарлықтай тұрақты деуге болады және де банктер арасында түбiрлi айырмашылықтар жоқ. Менiң ойымша, бүгiнгi күнi республикадағы барлық банктер әмбебап болып табылады. Әрбiр банк өзi үшiн рынокты болжап, өзiнiң стратегиясын, клиенттiң көзқарасын негiзге ала отырып, басымдықтар белгiлейдi. Казкоммерцбанк барлық рыноктарға қатысуға және әртүрлi категориядағы клиенттерге, бiздiң ойымызша, дәл қажеттi өнiмдi ұсынып жұмыс iстеуге ұмтылуда. Басымдықтар туралы айтар болсақ, бастапқыда бiз корпоративтiк клиенттерге, бiрiншi кезекте, iрi клиенттерге арналған банк болдық. Казкоммерцбанк қаржыландырған жобалар, негiзiнен үлкен кәсiпорындар мен компанияларға қатысты болды. Бүгiнгi таңда Казкоммерцбанк iрi корпоративтiк клиенттерге қызмет көрсету рыногындағы өз үлесiн сақтап қалуды және сонымен қатар, орта бизнеспен жұмысты жандандыруды маңызды деп есептейдi. Шағын бизнес туралы айтар болсақ, мұнда Тұран!лембанк айтарлықтай жақсы позиция ұстап отыр және несиелеу көлемiн ұғ миллион АҚШ долларына жеткiзудi көздеп отыр, бұл айтарлықтай күш жұмсауды қажет етедi.

Жеке тұлғаларға келер болсақ, ККБ олармен тек ұғғғ жылы ғана белсендi түрде айналыса бастады. Аз ғана уақыт өткенiне қарамастан, депозиттер көлемi бойынша Казкоммерцбанк елiмiзде екiншi, ал жедел депозиттер саны жағынан бiрiншi орында. Банктiң ресурстық базасындағы халықтың салымдар үлесiнiң ұлғаюы өте маңызды, себебi iшкi қарыздар мен кейбiр iрi депозиторлардағы депозиттiк базаның айтарлықтай концентациясына тәуелдiлiкке байланысты тәуекелдердi төмендетуге мүмкiндiк бередi. Iшкi қарыз көлемiнiң үлкен болуынан iштен және сырттан тартылатын қаржылардың ара қатынасы ұзақ уақыт бойы соңғысына пайда әкелген жоқ.

Бүгiнгi күнi жағдай бiршама жақсарды, бiрiншi кезекте, халықтың депозиттерiнiң айтарлықтай өсуiнiң есебiнен: егер 1995 жылы олар 10- миллион доллардан аспаса, бүгiнгi күнi халық банктерде 100 млн. доллардан астам қаражат сақтауда. Жалпы жеке тұлғалармен жұмыстың басымдықтарын белгiлей отырып, бiз орташа және бай клиенттерге тоқталуды жөн көрдiк.

1) Тұтынушы топтар сегментациясы өстi.

Ерекше маңызды сегменттерге жататындар:

Дәулеттiлер. Көптеген банктер салымдары 200000 доллар асатын жеке тұлғаларға тұтынушылық қызмет көрсетумен айналысатын бөлiмшелер ашуда. Мұндай бөлiмшелер көбiнесе салық төлеу деңгейi айтарлықтай төмен аудандарға орналасады және швейцариялық банктерде ұзақ уақыттан берi тәжiрибеленiп келе жатқан салымдар құпиясын сақтау және жеке қызмет көрсету қағидаларына негiзделген.

Әл-ауқатты жоғары тұлғалар. Бұл сегмент әл-ауқаты жоғары топтардың арнайы мұқтаждықтарына қызмет көрсету үшiн дамыды. Merill Lynch делдалдық үйi осы мақсатта жетiлген компьютерлiк жүйелердi пайдалана отырып өзiнiң қолма қол ақшаны басқару жүйесiн енгiздi, соның нәтижесiнде 90000 доллар және одан жоғары салымдар бойынша ақша рыногындағы тиiмдi несиелiк пайызды қамтамасыз еттi. Одан басқа, Merill Lynch шотта жатқан сомалар шегiндегi кепiлдiктердi негiзге ала отырып Visa карточкалар және чектiк шоттар иелерiне автоматты түрде қарыз алуға мүмкiндiк бердi. Мұндай типтегi операциялардың жедел түрдегi табысты болуы банктердi оған жауап қайтаруға және ақша рыногының ставкаларын негiзге алып, ағымдағы шоттар бойынша пайыздар ұсынуға жетеледi.

Көптеген компаниялар да клиенттер тарту үшiн жаңа қызмет түрлерiн енгiзуге мәжбүр болды. Нәтижесiнде коммерциялық банктердiң бәсекелестiктiң өсуi шоттардың ары қарай жiктелуiне талап еттi. Банктер өздерiнiң дәстүрлi депозиттiк базасының өзгерiстерiне жауап ретiнде банктер оны дербес қарыздар, несиелiк қаржыландыру, сақтандыру, бастапқы және қайталама кепiлдiктер және т.с.с. әртүрлi арнайы қызметтер көрсетуге болатын клиенттердi анықтау тұрғысынан қарай бастады, депозиттiк базасы едәуiр қысқарды.

Көптеген банктердiң депозиттiк базасының негiзiн кiрiстерi аз клиенттер құрайды, ол үшiн қаржылық институттармен тартыс жүрiп жатыр.

Ақпаратты қағаз жүзiнде өңдеуге негiзделген жүйенi ауыстыру. 2007 жылдардағы банктердiң жұмысы көрсетiлетiн тұтынушылық банктiк қызметтер бағасын төмендетуге бағытталды, бұл банк iсiн барынша автоматтандыруды талап еттi. 45-шi жылдардың аяғына қарай тек дәлдiгi жоғары автоматты кассалық машиналар пайда болып қана қойған жоқ, үйде көрсетiлетiн банк қызметi де өркендей бастады. Оның үстiне, ауқымды ақпараттар жинақталған және көрсетiлетiн қызметтер тiзiмiн кеңейтуге мүмкiндiк беретiн несиелiк және дебеттiк карточкалардың көмегiмен есептесу жүйелерi дами түстi. Адам еңбегiнiң машинаға ауысуы жедел қарқынмен жалғаса бермек, себебi ақпарат жеткiзушi жаңа технологиялар жүйесiнiң құны төмендеп келедi, ал кассирлерге және басқа персоналға еңбек ақы төлеу тұрақты түрде өсiп отыр.

2) Қаражат тарту, сондай-ақ несиелiк қызметтер көрсету саласында бәсекелестiктiң өсуi, жылдары банктер мен клиенттерiне қаржылық қызметтер көрсетушi қаржылық институттар арасында бәскеелстiк күшейе түстi.

Американдық банктердi берiк орныққан филиалдар ашуға қойылған шектеулер қыса түстi, ал депозит тарту проблемаларын шешудi қиындатады. Жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша банктiк қызметте бәсекелестiк өсе түстi. Жинақтаушы және несиелiк банктердiң бастамасымен жүргiзiлген салымшылардың қаражатымен табыс табу коммерциялық банктермен бәсекелестiктi күшейттi. Мысалы, АҚШ-тан тыс жерлердегi жинақ банктерi мен құрылыс қоғамдары ұсақ салымшылардың қаражатын тарту үшiн көптеген қызмет түрлерiн ұсынды. Салымшылардың қаражаттарын ақша рыногының қорлары немесе Merill Lynch делдалдық үйiнiң “Қолма қол ақшаны басқару жүйесi” сияқты өте бай қаржылық қызметтердiң жаңа жиынтығы өзiне тартты, бұл банктердiң жұмысын қиындатты. Жеке тұлғаларды несиелендiруде бәсекелестiк күшейдi. Несиелiк карточкаларды қолданатын компаниялар банктер арқылы операциялар жүргiзе отырып, арзан несиелер ұсынды, дүкендер клиенттерге автоматты түрде жаңаратын несиелер жүйесiн ұсынды, қаржы-несиелiк компаниялар мүлiк кепiлге алынатын қарыздар бере бастады және т.с.с.

Осылайша, 90-шы жылдардың аяғына таман банк индустриясы бәсекелестiк қабiлет таныта бастады. Қаржылық институттардың әр алуан түрлерiнiң арасындағы айырмашылық жойыла бастады. Көптеген бәсекелестер ұлттық шекарадан тысқары шығып дүниежүзiлiк ауқымда жұмыс iстей бастады. Одан басқа, заңнамалық шектеулердi ұстанбайтын көптеген жаңа нарық субъектiлерi пайда болды, бұл оларға бәскелестiк күресiнде басымдық бердi.

Зейнеткер жасына жақындаған және зейнеткерлер банктiк жинақтар ұстауды жөн көредi, бiрақ олардың салымдары майда, сондықтан да бiзге қажеттi депозиттiк база мөлшерiн қамтамасыз ету үшiн салымшылар санының көбiрек болғаны керек, олай болмаған жағдайда ресурстық шығындар қымбатқа түседi. Орташа және ауқатты клиенттерге қызмет көрсету позициясын ұстанған Казкоммерцбанк Халықтық банкке немесе БТА банкке қарағанда салымшылар саны аз, бiрақ көлемi үлкен жедел депозиттер тартты. Алты iрi банктiң мамандары таңдап алынған сегментке жоғары шоғырландыру әл-ауқаты және тұтыну деңгейi жоғары адамдарға қажеттi жаңа қаржылық қызметтердiң мол ассортиментiн ұсынуға мүмкiндiк бередi деп есептейдi.

Бүгiнгi күнi Қазақстанда қалыптасқан жағдай бойынша фундаменталды ғылымды қоспағанда экономиканың барлық салаларына банк қызығушылық танытып отыр.

Әзiрше ел экономикасы айтарлықтай шектеулi, банк рыногындағы бәсекелестiк өте қатал, сондықтан да кей жерлерде бiздiң жұмыс iстегiмiз келмейдi деп айта қою қиын. Қазiр мұнай бағасы жоғары, экономикада қаражат жеткiлiктi. Сондықтан барлық банктер қазiр мол өтiмдiлiкпен жұмыс iстеуде. Соған орай банктер ақша салымдарына қатысты барлық жобаларды қарайды.

«Қазақстан Халықтық Банкi» ААҚ-дағы жеке тұлғаларға арналған салымдар.

- «НАРОДНЫЙ-СТАНДАРТНЫЙ»

- «НАРОДНЫЙ-НАКОПИТЕЛЬНЫЙ»

- «НАРОДНЫЙ-ПЕНСИОННЫЙ»

- «HALYK-ДЕТСКИЙ»

- «HALYK-УНИВЕРСАЛЬНЫЙ»

- «НАРОДНЫЙ-СПЕЦИАЛЬНЫЙ» [5, 67 б.].

 

 

Интернет-банкинг жүйесiндегi салымдар  
Теңгемен  
Ағымдағы шоттар (салымшының өзi алғанша жататын) 2,5
күндiк интернет-салымдар 7,5
күндiк интернет-салымдар 4,5
күндiк интернет-салымдар 20,5
күндiк интернет-салымдар 22,5
күндiк интернет-салымдар 25,5
Шетел валютасымен (АҚШ долларымен)  
Ағымдағы шоттар (салымшының өзi алғанша жататын) 2,5
күндiк интернет-салымдар 1,5
күндiк интернет-салымдар 1,5
күндiк интернет-салымдар 0,5
күндiк интернет-салымдар 0,2
күндiк интернет-салымдар 6,5
Ресей рублiмен салынған ағымдағы шоттар4   6,5

3.3 Интернет-банкинг-депозиттер рыногындағы жаңалық

Қазақстанда Интернет-Банкингтi енгiзуге нелiктен дәл Халықтық Банк ұйтқы болды?

Қазақстанда Интернет-Банкингтi енгiзуге Халықтық Банктiң жетекшiлiк етуiнiң бiрқатар объективтi себептерi бар. Бұл зейнеткерлерден бастап бизнесмендерге дейiнгi халықтың барлық бөлiгiмен кең мағынада жұмыс iстейтiн жалғыз қазақстандық банк. Ол ТМД-дағы қуатты процессингтiк орталықтардың бiрiне ие бола отырып, технологиялар саласындағы көш басында, ол бүгiнгi күннiң өзiнде 400 миллионға дейiнгi төлем карточкаларына қызмет көрсетуге дайын. Халықтық банкте бiртұтас корпоративтiк телекоммуникациялық желi құрылған, ол бүкiл Қазақстан аумағындағы филиалдарды қамтиды. Осыған көпжылдық халыққа қызмет көрсету дәстүрлерiн, респуликадағы ең күштi филиалдық желiнi қосыңыз. Оған қоса Қазақстанда және әлемде Интернет технологиялардың қызу дамуы және осының нәтижесiнде клиенттердiң жедел, арзан және оперативтiк банк қызметтерiнiң қол жеткiзу қажеттiлiгi туындады.

Осы факторлардың барлығы Халықтық Банктiң Қазақстанның iрi қалаларының барлығында Интернет-кассалар желiсiн ашу туралы шешiм қабылдауына түрткi болды.

Бүгiнгi күнi Қазақстанға Интернет-Банк не үшiн қажет?

Жас және прогрессивтiк мемлекеттiң әлемде болып жатқан кез келген өзгерiстерге сол сәтте көңiл аударып отыруы мiндеттi. 90-шы жылдардың ортасында бүкiл дүние жүзiнде Интернеттi дамыту даңғазасы басталды. Бұл тек дүниежүзiлiк компьютерлiк адамзат қатынасының құралы ғана емес. Интернет жаңа ғасырда әрбiр мемлекеттiң және барлық халықаралық қауымдастықтың даму деңгейiн өлшеудiң жаңа элементi, жаңа индустриалдық стандарт болды. Әрине, Қазақстан мұндай әлемдiк процесстерден сырт қала алмайды. Аумағы үлкен Қазақстан сияқты мемлекетте Интернет өмiрлiк қажеттiлiкке, елдiң коммуникациялық бiрлiгiнiң бөлiнбес стандартына айналды, ол кез келген қашықтықты жақындатады. Қазақстан халқының бiрiгуiнiң жаңа үлгiсi, байланыстырушы жаңа желiлер құру, әлеуметтiк, экономикалық, ұлттық ерекшелiктерiне қарамастан барлық республика азаматтары арасында жаңа байланыстар орнату туралы әңгiме болып отыр.

Бiрiншiден, Интернет Қазақстанның интеллектуалдық және технолгиялық дамуын ерiксiз ынталандырады. Бұл телекоммуникациялық жүйеге сұраныстың жоғарылығы мен «соңғы минут проблемалары» - телекоммуникациялық қызметтердi тұтынушының үйiнде, офисте көрсетудi шешу. Интернеттi пайдаланушылар саны бүгiнгi күнi онша көп болмаса да, ең бастысы оның саны тұрақты түрде ұлғайып келедi.

Екiншiден, Интернет-Банк дегенiмiз – өз қаражаттары туралы ақпарат алу еркiндiсi, делдалсыз өз ақшаларын басқару, ал дәстүрлi банктерде жұмыс кестесi бар және оған беру үшiн уақыт қажет.

Интернет-банк дегенiмiз – өз қаражатың тәулiгiне 24 сағат және жылына 365 күн иелiк ету мүмкiндiгi.

Бүгiнгi күнi Қазақстанда шешiлмеген проблемалар көп. Бiз «арбаны атқа жегуге» әрекет ете аламыз ба?

Интернет-кассалардың ашылуы - республика көлемiнде қол жетiмдi жаңа технологиялар енгiзуге жасалған бiрiншi әрекет, және де ол өте маңызды. Бұл пробелманы бiрiншi кезектегi деуге болады, себебi оның шешiлуiне қарай бiздiң өмiрiмiздiң басқа саласында өзгерiстер пайда болады. Ең бастысы оның тек iшкi жағы ғана емес, Интернет арқылы қатысу мүмкiндiгi болып табылады. Қазақстан үшiн шикiзат ресурстарын экспорттардың нақты мүмкiндiгi. Бiздiң халықтың бiлiм деңгейi жоғары, интеллектуалдық күшiмiз үлкен, өмiр сүру деңгейiмiз динамикалық, белсендi.

Интернет экономиканың басқа саласын, өмiрiмiздiң басқа жақтарын дамыту үшiн аса қажеттi жаңа құрал болып табылады. Бұл жаңа бiлiм, жаңа мәдениет, өмiрдiң жаңа сапасы және технологиялардың интенсивтi өсуiнiң «локомативтi» болуы мүмкiн және болуы тиiс.

Интернет кассалар ашуға үкiмет нелiктен үлкен назар аударып отыр?

Себебi ол басқа да маңызды проблемаларды қамтитын алғашқы әзiрлеме. Жаңа технологиялар, жаңа коммуникациялар, елдегi және әлемдегi көлемде ақша ағынын реттеудiң виртуалды мүмкiндiктерi, демек, Жинақтардың ұлттық бағдарламасын ары қарай дамыту, интернет арқылы тауарлар мен қызметтер сатып алудың электронды коммерциясына көшудiң жаңа келешегi ашылады. Әңгiме тек банктiк және коммерциялық операциялар туралы болып отырған жоқ. Бүгiнгi күнi интернет көлемдi инвесторлар үшiн дистанциондық оқыту, қор рыногын дамыту мүмкiндiгiн ашып отыр. Жалпы бұқара халық үшiн Интернет – тек бiлiм және ақпараттар саласындағы ғана емес әлемдiк ресурстарға қол жеткiзудiң ашық демократиялық тәсiлi. Бұл миллиондаған адамдар үшiн қаржы ресурастарына қол жеткiзу болып табылады, сол арқылы олар өзiнiң банктiк мәдениетiн дамытып, ақша рыногында тиiстi орын ала-алады.

Жай сөзбен айтқанда, Интернет – әлемдiк мәдениетке ұмтылу. Мұнда «провинциалдық синдромға», оның белгiлерiне орын жоқ, егер мен алыс бiр түкпiрде тұрсам, маған интернеттiң ақпараттық ресурстарын, әсiресе, банктiк Интернеттен ақпарат алуға мүмкiндiк болмаса не iстер едiм.

Азаматтық қоғамның элементi ретiнде азаматтық мәдениеттi, азаматтық жауапкершiлiктi жоғарылату туралы әңгiме қозғалып отыр. Кез келген Америкадағы, Англиядағы немесе Сингапурдағы адамдар сияқты бiздiң әрқайсымызға қымбат емес, қазiргi заманғы құрал-жабдық жеткiлiктi, олардың Интернетке қосылуы үшiн барлық жағдайлар бар. Мұнда сiз өз мүмкiндiктерiңiз жағынан миллионермен, делдалдармен немесе ғалымдармен теңсiз.

Әрине, Интернет кассалар – үлкен жолдағы алғашқы қадам. Интернет технологияларға мемлекеттiк қолдау бағдарламасы, заңнамалық негiз, жаңа оқыту орталықтары қажет.

Қазақстан адамзаттың қарым-қатынас жасауының басты желiсi ретiндегi Интернет-қауымдастықтың бөлiгi болып есептеледi, осы тұрғыда Халықтық Банктiң Интернет-кассалары Республиканың келешегiне қарай ұмтылу болып табылады.

Құрметтi қонақтар, бiз Алматы қаласындағы алғашқы интернет-кассаға хош келiпсiз демекпiз. Бүгiнгi күнi бiздiң елiмiздiң барлық жерлерiнде осындай Интернет-кассалар ашылуда.

2008 жылдың күзiнде, Төрағаның бастамасымен жаңа жинақ жүйесiн жасау және интернет қауымдастығының барлық мүшелерi мен барлық Қазақстан азаматтарына тәулiк бойы уақыттарын ұтқыр пайдаланып бiздiң Банкке келуге мүмкiндiк беру шешiлдi. Бiздiң инженерлер қарапайым да қауiпсiз Интернет-Банк жүйесiн жасады. Интернет-кассаның негiзiн Интернет-Банк қалады, соның дәнi болып табылады.

Бiздiң кассалар, ең алдымен, компьютерi және үйдегi Интернет-Банкте жұмыс iстеуге мүмкiндiгi жоқ, бiрақ өзiнiң жеке қаражатын басқару жөнiндегi жаңа банктiк технологияларды сынауға құқылы адамдар үшiн арнайы ашылды. Бiз өзiмiздiң, көбiнесе әлеуметтiк функциямыз, келер ғасырдағы технологияларға адамдарды көбiрек тарту қызметiмiздi орындағымыз келедi.

Интернет Банк тұжырымдамасы төрт негiзгi мәселеге шоғырланған:

- Интернет стандарттары бойынша мәлiмет берудiң бiртұтас

корпоративтiк желiсi;

- қуатты процессингтiк орталықтар негiзiнде карточкалық төлем жүйесi;

- бiздiң жинақ жүйемiздiң көпжылдық мәдениетi;

- төлемдердi қорғаудың жаңа тетiгi.

Интернет-касса дегенiмiз не?

Интернет-касса дегенiмiз – клиенттерге банктiң iшкi желiсi арқылы өзiнiң шоттарын дистанционды басқаруға мүмкiндiк беретiн, Банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiмi. Егер сiздiң үйiңiзде компьютерiңiз болса, Интернет желiсi, Интернет-Банкинг жүйесi арқылы бiздiң клиенттерiмiздiң өздерiнiң шоттарына әлемнiң, әрине Қазақстанның кез келген нүктесiнен шыға алады, тек интернетке компьютеріңіз қосылатын болса болғаны.

Бiз ұсынып отырған Интернет-Банкинг жүйесiн пайдаланушы болу өте оңай - Интернет жүйесiне шыға алатын жеке компьютердi пайдаланып немесе бiздiң Интернет-кассамызға келу және Интернет-касса менеджерiндегi тиiстi келiсiмге қол қою арқылы Банктiң Web-сайтындағы www.hsbk.kz-ке.

Операциялар.

Интернет-Банкингтiң негiзгi артықшылығы – ол ағымдағы мультивалюталық шоттың болуы - Интернет-Банктiң барлық операциялары содан басталады.

Бiздiң Интернет-Банк клиенттерiнiң төмендегiдей мүмкiндiктерi бар:

- ағымдағы Интернет-шот ашу: теңгемен, АҚШ долларымен, немiс маркасымен, ағылшындық стерлинг фунтпен, француз франкiмен және евромен;

- тәулiк бойы операциялар жүргiзуге;

- өзiнiң Интернет-шотын қолма-қол теңгемен немесе шетел валютасымен толықтыруға;

- Интернет-шотты қолма қол ақшасыз жолмен толықтыру;

- өзiнiң Интернет-шотынан қолма қол ақша алуға;

- өзiн қызықтыратын салым түрiн ашуға;

- өзiнiң Банктегi карточкалық шотына ақша аударуға;

- ақша аударуға;

- коммуналдық төлемдер жасауға не банкке тұрақты аударымдар жасап тұруды тапсыруға;

- ақшаларды бiр валютадан басқасына конвертациялауға;

- Интернет-шоттар бойынша үзiндi алуға;

- Банктiң Web-сайтындағы анықтамалық немесе өзге ақпаратты парақтауға.

Интернет-кассалардың терминалдары

Интернет-кассалар теңдесi жоқ терминал-қондырғылармен

жарақтандырылған, ол менеджерлер мен делдалдарсыз өзiне өзi қызмет көрсету режимiмен операциялар жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Сiздiң операцияларыңыз қалай қорғалады.

Ақпаратты қорғау үшiн бiрнеше деңгей пайдаланылады. Аппаратура деңгейiнде ақпаратты негiзгi қорғау құралы ретiнде DES шифрлау алгоритмiн (кiлттiң ұзындығы 32 бит) пайдалана отырып IPsec технологиясын пайдалану ұсынылады. Бұл технология санкцияланбаған қол сұғушылықты болдырмауға ғана емес, сонымен бiрге iс жүзiндегi абоненттiң атынан жалған ақпаратты генерациялауды, сондай-ақ бiр ақпаратты қайталауға мүмкiндiк бермейдi.

Клиент деңгейiнде қосымша қорғау жүйесi пайдаланылады:

- кодтар мен парольдар-шифрлардың ең қарапайым тәсiлi;

- электронды қол қою, мұнда ақпарат дербес кiлттiң көмегiмен шифрланады. Электронды қол қою әдеттегi қаситтерге ие, ол өзiнiң иесiн толық идентификациялайды, оның үстiне мәлiметтердiң тұтастығына кепiлдiк бередi.

Мәлiметтердi шифрлау үшiн ұзындығы 32 bit кiлтi бар DES алгоритмi, ал клиенттiң цифрлық кiлтi үшiн ұзындығы 32 bit кiлтi бар RSA алгоритмiн пайдалынылады.

Интернет желiсiне қосылудың ұсынылған шешiмi желiлердi бұзудың және серверлердi iстен шығарудың әртүрлi тәсiлдерiне төтеп бере алады.