Мсм с мс БИЛЕТ № 4

1.А.Байтұрсынов туралы әңгімелеңіз.

А. Байтұрсынов – тіл білімінің атасы. Ірі ғалым, түрколог, әдебиет зерттеуші, дарынды ақын аудармашы публицист белгілі қоғам қайраткері, ағартушы-демократ, талантты педагог.А.Байтұрсынов Торғай облысы, Торғай уезінде туған. А. Байтұрсынов еңбекжолын бала оқытудан бастаған. Қарқаралыда оқытушы болып жүрген кезінде патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шығады. Зиялылармен қосылып петиция жазады. Сол үшін түрмеге жабады. 12 жыл айдауда жүреді. Барлық жастық , саналы өмірін халқын отарлықтан құтқаруға сарп етті. Бас көтеруге бостандық үшін күресуге шақырды. А. Байтұрсынов араб графикасына негізделген, қазақ жазуының реформаторы болды. Олқазақтың тұңғыш филолог, ғалым болды. А. Байтұрсынов қайта құрудың арқасында ақталды.

Қазақсиан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Тіл білімі институтыны Ахмет Байтұрсынов есімі берілді.

2.Қазақстан облыстары мен қалалары туралы диалог құрастырыңыз.

- Қазақстанда неше облыс бар. Қандай?

Қазақстанда 14 облыс бар. Олар: Шығыс Қазақстан,Семей,Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау.Маңғыстау,Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан,Алматы,Жамбыл, Талдықорған,Қызылорда,Солтүстік Қазақстан,Қостанай, Торғай,Көкшетау облыстары.

-Облыс орталық қалаларын ата.

Шығыс Қазақстан облысының орталығы- Өскемен қаласы. Батыс Қазақстан облысының орталығы-Орал. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы-Шымкент. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы-Петропавл, ал Маңғыстаудікі-Ақтау.

-Павлодар облысында неше аудан бар?

Павлодар облысында 12 аудан бар.

-Павлодар облысы қай жылы құрылған, қайда орналасқан?

Павлодар облысы 1938 жылы құрылған,Қазақстанның солтүстік – шығысында, Ертіс өзенінің бойында орналасқан.

-Павлодар облысы ҚР-ның қандай орталығы?

Павлодар облысы ҚР-ның ауыр индустрия және энергетика орталығы.

-Облыста қандай зауыттар бар?

Облыста алюмини, трактор, химия, мұнай өндеу, ферроқорытпа, кеме,автомобиль жөндеу зауыттары бар.

-Павлодар облысының табиғаты қандай?

Павлодар облысының табиғаты әсем, ауасы таза, суы, батпағы шипалы,Мойылды курорты,Баян таулары,Шалдай қарағайлы орманы, Сабындыкөл, Жасыбай көлдері бар.

-Павлодар облысының топырағында қандай белгілі адамдар дүниеге келді?

Павлодар облысының топырағында әнші, ақын, сазгерлер:Жаяу Мұса, Майра,Естай; ақындар С.Торайғыров,И.Байзақов,С.Дөнентаев, Қ. Бекқожин,М. Әлімбаев; Тұңғыш ғалым Қ.Сатпаев; әртистер:Қ.С.Әбусейтовтар, Ш. Айманов, К. Кежетаев.

-Қай жылдан бастап «Звезда прииртышья», «Сарыарқа самалы» облыстық газеттері шығып тұрады?

1918 жылдан бастап «Звезда прииртышья», 1929 жылдан бастан «Сарыарқа самалы» облыстық газеттері шығып тұрады.

-ҚР-ның көлемінде Павлодар облысының орыны қандай?

ҚР-ның көлемінде әлеуметтік, экономикалық даму жағынан, мәдениет пен білімнің өркендеу бойынша да,Павлодар облысының орны ерекше.

3.Құттықтау жазу.

Құрметті, досым!

Сені мектеп бітіруімен құттықтаймын. Саған зор денсаулық, ашық аспан, көп табыс тілеймін. Арманың орындалсын, қойған мақсатына жет.

Тілек білдіруші – Батырхан.