Негізгі сөздер. · әлеуметтік-мәдени қызметтер секторы

· Қызмет сферасы

· әлеуметтік-мәдени қызметтер секторы

· материалдық игіліктер

Қызмет сферасы - қоғамдық өндіріс саласында халыққа материалдық және материалдық емес қызметтерді өндіруде және жүзеге асыруда көрінетін салалардың, ішкі салалардың және қызмет түтрлерінің жиынтығы. Жалпылай алғанда қызметтер қолтигізбеушілігі, қызмет көрсетілетін тұтлғадан бөлінбестігі, сақталуға жарамсыздығы, қызметті өндіру мен тұттынудың бөлінбестігі, сапасының тұтрақсыздығы сияқты бағалау кезінде тек нәтижені ғана емес, қызметті көрсету процесі ескерілетін сипаттық белгілерге ие. Қазіргі кезде қызмет көрсету сферасында:

• әлеуметтік-мәдени қызметтер секторы;

• материалды-шаруашылық қызметтер комлексі;

• іс-әрекеттік, ақпараттық және инженерлі-технологиялық қызметтер
секторы бөлініп шықты.

Қызметтер сферасы бағаның құрылуы, оны анықтау әдістемесі, бағалық саясатты және кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру ерекшеліктерімен шарттастырылған. Қызметтің ерекшеліктерінен, оған деген сұраныстың жеке-даралығын және оның ұсынысқа алғышарт болатындығын, жергілікті сипатқа ие және іс-жүзінде өзара алмастыруға келмейтіндігін атап өтуге болады. Сонымен бірге, қызметтерді тұттынудың тауарларды тұттынуға қарағанда шектері болмайды.

Тұттынушы әдетте қызметтің бірнеше түріне бір уақытта сұраныс тудырады. Мүның нәтижесінде қызмет сферасы шаруашылықтың тез дамып келе жатқан секторы болып табылады, дамыған елдерде қызмет көрсетуге шығындар халық табысының 30%- н артып кетеді. Қызмет көрсету сферасының ерекшелігі баға құрылудың, оны анықтаудың, сонымен қатар кәсіпорын стратегиясын және саясатын жасаудың ерекшеліктерін анықтайды. 2.

3. Қызмет сферасындағы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері

Қызмет сферасындағы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері:

• Қызметке сұраныс әрқашан жеке-дара және өндіріске алғышарт
болады, жергілікті сипатқа және іс-жүзінде өзара алмастыруға
келмейді.

• Қызметтерді тұтыну, материалдық игіліктерді тұттынуға қарағанда
шексіз. Тұттынушы әдетте қызметтің бірнеше түріне сұраныс білдіреді:
(шаруашылық қызметтердің дамыған сферасы көңіл көтеруге, туризмді
дамытуға, байланыс қызметтеріне, сұранысты арттыруды қоғамдық
тамақтануға және т.б. бос уақыт бөлуге мүмкіндік береді)

• Әлеуметтік қызметтердің жоғары қоғамдық мәнділігі (денсаулық
сақтау, білім беру, мәдениет (жеңілдіктер, дотациялар, жеке
қызметтердің тегін көрсетілуін анықтайды)).

• Жыл маусымдарында, тәулік мерзімдерінде, апта күндерінде қызметке
сұраныстың бірдей болмауы, қызметті жинақтау және сақтау
мүмкіндігінің болмауы, икемді бағақұрылу, дифференциалды
бағақұрылу, жеңілдіктер мен қосымшалар механизмін қолдану арқылы
тарифтерді және сұраныс қарқындылығын реттеуді қажет етеді.

(Мысалы, тәулік мерзіміне және апта күндеріне байланысты байланыс қызметтері.)

• Тарифтердің дифференциациясы арқылы сұраныстың уақыт бойынша
тербелу қарқындылығын толығымен түтзеу мүмкін емес. Ол шың
кезеңінде қызметті ұйымдастыруға, сұранысты қанағаттандыруға
қажетті шығындар жұмсауды және шындық емес кезеңге сұранысты
жылжыту шараларына шығын жұмсауды қажеттілігін керек етеді.
Шындық және басқа уақыттағы сұранысты қанағаттандыру
шығындарының құрылымы іс-жүзінде ешқашан сәйкес келмейді.

Тарифті негіздеуде тура шығындардың үлкен көлемі салынуы тиіс. Қызмет сферасында өзінше салыстырудың қиындықтары эффектісі көрініс табады: ызметте заттай компонент неғұрлым аз орын алса, соғұрлым клиенттерге әртүтрлі ұйымдардың қызметтерін салыстыру қиын. Қызмет сапасын киім тігісінен, аяқ киімнің жөнделгендігінен, ғимараттың жөнделгендігінен оларды алмас бұрын бағалауға болады. Бұл қызмет нарығында көп уақыт жұмыс істеген кәсіпорынның ертерек жасалған қызмет түтрлерімен клиенттерді таныстыру мүмкіндігі бар. Бірақ заттай компоненті азырақ қызметтерді бағалау, оларды алғаннан кейін ғана мүмкін. Сондықтан мүндай қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар кеңірек бағақұрылудағы еркіндікке ие. Кейде клиенттер қызметті алғаннан кейінде оны объективті бағалауға дәрменсіз.

Бұл қызмет сферасындағы бағақұрылудың кезекті ерекшелігі болып табылады. Баға түттынушымен сапаның символы ретінде қарастырылады.

Сұраныс пен ұсыныстың бөлінбестігі қызмет нарығының жергілікті және жеке жағдайда табиғи монополиялар сипатын анықтайды. Табиғи монополиялар олғанда сәйкес қызметтер нарығын мемлекеттік реттеу қажеттігі туындайды. Табиғи монополия қосымша кәсіпорынды құру тиімсіз болғанда, нарықты шектеумен байланысты пайда болуы мүмкін.Аталған сипаттама жалпы сипатқа ие емес және соңғы онжылжықтарда айтарлықтай өзгереді.

Либералдану мобильді байланыс құралдарының дамуына және әуекөлігінің дамуына және т.б. қуатты тепкі беріп отыр. АҚШ-та телекоммуникацияға деменополизациядан 3 жылдан кейін бағалар - 12%-ға, Австралияда - 15%-ға, Жапонияда - 30%-ға, Англияда - 42%-ға төмендеген. Қазақстанда табиғи монополияларды траифтік реттеу мақсатымен Үкіметтің №455 табиғи монополиядағы тарифтік реттеуді дамыту концепсиясы 2005 ж. 13 мамырда қабылданды.

1. Қызмет сферасындағы бағаның түрлері

Қызмет сферасындағы бағаның түтрлері:

• Тауар қозғалысының стадиялары бойынша құрылымы жағынан көптеп
сату бағасы бола отырып, ол жекелей және көптеп сатудың
функцияларын атқарады.

• Бағақұрылудағы еркіндік деңгейі бойынша: а) таза нарықтың
тетіктермен реттелетін еркін тарифтер, б) ресми түтрде нарық

қатысушыларымен реттелетін тарифтер, в) мемлекетпен реттелетін тарифтер. Мемлекет көлік, байланыс қызметтерінің тарифтеріне тікелей әсер етеді немесе қызметтерді тегін алуға мүмкіндік береді.

• Есептеу әдісі бойынша:

- тұтлынылатын қызметтің бірлігін (музейге, киноға, театрға билет)есептейтін әдіс;

- қызметті көрсету үшін қажетті әртүтрлі жұмыстардың қосындысын (үйді жөндеу, шаруашылық техниканы жөндеу, тіс жөндеу) есептейтін әдіс;

- өзара толықтырушы қызметтерді жүзеге асырғандағы комплексті әдіс (стадиондарда емделу, туристік-экскурсиялық қызмет көрсету, банктік қызмет көрсету, бағдарламалық өнімдерді сатып
алушыларға қызмет көрсету)

- белгілі бір уақыт ішінде қызметті пайдалануға құқық беретін абонемент принципіне сүйенетін бағаны анықтау әдісі.

- Қызметтердің тобына бағақұрылу логикасы игіліктердің комлексінің бағасы, игіліктерді жеке-жеке сатып алғаннан арзан болуы тиіс. Қызметтердің тобы оған кіретін қызметтерді жеке- жеке сатып алу мүмкін болмаса бөлінбейтін (әдетте, дәстүтрлі қызметтермен бірге таңғажайып қызметтерді ұсынатын фирмалар қолданады) және қызметтерді жекелей және көптеп сатуға мүмкін болып, көптеп сатудың бағасы жекелей сатып алудан арзан болса, бөлінетін қызметтер болуы мүмкін.