Оптималдық заңы және түрдің аралдық майдалану ережесі.

Ақпараттық – дидактикалық блок

Олданбалы экологияны оқытудың нысандары мен тапсырмалары.

Қолданбалы экология – кең мағынада – биосфераны адамның өз қолымен бұзу механизмдерін зерттеу, осы процестің алдын алу әдісін және табиғи ресурстарды қоршаған ортаға кері әсерін тигізбей тиімді пайдалану шараларын өңдеу.

Қолданбалы экология – қысқаша айтқанда – қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану нормасын, экожүйелерді басқарудың әр түрлі иерархиялық деңгейдегі формаларын өңдеу.

Қолданбалы экология табиғатты пайданалу туралы нақты сұрақтарды шешеді, қоршаған ортаға (тигізетін) тиетін қолайсыз әсерлердің мөлшелерін шектейді, табиғи жүйелерді басқарудың әдістерін және адамның әр түрлі іс-әрекеттерін экологизациялау жолдарын өңдейді.

Осылайша, қолданбалы экология – адам қолымен өзгертілген табиғи жүйелер экологиясы (табиғи – антропогендік) және агроценоз, қалалар, кешендер сияқты жасанды жүйелер.

Қолданбалы экологияның құрылымына технологиялық, медициналық, химиялық, рекреациондық, геохимиялық өнеркәсіптік, табиғатты пайдалану сияқты салалар кіреді. Жалпы экология заңдарының жүйелері, ережелері мен қағидалары қолданбалы экологияның теориялық негізі болып табылады.

 

Олданбалы экологияның қағидалары мен ережелері және негізгі заңдары.

Ішкі динамикалық тепе-тендік заңы.

Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңы: зат, энергия, ақпарат және жеке табиғи жүйелердің динамикалық сапасы мен олардың иерархиялары бір-бірімен өте тығыз байланыста, олай болса осы айтылған көрсеткіштердің біреуінің өзгерісі басқа жүйелердің функционалдық құрылымдық өзгерісіне алып келеді, бірақ жүйелердің энергетикалық, ақпараттық және динамикалық сапасы сақталады.

Бұл заңның жүзеге асуын мына мысал арқылы түсінуге болады: табиғи экожүйе элементінің кез келген өзгерісі (заттық құрамы, энергия, ақпарат, табиғи процесстердің жылдамдығы т.б.) нәтижесінде міндетті пайда болған өзгерістерді қайтадан қалпына түсіруге тырысады. Осы көрсеткіштердің біреуінің өзгерісі экожүйенің қалыптан ауытқуына алып келетінін айта кету керек.

Үлкен экожүйелердегі өзгерістер қайтымсыз болуы мүмкін.

Ішкі динамиклық тепе-тендік заңы – табиғатты пайдаланудағы ең негізгі заңдардың бірі. Ол бізге мынаны түсінуге көмектеседі: табиғи ортаға аз мөлшерде әсер етсе, оның экожүйесі өзін-өзі реттеуге және қалпына келуге қабілетті, бірақ адамның табиғат ісіне араласуы белгілі бір шектей асып кетсе, экожүйе иерархиясы өзін-өзі реттей алмайды, ал бұл бүкіл биосферадағы энергобаланс пен биобаланстың елеулі өзгерістеріне алып келеді.

 

Ішкі динамикалық тепе-тендік заңы – «барлығы бір–бірімен байланысты»

(Б. Коммонер бойынша)

Заң Биосфера Табиғи экожүйе Агроэкожүйе Қалалар экожүйесі
барлығы бір–бірімен байланысты Биосфера біздің ортақ үйіміз. Еш бір елде экологиялық жағдай тамаша болып тұрған жоқ. Мұхиттардың ластануымен, озон қабатының жұқаруымен барлық дүние жүзі бірігіп күресуі қажет. Экожүйе экологиялық тепе-тендік күйде болуы қажет. Ол бір түрдің екінші түрді жоюы немесе жаңа түрлердің пайда болуымен сипатталады. Батпақтарды кептеру, өзендердің тартылуына алып келеді. Ормандарды кесу топырақтың құнарлығын бұзады, қар және жаңбыр суларының сіңірілуін төмендетеді, соынң салдарынан бұлақ сулары тартылады. Мал басының саны орман және жайылым аудандарына байланысты Мал саны мен жайылым ауданы қатынасының үйлесімділігі, малға қажетті азықтардың тұрақтылығын сақтайды, мал тоқ болады, олардың қалдықтар топырқты кұнарландыруға қолданылады. Ормандар жайыламдарды құрғаудан қорғайды, ал онда өмір сүретін құстар зиянкестермен күреседі. Қала – экологиялық тепе-теңдігі бұзылысқа ұшыраған экожүйе. Қоршаған ортаның табиғи және ауылшаруышылық экожүйесіне тигізетін қолайсыз әсерін ең минималды шегіне жеткізу арқылы, атмосфера мен гидросфераға ластаушы заттардың аз түсуін қамтамасыз ету қажет.

 

Оптималдық заңы және түрдің аралдық майдалану ережесі.

Оптималдықтың қағидасы: ешқандай жүйе шексіз тарыла алмайды немесе кеңейе алмайды. Ешқандай ағза өзінің энергетикасын қамтамасыз етіп отырған белгілі бір өлшемен асып кете алмайды. Бұл өлшемдер қоректену жағдайына және өмір сүру факторына тәуелді. Өсімдіктер мен жануарлар үшін, өздері орналасқан алқаптардың оптималды болуына, өсіп өнуіне табиғатты пайдалану кезінде үлкен нәтижелерге жетуіне оптималдық заңы көмектеседі. Бұл заңды бұрмалау - кең аумақты монокультуралық алқаптарды құру, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ландшафттардың жаппай тегістеу үлкен территориялардың жасанды біркелкілігіне әкеп соқты және экожүйелердің қызметін бұзып, экологиялық кризге ұшырады. Аралдық майдалану ережесі- аралда тұратын белгілі бір түр жануарларының материкте тұратын жануарлардан кіші болуы, яғни өзі тіршілік ететін жер территориясына сай көлемде болуы.

6.2.3.Табиғатты пайдалануда энергия тиімділігінің төмендеу заңы.

Табиғатты пайдалануда энергия тиімділігінің төмендеу заңы – табиғат жүйесінен пайдалы өнім алу кезінде уақыт өткен сайын, оның бірлік жүйесіне кететін энегрия шығынына есептеледі.