Тақырыбы 7: Фармацевтік өндірісте стерильді суспензиялар мен эмульсиялар дайындау.

Мақсаты:Ғылыми және практикалық есептерді шешуде шығармашылық еңбекпен өздігінен айналысу дағдысын қалыптастыру. Гетерогенді дисперстік жүйелер туралы теориялық білім негізінде тұрақты шаншуға арналған супензиялар мен эмульсиялар алу, оларды стандарттау.

Тапсырма:тақырыпты меңгеру кезінде әдебиетпен және электрондық қормен жұмыс істеу және келесі сұрақтарға көңіл бөлінуі тиіс:

- стерильді эмульсия және суспензиялар өндірісінде қолданылатын негізгі аппараттар, құрылысы және жұмыс істеу принципі;

- эмульсия және суспензиялардың негізгі сапалық көрсеткіштері.

 

Орындау түрі: презентация, мылқау карталар.

СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

Презентация– презентация уақыты 8-10 минут. Тақырыпты ашу дәрежесінің және студенттер арасында қызығушылық туғызуының критериіне қарай бағаланады.

Мылқау карталар –тақырып бойынша негізгі аппараттар мен қондырғыларды си

паттауы тиіс.

Бағалау критерилері:Минималды балл: 1

Максималды балл: 4

1. Тақырыптарды презентациялау Өте жақсы   Презентация өз бетінше 20-дан кем емес слайдты қолданылып, белгіленген уақытында орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттерді қолданылған. Слайдтар мазмұнды және ықшамды. Қорғау кезінде автор тақырап бойынша терең білім көрсетті. Талқылау кезінде сұрақтарға дұрыс жауап берді
    жақсы   Презентация өз бетінше 20-дан кем емес слайдты қолданылып, белгіленген уақытында орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттерді қолданылған. Слайдтар мазмұнды және ықшамды. Қорғау кезінде автор тақырап бойынша жақсы білім көрсетті. Талқылау кезінде сұрақтарға дұрыс жауап беріп, принципиалды емес қателіктер жіберді, оны өзі дұрыстады.
Қанағаттанарлық   Презентация өз бетінше 20-дан кем емес слайдты қолданылып, белгіленген уақытында орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттерді қолданылған. Слайдтар мазмұнды емес.. Сұрақтарға жауап беру кезінде принципиалды қателіктер жіберді.
Қанағаттанарлықсыз   Презентация өз бетінше 20-дан кем слайдты қолданылып, белгіленген уақттан кеш орындалған. 5-тен кем әдебиеттерді қолданылған. Слайдтар мазмұнды емес.. Сұрақтарға жауап беру кезінде автор өрекел қателіктер жіберді және өз материалмен хабардар емес.
2. Мылқау карталарды құрастыру Өте жақсы   Мылқау карталар толық көлемде орындалған, анық, аппараттың негізгі құрылымдары дұрыс көрсетілген. Белгіленген уақытта өткізілген. Студент берілген сұрақтарға сенімді және қатесіз жауап береді.
жақсы   Мылқау карталар толық көлемде орындалған, анық, аппараттың негізгі құрылымдары дұрыс көрсетілген. Белгіленген уақытта өткізілген. Студент берілген сұрақтарға жауап бергенде принципиалды емес қателіктер жібереді..
Қанағаттанарлық   Мылқау карталар толық көлемде орындалған, анық, аппараттың негізгі құрылымдары дұрыс көрсетілген. Белгіленген уақытта өткізілген. Студент қорғау кезінде берілген сұрақтарға сенімсіз жауап береді. Принципиалды қателіктер жібереді.
Қанағаттанарлықсыз   Мылқау карталар толық емес көлемде, ұқыпсыз дайындалған және уақтысында тапсырылмаған. Студент қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде дөрекі қателіктер жіберді және материалдф игермеген.

Тапсыру мерзімі: 4 апта

 

Дебиет

Негізгі

1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.

2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.- 436 бет.

3. МФ Х, ХІ басылымы.

4. ҚР МФ – 1-басылым. - Астана – 2008 ж.

5. И.А. Муравьев «Технология лекарственных форм» том 1. М., Медицина – 1980 ж

6. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. Под. ред. Т.С. Кондратьевой - М., Медицина - 1986 ж.

7. Технология лекарственных форм. под ред. Кондратьевой Т.С. том. 1. М. Медицина – 1991 ж.

8. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарственных форм. В.М. Грецкий, В.С. Хоменок. - М., Медицина - 2000 ж.

Осымша

1. Макаров Ю.И., Зайцев А.И.Новын типы машин и аппаратов для переработки сыпучих материалов. М., изд. МИХМ, 1982 г., стр.76.

2. Кафаров В.В. Дорохов И.Н., Арутюнов С.Ю. Системный анализ процесса химической технологии. Процессы измельчения и смешивания сыпучих материалов. М., Наука 1985 г. Стр. 440

3. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков,2002 г.

Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

  1. Фармацевтік өндірісте парентеральды қолдануға арналған суспензия және эмульсияларды қандай әдіспен алады? Қандай қондырғы қолданылады?
  2. Ашық және жабық түрдегі турбиналы араластырғыштардың құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай?
  3. Коллойдты диірмендердің құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай?
  4. РПА құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай?
  5. УД диспергирлеуге арналған сәулелендіргіштер құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай? УД диспергирлеу арқылы алынған эмульсиялар мен суспензиялардың артықшылығы неде?
  6. Суспензиялар мен эмульсиялардың терапевтік эффективтілігіне қатты фаза бөлшектерінің дисперстік дәрежесі қалай әсер етеді? Мысал келтіріңіздер.
  7. Парентеральды енгізуге арналған суспензиялар мен эмульсиялардың дайындалу ерекшелігі қандай? Мысал келтіріңіздер.
  8. Экстремальды температура кезінде гетерогенді дисперстік жүйелерде қандай өзгерістер болуы мүмкін? Суспензиялар мен эмульсиялардың сақталу жағдайлары.

Кредит 5