Леуметтік жүйе байланыстарындағы адам.

1. Әлеуметтік құрылым ұғымы. Әлеуметтік қауымдастық-тардың түрлері

2. Таптар және олардың әлеуметтік байланыстар жүйесін-дегі ролі.

3. Қоғамындағы әлеуметтік жіктелудің қазіргі замандағы негізгі тұжырымдары.

4. Ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік жіктелу.

Сабақтың мақсаты:Таптар, страттар, кәсіпшілік және салалық топтар, халықтар, ұлттар интернационалдық және аймақтық бірлестіктер, демографиялық топтар ұғымдарын айқындау.

Тақырыпты игеру барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

Кез келген қоғам жеке бөлек индивидтердің жәй қосын-дысы емес, ол, ең алдымен әлеуметтік байланыстардың жүйесі және адамдар біріккен әртүрлі қауымдастықтардың арасындағы қарым-қатынастар.

Әлеуметтік қауымдастықтарға таптар, страттар, кәсіпшілік және салалық топтар, халықтар, ұлттар интернационалдық және аймақтық бірлестіктер, демографиялық топтар, адамдардың қалалық және ауылдық өмір карекеттерінің түрлері, еңбек және жанұя сияқты құрылымдары жатады. Қоғамның әлеуметтік өрісі - бұл адамдардың әлеуметтік қауымдастықтарының әр түрлері арқылы өтетін өз-ара әрекеттерінің күрделі жүйесі, ал әлеуметтіктер қатынастар - объективті негізде болатын олардың дүние-мүліктері, кәсіпшілік, демографиялық, этноұлттық және басқа ерекшеліктерінен туындайтын байланысттар. Әртүрлі әлеуметтік қауыдастықтардың және олардың арасындағы қатынастардың жиынтығы қоғамның әлеуметтік құрылым ұғымының мазмұнын құрайды.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы - тарихи ұғым. Қоғамның әрбір типіне оның ұдайы өндіріс тәсілі мен сипатына байла-нысты белгілі бір әлеуметтік құрылымға ие болады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста ұйымдастық рулық-тайпа түрін-де болды, онда ру бір жағынан еңбек және жанұялы ұжым болумен қатар, әлеуметтік-этникалық қауымдастық түрінде де болды. Құл иеленуші қоғамында құл иеленуші және құлдар таптар пайда болды, кәсіпшілік топтар көрінді, этникалық қауымдастық негізінде халық қалыптасады, жеке жанұя бекіді және т.б. Феодалдлдық кезеңде феодалдл мен шаруа таптары құрылады кейіннен экономиканың трансформациялануына бай-ланысты капитализм дәуірінде жалдамалы жұмысшылар және буржуазияға - жаңа әлеуметтік қауымдастыққа жол береді, ал социализм дәуірінде - жұмысшыға, шаруаға және интеллиген-цияға бөлінді. Индустриальдық кезеңде ­ ұлттардың қалыптасуы және дамуы өтуде, әр алуан салалық және кәсіптік топтар өсуде, қауымдастықтың аймақтық құрылымы өзгеруде.Тақырыпты осы тұрғыда оқулықтар мен оқу құралдары негізінде талдау жасау.

29. Семинар сабақ.

Әлеуметтік ұдайы өндірістегі техниканың және технологияның рольі.

1. Әлеуметтік өлшемдегі техника және технология.

2. Тарихи процестегі техника және технология

3. Ақпараттық өркениеттің қалыптасуындағы техника мен технологияның әлеуметтік-мәдени аспектілері

Сабақтың мақсаты:Техника мен технологияның қоғам-дағы ролін және олардың тарихи процестегі орнын оқулықтар мен оқу құралдарына сүйене отырып айқындау. Ақпараттық өркениеттің қалыптасуындағы техника мен технологияның әлеуметтік-мәдени аспектілерді игеру.

Тақырыпты игеру барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты игеруде, талдауда әр түрлі тәсілдер, принциптер, критерийлер колданылады. Олардың қатарына экономикалық, географиялық, биологиялық, діни, гуманистік детерминизмдерді жатқызуға болады. Олардың арасында қазіргі қоғам өміріндегі бүгінгі өзгерістерді неғұрлым толық бейнелейтіні технологиялық детер-менизм болып табылады. Технологиялық детерминизм - бұл қоғамдық дамудағы техниканың анықтаушы рөлі туралы көз-қарастардың, постулаттардың біріккен жиынтығы. Шындығында да, қазіргі өмірде техника мен технологияның маңызы, рөлі орасан зор.

Сол себептен де қазіргі уақыттары техника философиясын адам философиясы ретінде түсіну ұсынылып. Бұл мағынада адам техникалық императивке бағынғаннан гөрі, техника адам императивіне бағынуы тиіс. Бұл тұрғы адамның табиғаттағы нәзік тепе-теңдікке құрметпен қатынасқа түсуін және осы тепе-теңдікті бұзбай, бекітетіндей жағдайда ғана әлемді жабдықтан-дыруға рұқсат беруді ұсынады. Сондықтан адамның білімі өзге барша жаратылыстарға қарсы бағытталмай, білім бақылау мен манипуляция мақсатындағы күш ретінде қолданылмай, керісін-ше, заттардың табиғатын дұрыс түсінуге және үйлесімділікке қызмет етуі тиіс. Прогрестің гуманистік түсінігі табиғаттың өзге жаратылыстарының, сонымен бірге адам жаны мен оның сезім-дік әлеуетінің жойылуын емес, керісінше, оның рухани әлемінің кеңеюі арқасында жүзеге асатын адамның өзіндік келбетін есей-туді білдіреді.

30. Семинар сабақ.