Ауылдық жерлердегі тірек мектептер

(ресурстық орталықтар)

1) жаңадан салынған мектеп-интернаттар немесе қосымша жатақханасы бар мектептер негізінде құрылады;

2) бейінді оқыту 2 немесе 3 бағытта жүзеге асырылады: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық

2-сурет – Бейіндік мектеп типтері

Бейіндік мектеп оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкiндiктерi, ата-аналар мен таңдалып алынған бейінді пәндерiн оқытатын мұғалiмдердiң пiкiрлерi, әдiстемелiк бiрлестiк ұсыныстары, болжау мәлiметтерi, тестiлеу нәтижелерi ескерiле отырып құрылады. Ол оқушыларға негiзгi назарды болашақ кәсiби бiлiмнiң таңдалып алынған бағдарының негiзiн құрайтын пәндердi оқуға аударуға мүмкiндiк бередi.

Бейіндік мектеп оқу жоспарына сәйкес мыналарды оқу қажет:

- Міндетті базалық пәндер;

- Таңдауы бойынша 4-тен кем емес бейіндік пән;

- Таңдау бойынша 3-тен кем емес элективтік курс;

- «Зерттеу және шығармашылық әрекет негіздері» арнаулы курсының модулі. Сонымен қатар 11-12 сынып оқушыларының аудиториялық оқу жүктемесінің жиыны рұқсат етілетін жүктеменің 36 сағатынан аспауы тиіс.

Бейіндік мектепте оқытудың икемді жүйесі оқу пәндерінің түрлі типтерін қамтиды, олар:

- базалық жалпы білім беретін пәндер;

- бағдарлы пәндер;

- қолданбалы курстар;

- таңдау курстары.

Мұндағы базалық жалпы білім беретін пәндер – барлық оқушылардың бәріне тегіс міндетті. Қолданбалы курстар – оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік компонент есебінен жүзеге асырылады және екі функция атқарады: негізгі бағдарлы пәндерді оқытуды «қолдайды» және оқытуды ішкі бағдарлы мамандандыру үшін қызмет етеді. Қолданбалы курстар мазмұны бойынша ҰБТ өткізілмейді.

Қолданбалы курстарды оқытудың мақсаты: оқытуды даралауға және оқушыны әлеуметтендіруге, болашақ кәсіби іс-әрекет саласын саналы және жауапты түрде таңдауға және дайындауға бағдарлау.

Міндеттері:

- оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;

- курстың практикалық бағыттылығын сақтай отырып, зерделенетін материалды өмірмен байланыстыру;

- қолданбалы курс бағдарламасының кәсіптік училищелердегі, колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен сабақтастығын ескеру;

- жоғары сынып оқушыларының іргелес мамандықтарға ортақ қарапайым біліктіліктерді игеруін қамтамасыз ету.

Арнайы курс бағдарламаларының құрылымы төмендегідей:

1. Бағдарламаны құрастырушылардың аты-жөні.

2. Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес қолданбалы курстың тақырыбын анықтау.

3. Бағдарламаның түсінік хатын дайындау:

- курстың мақсаты;

- оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар;

- пәнаралық кіріктіру;

- кәсіпке бағдарлау, оны оқушыларды диагностикалау материалдарына сүйене отырып, таңдауды негіздеу;

- уақыт көлемі, сабақтың жиілігі.

4. Курстың тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұнын іріктеу.

5. Курсты ұйымдастыру формасын анықтау.

6. Курсты оқытуды аяқтау формасы(реферат, жоба, т.б.).

7. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.

8. Ұсынылатын әдебиеттер (оқушылар мен мүғалімдерге бөлек көрсетіледі).

Ал таңдау курстары – оқыту бағдарының шеңберінен тыс оқушы компоненті (жеке сабақтар, консультациялар және т.б.)

асырылады. Оқытуды бейіндеудің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары шеңберінде жасалатын оқытудың мүмкін бағдарларының мазмұны мектептің жұмыстық оқу жоспарының вариативті құраушысының қолданбалы курстарын бейнелеуі тиіс. Мысалы, оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы оқыту бейіндері:

- лингвистика,

- филология,

- тарихи-филология,

- тарихи-құқықтану,

- тарихи-қоғамтану және т.б.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқыту бейіндері:

- математика,

- физика-математика,

- математика-экономика,

- физика-технология,

- биология-химия,

- география-биология,

- биология-экология,

- экология-салауаттану және т.б.

Жаратылыстану-математикалық циклдар бағыты үшін төмендегідей арнаулы курстар болуы ықтимал:

- шығармашылық ойлауды дамыту;

- өнертапқыштық мақсаттарды шешу теориясы;

- есептеу жүйесі;

- есептеу техникасы (есептеудің тиімді тәсілдері).

Айқындау курстарында бағдарлы оқытудың мазмұны мен әрекет ерекшеліктері айқын көрініс бергені дұрыс. Мысалы, химия-биологиялық немесе физикалық бағдарда оқушы осы бағдардың теориялық, практикалық және эксперименттік құрамдас бөліктерін меңгеруі қажет. Бұл жерде курстар экспериментальдық практикумдар, ізденіс зертханалары түрінде жүргізілгені тиімді. Мысалы, химиялық эксперимент.

Жаратылыстану-математикалық бағдар үшін оқушылардың таңдауына төмендегідей қолданбалы курстарды ұсынуға болады:

- логика;

- дифференциалдық теңдеулер;

- қолданбалы физика;

- радиотехника және электроника негіздері;

- математика және бағдарламалау;

- молекулярлық биология;

- биотехнология т.б.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытты қамтамасыз ету талаптары:

- Оқу-тәрбие әдістерін қайта қарау, мектеп пәндерін түйсіктік-ұйымдастырушылық деңгейде құрамдастыру;

- Ұлттық мәдениет, мәдени мұра мәселелерін (дистуттарды, пікірталастарды) сұбхаттасу қарым-қатынасы деңгейінде ұйымдастыру;

- Қоғамдық-гуманитарлық пәндерге қызығушылықты арттыруға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану, сонымен бірге оқу қызметін ұтымды ұйымдастыру;

- Қосымша білім беру пәндерін ендіру.

Күтілетін нәтижелер:

- Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесін құру;

- Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесінің оқу-әдістемелік жабдықталуының сапасын арттыру;

- Өз бетінше проблемаларды шешуге қабілетті, құзыретті, мол білімді, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ мамандарын даярлау;

- Болашақ мамандарды оқыту мен олардың болашақ қызметінің тығыз байланысын ізгілендіру мен ізгіліктендіру негізінде қамтамасыз ету;

- Мектеп түлегінің нақты өмірге бейімделу проблемасын шешу.

Технологиялық бағытындағы оқыту бейіндері:

- химия;

- биология;

- физика;

- технология;

- графика және жобалау.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында ауыл мектептерінде бейіндік оқытуды қамтамасыз етудің ең тиімді механизмдерінің бірі тірек мектебі (ресурстық орталық)болып табылады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқыту білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден-бір құралы ретінде қарастырылады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытудың мақсаты 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында ресурстарды (қорларды) тиімді басқаруды негіздеу.

Міндеттері:

- мектеп бітірушілерді бейінді оқытуға және кәсіби өз-өзін айқындауына септігін тигізетін білім беру ұйымдарының желілік байланыс құруына қолайлы жағдай туғызу жолдарын анықтау;

- білім беру процесін бейінді оқыту (даралап оқыту, білім мазмұны мен әдістемесінің оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттіліктеріне және білім алу қажеттіліктеріне сәйкестігі) міндеттерін шешуге бағыттап құрудың ғылыми-әдістемелік негіздері;

- оқушылардың қызығушылығы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың кәсіби өзін-өзі айқындауына және сапалы білім алуына жағдай туғызатын бейінді оқытудың оңтайлы үлгісін ұсыну.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқу сессияларының мазмұны оқушының шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін арттыру, бейінді оқытуға көшу шараларын жүзеге асыратын бағытта құрылады. Сессиядағы бағдарлы оқыту барлық

қызығушылықтары ескеріле отырып, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытып қана қоймай, ауқымы кең білімдік кеңістік құруға негізделеді.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) екі бағыттағы оқу пәндері бойынша 10-11-сынып оқушыларына арналған бейінді оқыту бағдарламасы берілген. Пәндерді ресурстық орталық мектептерінің материалдық базасы және оқытушы кадрлардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қолдануға икемдеп, модульдерге бөлуге болады.

1-модульде оқушыларға міндетті білімді оқыту қамтамасыз етіліп, екі бағытқа ортақ тақырыптар қамтылады.

2-модуль 1-модульде қамтылмаған инвариантты білім мазмұнын қарастырады, сессиядағы сабақ мазмұны 2 модуль негізінде анықталады. Мысалы: 1-тоқсандағы 10-сыныпқа арналған математика курсы. 1-тоқсанда 9 оқу аптасы бар, демек, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы математика пәніне 3х9=27 (сағ) бөлінеді. Ал жаратылыстану-математика бағытында 4х9=36 сағ (алгебра – 18 сағ, геометрия – 18 сағ) оқуы тиіс, оның 27 сағатын жалпы мектепте оқитын болса, қалған 9 сағатын ресурстық орталыққа сессияға келгенде оқиды. 3, 4-модульдер мазмұны мектеп мұғалімдері күшімен дайындалады. 3-модульдегі қолданбалы курстар Бейінді оқытудың құрамына кіріп, негізгі бейіндік пәндерді оқыту және маманданудың ішкі бейімін қолдау қызметін атқарады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың бір түрін ұйымдастыра отырып, бейіндік пәндер бойынша білім, білік, дағдыны кеңейту, оқушылардың қолданбалы дайындығын қалыптастыру мүмкіндіктерін туғызады.

4-модуль таңдау курстары базистік оқу жоспарының оқушы компоненті есебінен жүзеге асырылады, Бейінді оқытуға енгізілмей, оқушының жеке тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Сабақ кестесі 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде 2 модуль мазмұнына байланысты тестілер, әр бағыттың ерекшелігіне байланысты тереңдетіп оқыту, дамыту бағытындағы тақырыптар қарастырылады. Мысалы, жаратылыстану-математика бағыты бойынша математика, химия, биология, география, физика пәндері, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, қоғамдық білім негіздері, өнер пәндері оқытылады. Модульдік, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технология, саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша пәндік сабақтар мен зертханалық, сарамандық, тәжірибелік жұмыстар атқарылады.

Сабақ кестесінің 2-бөлімінде мектеп ұсынған элективті курстардың ішінен оқушылардың өз қалауымен, таңдауы бойынша игеретін өзіндік жобалық зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған оқу жоспарының вариативтік бөлігі қамтылады. Мысалы, сессияалды жұмыстарында жүзеге асқан әрекетке байланысты оқушыларға екі бағытта таңдау курстары ұсынылады. Мысалы, «Жоғары математика бастамалары», «Қиын есептер», «Агрохимия», «Агрофизика», «Өлкетану», «Компьютерлік графика», «Күләштану», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Шешендік өнер», «Іскер орыс тілі», «Іскер қазақ тілі», «Іскер ағылшын тілі», «Развитие речи», «Әлем әдебиеті», «Тіл мәдениеті», «Құқықтық логика», «Мәдениеттану», «Экология негіздері», «Ұлттық дүниетаным» сияқты курстар.

Сессия кезінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша «Жоғары математика бастамалары», «Агрохимия», «Агрофизика», «Экология негіздері», «Компьютерлік графика», қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Шешендік өнер», «Іскер орыс тілі», «Іскер қазақ тілі», «Іскер ағылшын тілі» таңдау курстары таңдалды, оқу-тәрбие үрдісінің жаңа түрдегі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушының жеке тұлғалық қалыптасуы қамтамасыз етіледі.

Жобалау әдісі тиімді пайдаланылған қолданбалы курстар оқушы бойындағы ақпараттық жобалау, рөлдік жобалау, лингвистикалық, зерттеушілік мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі, шығармашылық-зерттеушілік мәселелерді шешуге бағытталған оқушы іс-әрекетін ұйымдастырып, танымдық біліктілігін дамыту, білімді өздігінен игеріп әрі қолдану дағдысын, өзгермелі ортаға тез бейімделу қабілетін қамтамасыз ету қарастырылған.

Ізденіс жұмысының мазмұны

Қыркүйек – сессия алды жұмыстар

Оқушының қалауы бойынша курсты таңдау, бекіту, курстың 1-модулі бойынша зерттеуді кеңейту жолдарын қарастыру, жоба тақырыбын анықтау

Күзгі сессия

Жобалау әрекетіндегі зерттеудің І кезеңін жүзеге асыру

Сессияаралық жұмыс

1. Жобалау әрекетіндегі зерттеудің І кезеңі бойынша дербес маршрутты парақтар, нұсқаулар бойынша әрекеттер

2. Оқушы күнделігін жүргізу

3. Жұмыс портфолиосын жинақтау

4. Оқушы әрекетіне талдау жасау (түзету, кеңес)

Қысқы сессия

Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІ кезеңін жүзеге асыру.

І кезеңде оқушы портфолиосын бағалау

Сессияаралық жұмыс

1. Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІ кезеңі бойынша дербес маршрутты парақтар, нұсқаулар бойынша әрекеттер

2. Оқушы күнделігін жүргізу

3. Жұмыс портфолиосын жинақтау

4. Оқушы әрекетіне талдау жасау (түзету, кеңес)

Көктемгі сессия

Жобалау әрекетіндегі зерттеудің ІІІ кезеңін жүзеге асыру.

Оқушы портфолиосының рейтингісін шығару, бағалау

Сессия аралық жұмыс

Жоба жұмыстарын қорғауға дайындау, рәсімдеу

Қорытынды

Жобаларды қорғау. Рефлексия

«Бейіндер біліктілігі» әдіснамасы. Әдіснаманы ағылшын педагогтері даярлаған. Оқушыға әр аумақтағы біліктілігін анықтау үшін күнделікті толтыру үлгісі ұсынылады.

Оқушының әрекетке қатысын көрсететін «оқушы күнделігін» жүргізіп отыру өз кезегінде түзету жұмыстарын енгізгенде, келешекте басқа жоба құрғанда қателіктерге жол бермеуге септігін тигізеді.

Күнделікті толтыру үлгісі

Аумақтағы бейіндік біліктілік

Мен мұны жасай

аламын (бағандардың біріне

«+» белгісін қой)

Мектептен тыс жерде қолдана алатын біліктілікті көрсетуге тырыс

Мұғалім қолы (күні, айы)

Көмекпен

Көмексіз

Ресурстық орталықтың сессиялары және сессияаралық жұмыстары кезінде жоғары сынып оқушыларына әртүрлі деңгейдегі қызықты да тартымды іскерлік ойындар ұйымдастырылады, сондай-ақ таңдау курстары бойынша өзекті тақырыптарды таңдай отырып жобалар қорғалады.

1-9-сыныптарда жүргізілген бейіналды және 10-11-сыныптардағы бейіндік дайындық бойынша педагогикалық ұжымның жүйелі жұмысының нәтижесін көру үшін 1-4-сыныптарда «Көркем сөз», 5-7-сыныптарда «Маржан сөз», 8-сыныптан бастап «Шешендік өнер», «Жас тілші» сияқты курстар сабақтастыра жүргізіледі. Осының негізінде ресурстық орталықта «Ақ желкен» жастар баспасөз орталығы ұйымдастырылды. Әрине, барлық оқушылар тіл маманы немесе тілші болуы мүмкін емес, бірақ бұл жұмыстар өз тілін жете меңгерген, дұрыс ойлай, сөйлей және жаза білетін, әлеуметтенген жас ұрпақты заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеу сияқты мемлекет саясатындағы өзекті мәселені жүзеге асырады.

Әрбір бала болашақ данышпан десек, егеменді еліміздің иелері қай уақытта да көңілі ояу, көкірегі ашық, кез келген өзгерістерге сыни тұрғыдан қарап, өз ойларын білдіріп, шешімін таба білу шарт. Мұндай дәрежеге жету үшін жас ұрпақтың сапалы білімі мен шығармашылық қабілеті болуы керек.

ХІ ғасырдағы түркі ғалымы Махмұт Қашқари: «Тәрбие басы – тіл» десе, заманымыздың көрнекті ақыны О. Сүлейменов: «Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз» - дейді. Жеке адамның ақыл санасындағы, ішкі жан дүниесіндегі шығармашылық қабілетін дамытуда сөз өнерінің орны ерекше. Сөз құдіреті қай уақытта болмасын өз маңызын жойған емес. Оқушы шығармашылығының бұлағы да сөз өнерінен бастау алады. Ендеше, сөз маржаны арқылы көкірек көзге әсер етіп, шәкірт жүрегін ұлттық рухпен сусындатып, ой-санасын рухани-адамгершілік құндылықпен жетілдіру – бүгінгі заман талабы.

Сондықтан 5-7-сыныптарда ұсынылып отырған «Маржан сөз» бағдарламасының мақсаты – оқушының білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту, сөз өнері арқылы халқымыздың әдеби бай-мұраларын, дәстүрін қадірлей білетін ойы нәрлі, тілі ұшқыр болашақ тұлға тәрбиелеу болса, басты міндеті – функционалдық сауатты, шығармашылығы жоғары маман даярлауға жағдай жасау болып табылады. Сондықтан курс мазмұнына «Сөз өнері – өмірді танытатын қуатты құрал», «Өрнекті сөз – ортақ қазына», «Қазақ мақал-мәтелдерінің орысша баламалары», «Сөз асылы – шешендік» сияқты тараулар енгізілді.

Ал «Жас тілші» бейіндік бағдарламасының түсінік хатында 12 жылдық білім беруге көшудің мақсаты – өзін-өзі дамыта алатын және тез өзгеретін өмірдегі жағдаяттарға байланысты өздігінен дұрыс шешім қабылдайтын, мәдениетті, қоғам мен мемлекеттің тапсырыс талабын қанағаттандыратын, халықаралық еңбек бәсекесінде қабілеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру болып табылатыны көрсетілген. Орта білімнің үшінші сатысын құрудағы жаңа принципті көзқарас оқытуда білім мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде жүргізуге байланысты туындайды.

Осыған орай, «Жас тілші» бағдарламасы оқушыларды тіл мәдениеті мен публицистикалық стильге тән ерекшеліктерді сақтап, кез келген тақырыпта еркін сөйлей білуге үйретеді. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау шеберлігін үйрету арқылы пікір жазуға, авторлық позицияны тануға бағыттайды. Сонымен қатар оқушыларды танымдық зерттеу, бақылау, бағалау жұмысына икемдеп, өзіндік айқындама беруге, түйінді мәселелер шешуге, өзін-өзі тани отырып, өз талабын қанағаттандыруға дағдыландырады.

Бұл бағдарлама жоғарғы 8-10-сынып оқушыларына арналған. Ол адам өміріндегі сөз мәдениетінің мәнін аша отырып, сөздерді стильдік нормаларға сай қолдана білуге дағдыландырады. Оқушының сөз қолдану іскерлігін шыңдай отырып, дұрыс қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін қалыптастыру, логикалық ойлауын, өзіндік ой-тұжырымын, өзекті ойын, дәлелін шығармашылық деңгейде жеткізе білуге тәрбиелейді.

Күзгі сессиядағы әрекеттер.

Мақсаты: оқушылардың ақпарат көздерімен жұмысты ұйымдастыра алу қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

•оқушының кітапханаға барып, картотека бойынша жұмыс жасай білуге қажетті білік, дағдыларын қалыптастыру;

•баспасөз материалдарымен жұмыс жасай алу машығын арттыру;

•ақпараттық ізденісті жоспарлай білу әрекетін дамыту;

•акпарат көздерімен жұмыс ұйымдастыруын жүзеге асыру.

Күтілетін нәтиже:

•бір және бірнеше көзден ақпарат ала білуі;

•алынған ақпаратқа сыни қорытынды жасай білуі;

•шешім қабылдауға қажетті ақпараттарды анықтай алуы;

•сәйкес ақпараттарды тіркеу;

•мүмкін ақпарат көздерін анықтау;

•Интернеттен қажетті сайдтарды анықтау, ақпаратты алу.

Тірек мектебі (ресурстық орталық) айрықша сала ретінде түсіндіруді көздейтін, жаңаша тұрпатты мектеп моделін ұсынады. Ресурстық орталық оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда қашықтан оқыту технологиясын қолданады.

Шағын жинақты мектептердің жоғарғы сынып оқушыларының қосымша білім алуына, 10, 11-сыныптарда бейінді оқытуды жүзеге асыруда қашықтан оқыту технологиясының орны айрықша.

Қашықтан оқыту технологиясы бойынша магниттік мектеп оқушысы тапсырмалар және тестілерді мұғалімдердің бақылауымен өзіне ыңғайлы уақытта орындай алады. Сондай-ақ ресурстық орталық мұғалімі материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады, тапсырмалар беріп, консультациялар жүргізеді. Қашықтан оқыту оқушының оқудағы ынтасын бақылайды. Ресурстық орталықта жылына үш рет магниттік мектеп оқушыларына арналған оқу сессиялары ұйымдастырылады.

Алғашқы сессия кіру сессиясы болғандықтан, екінші оқыту сессиясына дейінгі аралықта оқушылармен кіру сессиясында анықталған олқылықтарды түзеу және негізгі сессияға даярлық жүргізу үшін оқушыларға тапсырмаларды қашықтан оқыту элементтері арқылы жүргізген дұрыс. Оқу мүмкіндігі әртүрлі оқушылармен мұғалім жекелей жұмыс жасай алады.

Қашықтан оқыту технологиясы бойынша мұғалімнің негізгі міндеті білім алушылардың мынадай өз бетінше жұмыстарын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді қарқында өз бетінше жұмыс құрайды. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Бүгінде ресурстық орталық қашықтан оқыту технологиясының мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде, білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулықтарға, оқу-әдістемелік материалдарға, қашықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бесаспап әрі өміршең түрлері бола алатындай сапасы жоғары оқулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқушылар келешекте кәсіби мамандануына қажетті қазіргі ақпараттық технологияларды меңгереді. Сонымен бірге оқушылар өз отбасынан алшақтамай, қалыпты өмір сүру жағдайында оқытылып, әр оқушы өзінің жеке дамуына, түрлі білімділік қажеттілігін қанағаттандыруына, сапалы біліммен қамтамасыз етілуіне, сәтті әлеуметтендірілуіне мүмкіндік алады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Валицкая А.П. Современные стратегии образования / Педагогика.-1997.

2. А.Е. Абылкасымова., Е.У.Ушуров., Р.С. Омарова. Развития системы общего среднего

образования в современном мире. –Алматы, 2003.

3. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Методология 12-летнего образования. Учебное пособие. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003.

4. Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010ж.

 

Лекция.

Тақырыбы:Жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытудың аймақтық жүйелерін құру үдерісін ұйымдастыру және басқару.

Мақсаты: Бейіндіктің оқытуда әлеуеттік және әлеуметтік мүмкіндіктерді жүргізе алуға дағдыландыру.

Студентте қалыптасатын ББД-ББҚ:Жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытудың аймақтық жүйелерін құру үдерісінен түсінік болуы.

Жоспары:

1. Жоғары сынып оқушыларының алдыңғы кезеңдегі бейіндік және бейіндік даярлығы бойынша білім беру желісінің ұғымы және тағайындалуы.

2. Бейінді оқыту жүйесін өңдеу кезеңінде білімді басқару ұйымдарындағы мамандар қызметтерінің мазмұны.

3. Бейіндіктің әлеуеттік мүмкіндіктерін ескеру арқылы жобалау.

Бейіндік оқыту бағдарламасының «Бейіндік мектеп» моделін жүзеге асыру.

– «Көпбейіндік жалпы білім беру мектебінің» моделі жалпы білім беру мектептерінің негізінде құрылады және оқыту ішкі бейімдеудің екі бағытында: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық –гуманитарлық;

– «Бейіндік мектеп» моделі заңды өзіндік білім беру ұйымы, жалпы білім беретін 11-12 сыныптар деңгейінде «Бейіндік мектеп» бағдарламасын жүзеге асурушы;

– Жергілікті атқару мекемесі регионның әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігіне байланысты бейіндік мектепті ашу туралы шешімді қабылдайды;

– «Жоғарғы оқу орындарында бейіндік оқыту» моделі жоғарғы оқу орындарының базасында құрылады және ЖОО кадрлық потенциалы мен материалдық–техникалық базасы: технопарктерді, ғылыми зертханаларды, ақпараттық ресурстарды және бейіндік оқыту бағдарламасын пайдаланып жүзеге асырады. Бұл модель білім алушылардың қалалық жағдайда оқытуға бағытталған.

– «Ресурстық орталық – Бейіндік мектеп» моделі – білім беру ұйымы балаларды ауылдық елді мекендерде бейіндік оқыту үшін ірі ауылдық елдердің құрылады. Жақын жердегі ауылдың оқушылары интернатта тұрады немесе оларды тасымалдау арқылы жүзеге асырылады. Онда қажетті кадрлар, оқыту және материалдық – техникалық базасы, оқушыларға бейіндік оқыту мақсатында мамандықтың бастапқы деңгейін, ауыл жастарының мүдесін, ауылды сақтау және дамыту ескеріліп құрылады [3].

Бейіндік оқыту бастапқы ауылдық мамандық бойынша келесі бағыттарда ұйымдастырылуы мүмкін: фермерлік шаруашылық, ауылшаруашылық машиналары, тігін тігу ісі, көлік жүргізу, коммунальдық шаруашылық, құрылыс, тұрмыстық қызмет көрсету (аумағы) сферасы және т.б.

Мектеп бітірушілер оқуды аяқтағанда куәлік алады, ол тиісті емтиханды тапсырған соң, өзінің таңдаған бейініне сәйкес (жүргізуші, тракторшы, механик, слесарь, құрлысшы, тігін ісінің шебері және т.б. болып) жұмысқа орналаса алады. Бұл оқушылардың 11-12 сыныптарында оқуға ынталандырады, жасөспірімдердің жанұяда тәрбиелену проблемасын шешеді, ауыл жастарының жұмыспен қамтылу жағдайын жақсартады, ауыл тұрғындарының қалаға көшіп қонуын және жастар арасында құқық бұзушылық деңгейін төмендетеді.

Бейіндік оқытуды дамытудың тағайындалған басым міндетеріне сәйкес 12 жылдық мектепке өту жағдайында оның жүзеге асыру механизмдері анықталды:

- білім алушылардың жекелеген қабілеті мен бейімділігін анықтауда және болашақ тұлғалық және кәсіптік мамандығын жоспарлауда отбасылық тәрбиенің орны мен ролін және психологиялық-педагогикалық қолдауды күшейту;

- қамқоршылық кеңестің ролін күшейту, психологиялық және профориентациялық қызметті жақсарту;

- ТОБ вариативтік компонентіндегі пәндер мазмұнын кеңейту және жетілдіру жолымен бейіндік оқытуды диффернециациялау;

- жаңа мазмұндағы бейіндік пәндерді енгізу, ТОБ вариативті компонентін кеңейту, жекелеген білім беру траекторияларын жүзеге асыру;

- нәтижеге-бағдарланған таңдау бойынша курстар мен қолданбалы курстардың механизмдері мен мазмұнын жетілдіру;

- білім беру мазмұнының қолданбалы сипатын күшейту, оқытудың жүйелі-қызметтік әдістерін қолдану;

- эксперименттік міндеттер мен өмірлік проблемаларды шешудің әдістерін қолдануды кеңейту, білімді қолданудың практикалық дағдысын дамыту, моделдеу, жобалау және құрастыру;

- бейіндік оқытудың мазмұны мен әдістерін және кәсіптік білім берудің басқа деңгейлерін кіріктіру: кадрлық, ақпараттық және ғылыми-өндірістік ресурстарды бірігіп қолдану;

- «Бейіндік мектеп» бағдарламасы мазмұнына бакалавриаттың жалпы білім беретін пәндерін кіріктіру, ЖОО жанында бейіндік мектеп құру;

- бизнес және бейіндік мектеп арасында тиімді ынтымақтастықты дамыту: оқыту бағдарламаларын қалыптастыруға жұмыс берушілердің қатысуы, білім беру процесін ұйымдастыру және оқу-өндірістік базасында сабақтардың практикалық бөлігін өткізу, оқыту нәтижесін бағалау, оқуға және мамандықты игеруді ынталандыру;

- оқу-өндірістік жағдайына сәйкес құру, әлеуметтік серіктестікті дамыту;

- оқытудың дуальды жүйесіне өтуді енгізу;

- оқытудың кредиттік жүйесі элементтерін енгізу;

- бейіндік оқытуды оқу-әдістемемен қамтамасыз етуді жетілдіру: қолданбалы курстардың қосымша бағдарламаларын, білім алушылар үшін оқу материалдарын және мұғалімдер үшін әдістемелік құралдар әзірлеу және таңдау мүмкіндігі;

- бейіндік мектепте жұмыс істеу үшін арнай бағдарламадан өткен, магистрларды дайындау жүйесін реттеу;

- кадрлық потенциал мен оқу-өндірістік базасына сәйкес «Ресурстық орталық- Бейіндік мектеп» құру;

- бейіндік мектептегі оқыту нәтижесін бағалаудың критерилік жүйесін жасау, түлектердің академиялық білімімен қатар түйінді құзыретіліктер мен оқытудың таңдаған бағыттары бойынша практикалық дағдылардың қалыптасуын бағалау;

- түлектердің мемлекеттік аттестациясы жүйесін, бейіндік оқыту бағыттарын ҰБТ талаптарына бара –бар жетілдіру;

- курсты өту туралы сертификаттар тапсыру және мамандықтың белгілі бір түрлері бойынша құзыреттіліктерді иелену жүйесін жасау.

12 жылдық мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Білім туралы» Қазақстан 41

Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленуде.

Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім берудің стандарты:

1) орта білімнің базалық және бейіндік (міндетті) мазмұнынының жалпы нормаларын, құрылымы мен құрамын анықтайды;

2) білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін, білім беру үдерісін ұйымдастырудың жағдайларын, білімді бақылау және бағалауды белгілейді;

3) жалпы білім беру ұйымдарында білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;

4) білім беру үдерісін жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптарды: мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді қолдану, жалпы білім беру ұйымдардың материалдық-техникалық базасын және білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауды нормативті қамтамасыз етуді белгілейді.

Орта білімнің мақсаты - білім алушылардың тұлғасын рухани- адамгершілік және интеллектуалдық дамуын, оның кәсіптік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, «Бейіндік мектеп» бейінді оқыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқытудың келесі денгейлерінде оқуын жалғастыруға дайындау.

Білім алушылардың дайындық деңгейі білім берудің метапәндік және пәндік нәтижелерімен анықталады.

Білім алушылардың метапәндік нәтижелері (түйінді құзыреттіліктер) бір, бірнеше немесе барлық оқу пәндері базасында меңгерген білім беру үдерісі аясында да, нақты өмірлік жағдаяттардағы проблемаларды шешуде де қолданылатын қалыптасқан әмбебап қабілеттіліктер болып табылады; пәндік нәтижелер оқу пәндері аясында қалыптасатын білім, білік, дағдылар болып табылады.

Түйінді құзыреттіліктерге қалыптасуы әрбір орта білім беру деңгейлерінде сабақтастық ескеріле отырып қадағаланатын тұлғалық, азаматтық, әлеуметтік, басқарушылық, қатысымдық, ақпараттық, технологиялық құзыреттіліктер жатады.

Базалық пәннің мазмұнын меңгеруі төмендегідей метапәндік нәтижелерді (түйінді құзыреттіліктерді) қамтамасыз етуі тиіс:

1) белсенді азаматтылық ұстамдылық көрсету, жоғары патриоттық сезім, өз отанына қызмет көрсетуге дайындығы және оны қорғауға қызығушылығы;

2) елде болып жатқан оқиғаларды адекватты қабылдау қабілеттілігі, азаматтық және патриоттық, жоғары этикалық бағалау негізінде ұжымдағы өз орнын білу;

3) ҚР Конституциясын сақтау және білу, заңдарды білу және мемлекеттік тіл мен мемлекеттік рәміздерін сыйлау;

4) жалпыадами мәдениеттегі жетістіктер және ұлттық мәдениет, этномәдениет, дәстүр ерекшеліктерін, мәдени негізде тұлғалық, жанұялық және әлеументтік өмірдің негіздерін біліп меңгеру;

5) қазақ халқының және Қазақстан аумағынданда тұратын басқа этностардың тарихын, мәдениетін және салт дәстүрін және басқа да бағалауларын сыйлау;

6) мемлекеттік тілді меңгеру және мемлекеттік тілді қарым-қатынас, танымдық, өзін-өзі дамытуға қолдануға өз орнын сезіну;

7) басқа елдермен байланыс жасау үшін және ақпараттарды алуға мәдени қарым-қатынас құралы ретінде қолдану үшін орыс және шет тілдерін меңгеру;

8) өз елінің, туған жерінің табиғатын байытуға және сақтауға ұмтылу, қоршаған ортаны қорғауда белсенді орнын табу;

9) зіл-зала және қауіпті жағдайларда дұрыс және қауіпсіз жағдайды таңдау;

10) адамдық қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік көрсету, этикалық нормаларды сақтау;

11) жанұяда этиканы сақтау, кішіге құрмет және үлкенге ізет көрсету, жанұя мүшелеріне және айналасындағы адамдарға жақсылық жасау, оларға көмектесу;

12) діни сипаттағы және заңға қайшы, идеологиялық деструктивті бағыттарды қабылдамау;

13) салауатты өмір салтын ұстау және соны жария ету, өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау ережесін сақтау;

14) өзінің тұлғалық сапасын, көшбасшылық қабілетін дамытуға ұмтылу; өзін-өзі дамытуға ұмтылу;

15) өзінің даму траекториясын және өзінің іс- амалын жоспарлау, оны іске асыру қабілеті;

16) ұжымның қызметін ұйымдастыру және жоспарлау қабілеті;

17) өмірдің түрлі жағдайларына байланысты шешім қабылдай алу қабілеті;

18) талдау және жаңашыл ойлау қабілеттілігін көрсету, ғылым негізін тану процесінде жобалық-ғылыми қызметтерге белсенді қатысу;

19) қызметінің мақсатын анықтай алу қабілеті (күтілетін нәтиже) және қойылған мақсатқа жету үшін тактикалық амалдарды таңдау;

20) топтық жұмысқа ойдағыдай кірігуі және тиімді әсер ету қабілеттілігі;

21) жеке адамдармен сөйлескенде әңгімелесушінің ерекшеліктерін ескере отырып және топ алдында немесе аудиторияда таза, түсінікті сөйлеу қабілеті;

22) АКТ жұмыс жасай білу және ақпаратты өңдеу және талдай білу;

23) ақпаратты жіберу және сақтау, қолдану, түрлендіру, түзету, талқылау талдау, алу қабілеттілігі;

24) өз білімін жетілдіру үшін ақпараттық технологиялар көмегімен алынған ақпараттарды қолдану тәсілдерін білу;

25) түрлі пәндер бойынша (on-line, қашықтықтан оқыту, e-learning) оқу есептерін шешу үшін ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана білу;

26) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, технологиялық процестерді құрастыру және моделдеу тәсілін және оны оқу-үйрену қызметінде қолдану қабілеті;

27) жобалық-зерттеу қызметінде және технологиялық есептерді шешуде практикалық қолдана білу тәсілі;

28) ақпаратты бейнелеудің графиктік тәсілі оны оқу-тану және зерттеу қызметінде қолдана білу;

29) өндірістің жаңа ғылыми технологиялары туралы қолданбалы білімімен, жаңа материалдар мен оларды ғылыми-техникалық және индустриалды-инновациялық модернизацияда қолдану тәсілін меңгеру;

30) еңбекте компьютер меңгерудің және автоматтандырудың, механизацияның негіздерін меңгеру;

31) практикадан өту кезінде және оқу кезінде техника қауіпсіздігін сақтай білу;

32) өндірісте қолайсыз жағдайлар болғанда қоршаған орта үшін және экологиялық қауіпсіздікті сақтау мәдениетін білу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс

Жалпы орта білім бейіндері мен техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) деңгейінде оқыту бойынша (түйінді құзыреттіліктер) метапәндік нәтижелер төмендегідей анықталады:

Физикалық-математикалық бейін пәндердің мазмұнын меңгеру келесі метапәндік нәтижелерді:

1) ақпаратты қолдану, жинақтау және саралау қабілеттілігі, ақпараттық қоғамды қалыптастыру және дамыту жағдайында мақсат қою және олардың жетістікке жету жолдарын іздеу;

2) ауызекі және жазбаша тілін логикалық дұрыс, дәлелді және түсінікті құрастыру қабілеттілігі, пікірсайыс және пікірталасты (полемика) жүргізу дағдысына ие болу қабілеттілігі;

3) информатика, математика, физика, астрономия, моделдеу, графика және жобалау және т.б. облыстарында білімдерін жүйелендіру қабілеттілігі;

4) ақпараттық қоғамның мәні мен даму мәселесін түсіну;

5) математика, физика есептерін қоя білу мен шешу, және де ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып, қолданбалы есептерді жобалау;

6) қолданбалы обылыстарда талдау әдістерін концептуальды, логикалық, және физикалық-математикалық деңгейде қолдану қабілеттілігі;

7) түрлі пәндер облыстарының нысандары моделдерін және де физикалық-математикалық есептерін түрлендіру және жобалау, талдау, құрастыру;

8) математиканың, физиканың талдамалы және имитациялық есептерін және де үйлесімді жобалықтар шешімі мен оның параметрлерін таңдау мақсатында бағдарламалық-аппараттық әзірлеме тәртібі моделдеуін орындау қабілеттілігі;

9) өз құзыреттілігі аумағында жеке шешім қабылдай алуы және өз бетінше жұмыс жасай білу қабілеттілігі;

10) әр уақытта жаңа білім алуға құштарлығы және жаңа технологияны меңгеру қабілеттілігі;

11) өмірдің әртүрлі салаларында базалық және қолданбалы білімін қолдана білу біліктілігі;

12) әлемнің ғылыми суреттемесі туралы және диалектикалық әлемдік көзқарасын қалыптастыру қабілеттілігі; физикалық табиғаттағы аспан денелері; жер және космостық процестердің байланысы;

13) есептерді шешудің практикалық тәсілін және адекватты теориялық әдістерін табу қабілеттілігі;

14) қиындық деңгейі бойынша және аспаптар жиынтығына қарай нақты есептерді зерттеуді орындау үшін ең лайық қажетті шешуді таңдау қабілеттілігі;

15) есептерді шешу үшін жаңа аспап құралдарын қолдану және табу біліктілігі;

16) қолданбалы есептерді шешу үшін шығармашылыққа тәрбиелеу;

17) әлемдегі адамның орнын түсіну, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғатты тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, өмірлік есепті, практикалық есепті шешу үшін алған білімі мен біліктілігін қолдану біліктілігін;

18) түрлі ғылымдар мен пәндердің өзара байланысын көре білуін қамтамасыз етуі тиіс.

Химия- биологиялық бейін.

Химия-биологиялық бейін пәндерін оқуда түйінді құзыреттерін қалыптастыру және келесі метапәндік нәтижесін:

1) Жаратылыстану ғылымы білімдерін және ақпаратты қолдана білу мен кеңейту біліктілігін жүйелендіру;

2) экологиялық мәдениеттің, экологиялық-гуманистік көзқарастың әлемдік ғылыми суреттемесінің негізін қалыптастыру;

3) жаратылыстану, гуманитарлық және технико-технологиялық ғылымдарының өзара тәуелділігі мен өзара байланысын түсінуді қалыптастыру;

4) экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және этикалық қызметтерге адамның және жаратылыстану ғылымы мен технологиялық өндірістің қоршаған ортаға әсерін нысаналы бағалау;

5) оқу, жобалық-зерттеу, шығармашылық қызметтеріне өз бетімен оқу тәсілдерін меңгеру;

6) зертханалық құралдарды қолдану кезінде сынақ қызметі жұмысының қауіпсіздік біліктілігінін қалыптастыру;

7) тәжірибелік-экспериментті жұмыстарын жүргізуді, ғылымды тану әдісін қолдануды қалыптастыру;

8) меңгерген білімін дамытуды және түрлендіруді, талдауды қалыптастыру;

9) жаңашыл технологияларды меңгеруді және әр уақытта білімін жаңартуға ұмтылуды қалыптастыру;

10) Казақстанның индустриалды-жаңашыл модернизациясы үшін технология және білімді меңгеруге ұмтылуда, туған өлкесінің табиғи байлығын сақтауда ынталы іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Филологиялық бейін.

Филологиялық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастыруды және келесі метапәндік нәтижелерді:

1) қазақ тілінің ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде мағынасын бағалау мен сезіну ролі;

2) қазақ әдебиетінің мәнін рухани-адамдық факторының тұлғалық дамуында қазақ халқының ұлттық-мәдени бағасының құрамдас құзыреті ретінде сезіну;

3) орыс тілін табиғи тасығыш ана тілі ретінде және ұлтаралық қатынас тілі ретінде сезіну;

4) сөз стилдерін меңгеру: әңгімелесу және әдеби (ресми-іскерлік, ғылыми, публицистикалық, көркемдік);

5) қазақ/орыс тілдерінің әртүрлі қоғамдық қызмет салаларында қолданудың ерекшелігін білу: қоғамдық-саяси, қоғамдық-экономикалық, ғылыми, ресми емес күнделікті қарым-қатынас және т.с.с.;

6) қарым-қатынас саласында және өз ойын айта алатын сөйлеу жанрында өзара байланыс заңдылықтарын ашу қабілеттілігі;

7) әлеуметтік қарым-қатынас және коммуникациялық құралдарын ауызша және жазбаша сөйлеуге қодана білу;

8) диалогты, пікірталасты жүргізу мәдениеті; іскерлік этикасы ережесін білу және қолдануды қамтамасыз етуі тиіс.

Тарихи-құқықтық бейін.

Тарихи-құқықтық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:

1) ең мәнді тарихи оқиғалар мен процестерді, тарихи оқиғалардың себепті-салдарлы байланыстарын түсіндіруді және талдауды қалыптастыру;

2) Қазақстан тәуелсіздігінің негізгі кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени процесстердің ерекшеліктері туралы көзқарас қалыптастыру;

3) адам мен азаматтың бостандығы және конституциялық құқығын білу біліктілігі; Конституциямен кепілденген құқық пен бостандықты қорғау қабілеттілігі, алған білімін қолдана білу қабілеттілігі;

4) оқушының жалпы мәдени, адамдық-рухани сапасы, этикалық нормаларды меңгеру;

5) ауызекі және жазбаша тілін логикалық дұрыс, дәлелді және түсінікті құрастыру қабілеттілігі, пікірсайыс және пікірталасты (полемика) жүргізу дағдысына ие болу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Әлеуметтік-экономикалық бейін.

Әлеуметтік-экономикалық бейін пәндерін оқуда міндетін қисынға келтіру және келесі метапәнді нәтижесін:

1) әртүрлі өмір жағдайларында өз бетінше шешім қабылдау түсінігін меңгерту, экономикалық сауаттылық және экономикалық ойлау негізін қалыптастыру;

2) оқушылардың еліміздің әлеуметтік және экономикалық өміріне белсене араласуына қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру;

3) кәсіпкерлік қызметке алғаш араласуға қажетті білім мен білік қалыптастыру;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып қолданбалы есептерді шешу мен қоя білу қабілеттілігі;

5) қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени оқиғалар мен үрдістерге дәлелді тұлғалық баға бере алу қабілеттілігі;

6) қабылданған экономикалық шешім үшін жауапты болу қабілеті; еңбек пен кәсіпкерлік қызметке құрметпен қарау;

7) әдеттегі экономикалық міндеттерді орындауда, жалдамалы қызметкердің ретінде жұмыс жасауда және экономикалық салада өзін-өзі тиімді танытуда алынған білім мен білікті пайдалану білігі;

8) топтың, әлеуметтің жұмысына белсене араласу және тиімді әрекеттесу қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.

«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейіні.

«Өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бейінің пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:

1) гуманистік және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;

2) кәсіби мәселелерді шешу кезінде педагогикалық техниканы және кәсіби білімін қолдану қабілеттілігі;

3) ақпараттық қоғамның даму проблемасы мен түп тамырын түсіну;

4) кәсіби мәселелерді шешу кезінде ақпараттық технологияға математикалық әдістерін қолдана алу қабілеттілігі;

5) ақпараттық технологияны қолдана отырып, ақпараттық-оқыту өрісін құрастыра білу;

6) жобалық жұмыста ғылыми-талдамалы қызметте және әзірлеуде логикалық шын, шығармашылық және дәлелді түрде келтіру қабілеттілігі;

7) қазіргі заманғы педагогикалық ғылым проблемасы мен түп- тамырын түсіну қабілеттілігі;

8) ақпаратты талдау және қорытындылау, мақсат қоя білу және оған жету жолдарын табуды қолдану қабілеттілігі;

9) кәсіби есептерді шешу үшін жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру мотивациясы;

10) педагогикалық мәселелерді шешуде сын ойлау, шығармашылық, креативті көзқарас қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.

Техникалық-технологиялық бейін (ТжКБ).

Техникалық-технологиялық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:

1) материалдарды түрлендірудің қазіргі заманғы технологияларының негізін білу, қазіргі заманғы технологияларды өндірісте, ауылшаруашылық өндірісінде, экономикада, бизнесте,білім беруде, тұрмыстық және қызмет көрсету салаларында қолдану;

2) адамның тіршілік әрекетінің негізі формалары мен рухани өндірістің және материалдардың прогрессивтік технологияларын ұсыну;

3) өз қызметін жоспарлай білу, оның нәтижесі мен тиімділігін болжау және бағалау, қажетті білімді өз бетінше үйрену, графикалық жұмыстарды орындау, өзінің кәсіби қажеттілігін анықтай алу және т.с.с.;

4) қызметін атқаруда, жобалау қызметтерінде даярлық құрылымымен бірге көркемдік-қолданбалы және конструкторлық, дағдыны қалыптастыру;

5) ғылыми-техникалық шығармашылықта компьютерлік технологияны көмекші құрал есебінде қолдануда озық қолданушының дағдысын меңгеру;

6) алған технологиялық білімін қолдана алу, кәсіби қызметін ғылым саласында, білім беруде, өндірісте, адамның тіршілік әрекетінде пайдалану;

7) дербестікке, алғырлыққа, адалдыққа, саналылыққа, өз қызметінің нәтижесінің жауапкершілігіне, кісілікке, командада жұмыс жасай білу, адамдарға құрмет, өзін-өзі ұстау мәдениеті және тату-тәтті қарым-қатынас, өмірде орны бар табиғи жаратылысты белсенді адам болып қалыптасуға тәрбиелеу;

8) кәсіби есептерді шешуде математикалық модельдеумен жүйелік талдауды қолдану арқылы технологиялық процестерді талдау қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.

Әлеуметтік-экономикалық бейін (ТжКБ).

Әлеуметтік-экономикалық бейін пәндерін меңгеру түйінді құзыреттерді қалыптастырып, келесі метапәндік нәтижелерді:

1) экономикалық ойлау қабілетін, рационалды экономикалық тәртіп дағдысы қалыптастыруға, кәсіби оқуын жалғастыруға және практикалық қызметтің тиімділігі мақсатында алдағы алғышарттарды құру;

2) түрлі өмір жағдайларында өз бетімен шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру, қазақстандық қоғамның өмірдегі болып жатқан өзгерістерге оқушылардың әлеуметтік үйренісуі;

3) оқушылардың әлеуметтік ортада, кәсіпкерлік пен экономика саласындағы қызметтерге қалыптасуын дамыту;