Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Биоқұрама жемнің сапалық көрсеткіштерін анықтауға арналған зертханалық қондырғыларды қолдану. Қауіпсіздік техникасы.

Сабақтың мақсаты:Технологиялық және кинематикалық схемаларды құруға арналған жабдықтың негізгі тораптарының шартты белгілерін оқып-үйрену. Қауіпсіздік техникасын зерделеу.

Жалпы мағлұматтар:Машина (лат. тілінен machina) – энергияны немесе қозғалыс сипаттамасын қайта құратын қондырғы (агрегаттардың немесе қондырғының жиынтығы).

Машиналар мен аппараттар құрылысы детальдардан, бөліктерден, механизмдерден құралады. Деталь – дегеніміз, жинақ материалдарын қолданусыз арқылы және маркасы бойынша біркелкі материалдан жасалған бұйым.

Қозғалыссыз біріккен бір немесе бірнеше детальдардың жиынтығы бөлшек деп аталады. Бір немесе бірнеше бөлшек қозғалысы басқалардың қозғалысын туындататын бөлшек жүйесі механизм деп аталады. Механизм жиынтығы машина түзеді.

Машинаның жұмыс мүшелері берілген технологиялық үрдіске сәйкес өңделетін өнімге тікелей әсер етеді. Қазіргі машина ең алдымен қоректік қондырғымен, жұмыс мүшелері бар орындағыш механизммен, жетек механизммен, сондай-ақ, басқару, реттеу, қорғау және блоктау қондырғыларымен жабдықталған.

Қоректік қондырғы технологиялық процесстің талабына байланысты оларды салмағы және көлемі бойынша мөлшерлеу мүмкіндігіне қарай бастапқы өнімді немесе шикізатты машинаға үздіксіз және үздікті беруге арналған.

Бірігетін жетекші (ведомое) және жетекші (ведущее) буыннан тұратын, жұмыс мүшесіне қозғалыс заңын беретін машина бөлігі орындаушы механизм деп аталады. Орындаушы механизм қозғалысты машинаның жұмыс мүшелеріне беруге арналған. Бұл механизм, жұмыс мүшелері бірігетін жетекші буыннан, және жетек механизммен байланысқан жетекші буыннан тұрады.

Жетек буынды беріліс механизмімен, ал бірігетін жетекші буынды жұмыс мүшесімен біріктіреді. Беріліс механизм қозғалтқыш механизмнен орындаушыға қозғалысты береді.

Басқару қондырғылары машинаны қосу және тоқтатуды, сондай-ақ, оның жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады. Реттегіш механизм машинаның берілген жұмыс режимін қамтамасыз етеді, ал, қорғау және блоктау механизмдері машинаны дұрыс қоспауды болдырмау үшін және өндірістік жарақатты ескерту үшін қолданылады.

Технологиялық операциядегеніміз бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық процесстің аяқталған бөлігі. Операция өндірістің бір немесе бірнеше жиналатын объектісімен жабдық пен жұмысшылардың барлық қозғалысын қамтиды. Технологиялық процесстегі операция саны бірден онға дейін өзгереді.

Жұмыс циклының құрылымы бойынша машинаны үздіксіз және үздікті қозғалысты деп ажыратады. Үздіксіз қозғалысты машиналарда жұмыс мүшелері, жұмыс процессі кезінде орнатылған тұрақты жағдайда жұмыс істейді, ал бастапқы өнімді тиеу және дайын өнімді шығару біруақытта жүреді.

Үздікті қозғалысты машиналарда өңделетін өнім белгілі бір уақыт аралығында әсерлесуге ұшырайды, сосын машинадан шығарылады. Одан кейін келесі өнім порциясы жүктеледі де үрдіс циклдық түрде қайталана отырып жаңаланады.

Технологиялық схема – технологиялық процесс схемасы, шартты белгілер көмегімен жалпы және басты белгісі бойынша түсінік.

Машинаның кинематикалық схемасы оның бөлек механизмдері мен буындарының орындаушы механизмдерге жетектен қозғалысты беру туралы түсінікті алуға мүмкіндік беретін өзара байланысындағы шартты жазық немесе перспективалы бейнеленуі.

Редукторлардың жалпы суреттері қосымшада келтірілген.

 

Аталуы Белгіленуі
1. Білік, білікше, ось, стержень, шатун және т.б. 2.Біліктегі жылжымалы және тербелмелі подшипниктер (типін нақтылаусыз):а) радиалды; б) тіректі. 3. Муфта. Типін нақтылаусыз жалпы белгіленулері. 4. Тежегіш. Типін нақтылаусыз жалпы белгіленулері. 5. Фрикциалық берілістер: а) цилиндрлік роликтері бар
  б) конустық роликтерімен   6. Белдік типін нақтылаусыз белдікті беріліс   7. Жазық белдікті беріліс   8. Сына белдікті беріліс     9. Дөңгелек белдікті беріліс
       

 

 

Аталуы Белгіленуі
10. Тісті белдікті беріліс.   11. Шынжырлы беріліс, шынжыр типін нақтылаусыз жалпы белгіленулер   12. Тісті берілістер (цилиндрлік): а) сыртқы іліну (тистер типін нақтылаусызжалпы белгіленулер)   б) дәл солай, тік, қиғаш және шевронды тістері бар
Аталуы Белгіленуі
1. Қиысатын білікті конустық тісті берілістер   14. Айқастырылған білікті тісті берілістер:   а) цилиндрлік червякті   б) червякті глобоидты     15. Электр мотор  
     

 

 

1- сурет. Білімгерлердің өз бетінше қарастырыруына арналған жетектің кинематикалық схемасы

 

1 – электр мотор; 2 – муфта; 3 – белдікті беріліс; 4 – білік; 5 – подшипник; 6 – тісті беріліс; 7 – шынжырлы беріліс; 8 – машинаның білігі; 9 – редуктор корпусы.

 

Қауіпсіздік техникасы:

Электрқауіпсіздік.Өндірісте барлық жұмыс атқарушыларға іс жүзінде істес болуға тура келетін электр қондырғылар зор потенциальды қауіпті. Адамның сезім мүшелері (көз, есіту және сезу мүшелері) жабдықтардағы электр тогының кернеуін ара қашықтан анықтай алмайтын болғандықтан адамға қауіп одан әрі күшейе түседі.

Статистикалық талдаудың мәліметі бойынша электр тогының әсерінен болған жарақаттар өндірістегі болған жарақаттануладың жалпы санының шамамен 1 % қамтиды. Алайда өліммен аяқталынатын жазатайым оқиғалардың себептерінің арасында электр жарақаттарының алатын үлесі 80 %-ға дейін.

Электр тогы адам ағзасына биологиялық, жылулық, механикалық және химиялық (электрлік) әрекеттермен әсер етеді. Биологиялық негізінен адамның ішкі биологиялық процестерінің бұзылуымен білінеді. Жылулық ток жолдарында болатын ағза ұлпаларының, қан тамырларының, жүйкенің, жүрек және басқа мүшелерінің қызуымен сипатталады.

Механикалық аэродинамикалық эффектінің нәтижесінде бұлшықеттер мен басқада ұлпалардың, қан тамырларының жарылуымен қоса жүреді. Химиялық қанның, лимфаның және плазманың физикалық-химиялық құрамын өміріне қажетті ең маңызды мүшелерінде (ми, жүрек, өкпе) әр түрлі бұзылыстар болуы мүмкін.

Электр тогының адам ағзасына әсер етуінің барлық түрлерін екі негізгі топқа бөлуге болады: электр жарақаттары және электр соққылары.

Өрт қаіпсіздігі.Тамақ өнеркәсібі саласындағы өрттер ғимараттарда қиратып, материалдық құндылықтар мен дайын өнімді жойып, жабдықтарды істен шығарады.

Кәсіпорындардың жұмыстарын көптеген уақытқа тоқтатады. Өрт кезінде адам шығындары мен жарақаттанулар тіптен адам қазасы да болады.

Өрттер көптеген шығындар әкелетін болғандықтан онымен күресу жалпы мемлекеттік іс болып табылады.

Өрттердің алдын алу және шектеу мен жою үшін олардың туындау себептерін білу қажет. Олардың туындау себептері әртүрлі және технологиялық жабдықтардың, процестердің өзгеруіне байланысты өрттің туындау себептері де өзгеріп отырады. Негізінен физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстар болып табылады.

Өндірістегі өрттерді талдау нәтижесі олардың негізгі себептерінің төмендегідей екенін анықтаған: технологиялық жабдықтардың ақаулары; технологилық процестердің параметрлерінің ауытқулары; электротехникалық жабдықтардың қанағаттандырмайтын күтім жағдайы; олардың қолдану – ережелерін сақтамау.

Өзінен-өзі тұтану, газдардың, тозаңдардың жарылысы, отпен қыздыру жұмыстарының ережелерін сақтамау электростатикалық зарядтар мен найзағай.

Өрттермен күрес жану процесінің физико-химиялық негізіне, өрттің туындау және даму жағдайына, өндірістің өрт қауіпсіздігін талдауға негізделуі қажет. Өрттермен күрес үш бағытта жүргізіледі: өрттің туындауының алдын алу; өрттің таралу жолдарын шектеу; туындаған өртті сөндіру.

Өрт сөндіру құралдарына: су, су буы, химиялық көбік, инвертті газдар және өртке қарсы қолданылатын құм, өртке төзгіш машиналар қолданылады. Ережеге сәйкес өрт сөндіруге көбінесе су мен көбікті қолданады.

Өндірістің өрт қауіпсіздігін артырудың тиімді шараларының бірі, технологиялық процестерден өртке қауіпті заттарда қолдануды шектеу.

Өрт қауіпсіздігінің талаптары бойынша өртке қауіпті жабдықтарды жекелеген өндірістік процестерді оқшаулау. Өртке қауіпті жеңіл тұтанатын сұйықтарды сақтау ережелерін қатаң сақтау, оларды жеке қоймаларда тек бір ауысымға жететіндей мөлшерде ғана ұстау өрттің таралуын шектеу мақсатында ауа алмастыру жүйесінде, температура көтерілгенде автоматты түрде жабылатын өртке қарсы қалқандар қолдану қарастырылуда.

Кәсіпорындарда туындаған өрттер көп жағдайда ғимараттарға әсер етіп олардан күйреуі туындататын қауіптерді арттыратын болғандықтан, олардың құрылымдарын өртке төзімділігіне маңызы зор.

Ғимараттардың отқа төзімділігін арттыру үшін өртке қарсы қабырғалар, қоршаулармен күшейтеді.

Өрт болған жағдайда өрт сөндіруші организациялар және қарауыл сигнализациясымен қамтамасыз етілуі керек немесе телефон арқылы өрт сөндірушілер көмегін шақырады.

Жанған ғимараттардан адамдарды тез алып шығу үшін эвакуациялық жолдар, шығар есіктер, жүру бағыттары дұрыс таңдалуы қажет. Олардың бағыттарында ерсілі-қарсылы қозғалыс, түтінденуден сақтандыру шаралары қарастырылады.

Сатылардың, есіктердің коридорлардың, жабдықтардың ара қашықтары соларды ескеруі қажет.

Төменгі қабатта негізі кірер-шығар есіктен басқа ең кемі бір немесе екі эвакуациялық есік болуы қажет.

Тапсырма:Қауіпсіздік техникасы журналына тиісті инструктаж өткен соң қол қою.