Ш фазалық синхронды генератордың бос жүрістегі сипаттамасын алудың блогты принциптік сұлбасына қысқаша түсінік

G1 қорек көзі- өндірістік жиіліктің синусоидалды кернеу көзі.

G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі, тәуелсіз қоздырғышы бар қозғалтқыш режимінде жұмыс істейтін М2 тұрақты тоқ машинасының қоздыру ораманың реттелмейтін кернеуі мен якорь орамының реттелетін кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.

G3 қоздырғышы синхронды генератор режимінде жұмыс істейтін G6 айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамаларын қоректендіру қызметін атқарады.

G3 қоздырғышы синхронды генератор режимінде жұмыс істейтін G6 айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамасын қоректендіру қызметін атқарады.

G5 бұрышты орын ауыстырғыш түрлендіргіші Р3 электр машиналы агрегаттың айналу жиілігінің шығыс көрсеткішіне түсетін импульсті түрлендіреді.

Р1 мультиметрлер блогы көмегімен сыналатын G6 синхронды генератордың қозу тоғы If, статор орамасындағы ЭҚК E0 (бос жүрістегі режимде) және қысқа тұйықталу тоғы Iқ бақыланады.

 

 

 
 

 

 


 

Тәжірибені жүргізу нұсқауы

1-ші бөлім. Үшфазалы синхронды генератордың бос жүрістегі сипаттамасын алу

Ол үшін құрылғылар 1-ші пунктке және 1-ші суреттегі блогты принциптік сұлбаға сәйкес жалғанады.

G1, әрі қарай G2 қорек көзін («ВКЛ») іске қосып, G2 қорек көзінің реттеуіш тұтқасы арқылы, М2 қозғалтқышының (G6 генераторы) жүрісі 1500 мин-1 жиілікке дейін күшейтіліп, тәжірибе соңына дейін бір қалыпты ұсталады.

G3 қоздырғыш («ВКЛ») іске қосылады да, 0…2 А аралығында шығысындағы If қоздыру тоғын өзгертіп, G6 генератордың көрсеткіштерін Р1.1 (If қозу тоғы) амперметр мен Р1.2 вольтметр (сыналатын G6 синхронды генератордың ЭҚК-нің E0) көрсеткіштері 2-ші кестеге түсіріледі.

 

Кесте 2 –Сынау нәтижелері

If, A                      
E0, B                      

Тәжірибенің 1-ші бөлімін аяқтау реті:

Экспериментті аяқтау үшін, қосылу алгоритмі кері орындалады, яғни, алдымен G3, әрі қарай G2 көзінің реттеуішін бастапқы күйге әкеліп, блоктар алдымен істен («ОТКЛ»), тораптан («СЕТЬ») ажыратылады, А6 ажыратқыш, G1 қорек көзі ажыратылады. Тәжірибеде қосылған барлық блоктар тораптан («СЕТЬ») айырылады.

Тәжірибе нәтижелерін пайдаланып, синхронды генератордың бос жүрістегі E0=f(If) тәуелділік графигі тұрғызылады.

 

 

2-ші бөлім. Үшфазалы синхронды генератордың қысқа тұйықталу сипаттамасын алу

2-ші кестедегі нәтижелерді қолдана отырып, зерттеп отырған үшфазалы синхронды генератордың қысқа тұйықталу сипаттамасыныңIқ = f(If ) тәуелділік графигін тұрғызу.

Ол үшін құрылғылар 2-ші суреттегі блогты принциптік сұлбаға сәйкес жалғанады.

G1, әрі қарай G2 қорек көзін («ВКЛ») іске қосып, G2 қорек көзінің реттеуіш тұтқасы арқылы, М2 қозғалтқышының (G6 генераторы) жүрісі 1500 мин-1 жиілікке дейін күшейтіліп, тәжірибе соңына дейін бір қалыпты ұсталады.

G3 қоздырғыш («ВКЛ») іске қосылады да, 0…2 А аралығында шығысындағы If қоздыру тоғын өзгертіп, G6 генератордың көрсеткіштерін Р1.1 (If қозу тоғы) амперметр мен Р1.2 вольтметр (сыналатын G6 синхронды генератордың 2 фазалы қысқа тұйықталу тоғы Iқ) көрсеткіштері 3-ші кестеге түсіріледі.

Кесте 3 –Сынау нәтижелері

If, A                  
Iқ, А                    

 

Тәжірибенің 2-ші бөлімін аяқтау реті:

Экспериментті аяқтау үшін, қосылу алгоритмі кері орындалады, яғни, алдымен G3, әрі қарай G2 көзінің реттеуішін бастапқы күйге әкеліп, блоктар алдымен істен («ОТКЛ»), тораптан («СЕТЬ») ажыратылады, А6 ажыратқыш, G1 қорек көзі ажыратылады. Тәжірибеде қосылған барлық блоктар тораптан («СЕТЬ») айырылады.

Тәжірибе нәтижелерін пайдаланып, синхронды генератордың қысқа тұйықталу сипаттамасының Iқ=f(If) тәуелділік графигі тұрғызылады.

 

 
 

 

 


 

 

 

Сурет 3 –Синхронды генератордың (Iқ = f(If ) тәуелділік графигі)

қысқа тұйықталған және (E0 = f(If ) тәуелділік графигі) бос жүріс сипаттамалары

 

Орындаған тәжірибеге тұжырым

Зертханалық жұмыстың нәтижесін қорытындылай, алынған графиктік кескіндерді қажетті түсіндірулермен қоса, синхронды генераторда болып жатқан құбылыстардың физикалық мәніне тұрақтана талдау жасау қажет. Синхронды генератордың бос жүріс және қысқа тұйықталу режимдері кезінде эксперименттік жолмен алған параметрлердің, оның паспорттық берілгендерімен сәйкескігін көрсету қажет.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________