Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметі

Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.

1227 ж Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.1235 жыл Қарақорымда құрылтай откізілді. Қаралған мәселелер:

· Еуропаға жорық

· Әскери қолбасшылығына Батыйды сайлау.

Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады,ал монғолдар аз болды.

· 1236-1242 жылдар- Еуропаға жорық жасалды. Жорықтар нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ ,орыс князьдықтары,Мордова ,Еділ бұлғарлары,Қырым,Солтүстік Кавказ,Польша,Венгрияны,Чехияны жаулады. X-XIII ғ. Монғолдар Азия,Шығыс және Орталық Еуропаны жаулап алды.

· 1243 жыл Еділді төменгі Алтын Орда мемлекті құрылды.Алғашқы билеушісі-Батыйхан.

Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ,Хорезм,Батыс Сібір территориясының бір бөлігі.

Астанасы Сарай Бату,кейіннен Сарай Берке қаласы.Сарай Берке Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда орталығы.Орыс князьдықтарыАлтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы ,Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы,Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.

  • XIII ғасырдың 60-жылдарынан дербес хандық болып бөлінді. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы. Алтын Орда көп ұлтты мемлекет.Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар -қыпшақтар,наймандар,қаңлылар т.б.Отырықшы халқы- Еділ бұлғарлары мордвалар,орыстар,хорезмдіктер т.б.Монғолдар аз болды.XII-XIY ғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын “татарлар” деп атаған.Тілі қыпшақ тілі. XIY ғ. Алтын Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қ. жерінде Шыңғыс ханның “ Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана болып сайланды. Ханның кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы сұлтандар. Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып ,Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Оң қанат Батый хан билігі. Сол қанат Орда Ежен ханның билігі.Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді. Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауы. XIII-XIY ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды. Батый хан тұсында (1227-1255ж.ж.) Алтын Орда Монғол империясының тәуелді болды. Берке хан (1257-1267ж.ж.)тұсында тәуелсіздігін жариялады.Билеушілердің хан тагына таласып, өзара қырқысуының салдарынан Жәнібек хан қайтыс болганнан кейін Алтын Орданың қүлдырауы басталды. 1357—1380 жылдары ондаган хан ауысады. Сөйтіп, бүл жылдар Алтын Орда тарихында «¥лы дүрбелең кезеңі» деп аталады

Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.

· 1260 жыл Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстапға ыдырады.

XIY ғ бірінші жартысында Өзбек және Жәнібек хандар тұсында мемлекет күшейді:

Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан ,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.

· 1312 жыл- Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.

50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.

· 1380 жыл Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс (1380-1395) Алтын Ордаға хан болды.Ол билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап,Мәскеуді өртеді.Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің 1389,1391,1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.Тоқтамыс пен емір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.

XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда . XY ғ.20-40 жылдары Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты. Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады. Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар:

- этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;

- шаруашылығының өркендеуі нашар болды; - билік үшін талас күшейді;

- езілген халықтың азаттық күресі күшейді.

Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметі

Алтын Ордада Жошы үлысының мемлекеттік қүрылысының негізгі бастамасы сақталды. Жошы үрпагының мемлекеті саяси қүрылысы жағынан ұлыстарға бөлінген, өз кезегінде ұлыстары пеғұрлым ұсак үлес-иеліктерге бөлшектенген әдеттегі көшпелі мемлекет болған еді. Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде қызмет адамдарынан, әскери ақсүйектерден қүралған әкімшіл-чиновниктік аппараты маңызды орын алды. Армияны жэне мемлекеттің ішкі істерін басқару үшін ерекше лауазымдар белгіленді. Алтын Орданың билеушісі — хан ондағы барлық қарулы күштердің бас қолбасшысы саналды. Ханның атынан бүкіл әскери істі беклербек басқарды, ал азаматтық биліктің басында уэзір түрды. Беклербек уәзірден дәреже жағынан жоғары түрды. Ол басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды басқарды жэне азаматтық істерді шешкен кезде жоғары сот билігін атқарды.

Алтын Ордада атқарушы орган—диуанның басында уэзір түрды. Атқарушы өкіметтің орталық органы — диуанның қарауында қаржы, салық жэне басқа ведомстволар болды. Диуанның хатшысы бітікші деп аталды. Уэзір мемлекетті азаматтық түрғыдан басқару ісінде ханның кеңесшісі болды. Мемлекеттік басқару жүйесінде даруғалар мен басқақтар маңызды орын алды. Даруғалар негізінен салық жинаумен айналысты, басқақтар басқару міндетін де атқара отырып, жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды. Олар сонымен қатар қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салық та жинады.

Монгол әскерлерінің басқыншылыгы жаулап алган елдер үшін өзінің зардабы жагынан олардың саясн, әлеуметтік жэне этннкалық дамуын тежеді. Монголдардың шапқыншылыгы салдарынан өндіргіш күштер әлсіреді. Көптеген қалалар қпратылып, ортагасырлық қала мәдениетіне үлкен знян келтірілді. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі отырықшылық өмір мен егіншілік мәдениетіне бүл ауыр соққы болып тиді. Багындырылган халықтан алынатын алым-салық та ауыр жэне коп болды. Зерттеушілердің айтуынша салықтың 20 шақты түрі болган.

Дегенмен, монгол басқыншылыгының апатты зардаптарымен бірге кейбір жагымды жақтары да болган. Монгол өкіметтері сауда- саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасады, жер-жердің бэрінде пошта жэне көлік қатынасы қызметін енгізді. Монғолдар бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын әкеледі, бұрып үйымдаспаган тайпалардың басын қосады. Көшпелі өмір тэртібін Шыңғысханның заңдар жинағы — «Ясасына» сәйкес келтіре бастайды. Кейін «Ясаның» кейбір нормалары қазақ заңдарында белгілі дәрежеде пайдаланылады. Мемлекеттіліктің элеуметтік үйымы мен түрлерінің көптеген нормалары монгол дәуірінен кейін Қазақстанда пайда болған мемлекеттік қүрылымдарда пайда- ланылды. Монгол жаулаушылығы Қазақстан жеріндегі этникалық процестер барысына да үлкен әсер етті