Арнайы қолданылатын бұрғы ұштары

 

Ұңғы ішінде қосалқы жұмыстар атқару үшін найза тәрізді, фрезерлі қашаулар, калибраторлар және кеңейіткіштер кеңінен қолданылады. Фрезерлі қашаулардың қалақшалы ИР қашауларынан ешқандай айырмашылы жоқ.

Найза тәрізді қашаулар диаметрі 98,4 мм-ден 444,5 мм өлшемде ПР және ПЦ түрінде шығарылады. ПР типті қашаулар (2.7 - сурет) екі қалақшалы қашау негізінде дайындалған. Қашау тұрықтан (1) және найза тәрізді қалақшадан (2) тұрады. Қашау тұрқында жалғастыру бұрандасы және екі жуу саңылауы (3) бар. Қалақшалар қатты қорытпа пластинкалармен жабдықталған. Қалақшалардың калибрлеуші қырларында цилиндрлі тістер орнатылған. Бұл қашаулар ұңғы оқпанын өңдеу және ұңғы оқпанын ұсақ металдардан тазарту үшін қолданылады.

ПЦ типті қашаулар ПР қашауларына ұқсас, екі қалақшаларының бүйір жақтары қатты қорытпамен қатайтылмаған. Бұл қашаулар шегендеу тізбектері ішіндегі цемент тастарын бұрғылау үшін қолданылады.

 

2.7 – сурет. Найза тәрізді қашау.

 

Калибратор ұңғы оқпанын белгілі қашау диаметріне тең өлшемге дейін өңдеу және радиалды соғу күштерін азайту үшін қолданылады. Калибраторды қашаудан жоғары орналастырады. Калибраторлар қалақшалы және шарошкалы етіліп дайындалады. Қалақшалар саны бойынша үш, төрт, алты қалақшалы болып келеді. Жасақтары қатты қорытпа, алмас, ИСМ түрлеріне бөлінеді. Жасақтары қатты қорытралы үш қалақшалы калибратор конструкциясы 2.8 – суретте көрсетілген.

Қалақшалы калибратордың басты кемшілігі жасақтарының тозуына байланысты диаметрінің кішірейіп, тиімділігінің төмендеуінде.

Шарошкалы калибраторлар негізінен үш шарошкалы етіліп дайындалады (2.8 б – сурет). Шарошкалар калибратор тұрқындағы остеріне белгілі бұрышпен отырғызылады. Жасақтар қатты қорытпадан дайындалатын тістер түрінде болуы мүмкін.

Айналуға кедергі моментінің төмендігі және ұңғы оқпанында жеңіл өтетіндігі – шарошкалы калибраторларды бұрғылау тізбегін ұңғы ішінде тіке бағыттап ұстау үшін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда калибратор қашаудан едәуір жоғары орналастырылады. Калибраторларды қолдану – ұңғы диаметрінің кішіреюін және радиалды соғу күштерін төмендетеді. Бұл қашау төзімділігін арттрады.

Ұңғы диаметрін қашау диаметріне дейін кеңейтуге арналған аспапты кеңейткіштер деп атайды. Мысалы, ұңғыны диаметрі 269,9 мм қашаумен бұрғылайды. Керн диаметрі 212,7 мм колонкалық қашаумен алынды. Ұңғы диаметрін 212,7 мм-ден 269 мм-ге жеткізу үшін кеңейткіштер қолдану қажет.

 

2.8 – сурет. Калибраторлар:

а – үш қалақшалы: 1 – тұрық, 2 – муфта, 3 – сақина, 4 – шронка, 5 – қатты қорытпалы тіс;

б – үш шарошкалы: 1 – тұрқы, 2 – қос шарошка, 3 – шарошка осі.

 

2.9 а – суретте үш шарошкалы кеңейткіш конструкциясы және жұмыс істеу сұлбасы көрсетілген. Кеңейткіш үш аяқты (3) муфта (2) пісіріліп ұстатылған тұрқыдан (1) тұрады. Кеңейткіш аяқтарындағы цапфаға екі конусты шарошкалар отырғызылған. Шарошка жасақтары фрезерленіп ойылған немесе қатты қорытпалы тістер түрінде болуы мүмкін. 2.9 б – суретте бір шарошкалы кеңейткіш конструкциясы және оның жұмыс істеу сұлбасы көрсетілген. Кеңейткіш тұрқыдан (1) және подшипниктерге (3) отырғызылған шарошкадан (2) тұрады. Шарошка қатты қорытпалы тістермен жабдықталған.

 
 


2.9 – сурет. Кеңейткіштер:

а- үш шарошкалы; б – бір шарошкалы.

Ашауды ауыстыру кезінде бұрғылау тізбегін көтерусіз турбиналық және роторлық бұрғылауға арналған орнатылмалы қашаулар

Жұмыс істеп болған қашауды ауыстыру үшін бұрғылау тізбегін көтерусіз роторлық бұрғылау тәсілі үшін бұрғылау тізбегі ішіне жаңа қашауды түсіруге, ал жұмыс істеп болған қашауды көтеруге ( арқан немесе арнайы аспап – овершот немесе кері айналдыру көмегімен) негізделген.

Турбиналық бұрғылау үшін орнатылмалы роторы бар турбобұрғының арнай құрылысы жасалған, оған орнатылмалы қашау жалғанады. Орнатылмалы қашау негізгі екі тораптан тұрады: қашау механизмі және кесетін шарошкалы жинақ.