Bank RBK» АҚ-ның құрылу тарихы

Мазмұны

Кіріспе 4 бет

1 «Bank RBK» АҚ-ның құрылу тарихы 5-6 бет

2 Банктің жеке және заңды тұлғаларға арналған несиелік қызметі 7-17 бет

3 Банктің депозиттік операциялары 18-22 бет

4 Дербес тапсырма: Банктің клиенттерге көрсететін ақша аудару қызметі 23-24 бет

5 СҒЗЖ: Банктің төлем карталары 25-30 бет

Қорытынды 31 бет

Пайдаланылған әдебиеттер 32 бет

 

 

Кіріспе

«Bank RBK» АҚ өз тарихын 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жеке меншік банктерінің бірі – «Мекен» банкінің негізін қалаған кезден бастап жазып келеді. 2011 жылдың қыркүйегінде «ҚазИнКомБанк» АҚ атауын «Bank RBK» АҚ деп өзгертті.Дәл осы жылы Банк филиалдық желісін кеңейтуге, өнімдер желісін жаңартуға, ІТ-жүйесін, барлық ішкі бизнес- процестерін жаңартуға, сондай-ақ клиенттік базасын кеңейтуге кірісті.

Несие несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірегей құқықтар кешенін алуды қалайтын/келешегі бар/әлеуетті франчайзи/Франчайзингтік шарт бойынша тарап, Франчайзердің бірегей құқық кешенін пайдаланушы, бұл кешенді кәсіпкерлік қызметі үшін пайдаланатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі.

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивтi операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.

Банк Қазақстандық Банкаралық есептесу орталығының қатысушысы болып табылады және өз клиенттеріне төлемдерді бір операциялық күн ішінде Қазақстандық Банкаралық есептесу орталығының Ірі Төлемдер Жүйесі және Бөлшек Төлемдер Жүйесі арқылы жүргізу қызметін ұсынады.

Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілігі Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Тұрақты» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді.

 

Bank RBK» АҚ-ның құрылу тарихы

«Bank RBK» АҚ өз тарихын 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жеке меншік банктерінің бірі – «Мекен» банкінің негізін қалаған кезден бастап жазып келеді. 1996 жылы «Мекен» жеке меншік банкі «Алаш-Банк» ЖАҚ деп атауын өзгертті, ал ол өз кезегінде 2005 жылы атауын «Қазақстанның Инновациялық Коммерциялық Банкі» акционерлік қоғамы («ҚазИнКомБанк» АҚ) деп өзгертті.

2010 жылдың аяғында акционерлер құрамы жаңартылып, Банктің даму стратегиясы өзгертілді. ҚР Ұлттық Банкі «SBS Group» өндірістік кәсіпорындар тобының басшысы Фарид Люхудзяевке Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісімін берді.

2011 жылдың қыркүйегінде «ҚазИнКомБанк» АҚ атауын «Bank RBK» АҚ деп өзгертті.Дәл осы жылы Банк филиалдық желісін кеңейтуге, өнімдер желісін жаңартуға, ІТ-жүйесін, барлық ішкі бизнес- процестерін жаңартуға, сондай-ақ клиенттік базасын кеңейтуге кірісті.

Жаңа команданы қалыптастыру және жаңа даму стратегиясын әзірлеу жауапты кезеңінде Банкті Жауарова Г.К (1962-2013) басқарып, қаржы институтының дамуына зор үлесін қосты.

2012 жылдың шілдесінде Банк Басқармасының Төрайымы болып, «Bank RBK» АҚ бас бухгалтер қызметінен Басқарма Төрайымы лауазымына үлкен қызметтік жолдан өткен Жауарова ханымның сенімді үзеңгілесі М.К. Жакубаева тағайындалған болатын.

2014 жылдың қарашасында «Фонд-Инвест» мүлікті басқару дирекциясы» ЖШС Банктің ірі қатысушысы – дауыс беретін жай акциялардың 18% иесіне айналды.

2014 жылдың қарашасында Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі Игорь Мажинов «Bank RBK» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Игорь Мажинов түрлі жылдарда «Vertex» ААҚ, «Альянс Банкі» АҚ, «Достық» қонақ үйі» АҚ, «Корпорация ХОЗУ» ЖШС басшы қызметтерін атқарды. Игорь Мажиновтың Басқарма төрағасы ретіндегі басты міндеті Банктің 2015-2017 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын іске асыру болады. Жакубаева ханым өз кезегінде Басқарма Төрайымының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл сабақтастық қағидатын ұстанып, Банктің клиенттермен және серіктестермен өзара әрекеттесудегі бірыңғай ішкі және сыртқы саясатын жалғастыруға мүмкіндік берді.

 

«Bank RBK» АҚ – теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап банк институты. Банк болашақта Қазақстан Республикасының орта банктері тобының көшбасшылар қатарында болуды жоспарлап, өз адами капиталын, инфрақұрылымын, ақпараттық технологиялары мен меншікті брендін дамытуға қомақты инвестициялар салуда.

Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттілігі Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Тұрақты» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді.

2015 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «Bank RBK» АҚ активтері – 844,4 млрд теңгені, қарыз портфелі – 581,2 млрд теңгені, міндеттемелері – 781,1 млрд теңгені, өзіндік капиталы – 63,2 млрд теңгені құрады. 2015 жылдың 9 айындағы пайдасы 3,8 млрд теңгені құрады. Бұл ретте Банк реттеушімен бекітілген барлық пруденциялық нормативтерді орындайды.

«Bank RBK» АҚ – Қазақстан қор биржасының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру Бағдарламасының серіктесі, «Агробизнес-2020» ауылшаруашылық кешені субъектілерін қаржылық сауықтандыру Бағдарламасын іске асыру аясында «НУХ «ҚазАгро» АҚ серіктесі, өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және Қазақстан Рсепубликасының индустриалды- инновациялық дамыту бағдарламасы аясында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ серіктесі, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ серіктесі, Дүниежүзілік банк аралық қаржы телекоммуникациялар қоғамдастығының (SWIFT) серіктесі , сондай - ақ Visa International принципалды қатысушысы. Банк кеңселері Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет атқарады.

«Дирекция по управлению имуществом «Фонд-Инвест» ЖШС және «SBS Group» қазақстандық өндіруші кәсіпорындар мен тау-кен өндірісі компаниялары тобының басшысы Фарид Люхудзяев– «Bank RBK» АҚ ірі қатысушылары (акционері) болып табылады. Сонымен қатар Банк акционерлерінің қатарына Динмухамет Идрисов, Кайрат Шарипбаев сиякты отандық танымал кәсіпкелерлер кіреді.