E) иммуностимуляторлық препараттар

88.Жедел ревматикалық қызбаның этиологиялық агенті болып табылады:

А) стафилококпен

B) С тобының β-гемолитикалық стрептококкпен

C) пневмококкпен

+D) А тобының β-гемолитикалық стрептококкпен

E) энтерококкпен

89. Жедел ревматикалық қызбада патогенетикалық (қабынуға қарсы) емге тағайындалады:

A) Бензилпенициллин

B) Азитромицин

C) Цефазолин

+D) Диклофенак

E) Гентамицин

90. Қыз бала, 18 жаста, жүрек тұсындағы жайсыздыққа және тұйық ауру сезіміне, тізе буындардағы ісіну мен ауру сезіміне, дене қызуының субфебрилді көтерілуіне шағымданады. 20 күн бұрын іріңді баспамен ауырған. Қарап тексергенде: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары солға қарай 1,5 см ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, ұшында систолалық шуыл. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ – 34 мм/сағ, лейкоциттер – 15,0×109/л, фибриноген – 6,8 г/л, антистрептолизин «О» 1:625 б. Электрокардиограммада - ритмі синусті, жүрек жиырылу жиілігі– минутына 60 рет, атрио-вентрикулярлы блокада I дәрежесі.

Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

A)Ревматоидты артрит

B)Қайталмалы ревматикалық қызба, митралды қақпақшаның жетіспеушілігі, Қанайналым Жетіспеушілігі (ҚЖ) IIА,ФК II

C)Ревматикалық емес миокардит, жеделдеу ағымы. ҚЖ І, ФК I

+D)Жедел ревматикалық қызба, кардит, полиартрит, ҚЖІ, ФК I

E)Жүйелі қызыл жегі, полиартрит, кардит, ҚЖІ, ФК I

 

91. Ер адам, 47 жаста, тізе буындардағы ауру сезіміне, жүрек тұсындағы қысып ауруына, жүрек қағуына, тұншығу ұстамасына, әлсіздікке деген шағымдармен ауруханаға келді. Анамнезінде – созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: тері жамылғылары бозғылт. Сирақтарда– ісіктер. Буындар өзгермеген. Жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары: оң жақ – төстің оң жақ қырынан 2 см сыртқа қарай, жоғарғы – ІІ қабырға, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 2 см сыртқа қарай. Жүрек ұшында І тон күшейтілген, систолалық және пресистолалық шуыл, өкпе артериядағы ІІ тонның акценті. Пульс – минутына 92 рет. Бауыр қабырға доғасынан 4см төмен.

Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

A)Тонзилогенді миокардиодистофия, Қанайналым жетіспеушілігі (ҚЖ) ІIА,ФК II

B)Жедел ревматикалық қызба, кардит, ҚЖ ІIА,ФК II

+C)Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қосарланған митралды ақау, ҚЖ IIБ,ФК III

D)Висцералды көріністермен ревматоидты артрит, кардит, ҚЖ ІIА,ФК II.

E)Ревматикалық емес миокардит, өршейтін ағымы, ҚЖ IIБ,ФК III.

92. Ер адам, 40 жаста, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, аяқтағы ісіктеріне, беттің қызаруына шағымданады. Жүректің салыстырмалы тұйықталуы солға қарай, жоғары қарай ығысқан, ұшында диастолалық діріл. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон күшейген, диастолалық шуыл, дұрыс ритмді. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен ұлғайған, сирақтарда ісіктер байқалады.

Жоғарыда аталған аускультативті белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?

A)Митралды қакпақшаның жеткіліксіздігі

+B)Митралды қақпақшаның стенозы

C)Аорта қақпақшаның жеткіліксіздігі

D)Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

E)Өкпе артериясының стенозы

 

93. Ер адам, 56 жаста, дәрігерге ентігуіне, аяқтардың ісінуіне шағымданып келді. Қарағанда жүректің салыстырмалы тұйықталуы төстің оң жақ қырынан 2,5 см сыртқа қарай ұлғайған, эпигастралды пульсациясы, ІV тындау нүктесінде І тонның бәсеңдеуі және систолалық шуыл.

Ең ықтимал жүрек ақауы қандай?

A)аорталді жеткіліксіздігі

B)митралді жеткіліксіздігі

C)Лютамбаше синдромы

+D)Үшжармалы жеткіліксіздігі

E). Қарыншааралық перденің кемістігі

94. Ер адам, 27 жаста, жүрек тұсындағы шаншып ауыратын ауру сезіміне, есінен танған күйге шағымданады. Бала кезінен жүрек ақауы бар. Қарағанда: тері жамылғылары боз, мойын артериялардың пульсациясы, бастың ритмді шайқауы. Жүрек ұшы түрткісі VІ қабырғааралықта, төс аймағындағы «мысық пырылы», жүрек түрткісі жайылмалы, биік. Аускультацияда: І тон бәсендеген, эпицентрі ІV қабырғааралықтағы диастолалық шуыл, төстің сол жақ қырындағы. Пульсі жоғары, жиі, минутына 88 рет. Сан артериясында екі еселенген Траубе тоны, Виноградов-Дюрозье естіледі. Артериалды қан қысымы– 140/60 мм.с.б. Бауыр ұлғаймаған.

Қандай ақауға ЕҢ ТӘН?

A)аорталды стеноз

+B)аорталды жеткіліксіздік

C)митральды жеткіліксіздік

D)қосарланған аорталды ақау

E)митралды стеноз

 

95.Қандай буындар ЖИІ ревматоидты артритте зақымданады?

A)дистальды саусақаралық буындар

+B) проксимальды саусақаралық буындар

C)бірінші алақан-саусақаралық буын

D)омыртқаның кеуде бөлігінің буындары

E) омыртқаның бел бөлігінің буындары

 

96. Ревматоидты артритпен науқастардың буындарын қарапт тексергенде ЖИІ анықталады:

A) буындар аймағының қызаруы және Бушар түйіндері

B) Бушар және Геберден түйіндері

+C) саусақтары «аққу мойындары» тәрізді және қол басының ульнарлы девиациясы;

D) осьтік артрит және «сосиска» тәрізді саусақтар

E) саусақтардың «оймақ симптомы»

 

97.Ерте ревматоидты артрит диагностикасында қандай лабораторлық маркер КӨБІРЕК маңызды болып табылады?

A)ревматоидты фактор

+B) циклдік цитруллинирленген пептидке антидененлер

C)нейтрофильді лейкоцитоз

D)анемия

E)тромбоцитопения

 

98.Ревматоидты артритпен ауыратын 36 жастағы әйелде рентгенологиялық тексергенде буын айналасындағы остеопороз, буын саңылауының тарылуы, бірлі-жарым узуралар анықталды.

Осы өзгерістер қай рентгенологиялық сатысына жатады?

A)0 сатысы

B) I сатысы

+C) II сатысы

D) III сатысы

E) IV сатысы

 

99. Больная К. 50 лет, жалуется на боли в коленных суставах, больше справа, усиливающиеся при ходьбе, утреннюю скованность до получаса. Больна в течение последних двух лет, усиление отмечает после длительной ходьбы. Об-но: коленные суставы дефигурированы, уплотнения периартикулярной ткани, явления гипертермии справа, «симптом крепитации» под рукой обследующего, объем движении в суставах сохранен. В области дистальных межфаланговых суставов обнаружены плотные узелки и подвывихи пальцев. ОАК: эр-4,2 млн., л-5,6 тыс. СОЭ-15мм/час. СРБ – отрицательный, ревматоидный фактор отрицательный. Ваш диагноз?

 

Әйел К. 50 жаста, шағымдары: тізе буындарында ауыру сезімі, оң жағынан көбірек, жүргенде күшейеді, жарты сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысу. Соңғы екі жыл бойы ауырады, аурудың күшеюі ұзақ уақыт жүрумен байланысты. Об-ті: тізе буындарында дефигурацияланған, периартикулярлы тінде тығыздану,оң жағынан гипертермия белгісі. Тексергенде: тексерушінің қол астындам крепитация, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақаралық буындарында тығыз түйіндер және саусақтарының шыққаны байқалады. ЖҚА: эр-4,2 млн., л-5,6 мың ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, ревматоидты фктор теріс. Сіздің диагноз?

A) ревматоидты артрит

B) псориаздық артрит

+C) остеоартроз

D) реактивті артрит

E) подагралық артрит

 

100. 55 жастағы ер адам – оң аяғының 1 саусағының табан башпайы буынында артрит, тізе буындарында ауыру сезімдері, ішімдік ішумен әуестенеді, көбіне сыра ішеді. Қандай ауру болуы мүмкін?

A) бруцеллез

B) қантты диабет

+C) подагра

D) вирусты гепатит

E) Рейтерауруы

 

101. 68 жастағы әйел, суға толы шелекті көтергенде арқасындағы қарқынды ауыру сезімдері пайда болуына байланысты қаралды (омыртқаның кеуде бөлімі). Ауыру сезімдері белдемелік сипатта, шамалы қозғалғанда, дене қалпын қозғалтқанда күшейеді. Қай зерттеуден диагностикалық ізденістен бастау керек?

A) омыртқаның денситометриясы

+B) омыртқаның кеуде бөлігінің рентгенографиясы

C) омыртқаның компьютерлік томографиясы

D) қан сарысуындағы кальцийді тексеру

E) остеокальцин дәрежесін тексеру

 

102.Қантты диабет диагностикалау үшін ашқарындық гликемияға қандай минимальді көрсеткіш тән?

A)≥ 5.5 ммоль/л

B) ≤5.8 ммоль/л

+C) ≥6.1 ммоль/л

D) ≥6.7 ммоль/л

E) ≤7.8 ммоль/л

 

103. 30 ж.әйел. 1-типті қантты диабетпен 10 жыл бойы ауырады. Соңғы 2 жылда көз көруі нашарлады. Сол көзі көрмейді. Еңбек болжамы қандай?

A) еңбекке жарамды, түзім сақтау

В) I топ мүгедегі

+С) II топ мүгедегі

D) III топ мүгедегі

Е) жұмысын жеңілдету

 

104. Әйел, 56 жаста, шағымдары: шөлдеу, аузында құрғау сезімі, жалпы әлсіздік, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, арықтау, көрудің төмендеуі, зәрдің артық бөлінуі. 6 айдан бері ауырады. Объективті:терісі құрғқ, қасынған іздер. Қабақтарында ксантелазмдар.Гингивит және пародонтит. Жүректе: тондар тұйықталған, ырғағы дұрыс. Пульс 102 рет минутына. Артериальды қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Іші жұмсақ кіндік аймағында.

Аталған болжама диагноздардың қайсысы МҮМКІН?

А) гиперпаратиреоз

В) феохромоцитома

С) панкреатит

D) қантсыз диабет

+Е) қантты диабет

 

105. Науқас 19 жаста, іштегі ауру сезіміне, жүрпек айну, құсу, ауыздың құрғауы, әлсіздікке шағымданады.Анамнезінен 10 күннен бері шөлдеу және полиурияның күшейгені байқалады. Бір күн бұрын жүрек айну, құсу, іштегі ауру сезімі қосылды. Науқас тежелген, сұрақтарға қиындықпен жауап береді. Терісі құрғақ, сұр. Дем шығарғанда ацетон иісі шығады. Пульс – 97 в мин. АҚ – 100/70 мм. С.б.б. Іштің эпигастрий аймағында ауру сезімі, ішастардың тітіркену синдромы әлсіз. Қанда: лейк. – 12,8 тыс., қандағы қант мөлшері – 28 ммоль/л

Қандай емдеу әдісі ең маңызды?

А) оксигенотерапия

В) витаминотерапия

+С) жай инсулинді қолдану

D) пероральды қантты төмендететін дәрілер

Е) калий препараттары

 

106. Науқас әйел 49 жаста, бас айналуға, көз алдындағы шіркейлерге, таңертеңгі беттің ісінуіне, аузының құрғауына, шөлдеуге ( тәулігіне 3 литр су ), зәр шығарудың жиіленуі (түнде 4-5 рет) шағымданады.Бірнеше жылдан бері щөлдеуді және ауыздың құрғауын байқаған, бірақ оған мән бермеген. Обьективті: беттің ісінуі. Жүрек тондары тұйықталған. Қолқа үстінде II тонның акценті. Ритм дұрыс. Пульс - 64 рет минутына. АҚ – 190/115 мм сын бағ.Жүректің сол жақ шекарасы : сол жақ бұғана ортаңғы сызық бойынша 2 см сыртқа. Төмендегі болжам әдістердің қайсысы осы диагнозға сәйкес келеді?

А)Қант диабеті 1 тип

+В) Қант диабеті 2 тип

С) Аутоиммунды қантты диабет

D) Идиопатиялық қантты диабет

Е)МОДY-диабет

 

107. 29 жас, жүкті әйел әйел кеңесі бөлімінде, 25-26 апталық жүктілік, қандағы глюкоза деңгейін 2 рет анықтады – 8,2 ммоль/л.

Төмендегі диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

А) жүктілік 25-26 апта, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы

В) жүктілік 25-26 апта, қант диабеті 1 тип

+С) жүктілік 25-26 апта, қант диабеті 2 тип

D) жүктілік 25-26 апта, гипергликемиялық кома

Е) жүктілік 25-26 апта, қалыпты ағым

 

108. Науқас әйел 37 жас, бойы 165 см, салмағы 84 кг, кездейсоқ диспансерлік тексеру кезінде аш қарынға гликемия 10 ммоль/л, глюкозурия 3%, зәрдегі ацетон теріс. Туған ағасы қантты диабетімен ауырады.

Төмендегі диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

А) Қант диабет 1 тип

+В) Қант диабет 2 тип

С) Аутоиммунды қантты диабет

D) MODY-диабет

Е) Идиопатиялық қантты диабет

 

109.Әйел 50 жаста. Шағымы денесіндегі артық салмаққа, тітіркендіргіштікке, жүрек маңындағы ауырсыну сезіміне, иррадиациясыз, жұмысқа қабілетілігінің төмендеуіне. 10 жыл бұрын етеккір циклы тоқтағанан кейін дене салмағы жоғарылаған . Дамуы қалыпты. Тәтті және нан тағамдарын жақсы көреді. Оъективті : тағам қабылдауы жоғарлаған. Бойы 162 дене салмағы 100 кг. Ішінде майда қызғылт стриялар. Тері асты шел май қабатына байланысты ішінің көлемі ұлғайған пальпацияда ауырмайды. Үлкен дәреті іш қатуға бейім, зәр шығаруы қалыпты ауырсынусыз . Перифериялық ісіктер жоқ .

Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ божамалы болып келеді ?

A) Семіздіктің I дәрежесі

B) Семіздіктің II дәрежесі

+C) Семіздіктің III дәрежесі

D) Семіздіктің IV дәрежесі

E) Жоғары семіздік

 

110. Қалыптыдағы дене салмағының диапазоны қандай?

A) Дене салмағының индексі 14,3 тен 17,3 кг/м2 дейін

B) Дене салмағының индексі 15,6 дан 32,5 кг/м2 дейін

C) Дене салмағының индексі 17,5 тен 23,8 кг/м2 дейін

D) Дене салмағының индексі 17,9 дан 42,7 кг/м2 дейін

+E) Дене салмағының индексі 18,5 тен 24,9 кг/м2 дейін

 

111.Т3, Т4-тің түзілуі қай жерде жүреді?

+A) Қалқанша безінің фолликуласында

B) Парафолликулярлы жасушаларда

C) Қалқанша мағы безінде

D) Айырша безде

E) Бүйрек үсті безінің қыртысты затында

 

112. 44 жастағы әйел. Жүрек қағуға, дірілдеуге, ыстықтау сезіміне, тынышсыздыққа, шаршағыштыққа, тершеңдікке, арықтауға, тітіркенгіштікке шағымданды. 2 айдан бері ауырады. Жүрек тондары дауысты, ритмі дұрыс. Пульс минутына 112, АҚ 150/80мм сын бб, үлкен дәреті- іш өтуге бейім.

Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ болжамалы?

A) Артериалды гипертония

B) Феохромацитома

C) Эндемиялық жемсау

D) Нейроциркуляторлы дистония

+E) Диффузды токсикалық жемсау

 

113. 41 жастағы ер адам. Жүрек соғуына, дірілдеу сезіміне, тынышсыздыққа, тершеңдікке, арықтауға, ашуланшақтыққа, іш өтуге шағымданды. 6 айдан бері ауырады. Объективті: пульсі минутына 112, АҚ 140/80мм сын бб. Жалпы қан анализі: эритоциттері 3,8*1012г/л, гемоглобин 100г/л, лейкоциттер 4,3*109, ЭТЖ 18мм/сағ, холестерин 3,8ммоль/л, ЭКГ-да синусты тахикардия, II тіркемесіндеР тісшесінің ұлғаюы, STсегментінің және Т тісшесінің V5-V6-да төмендеуі.

Таңдаулы препарат болып табылады?

+A) Мерказолил 5 мг х3 рет,ішке

B) Бисопролол 5 мг х 2 рет, ішке

C) Сорбифер Дурулес 1т х 2рет, ішке

D) Триметазидин 20 мг х 3 рет, ішке

E) Диазепам 5 мг 1т түнге қарай,ішке

 

114. Әйел 45жаста. Шағымдары: апатия, есте сақтаудың және жұмысқа қабілетінің төмендеуі, ұйқышылдық, дел-салдық. Объективті тексергенде: терісі құрғақ және қабыршақтанған, пульс минутына 52. АҚ 100/70мм.с.б. Жалпы қан анализінде: эритроцит-3,8*1012/л, гемоглобин 90г/л, лейкоцит 4,3*109/л, ЭТЖ 18мм/сағ. ЭКГ-да синустық брадикардия Р және Т тісшелерінің төмендеуі.

Көрсетілгендердің ішіндегі қайсысы болжамалы диагнозға сәйкес келеді?

А) Аутоиммунды тиреоидит

В) Жеделдеу тиреоидит

С) Диффузды токсикалық жемсау

+D) Біріншілік гипотиреоз

Е) Екіншілік гипотиреоз

 

115. Әйел 35 жаста. Шағымдары: жүректегі ауру сезімі, жүректің тез соғуы, тез шаршағыштық. Анамнезінде: ауру 4айдан бері мазалап келеді, ашуланшақ, 10кг арықтаған. Объективті тексерісте: дене бітімі қалыпты, тамаққа тәбеті төмендеген, терісі ылғалды және ұстаған кезде ыстық. Қалқанша безі ұлғайған,3ст. Бет әлпеті ісінген. Қолында әлсіз діріл байқалады. «Телеграф столбы» тәрізді симптом. Жүректің жоғарғы бөлігінде систолалық шуыл естіледі. АҚ 140/80мм.с.б. Жүректің соғу жылдамдығы мин 120.

Диагноз қою үшін көрсетілгендердің ішінде қайсы зерттеу әдісі бірінші жүргізіледі?

А) Миокардқа радиоизотопты зерттеу

+В) Т3, Т4, ТТГ деңгейін анықтау

С) Электроэнцефалография

D) Қалқанша безіне УДЗ

Е) Жүктемелік сынама

 

116. Әйел 32 жаста. Шағымдары: жүректің тез соғуы, ентігу, әлсіздік, ашуланшақтық, тершеңдік және арықтаған. Бір жылға жуық ауырған, қатты стресс алған. Объективті тексерісте: көзі жанып тұрады, саусақтарында діріл бар, Ромберг қалпында, тұрақсыз, гипергидроз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны қатты, тахикардия, жүректің соғу жылдамдығы минутына 110. АҚ 150/30, 160/40 мм.с.б. Үлкен дәреті іш өтуге бейім.

Көрсетілгендердің ішіндегі қайсысы болжамалы диагнозға сәйкес келеді?

А) Нейроциркулярлы дистония

+В) Гипертиреоз

С) Гипотиреоз

D) Феохромоцитома

Е) Біріншілік альдостеронизм

117. Паронихия-бұл қабыну:

А) саусақтың тырнақ тіндерінің асты қабынуы;

В) тырнақ маңының сызаты;

С) фаланг аралық саусақтың буын аймағындағы тіннің ;

+Д) тырнақ маңы тінінің қабынуы;

Е) саусақтардың барлық тіндерінің.

 

118.Тері астылық күбірткеде қан айналымның жылдам бұзылуының нәтижесінде дамитын жергілікті симптомдар:

А) саусақтардың терісі қара түсті

В) терілік қышыну

+С) солқылдатып ауру сезімі

Д) ісіну

Е) ауру сезімі болмау

 

119.Сүйектік күбіртке кезінде рентгенологиялық белгілер пайда болады :

А) 1-2 тәулікте

В) 1-ші аптасында

+С) 2-3-ші аптасында

Д) 5-6 аптада

Е) 7-8 аптада

 

120.Іріңді күбірткенің емханадағы негізгі емдеу әдісі:

А) жалпы антибиотикотерапия;

В) жақпалы танғыш;

С) физиотерапия;

Д) рентгенотерапия;

+Е) іріңдікті ашу

 

121.Тері асты күбірткенің операциясында емханада қандай анестезия қолданылады:

А) тамыр ішілік наркоз

+В) өткізгіштік анестезия

С) эпидуральді анестезия

Д) анестезиясыз,

Е) Инфильтрациялық анестезия.

 

122. "Түйінді" (запонки) түріндегі күбірткенің асқынуы болып табылады:

+А) буындық күбіртке

В) тері астылық күбіртке

С) терілік күбіртке

Д) Пандактилит.

Е) Паронихия

 

123. Хирург қолы С-4 (первомур) ерітіндісінде қанша уақыт өңделеді:

+А) 1 минут

В) 2 минут

С)3 минут

Д) 10 минут

Е) 5 минут

 

124. Хирург қолы хлоргексидин биглюконатыда қанша уақыт өнделеді:

+А)1 минут

В) 2 минут

С) 3 минут

Д) 5 минут

Е) 7 минут

 

125. Хирургиялық инфекцияларға қарсы бағытталған комплекстік шаралар қалай аталады:

+А) антисептикалық

В) желдету

С) ылғалды тазалап жуу

Д) сумен өңдеу

Е) дегазация

 

126. Операциялық алаңды йодонаттың қанша концентрациясымен өңдейді:

А) 0.5%

+В) 1%

С) 5%

Д) 20%

Е) 30%

 

127. Жараны өңдеу үшін қолданылатын сутегінің асқын тотығының Н2О2 концентрациясы:

+А) 3%

В) 6%

С)10%

Д) 50%

Е)34%

 

128. Жараны жуу үшін қолданылатын калий перманганатының концентрациясы:

+А) 0.1%

В) 1%

С) 5%

Д) 20%

Е) 30%

 

129.Аяқ қолдың ишемиялық өзгерістерінің қайтадан қалпына келмеу белгілері?

+А) ишемияланған аяқ қол бұлшық етінің контрактурасы

В) аяққолдыңишемияланғантерітүсініңөзгеруі

С) тереңсезімталдылықтыңбұзылуы

Д) аяққолдыңсимметриялымұздауы

Е) ауру сезімінің жоғалуы

 

130.Тамырлық стеноз - бұл:

+А) қан тамыр қуысының этиологиялық факторға байланыссыз тарылуы

В) қан тамыр қуысының облитерциясы

С) қан тамыр қабырғасының нәтижесінде тамыр қуысының тарылуы

Д) тамыр ішінен белгілі бір себептің нәтижесінде тамыр қуысының тарылуы

Е) көк қан тамыр қуысының облитерциясы

 

131. Лериш синдромына тән белгілер:

А) екі аяқтың қатты ісінуі

+В) сан артериясындағы тамыр соғуының болмауы

С) аяқ веналарының варикоздық кеңеюі

Д) жоғары алма-кезек ақсау болмау

Е) тахикардия

 

132. Облитерациялық атеросклероздың дамуына келесі этиологиялық факторлар тән:

+А) гиперхолестеринемия

В) психикалық бұзылыстар

С) темекі шегу

Д) артериялар зақымдалуы

Е) ұзақ уақыт дененің қатты тоңуы

 

133. Геморрой – бұл:

А) тік ішектің шырышты қабатының ісінуі

В)тік ішектің қабырғаларының ісінуі

+С) тік ішектің кавернозды денешіктерінің кеңеюі

Д) артқы өтістің жырығы

Е) параректалді клетчатканың созылмалы қабынуы

 

134. Тік ішектің түсуіне алып келетін факторлар:

А) адамның жасы

В) жамбас түбі бұлшықеттерінің әлсіздігі

С) артқы өтістің жырығы

+Д) ішастар ішілік қысымның жоғарылауы

Е) жынысы

 

135. «Ал қызыл» қан аралас нәжіс пайда болады:

+А)геморройда

В) тоқ ішек ісіктері

С) парапроктите

Д) тік ішек полиптерінде

Е) анустың стенозында

 

136. Созылмалы парапроктиттің тиімді зерттеу әдісі:

+А) ректоромоноскопия

В) фиброколоноскопия

С) сфинктер тонусын анықтау

Д) ФГДС

Е) Тік ішекті саусақпен тексеру

 

137.Науқас дефекация кезінде болатын ауру сезіміне және алқызыл қан болуына шағымданады. Сіздің диагноз?

А) проктит

В) тоқ ішектің ісігі

С) парапроктит

Д) тік ішек полипі

+Е) геморрой

 

138. Көрсетілген операциялардың қайсысы шағын хирургияда жасалады?

А) аппендэктомия

+В) іріңдеген атероманы ашу

С) аяқ-қолампутациясы

Д) артродез

Е) эндопротездеу

 

139.Медициналық реабилитацияның негізгі міндеттері:

А) реабилитациялықшаралардыңкешбасталуы

+В) реабилитациялық шаралардың ерте басталуы

С) жекелей көңіл бөлу (индивидуальный подход)

Д) реабилитациялық шаралардың үздіксіздігі

Е) реабилитациялық шаралардың ылғи жүргізілуі

 

140. Емханалықжағдайдадәрігер-хирургтың диспансерлік бақылауына жатпайды:

А) кеуде және іш қуысы ағзаларына операция жасағаннан кейінгі хирургиялық асқынулар

В) іштің алдыңғы қабырғасы мен іш қуысы ағзаларының аурулары

С) тоқ ішек пен тік ішек аурулары

+Д) бет- жақ аймағының аурулары

Е) сигма тәрізді ішек аурулары

 

141.Жедел госпитализацияға көрсеткіштер:

+А)жедел іш

В) таза грануляцияланған жараға екіншілік тігіс салу

С) постгастрорезекциялық синдром

Д) тері-асты абцессі

Е) созылмалы геморрой

 

142. ҚазҰМУ өңделген медициналық саладағы маманның компетенция Моделіген қай компонент «когнитивті» болып табылады:

+А) білім

В ) тәжірибелік дағдылар

С) коммуникативті дағдылар

D)құқықтық компонент

Е) үздіксіз оқыту

 

143.ЭФГДС өңештің варикозды түйіндерінен қан кетті сіздіңтактикаңыз:

+А) хирургия бөлімшесіне жедел госпитализация

В динамикада бақылау

С) гепатолог консультациясы

Д) инфузионды терапия

Е) викасол препаратын енгізу

 

144. Қысылған жарықтың өздігінен қалпына келуі кезіндегі емхана дәрігерінің тактикасы:

А) күндізгі стационарлы госпитализация

+В) стационарға госпитализациялау

С) тазартушы клизма тағайындау

Д) науқасты қайта қарап үйіне жіберу

Е) ыстық ванна тағайындау.

 

145. Блюмберг-Щеткин симптомы (синонимдер: Щёткин с-мы, Blumberg с-м; англ. reboundtenderness) – бұл:

А) сол мықын аймағын палпаторлы соққанда оң мықын аймағындағы ауырсыну сезімі

В)оң төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің аяқшаларының арасын палмпациялағандағы ауырсыну, ауырсыну төменге беріледі

С) оң қабырға доғасының қырын ұрғылағандағы ауырсыну

+D) палпациялайтын қолды кенеттен алып қалғандағы ауырсынку

Е)шап аймағын басқанда аяқтар жамбас сан және тізе буындарында бүгіледі

 

 

146. Тері рагының дамуына қандай факторлар ықпал етеді?

А) гормональды бұзылыстар

B) Эпштейн-Барр вирусы

+C)инсоляция мен радиация

D)алкоголизм

E) Битнер вирусы

 

147. Тері рагын тудыратын негізгі фактор:

А) Семіздік

+В) Жоғарғы мөлшердегі инсоляция

С) Аз мөлшердегі инсоляция

D) гормональды бұзылыстар

E) Битнер вирусы

 

148. Терінің облигатты ісік алды ауруларына жатады?

А) Дюбрейль меланозы

B) Гиршпрунг ауруы

+C) пигментті ксеродерма

D) Терінің мүйізденуі

E) Актиникалық кератоз

 

149. Терінің факультативті ісік алды ауруларына жатады?

А) Дюбрейль меланозы

B) Гиршпрунг ауруы

C) Педжет ауруы

D) пигментті ксеродерма

+ E) Актиникалық кератоз

150. Метастаз бермейтін жергілікті жерді деструкциялаушы тері рагының түрін көрсетіңіз

А) Аденокарцинома

B) Жалпақ жасушалы мүйізденетін рак

C) Жалпақ жасушалы мүйізденбейтін рак

+D) Базальді жасушалы рак

E) пісіп жетілмеген рак

 

 

151. Экстрагениталді патологиясы жоқ, жүктілігі физиологиялық жағдайда өткен жағдайда әйел консультацияға неше рет келу керек:

А)4 рет

+В)7 рет

С)10 рет

D)12 рет

Е)Өзін бақылап жүрген акушер-гинеколог шешеді

 

152. Даун ауруын анықтау үшін төменде аталған скрининг әдістерінің қай түрін қолдану керек?

А)Жүктіліктің ерте мерзімінде АХГ деңгейін анықтау

+В)Жүктіліктің ерте мерзімінде УДЗ жүргізу

С)Жүктіліктің 19-20 аптасында УДЗ жүргізу

D)Хорион биопсиясы

Е)Кордография

 

153. Преэклампсияның негізгі белгілері:

А)АҚҚ көтерілуі

В)Ісіктер

С)АҚҚ көтерілуі + ісік

D)Протеинурия

+Е) АҚҚ көтерілуі + протеинурия

 

154. Ұрық жүйке трубкасы дұрыс қалыптасу үшін әйелге жүктіліктің 12 аптасына дейін қандай препарат тағайындау керек:

А)Минералді-витамин кешені

В)Жақсы тамақтану

+С)Фолий қышқылын

D)Йод препараттарын

Е)Ұйқы және демалу режимін сақтау

155. Босанушыға босану және босану шешілгенненсоң позиция таңдау бостандығы әкеледі:

A) босану ұзақтығының қысқаруына

+B) аралық пен қынаптың жарақаттар санының азаюына

C) босану кезінде қан кетудің азаюына

D) ұрық маңайындағы судың босануға дейін кетуінің алдын алады

E)босанудың үшінші кезеңінің ұзақтығын қысқартады

 

156. Босану кезіндегі жатыр жыртылу қаупі бойынша негізгі қауіп-қатер тобы:

A) көп сулы жүктілер

+B) кесар тілігінен кейінгі жатырда тыртығы бар жүктілер

C) босану қызметі әлсіз босанушылар

D)босану қызметі артық босанушылар

E) жатыр мойнының қирургиялық түзетуден кейінгі жағдайлар

 

157. Босанып үйіне келгеннен кейін дәрігер нәрестені тексеріп келесі өзгерістерді көрді: Жалпы жағдайы қанағанаттанарлық, кіндігінің айналасы қызарған, жарасынан аз мөлшерде серозды-іріңді бөлінділер байқалады. Дәрігердің болжамалы диагнозы:

А)Баланопостит

В)Коньюнктивит

С)Отит

D)Кіндіктің грыжасы

+Е)Омфалит

 

158. Босанғаннан 12 тәуліктен кейін әйелдің дене қызуы 380 дейін көтеріліп, қалтырау, сүт бездерінде ауыру сезім пайда болды. 2 тәуліктен кейін дәрігерге көрінді. Жалпы тексеру кезінде бір жақ сүт безінде ауыру сезімді, көлемі 2х3 см. инфильтрат пальпацияланды. Диагноз:

А) іріңділік мастит

В) лактостаз

+С)сероздық мастит

D) инфильтративтік мастит

Е) флегмоноздық мастит

 

159. Босану кезінде жыртылу себебімен босанушының аралығына жібек тігіс салынған. Жіптерді нешінші тәулікте алып тастау керек:

А) 4-ші

В) 7-ші

С) 8-ші

+D) 5–ші

Е) 2-ші

 

160. Босанғаннан кейін жатыр өзінің қалыпты өлшеміне қай уақытта келеді:

+ А)8 аптадан кейін

В)10 аптадан кейін

16 аптадан кейін

D)20 аптадан кейін

Е) 22 аптадан кейін

 

161. «Босанудан кейінгі кезеңі» деп аталады:

+А) басанғаннан кейінгі 2 ай

В)нәрестені емізіп болғанша

С)босанғаннан кейін бірінші етеккір келгенге дейін

D)босанғаннан кейінгі бір ай

Е)басанғаннан кейінгі 2 апта

162. Лактостаздың емі:

+ А)балаға жиі емшек беру

В)дегидратациялық терапия

С)гипотермия

D)лактацияны тоқтаті үшін гормон тағайындау

Е)антибактериалдық терапия

163. Кефалогематомамен туған нәрестеде қандай асқыну дамуы мүмкін:

+А)кефалогематоманың инфицирленуі

В)анемия

С)ешқандай қауіп-қатер жоқ

D)тыныс алуының бұзылуы

Е)гипогликемия

 

164. Босанған әйел үйіне неше тәуліктен кейін перзентханадан шығарылады:

+А)3-ші

В)4 -ші

С)5-ші

D)6 -ші

Е)7-ші

165. Босанған әйел баласы дұрыс еме алмайтынын айтты. Әйелдің ойы – баласы жылдам шаршап қалады. Пациентіңізге қанадай кеңес бересіз:

А)Емізуді бұрынғыдай жалғастыру керек

+В)Емізуді жиілету керек

С)Емізудің арасында сауып алған сүтті беру керек

D)Қосымша тамақ беру керек

Е) Емізудің арасында 5% глюкозаның еріндісін беру керек

166. Босанғаннан 3 ай өткен соң әйел «жүктіліктен қалай сақтану керек» деген сұрақпен келді. Сіздің кеңесіңіз:

+А)екі емізудің арасы 6 сағаттан аспаса, бірінші 6 айда контрацептивтің қажеті жоқ

В)Таза гестагендік контрацептив (мини-пили тәрізді) қолдану керек

С)Депо-Провера инъекциясын салдыру керек

D)«Норплант» имплантантын тері астына енгіздіру керек

Е)Құрамында левоноргестрел бар жатыр ішілік контрацептив («Мирена») енгіздіру керек

 

167. Ерікті хирургиялық стерилизация келесі әйелдерге жүргізілу керек:

А)Бала керек-керекеместігін өзіне әлі толық шешпеген

В) Балалары жоқ әйелдер

+С)Жүктілік әйелдің денсаулығына қауіпті болған жағдайда

D)Кұйеуі осы контрацептив әдісін қолдаған жағдайда

Е)2 және одан көп балалары болса

 

168. Еvra контрацептиві деген:

А)Қосарланған ауыз арқылы қабылдайтын контрацептив

В)Қосарланған инъекциялық контрацептив

С) Таза прогестин

+D)Қосарланған контрацептивтік пластырь

Е) Қосарланған қынаптық сақина

169. Медициналық аборттан кейін әйел инъекциялық ДМПА (депо-медроксипрогестерон ацетаты) контрацептивін қолданатын болды. Бірінші инъекцияны қанашан жасау керек:

+А) Аборт жасаған күні немесе 7 күнің ішінде

В) Аборт жасар алдында

С) Аборттан 10 күн өткен соң

D)Аборттан бір ай өткен соң

Е) Аборттан 6 аптадан кейін

 

170. Әйел ҚАК қабылдайды. Бір таблеткасын қабылдағаннан 2 сағаттан кейін құсып тастады. Кеңес беріңіз:

А) Құсқаннан кейін бір дозасын қабылдап, кешке тағы бір таблеткасын қабылдау керек

+ В) Сол күні тағы бір таблеткасын қабылдау керек

С) Келесі күні екі таблеткасын қабылдау керек

D)ҚАК қабылдауын тоқтату керек

Е) Дәргерге тексерілу керек

 

171. Қосарланған оральды контрацептивтерді қабылдауына қарсы көрсеткішті атаңыз:

А) сальпингоофорит

+В) қант диабеті

С) мастопатия

D)жатыр мойынының эрозиясы

Е)18- ден жас әйелдер

 

172. 38 жастағы әйел дәрігерге келгендегі клиникалық симптомдары: метроррагия типті етеккірінің келуі. Әрігердің тактикасы:

А)Горомналді гемостаз тағайындау

+В)Гинекологиялық стационарда диагностикалық қыру жүргізу

С)Гормондардың деңгейін анықтау

D)Антибактериалді терапия

Е) Симптоматикалық терапия

 

173. Төменгі келтірілген аурулардың біреуін дәлелдеу үшін цитогенетикалық зерттеу жүргізу керек. Ол ауру:

А) Изосексуалді типті ерте жыныстық даму

В) Шетеросексуалді ерте жыныстық даму

+С)Жыныстық дамудың болмауы

D)Жыныстық даму кідіруінің церебралді түрі

Е) Жыныстық даму кідіруінің аналық бездік түрі

 

174. Пайда болу мезгіліне және клиникалық түріне қарай климактерикалық бұзылыстар келесі түрлеріне бөлінеді:

+А) ерте, орташа мезгілде пайда болатын, кеш

В)Ісіну, цефалгиялық, кризді

С)пременопаузалді, менопаузалді, постменопаузалді

D)типті, атипиялық

Е)Таза, өшіп кеткен, аралас

 

175. Климактериялық синдромның ең тиімді терапиясы :

А) Психопрофилактикалық сөйлесу

В)фитотерапия

С) Санаторлық емдеу

+D)Орынбасушы горомналді терапия

Е)Витаминотерапия

 

176. 20 жасар пациентканың анамнез жинағаннан кейін сіз оның жатыр қосалқыларының жедел қабынуына күдіктенесіз. Осы ситуациядағы сіздің тақтикаңыз:

+А)уретра және цервикал каналынан жағынды алу

В)Цитологиялық зерттеуге жағынды алу

С)УДЗ жүргізу

D)Антибактериалді терапия жүргізу

Е)Лапароскопия жүргізу

 

177. Қыз балада қабынудың қандай түрі жиі кезедеседі:

+А)Сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы

В)Ішкі жыныс мүшелерінің қабынуы

С)Жатыр ісіктері

D)Жыныс мүшелерінің ақаулары

Е)Аналық без ісіктері

 

178. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны неше жастан жүргізу керек:

А)8

+В)10

С)12

D)14

Е)16

 

179. Науқасты гинекологиялық зерттегенде сіз сол жақ қосалқысында тубоовариалді түзіліс байқадыңыз. Сіздің тактикаңыз:

А)Қабынуға қарсы ем тағайындау

В)Жабысқақ процесті жұмсартатын ем

С)Физиоем тағайындау

+D)Қалалық клиникалық аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне науқасты жолдау

Е)УДЗ бақылауымен түзілістің іріңін шығару

 

180. Педиатрдың 6 айға дейінгі дені сау балаларды диспансерлік бақылау жиілігі:

А)10 күнде 1 рет

В) Айына 2 рет

+С) Айына 1 рет

D)Тоқсанына 1 рет

Е) Жарты жылда 1 рет

 

181. Педиатрдың 6 айдан 1 жасқа дейінгі дені сау балаларды диспансерлік бақылау жиілігі:

А)10 күнде 1 рет

В) Айына 2 рет

+С) Айына 1 рет

D) Тоқсанына 1 рет

Е) Жарты жылда 1 рет

 

182. Педиатрдың 1 жастан 2 жасқа дейінгі дені сау балаларды диспансерлік бақылау жиілігі:

А) 10 күнде 1 рет

В)Айына 2 рет

С)Айына 1 рет

+D)Тоқсанына 1 рет

Е)Жарты жылда 1 рет

 

183. Педиатрдың 2 жастан 3 жасқа дейінгі ұйымдаспаған дені сау балаларды диспансерлік бақылау жиілігі :

А) 10 күнде 1 рет

В) Айына 2 рет

С)Айына 1 рет

D)Тоқсанына 1 рет

+Е) Жарты жылда 1 рет

 

184. Педиатрдың мектеп жасындағы дені сау балаларды диспансерлік бақылау жиілігі :

+А) Жылына 1 рет

В) Айына 2 рет

С)Айына 1 рет

D)Тоқсанына 1 рет

Е)Жарты жылда 1 рет

 

185. Учаскелік педиатр дені сау нәрестеге біріншілік қарауды жүргізеді:

+ А) Перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы 3 күн ішінде

В) Өмірінің 7-күні

С) Өмірінің 14-күні

D) Өмірінің 21-күні

Е) Өмірінің 28-күні

 

186.Емшек сүтіне тән:

А) Казеиннің жоғары мөлшері

В) Жоғары буферлік

С) Альфа-лактозаның болуы

D)Липазаның төмен мөлшері

+Е) Иммунологиялық қорғаныш факторларының болуы

 

187. Екіншілік гипогалактияның негізгі даму себебі:

А) Әр емізгеннен кейін сүтті сауып тастау

В)Емшекпен тамақтандырудың тәртібін сақтау

С)Ұтымды тамақтандыру тәртібі

D) Ұтымды күн тәртібі

+Е) Емізгеннен кейін сүтті саумау

188. Баланың интеллектуалды дамуына әсер ететін тамақтанудың түрі:

А) Жасанды бейімделмеген қоспалармен

В) Жасанды бейімделген қоспалармен

+С) Емшек сүтімен

D) Аралас

Е) Парентералды 189. Гипогалактия кезінде әйелге ұсынылады:

А) Сұйықтық мөлшерін шектеу

В) Ақуызды шектеу

+С) Емізу алдында 20 минут бұрын сұйықтық ішу

D) Емізу алдында 20 минут бұрын тәтті жеу

Е) Сыра ішу

190. Балаға үстеме қорек беруге көрсеткіш болып табылады:

+А)Анасында гипогалактия

В)Балада паратрофия

С) Балада құсу

D)Балада дисфагия

Е) Диспепсия

 

191.Балаға қосымша тамақты береді:

+А) Емшекпен тамақтану алдында

В) Емшекпен тамақтандырғаннан кейін

С) Емшекпен бір рет тамақтандыруды толық алмастыра отырып

D) Емшекпен тамақтандыру арасында

Е) Тамақтандырғаннан кейін 1 сағаттан кейін

 

192.Гипотрофия кезінде иммунологиялық реактивтіліктің төмендеуінің негізгі себебі қандай алмасудың бұзылуынан:

+А) Ақуыздар

В) Майлар

С) Көмірсулар

D) Минералдар

Е) Витаминдер

193. Теміртапшылықты анемияның жедел кезеңінде баланы диспансерлік бақылау жиілігі:

А) Аптасына 1 рет

+В) 2 аптада 1 рет

С) 2 айда1 рет

D) 3 айда1 рет

Е) 6 айда 1 рет

 

194. Экссудативті-катаралды диатездің патогенезінде негізгі рөлді атқарады:

+А) Гистаминнің бұлтты жасушалардан босап шығуы және шамадан тыс секрециясы

В) Лимфа түйіндерінің гипоплазиясы

С) Бүйрек үсті безінің гиперфункциясы

D) Ақуыз алмасуының бұзылысы

Е) Электролитті баланстың бұзылысы

 

195. Мешелдің ерте клиникалық белгілеріне жатады:

А) Тәбет төмендеу

+В) Тершеңдік

С) Субфебрилитет

D) Кеуде қуысының деформациясы

Е) Гипотрофия

196. Лимфатико-гипопластикалық диатезге тән клиникалық симптом:

А) Жоғары нерв қозғыштығы

В) Терідегі құрғақ, қышитын бөртпелер

+С) Әлсіздік, аз қозғалу, дене салмағының артық болуы

D) Үлкен еңбек шеттерінің аздап майысқақтығы

Е) Сулы экзема

 

197. Жүйке-артриттік диатезбен баланың генеологиялық анамнезінде көп кездеседі:

+А) Подагра

В) Ревматоидты артрит

С) ОЖЖ функционалдыбұзылыстары

D) Қант диабеті

Е) Созылмалы бронхит

 

 

198. Ерте жастағы балаларда обструктивті синдромнің негізгі себебі:

А) Бактериалды инфекция

В) Саңырауқұлақты инфекция

С) Бөгде заттар
+D)Вирусты инфекция
Е) Қарапаймдылар

 

199. Обструктивті синдром кезінде дәрілік заттарды жеткізудің қазіргі заманға сәйкес тиімді әдісі:

А) Дәрілік препараттарды парентералды енгізу
В) Дәрілік препараттарды пероралды енгізу
+С)Дәрілік препараттарды ингаляциялық жолмен енгізу
D) Дәрілік препараттарды эндотрахеалды жолмен енгізу
Е) Дәрілік препараттарды эндоназалды жолмен енгізу

 

200. 1 жастан 5 жас аралығындағы балаларда ауруханадан тыс (үй ішілік) пневмонияның этиологиясында жиі орын алады:

+А)Пневмококк

В)Пиогенды стрептококк

С)Стафилококк

D) Клебсиелла

Е)Ішек таяқшасы

 

201. Пневмонияның диагностикасында негізгі клиникалық симптом:

А) Қатты тыныс

В) Экспираторлық ентігу

+С)Локальді ұсақ көпіршікті сықырлаған сырылдар

D) Көптеген ұсақ көпіршікті құрғақ сырылдар

Е) Көптеген ірі көпіршікті сырылдар

 

202. Пневмонияларды ауруханадан тыс, аурухана ішілік деп бөлу:

А)Бала жағдайының ауырлығын анықтауға көмектеседі

В Баланы госпитализациялау туралы шешім қабылдауға критерий болып табылады

С)Балаға рентгенологиялық зерттеу жасау туралы шешім қабылдауға критерий болып табылады

D) физиотерапияны тағайындау туралы шешім қабылдауға критерий болып табылады

+Е) Пневмонияның мүмкін болатын қоздырғышын анықтауға және эмпириялы стартты антибактериалды терапияны таңдауға мүмкіндік береді

 

203. Пневмониялық үрдістің сақталуына байланысты созылыңқы пневмония диагнозы қойылады:

А)3 аптадан 4 аптаға дейін

В)4 аптадан 5 аптаға дейін

С) 5 аптадан 6 аптаға дейін

D) 6 аптадан 8 айға дейін

+Е) 6 аптадан 8 айға дейін

 

204. Функционалды диспепсияға тән патогномды белгі болып табылады :

А) Асқазан-ішек жолдарының моторикасының бұзылуы

+В)Ас қорыту мүшелерінің органикалық патологиясы

С)Ас қорыту және сіңірудің бұзылыстары

D) Ішек микробиоценоз бұзылысы

Е)Эпигастралды ауырсыну синдромы

 

205. Асқазан және 12-елі ішектің ойық жара ауруына тән ауырсыну синдромы:

А)Тұрақты ауру сезімі

В)Тағам қабылдауға байланыссыз ауру сезімі

+С)Аш қарында және түңгі ауру сезімі

D) Ауру сезімі тағам қабылдағаннан кейін жиі пайда болады

Е)бел аймағымен айналмалы ауру сезім

 

206. Балалардағы созылмалы гастродуодениттің соңғы өршуінен кейінгі диспансерлік бақылау ұзақтығы:

А)1 жыл

В)2 жыл

+С)3 жыл

D) 4 жыл

Е)Жасөспірімдер бөліміне өткізгенше

 

207.Тітіркенген ішек синдромына тән клиникалық симптом:

А)Іш қату, дефекациядан кейін жоғалмайтын іштегі ауырсынулар

+В)Үлкен дәреттің жиілігінің өзгеруімен жүретін, дефекациядан кейін жоғалатын іштегі ауырсыну мен дискомфорт

С)Өтпен тұрақты құсу

D) Шырыш және қан аралас сұйық нәжіс

Е)Тік ішектің түсуі

 

208. Созылмалы гепатитпен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы:

А) 1 жыл

В)2 жыл

С)3 жыл

D) 5 жыл

+Е) Жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенше

 

209. Созылмалы гепатиттің ремиссия кезеңінде диспансерлік бақылау жиілігі:

А) Ай сайын

В)Тоқсан сайын

+С)Жарты жылда 1 рет

D) Жылына 1 рет

Е)2 жылда 1 рет

210. II денсаулық тобына қандай балаларды жатқызуға болады:

+А)Функционалды ауытқулармен

В)Созылмалы патологиямен

С) Мешелмен

D) Темір тапшылық анемияның III дәрежесімен

Е)Созылмалы тонзиллитпен

 

211. Баланың денсаулық тобы қандай құжатта көрсетіледі:

А)059\у

В) 038\у

+С)112\у

D) 063\у

Е) 039\у

 

212. Шала туған балалар қандай топқа жатады:

+А)Жоғары қатер тобына

В)Орташа қатер тобына

С) Төменгі қатер тобына

D) Дені сау балаларға

Е)Туғаннан мүгедектерге

 

213. Қанша денсаулық тобы бар:

А)3

В) 4

+С)5

D) 6

Е) 7

 

214. Балаға үстеме қорек берудің мақсаты – мынаны қамтамасыз ету:

+А)Жеткіліксіз қоректік заттар мөлшерімен

В)Ас тұзының түсуін жоғарлату

С)Көмірсудың түсуін төмендету

D) Майлардың түсуін жоғарлату

Е) Ақуыздардың түсуін жоғарлату

 

215. Емшекпен тамақтандыруды біртіндеп алмастыратын жаңа тамақты еңгізу аталады: А) Үстеме қорек+ В) Қосымша тамақС) Жасанды тамақтандыруD) Аралас тамақтандыруЕ) Табиғи тамақтандыру 216.Баланы емшекпен тамақтандырудың ұзақтығы(мин.):

+А) 10

В) 20

С) 30

D) 40

Е) 5

217.Емшек сүтін сауып тастау қандай мақсатпен жүргізіледі:

А) Иммунитетті жоғарлату

В) Гипотрофияның алдын-алу

С) Иммунитетті түсіру

+D)Гипогалактияның алдын-алу

Е) Паратрофияның алдын-алу

 

218.Балалардағы гипотрофия дамуының пренаталды себептеріне жатады:

+А) Жүктілік кезіндегі гестоздар

В)Тұқым қуалаушылық

С)Анасының ұтымды тамақтануы

D)Ұтымды күн тәртібі

Е) Аллергия

 

219. Теміртапшылықты анемияның ремиссия кезеңінде алғашқы 3 айында баланы диспансерлік бақылау жиілігі:

А) 10-14 күнде1рет

+В)Айына 1 рет

С)Тоқсанына 1 рет

D)Жарты жылда 1 рет

Е) Жылына 1 рет

220.Витамин Д3күнделікті алдын-алу дозасы:

А) 500 ХБ

В) 800 ХБ

С) 1250 ХБ

+D) 1500 ХБ

Е) 5000 ХБ

221. Лимфатико-гипопластикалық диатезбен балаларды диспансерлік бақылауда келесі мамандар қарауы керек:

+А)Иммунолог, эндокринолог

В) Кардиолог, невропатолог

С) ЛОР, стоматолог

D) Эндокринолог, аллерголог

Е) Иммунолог, хирург

 

222. Пневмонияда антибиотиктерді тағайындаудың оптимальді мерзімі:

А) Температура қалпына келгенше

+В) Өкпедегі инфильтрат толық ыдырағанша

С) ЭТЖ қалпына келгенше

D) 4-5 күнге дейін дене температурасы толық тұрақты болғанша

Е) Дене температурасының 1 тәулікте тұрақты болғанынша

 

223. Жедел пневмониямен ауырған 3 айлық бала учаскелік педиатрдің бақылауында болады:

А)6 ай бойы айына 1 рет

В) 8 ай бойы аптасына 2 рет, содан кейін аптасына 1 рет

+С) алғашқы 6 айда айына 2 рет, содан кейін гі 6 айда айына 1 рет

D)Жыл бойына жарты жылда 1 рет

Е) 9 ай бойы 10 күнде 1 рет, содан кейін 6 бойы айына 1 рет

 

224.Рецидивті бронхитпен есептегі мектеп жасына дейінгі баланы учаскелік педиатрдың қарау жиілігі:

А) Ай сайын

+В) Тоқсан сайын

С) Жылына 2 рет

D) Жылына 1 рет

Е) Қарауға жатпайды

 

225. Созылмалы бронхитпен есептегі мектеп жасындағы баланы учаскелік педиатрдың қарау жиілігі:

А)Ай сайын

В)Тоқсан сайын

+С) Жылына 2 рет

D) Жылына 1 рет

Е) Қарауға жатпайды

226.Созылмалы панкреатитпен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы:

А) 1 жыл

В) 2 жыл

С) 3 жыл

D) 5 жыл

+Е) Жасөспірімдер бөліміне өткізгенше

227.Созылмалы панкреатитпен ауыратын балалардыдиспансерлік бақылау жиілігі:

А) Ай сайын

В) Тоқсан сайын

С)Жарты жылда 1 рет

D) Жылына 1 рет

+2Е) жылда 1 рет

228.Өт шығару жолдарының дискенезиясы бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы:

А) Өршуден кейін 1,5 жыл

+В) Өршуден кейін 2,5 жыл

С) Өршуден кейін3 жыл

D) Өршуден кейін5 жыл

Е) Жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенше

229.Гастроэнтерологиялық профильді санаториялар:

+А) Боровое, Щучинский

В) Сарыағаш,Манкент

С) Жанақорған,Мойылды

Д) Алатау, Карғалы

Е) Мерке, Рахман кілті

230.Шала туған балалар қандай топқа жатады:

+А)Жоғары қатер тобына

В) Орташа қатер тобына

С) Төменгі қатер тобына

D) Дені сау

Е) Аздаған қатер тобына

 

231.ОЖЖ патологиясының даму қаупіне жиі әкелетін себепке жатады:

А)Анасының созылмалы экстрагениталды патологиясы (пиелонефрит, холецистит,колит т.б)

В) Анасының созылмалы гениталды аурулары

С) Құрсақ маңы суының уақытынан бұрын бөлінуі

+D) Анасының жасы 16-дан кіші,40-тан жоғары

Е) Соңғы триместрде анасының ауырған жұқпалы аурулары

232. ҚІИ патологиясының даму қаупіне жиі әкелетін себепке жатады:

А) Анасының жасы 16-дан кіші,40-тан жоғары

+В) Жүктіліктің соңында болған ЖРВИ және бактериалды аурулар

С)Тырысуға қарсы дәрілік заттарды қабылдайтын балалар

D) Жүктіліктің басында болған ЖРВИ және бактериалды аурулар

Е) Жүкті әйелдің ұтымды емес тамақтануы

 

233.Жоғары қатер тобындағы нәрестеге біріншілік патронаж жүргізіледі:

+А) Перзентханадан шыққаннан кейін 1- күні

В) Перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы 3 күн ішінде

С) Перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы аптада

D) Перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы 5 күнде

Е) Перзентханадан шыққаннан кейін 10-күні

 

234.Жоғары қатер тобындағы нәрестеге учаскелік педиатр патронажды жүргізеді:

А) Аптасына1 рет

+В) Аптасына 2 рет

С) Аптасына 3 рет

D) Айына 2 рет

Е) Күнде

235.Жетіліп туған дені сау нәрестені алғашқы айда дәрігер қарайды:

А)Аптасына 1 реттен кем емес

В) Аптасына 2 рет

С) Айына 2 рет

D) Айына 1 рет

+Е) Айына 3 рет

 

236.Өлі және тірі вакциналарды егу арасындағы сақталу тиіс уақыт:

А) 1 айға дейін

В) 2 айға дейін

С) 2 аптаға дейін

D) 6 ай бойы

+Е) Сақталмайды