Нді мұхитына физ-гео сипаттама

Билет

1.Гидросфераның құрамдас бөлігі болып саналатын дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеу ежелгі өркениет орталықтары болып саналған, алғашқы теңізде жүзушілер — финикиялықтар мен мысырлықтардың, Үнді және Тынық мұхит жағалауын мекендеген ежелгі халықтардың қарапайым мәліметтерінің мыңжылдықтар бойында жинақталуынан бастау алады.«Дүниежүзілік мұхит» ұғымын география ғылымына 1917 жылы орыс ғалымы Ю.М. Шокальский енгізген болатын. Дүниежүзілік мұхит атына сәй-кес біртұтас физикалық-географиялық жүйе болып саналады, оның құрамына мұхит айдындары ғана емес, оған жалғас жатқан құрлықтардың шеткі бөлік-тері де кіреді.Дүниежүзілік мұхит географиялық қабықтың негізгі құрылымдарымен- литосферамен, атмосферамен, биосферамен және өзі құрамдас бөлігі болып саналатын гидросферамен тығыз байланыста ғана қалыптасып, дамып, түрлі сипаттағы өзгерістерге ұшырап отырады. Сондықтан да Дүниежүзілік мұхит-ты және оның суларын ғаламшарлық деңгейдегі біртұтас табиғи жүйе ретінде қарастыру қажет.Дүниежүзілік мұхит бүгінгі таңда шартты түрде төрт мұхит: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттарына жіктеледі[1].Атақты географ — Страбон еңбектерінде бiртұтас Дүниежүзілік мұхит туралы алғашқы пікірлер айтылған болатын. Алғашқы ғылыми мәліметтер антик дәуірі ғалымдарының Жер шарын құрлық пен судың арақатынасына қарай «мұхиттық» (Аристотель, Страбон, Эратосфен) және «континенттік» (Птоломей және т.б.) бөліктерге бөлуінен басталған болатын.Ежелгі гректер мен римдік теңізде жүзушілер Жерорта теңізі мен оған жалғас жатқан су айдындары бойымен бірнеше рет саяхаттап, жағалық бөлік-тер туралы өте тиянақты жазба деректер қалдырған. Оларда мұхит пен құр-лық арасындағы жылу мен ылғал балансы, Дүниежүзілік мұхит суының тұз-дылығы туралы ғылыми-анықтамалық мәліметтер сақталған. Олардың есеп-теулеріндегі көрсеткіштердің құндылығы сол, қaзipri мұ­хит суларының қаси-еттерін салыстырып, саралауға мүмкіндік береді.Орта ғасырлардың бастауында скандинавиялық теңізде жүзушілер (нор-мандар мен викингтер) Атлант мұхиты деңгейінде көптеген саяхаттар жасап, ондағы ағыстар жүйесі туралы көптеген дәйектер мен құнды мағлұматтар жинақтаған. Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеудің ең маңызды кезеңі XV-XVI ғасырлардағы географиялық ашылулармен тығыз байланысты. Ұлы геогра-фиялық ашылулар деңгейіндегі зерттеулерді сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Ис­пания бастады[2]. XV ғасырдың eкінші жартысында Португалия Атлант мұхиты аркылы Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс және оңтүстік жағалауын бойлай жүзді. 1488 жылы Бартоломео Диаш Африканың оңтүстік шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Христофор Колумбтың ұйымдастырылған экспедиция-сы Атлант мұхиты арқылы батыс бағытта жүзіп отырып, 1492 жылы Аме­рика дүние бөлігін ашты. Оның төрт саяхатының (1492-1504ж.) нәтижесінде Орта-лық Америкадағы Багам, Үлкен Антиль және Kiшi Антиль аралдары, Оңтүс-тік Американың солтүстік жағалауы ашылды. 1497-1499 жылдары португал Teңiзшici Васко да Гама Африканы оңтүс-тігінен айналып өтiп, Үндістанға апаратын теңіз жолын ашты. Ал Фернан Магеллан басқарған испан экспе­дициясы Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа өтетін жол тауып, одан әpi дүниежүзін (1519-1522ж.) толық бip рет ең бipiн-шi болып айналып шықты. XVI-XVIII ғасырларда Дүниежүзілік мұхиттың түрлі бөліктерінде көпте-ген саяхаттар ұйымдастырылып, олардың нәтижесінде алғаш рет океаноло-гия ғылымының нeriзi қалана бастады. Ондай зерттеулер қатарына 1648жы-лы С. Дежнев пен Ф. Поповтың, кейіннен В. Беринг пен А. И. Чириковтың Азияның солтүстік-шығыс жағалауын бойлай жүзіп, Азияны Америкадан бө-летін бұғазды, Тынық мұхитының солтүстік-батыс жа­ғалауын ашуын, «Ұлы Солтүстік экспедициясы» (1734-1741ж.) мен Дж. Куктың Тынық мұхит эква-ториясы бойынша жасаған үш экспедициясын ерекше атап өтуге болады. XIX ғасырдың бас кезінде болған И. Ф. Крузенштерн, Ю. Ф. Лисянский, О. Е. Коцебу, Ф. Ф. Беллинсгаузен және М. П. Лазарев экспедициялары нәтижесінде Дүниежүзілік мұ­хит табиғатының зерттеу аясы кеңейіп, мұхит табаны бойын­ша жүргізілген океанографиялық байқаулар мен зерттеулер негізінде көптеген ғылыми мәліметтер жинақталды. Антарктикалық сулар мен мұздар туралы орасан зор маңызды ғылыми ақпараттар нақтыланды.Дүниежүзілік мұхит табиғатын кешенді зерттеу XIX ғасыр­дың 60-жылдары мен XX ғасырдың ортасына дейінгі аралықта ғана жүйелі жүргізе бастады. Бұл кезеңнің соңына қарай мұхит табиғатына түбегейлі зерттеулер жүргізді. Ол зерттеулер «Челленджер», «Витязь», «Фрама» сияқты ғылыми-зерттеу экспедициялық кемелер мен Ч. У. Томпсон, С. О. Макаров, Ю. М. Шокальский, В. В. Докучаев, М. А. Рыкачов, А. В. Эверлинг, Г. Шотт сияқты ғалымдар еңбегінің нәтижесінде жинақталды[3].Дүниежүзілік мұхттың нағыз ғылыми жоспарлы дәрежесінде зерттелу кезеңі (XX ғасырдың ортасынан қaзipri кезге дейін) Дүниежүзілік мұхит табиғатын кешенді ландшафттылық зерттеулер жүргізілуімен сипатталады. Бұл жұмыстар Дүниежүзiлiк мұхит табиғатын зерттеу барысында:Компоненттік: физикалық-географиялық;Кешенді физикалық-географиялық (ландшафттылық);Палеогеографиялық зерттеулер сияқты үш бағытта жүргізілуде.Жүйeлi зерттеулерді жүзеге асыру .үшін Ресей, Франция, Улыбритания, Норвегия, АҚШ, Канада, Аустралия сияқты мұхитқа тікелей шыға алатын елдерде океонологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары көптеп ұйымдастырылды.Қaзipri таңда Дүниежүзілік мұхит табиғатын кешенді зерт­теу жұмыстары жаңа деңгейге көтеріліп, үздіксіз сипатта жүзеге асырылуда.Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеу барысында геогра­фия ғылымын-да мынадай зерттеу әдістері кеңінен қолданылады:Геожүйелік әдicЛандшафттылық-географиялық;Геофизикалық;Геохимиялық;Кибернетикалық.Палеогеографиялық әдіс1.Нағыз палеогеографиялық;2.Тарихи-географиялық.Географиялық болжау әдici1.Географиялық модельдеу;2.Картографиялық модельдеу;3.Математикалық модельдеу[4].Зерттеуге қажетті

2

3.

Мұхит Аралдары – Тының мұхиттың орталығы және оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдары тобы (10 мыңдай). Жері 1,26 млн км². Аралдар Солтүстік жарты шардың субтропиктік (28° 25’ солтүстік ендік) және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктері (52° 30’ оңтүстік ендік) аралықтарында орналасқан. Ең ірі аралдары Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия мұхит аралдары жерінің 80%-ын қамтиды. Бүкіл құрлықты дүние бөліктеріне бөлгенде мұхит аралдары Австралиямен қосылып айтылады. Халқы (Австралиясыз) 8 млн-дай (1971)

 

Билет

Сурак

Материктегі мұз басу антарктиданың аустралиядан ажырап оңтүстік полюске қарай жылжығаннан бастаған . қаыргі кезде мұздың орташа қалыңдығы 2000м шамасында ең қалың жері 4000 м-ден асады. Мқз жамылғысымен қоса есептегенде материктің орташща биіктігі барлық материктердің орташа биіктігінен 3 есе жоғары. Антаркиданы жауып жаткан муз қалқанының орталық бөлігі қалың әрі көтеріңкі,шет жағына қарай жұқарып аласұрган кумбезге уксайды. Егер осы мұздарды ерітетін болса дуние ж мухит деңгейі 32-м котеріледі.

Ал мұз астында жатқан материк бөлігін Тасты Антарктида деп атайды, оның негізін гондваналық Антарктида платформасы құрайды.

Сурак

Өзінің геологиялық даму тарихында жер кыртысы коптеген озгериске ушырады . ол озгерис жалпы атпен тау жасалу катпралау деп аталады. Бугнги танда 6 материк пен 4 мухит айдыны ажыратылганымен геологиялық нысандардын саны пішіні аумагы жер кыртысы тарихында бирнеше озгериске ушыраган. Архей пратеразой эрасында казирги материкетердин негизги фундаменти болып саналатын ежелги платформа биртутас Панталасса мухит айдынындагы шагын аралдар курап жаткан болатын.полезой эрасындағы байкал каледон герцин катпарлықтары нәтижесинде онтустик болигиндеги платформа озара биригип ГОНДВАНА материгн кураган. Будан шамамен 550 млн жыл бурн жер кыртысындагы биртутас курлық массиві осы гандвана материги болатын. Оган карама карса солтустик жарты шарда еуроамерика ангарида кытац микор континенти тузлди. Жер кытрысы козгалыстар нәтижесинде бул курылым бир бирине жакындай тусти солт. Және онт.к курлык арасында жана су айдыны пайда болды. Ол палеотетис деп аталады. Жогары таскомир мен томенги пермь аралыгында 270-290 млн жыл бурын оте куатты сипатта курлык массивтери биригип сол кезеннин суперматеригин Панегеяны тузди. Пангея (еж.-грек. Πανγαῖα — «барлықжер»)'—өте үлкен суперконтинент,полеозойдың аяғында және мезозойдың бас кезінде Жердің барлық құрлығын біріктіріп тұрды деуге болады.Есімін Альфред Вегенер ұсынған болатын.

Пангеяның өзгеру кезеңінде өте ерте континенттердің қақтығысу әсерінен тау жүйелері пайда болды.Олардың кейбіреулері біздің кезімізге дейін жетті,мысалы Орал және Аппалачи таулары.Бұл таулар қазіргі биік әрі жас Еуропадағы Альпі және Солтүстік Америкадағы Кордильера,Оңтүстік Америкадағы Анды мен Азиядағы Гималай тауларынан әлде қайда кәрі.Өте ұзақ миллиондаған жылдар бойғы қоршаған орта әсерінен Орал және Аппалачи қатты бұзылған және өте аласа.

Пангеяны қоршап жатұан алып мұхит Панталасса деген атты алады.

Пангея перм кезеңінде пайда болды және триастың соңында бұзылды.Шамамен 200-210 миллион жыл бұрын екі континентке ажырады.Солтүстік континент Лавразия соңынан Еуразия мен Солтүстік Америкаға бөлінген және оңтүстік континент Гондвана соңынан Африка,Оңтүстік Америка,Үндістан,Австралия және Антарктидаға бөлінген.

Негізінде суперконтиненттер бұдан бұрын да болғанын ескеру қажет.Мысалы 750 миллион жыл бұрын өзгеріп кеткен Родиния континенті.

Гондвана[1]— көбіне палеозойда және мезозойдың басында Оңтүстік жартышарда болған деп болжанатын алып суперконтиненті. Гондвананың Солтүстік жарты шардағы антиподы — Лавразия.

Гондвана (Орталық Үндістандағы тарихи атыраптың атауынан алынған) — орта және соңғы палеозой мен мезозойдың бастапқы кезінде болған, негізінен, Оңтүстік жарты шарды және Оңтүстік Американың басым бөлігін (Анд тауларынан шығысқа қарай),Африканы (Атлас тауынан басқа), Арабияны, Үндістан түбегін (Гималайдың оңтүстігіне карай), Аустралияны (шығысындағы таулардан батысқа қарай) және Антарктиданы қамтыған және екіншілік туындыларын өлшеу әдістерін зерттейін ғылым

Лавразия - палеозойдың орта кезінде пайда болған және Оңтүстік жарты шардың Гондвана материгінен кең теңіз алабымен — Тетис мұхитымен бөлінген жердің Солтүстік жарты шарындағы болжамды материк. Кейінірек (мезозойдың орта кезінде) Атлант мұхитының пайда болуына байланысты Лавразия екі бөлікке - Солтустік Америка мен Еуразияға бөлініп кетті

 

Сурак

Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқта болып көрінеді- оның бетінің 70% астамын су басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол Жер ауданының 360 миллион шаршы км жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың тереңдігі 10 км асады. Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.Дүние жүзілік су қоры,1360 млн.км3.Мұхиттар 1322000000 км3, мұз жамылғысы мен мұздықтар 29200000км3, еспе су 8673000 км3, өзен мен көл суы 23250 км3, су булары 13000 км3. Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Олар өзара бұғаздар арқылы қосылып, Дүниежүзілік мұхитты құрайды.Тірі организмдер бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілік етеді. Органикалық дүниесі бентос (түпкі тұрғындар), планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға (активті жүзушілер) бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 – 300 м тереңдіктегі қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай. Мұхитта планетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і мекендейді. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай кеми береді. Мұхит құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің (балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер, балдырлар, т.б.) маңызды көзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-ын береді.

 

 

Билет

1,Атлант мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған. Атлант мұхиты барлық климат белдеулерінде орналасқан. Сондықтан оның жеке бөліктерінде климат жағдайының бір-бірінен өте үлкен өзгешелігі бар. Мұхиттың үстінде Исландия және Антарктика минимумдары мен Солтүстік Атлант және Оңтүстік Атлант максимумдары қалыптасады. Оларды бір-бірінен экватор маңындағы қысымы төмен белдем бөлім тұр. Бұл климаттық белдеулер көршілес құрлықтартардың үстіндегі қысым орталықтарымен әрекеттесе отырып, екі жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік ендіктерінде солтүстік-шығыс желдердің (пассаттардың) басым болуына әсер етеді. Жазда (Солтүстік жарты шарда тамыз, Оңтүстік жарты шарда ақпан айында) экватор маңындағы ауа температурасы 26-28۫С. 60۫ солтүстік ендікте – 8-12۫С, ал 60۫ оңтүстік ендікте 0-12۫С. Қыста (Солтүстік жарты шарда ақпан, Оңтүстік жарты шарда тамыз айында) экваторда 25۫С, 60۫ солтүстік ендікте 8-12۫С-қа, ал 60۫ оңтүстік ендікте – 8-10۫С-қа дейін өзгеріп отырады. Ең қиыр солтүстік-батысында және оңтүстікте температура -25۫С-қа дейін төмендейді. Жылдық орташа жауын-шашын экваторда 2000мм-ден асады, қоңыржай ендіктерде 1000-1500 мм, ал мұхиттың шығыс субтропиктік бөліктерінде және Антарктика маңында 100 мм-ден аспайды. Мұхит түбінде, негізінен, жасыл және қызыл қоңыр балдырлар өседі. Фито-планктон бір жасушалы ұсақ балдырлардан тұрады. Зоо-планктонды, көбінесе, шаян тәрізділер құрайды. Олардың ішінде киттің негізгі қорегі –криль Антарктида жағалауында өте көп. Суық және қоңыржай белдеуінде сүт қоректілерден – кит пен жарғақаяқтылар, балықтардан – майшабақ, нәлім және қамбала кездеседі. Тропиктік белдеуде кашалот, теңіз тасбақасы, акула, ұшқыш балықтар, краб, медуза, радиолярийлер тараған. Құстардан фрегат, альбатрос, пингвин, т.б. мекендейді.

2. Құрлық табиғатының қалыптасуы мен дамуы Еуразия материгімен тығыз байланысты. Мезозой дәуірі басында солтүстік жарты шардағы кембриге дейінгі пайда болған қатпарлықтар оңтүстіктегі құрлықтармен бірігіп біртұтас праконтиненттік Пангеяны қалыптастырды.Төменгі палеозой дәуірінде платформаның солтүстік-шығысьнда жүрген тектоникалык қозгалыстар нәтижесінде Солтүстік Америка және Еуропа платфррмаларын өзара жалғастырған орасан зор құрлық пайда болды. Бұл құрылымдар Гренландияның солтүстігі мен шығысында және Аппалач тауының солтүстігінде сақталып қалды. Герциндік қатпарлану кезінде Аппалачтың шыгысы мсн оңтүстігінде, Мексика шығанағы маңында құрлық пайда болды. Мұның соңгысы синеклиза болып табылады.Бор дәуірінде Атлант мұхитының пайда болуы Оңтүстік Америка мен Африканы бөлсе, ал бордың ортасында Лавразияның бөлінуі нәтижесінде Солтүстік Америка мен Еуразияның қалыптасуына негіз болды. Бірақ, Солтүстік Америка мен Еуразия бір-бірінен толық ажырамады, олардың солтүстік бөлігі әлі біртұтас болды.Құрлық қазіргі табиғатының қалыптасуына мезозой дәуірінде болған өзгерістер үлкен әсер етті. Бүл кезде Солтүстік Америка батысында Кордильер орогенді белдеуі қалыптасып, ол мезозой жәнс кайнозойда одан әрі дамыды. Мезазойда Еуразияның солтүстік шығысы қосылды.Солтүстік Америқаның платформалық бөлігі кайнозой дәуірінің басында құрлық түрінде солтүстіктен солтүстік полюске дейін созылып , солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында Еуразиямен жалғасып жатты.

3.Тропиктік орман (гр. tropikas — өзгерген, жаңа) — субэкваторлық және тропиктік белдеулердің көп қабатты (4—5 қабат) ағаштар түзілісі. Тропиктік орман өте ертеде пайда болған, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің молдығымен ерекшеленеді (0,25 га-да ағаштардың 200-ге дейін түрі кездеседі). Онда олар шашырап таралады (бір түрдің екі ағашы қатарынан сирек өседі). Тропик тоғайда бұталар болмайды. Тропиктік ормандағы биогеохимиялық циклдер түгелдей тұйық, сондықтан топырақ түзілу процесі жұқа жер беті қабатында және өте бәсең болады. Тропиктік ормандардың көпшілігі тропиктік ылғалды ормандар.Орман белдемдері, экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде таралған.Орман белдемдерінде табиғи күйінде ағаш-бұта өсімдігі басым орын алады; ылғал артық немесе жеткілікті жағдайда қалыптасады.

 

Билет

нді мұхитына физ-гео сипаттама