Гидукуш, Памир, Қарақорым тау жүйелері

Памир (ежелгі парсы Па-и-михр – Митраның (Күн құдайының) етегі) — Орталық Азияның оңтүстігіндегі тау жүйесі. Негізінен Тәжікстан жерінде, шығыс және оңтүстік бөліктері Қытай мен Ауғанстан мемлекеттері аумағында орналасқан. Солтүстігінде Алай сырты жотасымен, оңтүстігінде Зоркөл, Памир және Пяндж өзендерімен, батысында Пяндждің меридиан бағытындағы, шығысында Сарыкөл жотасымен шектеседі. Жерорта теңізі геосинклиналінің кайнозой қатпарлығында түзілген. Тау түзілу қазіргі кезде де жалғасуда (8 – 9 баллдық жер сілкінісі). Жер бедерінің сипатына қарай Памир Батыс және Шығыс бөліктерге бөлінеді. Батыс Памирбиіктігі 6000 м-ден асатын биік жоталардан (Ғылым Академиясы, Дарваза, Бірінші Петр, т.б.), мұздықтардан (ең ірісі – Федченко мұздығы, ұзындығы 77 км) және терең өзен шатқалдарынан тұрады.

  • Ең биік жері –Самани шыңы (7495 м).

Федченко мұздығындағы гидро-станциясы

Шығыс Памир – биіктігі орташа таулы өлке; жер беті ежелгі тау жыныстарының үгілуінен тегістелген. Жұмыр тау жоталарын (Сарыкөл, Мұзкөл, т.б.) кең аңғарлар мен түбі тегіс қазаншұңқырлар бөледі.

  • Климаты биіктаулық, қатаң. Шығыс Памирде қаңтардың орташа температурасы –18ӘС, шілдеде 14ӘС. Батыс Памирде қаңтарда 7ӘС, шілдеде22ӘС.
  • Жылдық жауын-шашын мөлшесі батысында 90 – 250 мм, шығысында 60 – 120мм.
  • Памир өзендерінің көпшілігі Әмудария алабына жатады. Негізгі өзені – Пяндж. Пяндждің салалары: Гунт, Шахдара, Бартанг, т.б.
  • Ірі көлдері: Қаракөл, Шоркөл, Сарез, Зоркөл, Жасылкөл.

Шығыс Памирде биіктаулық суық шөл басым (теріскен, жусан, т.б. өседі). Батыс Памирдегі аңғарларда шөл ландшафттары тау беткейінде шөлейтке, одан жоғарыда тау даласына өтеді. Биік таулы өңірдің солтүстігінде тау шалғыны мен шалғынды дала тараған. Оңтүстігінде неғұрлым құрғақшылық жағдайда криофилдік (суыққа төзімді) аласа шөптер мен шала бұталар, ішінара альпілік өсімдіктер өседі. Өзен бойларында ағашты-бұталы тоғайлар (тал, қайың,арша) ұшырасады. Суармалы алқаптарында жүзім, грек жаңғағы, алмұрт, алма өсіріледі. Кен байлықтарынан тау хрусталі, сирек металдар, сынап, боксит, т.б. кен орындары бар.

Қарақорым – Орталық Азиядағы тау жүйесі, Жер шарындағы аса биік тау жүйелерінің бірі. Ұзындығы 800 км, орташа биіктігі 5500 м-дей. Ең биік жері – Чогори шыңы (8611 м), ол биіктігі жағынан Джомолунгма шыңынан кейін екінші орында. Қарақорым тауында Қытай мен Үндістан шекаралары түйіскен. Солтүстігінде Памир және Куньлунь, оңтүстігінде Гималайжәне Гандисышань тау жүйелерінің аралығында орналасқан.

Климаты тым континенттік. Инд өзенінің аңғарында 3500 м биіктікте орналасқан Лех елді мекеніндегі қаңтар айының жылдық орташа температурасы – 8°С, шілденің орташа жылдық температурасы 16 – 18°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау жүйесінің етегінде 100 мм-дей, 5000 м биіктікте 500 мм. Гималайға қарағанда құрғақтау болса да, мұзданудың аумағы (16,3 мың км2) үлкен. Ең ірі мұздығы – Сиачен (ұзындығы 75 км, ауданы 1180 км2). Одан басқаХиспар (ұзындығы 62 км), Биафо (59 км), Акташ (56 км), Балторо (52 км, ауданы 1227 км2) мұздықтары бар. Еріген қар мен мұздың сулары Инд және Тарим өзендерінің алабын құрайды. Тауаралық қазаншұңқырларда тұйық көлдер мен сор жерлер кездеседі.

 

Билет

1.Африка ішкі суларының таралуы-Африка- үлкен өзендер құрлығы.[1] Ол құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері – Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж.[2] Нілдің су алабының кеңдігі соншалық. ол бүкіл Африка құрлығының оннан бір бөлігін торлап жатыр. Ніл Руанда мен Эфиопияаның таулы аймақтарынан бастау алып, оңтүстіктен солтүстікке қарай қарай ағады. Оранж өзенінің төменгі бөлігі Калахари мен Намибия шөлдері арқылы ағады. Өзеннің сағасында өте бай гауһар кені бар. Асау Нигер өзені Батыс Африканың бес мемлекетінің қалқы үшін азық пен су көзі болып отыр. Африканың жиырмадан астам тайпасы тіршілігін Нигермен байланыстырып, осы өзенге үміт артады. Заир ( Конго) өзені ұзындығы жағынан әлемде бесінші орында. Ал қара құрлықта солтүстік шығыс Африкадағы Нілден кейін екінші орында. Замбези - Африканың Ніл, Заир, Нигер өзендерінен кейінгі төртінші өзен жүйесі. Ол Орталық Африкадан Үнді мұхитына қарай алты мемлекеттің жерінен ағып өтеді. Лимпопо өзені Ботсванадан бастау алады.[1] Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад.

2.Полинезия аралдарына физикалық-географиялық сипаттама-Полинезия (көне грекше: πολύς – көп + νῆσος – аралдар) — Тынық мұхиттың орталық бөлігіндегі Мұхиттық аралдар құрамындағы аралдар тобы. Полинезияның құрамына Гавайи, Туамоту, Тонга, Самоа, Пасха, т.б. топаралдар кіреді. П-да тәуелсіз мемлекеттермен қатар, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Жаңа Зеландия, Чилидің иелігіндегі аралдар бар. Жалпы аумағы (Жаңа Зеландиясыз) 26 мың км²-ге жуық. Халқы 4,5 млн. адам. П. аралдарының көпшілігі маржанды атолдардан тұрады, қалғандары жанартаулық аралдар тобына жатады. Аралдардың басым бөлігінің жер бедері таулы. Ең биік жері — Гавайи аралдарындағы сөнген Мауна-Кеа жанартауы (4205 м). Гавай, Самоа, Тонга аралдарында сөнбеген жанартаулар кездеседі. Климаты — экваторлық, тропиктік; пассат желдері басым. Жылдық орташа температура 22 — 26°С; жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1500 — 3500 мм. Таулы аралдардың көпшілігінде мәңгі жасыл субэкваторлық, тропиктік ормандар мен саванналар тараған. Кокос, банан, ананас, какао, пальма түрлері, нан ағашы, күріш, т.б. тропиктік дақылдар өсіріледі. Балық, теңіз тасбақасы ауланады, меруерт жиналады. Полинезия аралдары Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Австралияны жалғастырушы жол болып табылады. Ірі қалалары мен порттары — Гонолулу (Гавайи аралдары), Апиа (Самоа), Аваруа (Кук), т.б. Туамоту (Tuamotu), Паумоту (Paumotu) – Тынық мұхиттағы 78 маржанды аралдар мен рифтерден құралатын топарал. Франциялық Полинезияның құрамына кіреді. Аумағы (Гамбье аралдарымен бірге) 810 км². Ең ірі аралдары – Рангироа мен Факарава. Климаты – тропиктік пассатты. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 – 2200 мм. Үлкен аралдарында көбінесе – панданустар, баньяндар, кіші аралдарда – бұталар басым өседі. Кокос пальмасы, нан ағашы, банан плантациялары бар. Мал шаруашылығы, балық аулау, меруерт жинау дамыған. Басты қаласы – Ротоава (Факарава аралы). Атолл-Тайяро биосфералық қорыққоры бар. Топаралды 1606 жылы португал теңізшісі П.Кирос ашқан. Тонга Корольдігі – Тынық мұхиттың оңт. бөлігінде орналасқан мемлекет. Құрамына Тонга, Вавау, Хаапай, Тонгатапу, т.б. шағын аралдар (барлығы 172) енеді. Жер аум. 748 км2. Халқы 104 мың (2001). Ресми тілі – тонга және ағылшын тілдері. Тұрғындарының 50%-ға жуығы протестанттар, қалғандары католиктер мен жергілікті христиан-сектанттар (мормондар). Елде негізінен полинезиялық-тонгалықтар (98%), сондай-ақ ағылшындар, ағылшын-австралиялықтар тұрады. Мемлекет басшысы – король. Жоғ. заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Астанасы – Нукуалофа қ. (Тонгатапу аралында орналасқан). Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 маусым (1970). Әкімш. бөлініс жағынан 5 округке бөлінеді. Ақша бірлігі – паанга. Тонга – БҰҰ-ға, Британ Достастығына мүше. Па́сха (гр. πάσχα; ивр. פסח‎‎ — песах — мағынасы «өтіп кету»), мәсіхшілік діні бойынша Христостың қайта тірілуінің нұрлы мейрамы (орыс. Светлое Христово Воскресение) — христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы, Христостың өліп, қайта тірілуінің құрметіне тойланады. Христиан діні бойынша, Иса Мәсіх пайғамбардың «Христос» деген лауазымы бар, ол Құтқарушы және Құдайдың Ұлы.

 

3.Солтүстік Американың климаты.- Климаты

С. А. қиыр солт-те арктикалық белдеу мен оңт-нде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Батыс және шығыс жағалауының климаты мұхиттық, ішкі аудандарында – континенттік. Арктик. климаттық белдеуге Солт. Мұзды мұхит суымен қоршалған аймақ кіреді; бұл өңірдің климаты қатаң, жауын-шашынды. Субарктик. климаттық белдеудің батыс бөлігінің жауын-шашыны мол, қысы жылы, жазы салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) жұмсақ, өте ылғалды (бат-нда), қоңыржай континентті (шығ-нда). Субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы –36°С-тан (солт-нде) 20°С-қа дейін (оңт.) артады. Ең төм. темп-ра – 64°С (Аляска мен Канаданың солт.-батысында) және – 70°С (Гренландияда) байқалды. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солт.) 32°С-қа дейін (оңт.). Ең жоғ. темп-ра – 56,7°С Ажал аңғарында (Батыс жарты шардағы ең жоғ. көрсеткіш) байқалды. Жылдық жауын-шашын мөлш. Аляска мен Канаданың батыс жағалауы мен АҚШ-тың солт.-батысында 2000 – 3000 мм, құрлықтың оңт.-шығысында 1000 – 1500 мм, Орт-ндағы жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды.

Билет