Анд тау жүйесіне физикалық-географиялық сипаттама

Анд таулары, Анд Кордильерасы – Жер шарындағы ең ұзын (9000 км) тау сілемі, ең алып Кордильера тау жүйесініңОңтүстік Америкадағы бөлігі. Ол Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауын бойлай, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла жатқан тау тізбектен тұрады.

Геологиялық құрылымы

Анд таулары Анд (Кордильера) геосинклинальдық қатпарлану белдеуінің (альпілік қатпарлану кезінде) қайта көтерілген кезіндегі жас таулар. Сондықтан қазіргі кезге дейін жиі болып тұратын күшті жерсілкінулер олардағы тектоникалық процестердің әлі де тоқтамағанын көрсетеді. Мұнда бірнеше сөнбеген жанартаулар бар. Олардың ішінде Жер шарындағы ең биік сөнбеген жанартау ошағы – Льюльяйльяко (6723 м) осында орналасқан.

Жер бедері

Жер бедерін меридиан бойымен созылып жатқан, ішкі тау аңғарлары мен үстірттерден тұратын жоталар тізбегі құрайды. Олар табиғи ерекшеліктері мен геоморфологиялық құрылысына қарай: Кариб Анд таулары, Солтүстік-Батыс Анд таулары, Эквадор Анд таулары, Перу Анд таулары Чили-Аргентина және Патагония Анд таулары болып бөлінеді. Бұл таулардың қатпарлы-жақпарлы тік құламалы шатқал беткейлерін көптеген өзен аңғарларымен тілімденген. Орта тұсында ені кең болып келген Пуна таулы үстірті орташа биіктігі 4000 м болатын ішкі аймақты құрайды.

 

Су торабы, климаттық белдеулері

Анд тауының осы тұсында тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған көлдер жиі кездеседі. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең биік орналасқан Титикака көлі (3812 м) осында орналасқан. Анд таулары 6 климаттық белдеуде (экваторлық, солтүстік және оңтүстік субэкваторлық, тропикалық, субтропикалық және қоңыржай) жатыр. Тау жүйесі арқылы Амазона, Парана,Ориноко, т.б. өзендер бастау алатын мұхитаралық суайрық өтеді. Экваторға жақындау орналасқан климат белдеуі аймағында жауын-шашын өте көп жауады (3000-6000 мм). Анд таулары – хин ағашының, кок, картоп, т.б. құнды да дәрілік өсімдіктердің отаны. Анд таулары жануарлар дүниесіне өте бай.[1]

 

Билет

1, Антарктика – ең соңғы ашылған материк. Белгісіз оңтүстік жерлің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден-ақ белгілі болған. Дегенмен еуропалық теңізшілердің осы бағытта жасаған көптеген саяхаттары сәтсіздіктерге ұшырап, мақсатына жетпеген. 1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Дж. Кук Антарктика жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ.

Антарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф.Ф. Беллинсгаузен мен М.П. Лащзарев басқарған «Восток» және «Мирный» желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктика материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиканың ашылған күні болып табылады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия және басқа көптеген елдер Антарктиданы зерттеу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырылды. Жүйелі зерттеулер Халықаралық геофизикалық жыл (1957-1958 жылдар) бағдарламасы негізінде Ресей мен 11 ел материк пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, бірлесе жүргізуінен басталды.

2,

Дүниежүзілік мұхит суларының беткі ағыстарының көмегімен мұхит суларының өзара айналысқа түсуі мұхит пен атмосфера арасындағы тереңдегі және беткі сулар арасындағы тропиктер мен полярлық облыстар арасындағы жылу мен ылғал айналымын басты жолдарын анықтайды. Ағыстар тем-ң жылдық көрсеткіштеріне ғана емес амплитуданың ауытқуына да әсер етеді. Бұл жылы және суық ағыстар кездесетін аудандарда ағыстар бағыты жыл ішінде өзгеретін жағдайларда айқын байқалады. Атлант мұхитындағы Гольстрим және Лабрадор ағыстары тынық мұхиттағы Куросио мен Оясио ағыстарының бір-бірімен түйісетін аудандарында түрлі климаттық аномалиялардың жүруіне себепші болады. Гольстрим, Куросио, солт. тынық мұхиттық ағыстардың бойымен қалыптасқан циклондар біртіндеп жылжып отырып, материктер жағалауына жойқын дауылдар мен күшті толқындар қалыптастырып, мол ж-ш әкеледі. Ал суық ағыстар үстінде тұрақты ж-ш түсуіне кедергі болады. (Атакама, Намиб жағалық шөлдері.) Жылы және суық ағыстар кездесетін аймақтарда атмосфералық фронт аймақтары түзіліп, тұманды ауа райы қалыптасып, бұлттылықтың артуы байқалады.Эль-Ниньо жылы ағысының әрекеті күшейген де дауылдар жиілейді, биік толқындар пайда болады. Жер шарының көптеген аудандарында тем-мен ж-ш көрсеткіштері өзгереді. 20ғ да Эль -ниньо 8 рет қайталанған. 1982 жылы және 1997 жылдары болған құбылыс осы ғасырдағы ен апатты сипат алған .    
   

3Арабия түбегі , Арабия — Оңтүстік-Батыс Азияда орналасқан дүние жүзіндегі ең ірі түбек (ауданы 3 млн. км²). ОлЖерорта, Қызыл, Арабия теңіздерімен қоршалған. Құрлықтағы шартты шекарасы солтүстігінде Месопотамия ойпаты,Парсы шығанағы, Ормуз мойнағы, Оман шығанағы арқылы өтеді. Оңт. шекарасы Акаба шығанағы, Қызыл т., Баб-эл-Мандеб бұғазы, Аден шығанағы арқылы Арабия т-нің батыс жағалауымен жалғасады. А. т-не түгелімен Сауд Арабиясы,Йордания, Йемен республикасы, Оман, Бахрейн, Кувейт, Ливан, Палестина, Израиль мемлекеттері және Сирия менИрактың бір бөлігі енеді.

Жағалаулары аз тілімденген. Жерінің басым көпшілігін таулы үстірт алып жатыр. Солт. және солт.-шығыс аймағы жазық келеді. Жер бедерінің ерекшеліктеріне қуаңшылық климат зор әсер етеді. Ең биік нүктесі Йемен жерінде (ән-Наби Шаиб, биікт. 2620 м). Түбектің ең ойыс жері — Өлі теңіз ойысы. Ол теңіз деңгейінен 403 м. төмен орналасқан. А. т-нің ішкі бөлігінде ірі Руб-әл-Хали, Үлкен Нефуд, Кіші Нефуд, Сирия атты құмды шөлдер бар. Батыстан оңт-ке қарай Қызыл теңіздің жағалауын бойлай таулы аудандар (Хиджаз, Асир, Йемен), ал тектоникалық. жағынан түбекті түгелімен дерлік арабияплатформасы алып жатыр. Оның кристалды іргетасы батысында. Ал оңт.-батысы жер бетіне жақын орналасқан басқа аудандарды құрамы әр түрлі қатпарлы және көлбеу жатқан юра, бор, палеоген дәуірлерінің шөгінділерімен жабылған. Оңт-те ежелгі жанартаулық әрекеттердің іздері байқалады. Түбектің қойнауы мұнайға өте бай. Мұнайдың негізгі қорларыСауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Біріккен Араб Әмірлігінде. Жер қойнауында мұнайдан басқа алтын, түсті металдар, көмірт.б. кен байлықтары бар. А. т. — әлемдегі күн радиациясының ең көп мөлшерде түсетін жері. Сондықтан жыл бойына онда жоғары температура сақталады.

Түбектің солт. бөлігі субтропиктік, қалған бөлігі тропиктік белдеуде. Солтүстігінде қаңтардың орташа температурасы 8-40°С, оңтүстігінде 16-20°С, шілдеде 24-32°С-қа дейін, кейбір аудандарында температурасының абс. максимумы 500С-қа жетеді. Жауын-шашынның орташа мөлш. Йемен тауларының беткейлерінде 1000 мм-ге дейін. Қалған аймағында 100 мм-ден төмен. А. т-нің көп бөлігінде тұрақты ағын су болмайды. Таулы үстірттерде өзендердің құрғақ арналары (вади) тек өткінші жауындар кезінде ғана суға толады. Негізгі су қоры ретінде жер асты сулары пайдаланылады. Түбектің көпшілік бөлігінде субтропикалық және тропикалық шөлдердің құнарсыз топырағы мен сортаң топырақтары басым. Ылғалды муссондық жел өтіндегі Йемен тауларының беткейлерінде табиғи және мәдени өсімдіктер жайқалып өскен. Едәуір ылғалды тау беткейлері террасаланған, оларға жеміс ағаштары, кофе ағашы, индиго отырғызылған, дәнді дақылдарегілген. Қызыл т. бен Парсы шығанағының жағалаулық жазықтарындағы шөлдерде шұраттар (оазистер) жиі кездеседі. Ішкі облыстардағы шөл мен шөлейттерде суккулентті өсімдіктер (алоэ, сүттіген) немесе ылғалды тереңнен алатын, тамыр жүйесі жақсы жетілген бұталар мен шөптер алып жатыр. Мұнда тұяқтылардан қарақұйрық, бөкен, онагр жабайы есегі, жыртқыштардан: шиебөрі, қорқау қасқыр, тау түлкісі, каракал, қабылан, гамадрил маймылдары кездеседі. Құстардан: шіл,қараторғай, құр, бауырымен жорғалаушылардан: кобра(кеңалқым), әбжылан, гюрза, Агамалылар, хамелеон кең тараған. А. т-нде мұсылман халықтар үшін қасиетті Арафат тауы, Мекке, Медине қ-лары орналасқан.

Билет