Тынық мұхитының экологиялық проблемалары.

Тынық мұхит — көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрлықтарымен шекаралас.

Тынық мұхиты оңтүстігінен солтүстігіне 15,8 мың км, шығысынан батысына 19,5 мың км созылып жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179,7 млн км², орта тереңдігі 3984 м, көлемі 723,7 млн км³ (теңізсіз есептегенде 165,2 млн км², орта тереңдігі 4282 м, көлемі 707,6 млн км³). Тынық мұхитының ең терең жері (әлем мұхиттарының ең терең жері) 10994 м (Мариана шұңғымасы).[2] Тынық мұхитындағы 180-інінші мередиан арқылы тәуліктік сызық өтеді.

Адамдардың Тынық мұхиты жағасындағы шаруашылығы мұхит байлықтары мен жануарлары санының төмендеуіне әкеп соқты. Онсызда ХВЫЫЫ ғасырдың аяғында Беринг теңізінде теңіз сиырлары толығымен қырылған. ХХ ғасырдың басында теңіз мысықтарының жойылып кету қауіпі төнген.[30] Қазіргі ең үлкен мәселе судың мұнай өнімдерімен, ауыр металл қалдықтарымен және өндірістегі атом қлдықтарымен ластануы. Улы қалдықтар мұхит ағысымен барлық мұхитқа таралуда. Антарктида жануарларының қан құрамында да осы улы заттар табылған. АҚШ-тың 10 штаты өз қалдықтарын әлі күнге дейін теңізге тастауда. 1980 жылы 160 000 тонна улы қалдықтар теңізге тасталған, қазіргі кунде ол әрине аз мөлшерге болса да азайған.[31][32] Сондай-ақ өзендер ауыл шаруашылығында қолданылатын түрлі улы қоспаларды алып келеді, оның әсерінен мұхитта гипоксия немес өлі аймақ пайда болуы мүмкін.[33]

Тыық мұхитында пластиктен және әр түрлі қоқыстардан құралған үлкен қоқыс нүктесі пайда болған. Бұл қоқысқы нүкте Тынық мұхитының солтүстік бөлігінен Калифорния жағалауынан Гавай май жанынан Жапония жанына дейін жеткен. 2001 жылы бұл қоқыстың ауданы 1 млн км² асып, салмғы 3,5 млн жеткен, ал бұндай көрсеткіш мұхиттағы зооплантон салмағынан 6 есеге көп. Әр 10 жыл сайын бұл қоқыстың өсу үстінде.

3.амонозия табиғатының өзіндік ерекшеліктері.

Амазонка ойпаты - Оңтүстік Америкадағы, сондай-ақ жер шарындағы ең үлкен ойпат.Ауданы 5 млн км². АндыданАтлант мұхитына дейін Гвиана және Бразилия таулы үстірті аралығында, дүние жүзіндегі ең суы мол өзен - Амазонканың алабын алып жатыр. Негізінен палеозойдың теңіз шөгінділері және мезозой-кайнозойдың құрылықтағы шөгінділерімен толықтырылған Оңтүстік Америка платформасының синеклизасында орналасқан.Климаты ыстық (айлық орта температурасы -24-28С) және ылғалды (жылдық орта жауын-шашын мөлшері 1500-3000мм). Амазонка ойпаты Батыс Амазонка және Шығыс Амазонка ойпаты болып екіге бөлінеді.Батыс Амазонка ойпаты – өте кең (1600км дейін), тегіс жазық. Климаты экваториалдық, үнемі ылғалды. Өзендері баяу ағады. Пальма, гевея, какао ағаштары өседі. Батыс Амазонка ойпатында жалпақ тұмсық маймылдар, құмырсқа жегіш; қос мекенділерден тапр, пекар; құс және бауырымен жорғалаушылар көп.Шығыс Амазонка ойпатының (Риу-Негру мен Тапажос өзендері сағасынан шығысқа қарай) ені тар (350 км-ге дейін), шет жақтарында палеозойдың теңіз шөгінділері мен докембрийдің кристалды жыныстары ашылып жатады. Шығыс Амазонка ойпатыны көп тілімделген. Климаты субэкваториалдық. Селдір орман өседі, қызыл топырақты жері ойдым саванналар. Шығыс Амазонка ойпатында жануарлардан құмырсқа жегіш, бұғымазам, кеміргіштер көп. Амазонка ойпатында халық сирек қоныстанған. Негізгі қатынас жолы – өзен. Марганец, темір кені, Мадейра маңында мұнай бар. Амазоняның жалпы көрiнiсiн ылғалды-экваториалдық климат жағдайларындағы Гилея жамылғысы тегiс жапқан күлгiн-қызыл түстi латериттi топырақты кең әрi жалпақ жазық құрайды. Бiрақ, кәдiмгi экваториалды ландшафттар тек Батыс Амазонияға тән. (Риу-Негру-Пурусадан) Гвиан және Бразилия таулықыраттары арасымен қиылысатын Шығыс Амазония көршi табиғи облыстар әсерiне ұшырайды, және өтпелi субэкваториалдық ландшафттар түрлерiне ие.

Батыс Амазонка iс жүзiнде ылғалды экваториалды ландшафттың классикалық үлгiсi болып табылады. Бұл жерде оны қоршаған қыраттар арасындағы ойыс бәрiнен кең (1300 км дейiн) және терең. Экваториалдық ауа – жыл бойында үстемдiк етедi. Батыс Амазонияға жылына 3000-3500 мм жауын-шашын жауады. Жиi әрi мол сулы өзен торабы, кең ормандар ылғалдың булунуын үлкейтедi. Жоғарғы Амазоняи алабының өзен торабының жиiлiгiнен жауын-шашын шартты түрде мол түседi. Оның шығу көздерi Андылардан туындайды. Және қорек көзi аралас, мұздық-қар жаңбырлары. Сол жақ қиылуларда сәуiрден маусымға дейiн тасқын болады, және солтүстiк жартышардағы жаздың басында, оң жағында – желтоқсаннан ақпанға дейiн. Осы кезеңдерде Мараноьон ойпаттарында және жоғарғы Амазонияда болады.

Билет

1)Ресми атауы: Микронезия Федеративтік Штаттары. Микронезия (ежелгі гректің "микрос, несос" - "кіші аралдар" деген сөзінен шыққан) - Тынық мұхиттың батыс бөлігінде, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 702 км2. Астанасы – Паликир қаласы. Халқы 133 мың (2000 жылы). Ресми тілі – ағылшын, жергілікті халықтардың тілдері де кең тараған. Топ арал халқы микронезиялық және полинезиялық аталатын этнос топтардан құрылған. Тұрғындарының басым көпшілігі – протестанттар, қалғандары – католиктер. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы билік бір палаталы парламент – ұлттық конгресске жүктелген. Әкімшілік жағынан 4 штатқа (Трук, Костраэ, Понапе, Иап) бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 10 мамыр (1979 жыл). 1991 жылдан БҰҰ-ға мүше. Елде саяси партиялар жоқ. Ақша бірлігі – АҚШ доллары.

Табиғаты[өңдеу]

Микронезия аралдары геологиялық түзілу тегі жағынан әр түрлі: жанартаулық таулы аралдардан бастап, маржанды аралдарға дейін кездеседі. Кейбір аралдарда әрекеттегі жанартаулар бар. Олардың жағалауларында мәңгі жасыл бұталар, бамбук өссе, маржанды аралдарда кокос пальмалары басым. Топаралдың жануарлар дүниесі түрі жағынан да, саны жағынан да тым кедей. Жарқанат, кептерлер, қарлығаш тектес ұзын қанатты құстар кездеседі. Топаралдың батыс бөлігінің климаты – экваторлық және субэкваторлық, ал шығыс бөлігінде – тропиктік пассаттық. Айлық орташа температура 25 – 300С шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 1500 – 4000 мм. Шығыстағы аралдарда нөсер жауындар жиі жауады. Негізгі табиғи қорлары: ағаш, фосфорит, теңіз өнімдері.

Өсімдіктер дүниесі[өңдеу]

Аралдардың басым бөлігінде мәңгі жасыл тропиктік ормандар, жағалауларында мангур нуы , кокос пальмасы, бамбук өседі. Маржан рифтерінен түзілген аралдарда өсімдіктер аз.

Жануарлар дүниесі[өңдеу]

Аралдардың жжануарлар дүниесі өте жұпыны. Негізінен ұсақ кесіртке, тасбақа, құстардың алуан түрлері мен жәндіктер тіршілік етеді.Теңізде балық түрлері көп.

ТарихыМикронезия аймағын адамдар б.з. 1-мыңжылдығында қоныстана бастады. Микронезия аралдарының бірқатарын (оның ішінде Каролин аралдары да бар) 1525 жылы португалдар ашты. Бірақ 1528 – 29 жылы А. Сааведраның экспедициянан кейін испандар аралдарды басып ала бастады. Аралдар 16 ғасырдың ортасынан бастап 1899 жылға дейін испандықтардың отарлық иеліктері болып келді. 1899 жылы Германия Микронезияны Испаниядан сатып алды. 1914 жылы елді Жапония басып алып, 1919 – 45 жылдары мандаттық жүйе арқылы басқарды. 2-дүниежүзілік соғыста Жапонияның жеңіліске ұшырауына байланысты аралдар БҰҰ-ның қамқорлығына өтіп, 1947 жылы АҚШ-тың басқаруына берілді. 1979 жылы 10 мамырда Микронезия Федеративтік штаттары болып жарияланды да, аралдарға өзін-өзі басқару құқығы берілді. Ал 1991 жылы тәуелсіз мемлекетке айналды.

Полинезия (көне грекше: πολύς – көп + νῆσος – аралдар) — Тынық мұхиттың орталық бөлігіндегі Мұхиттық аралдар құрамындағы аралдар тобы. Полинезияның құрамына Гавайи, Туамоту, Тонга, Самоа, Пасха, т.б. топаралдар кіреді. П-да тәуелсіз мемлекеттермен қатар, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Жаңа Зеландия, Чилидің иелігіндегі аралдар бар. Жалпы аумағы (Жаңа Зеландиясыз) 26 мың км²-ге жуық. Халқы 4,5 млн. адам. П. аралдарының көпшілігі маржанды атолдардан тұрады, қалғандары жанартаулық аралдар тобына жатады. Аралдардың басым бөлігінің жер бедері таулы. Ең биік жері — Гавайи аралдарындағы сөнген Мауна-Кеа жанартауы (4205 м). Гавай, Самоа, Тонга аралдарында сөнбеген жанартаулар кездеседі. Климаты — экваторлық, тропиктік; пассат желдері басым. Жылдық орташа температура 22 — 26°С; жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1500 — 3500 мм. Таулы аралдардың көпшілігінде мәңгі жасыл субэкваторлық, тропиктік ормандар мен саванналар тараған. Кокос,банан, ананас, какао, пальма түрлері, нан ағашы, күріш, т.б. тропиктік дақылдар өсіріледі. Балық, теңіз тасбақасы ауланады, меруерт жиналады. Полинезия аралдары Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Австралияны жалғастырушы жол болып табылады. Ірі қалалары мен порттары — Гонолулу (Гавайи аралдары), Апиа (Самоа), Аваруа (Кук), т.б.

 

2)Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі,Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.

  • 2) Солтүстік Азия (Ресей федерациясы);
  • Батыс Азия (Кипр, Түркияның негізгі бөлігі, Иран, Ауғанстан, Сирия, Ливан, Израиль, Иордания, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Оман, Йемен Араб Республикасы (ЙАР), Йемен Халық Демократиялық Республикасы (ЙХДР) сияқты Таяу және Орта Шығыс Азия мемлекеттері құрайды);
  • Оңтүстік Азия (Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Бутан, Непал, Мальдив Республикасы);
  • Оңтүстік-Шығыс Азия (Мъянма, Таиланд, Малайзия, Сингапур, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Филиппин, Индонезия,Бруней, Шығыс Тимор);
  • Орталық Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан.)
  • Шығыс Азия (ҚХР, МХР, КХДР, Оңтүстік Корея, Жапония) болып бөлінеді.

 

Азиялық Жерорта теңіз алқабы. 35
2.4.3 Кіші Азия тау қыраты. 37
2.5 Оңтүстік Батыс Азия. 39
2.5.1 Аравия түбегі. 39
2.6 Орталық Азия. 40
2.6.1 Оңтүстік Монголия мен Солтүстік Қытай. 40
2.6.2 Солтүстік – Батыс Қытай. 41
2.7 Биік Азия. 41
2.7.1 Гиндукуш және Қарақорым. 42
2.7.2 Куньлунь – Алтынтаг – Наньшань жүйесі. 42
2.7.3 Тибет тау қыраты. 43
2.8 Шығыс Азия. 43
2.9 Оңтүстік және оңтүстік – шығыс Азия.

3)Ганг, Га́нга (хинди गंगा, [ˈɡəŋɡaː] (ақп.)), — әлемде суы мол өзен, Амазонка мен Конго кейiн және ен ұзын (Ұзындығы — 2700 км) оңтүстік азияда. Өзен Батыс Гималайда басталады, одан ары солтүстік-шығыста Инд-Ганг ойпатыда ағады және Бенгал шығанаққа құйяды. Өзенінің бассейн ауданы — 1 060 000 км². Бұрынғы уақыттан бері өзен қасиет болып тұр. Оның жағасында әр-түрлі қажылық жасайды. Біздің күнге дейін Индуисттер өзенде ырымдарды жасайды. Өзен жер суару пайдаланады және ол кеме жүреді. Гангтың бассейні 1 миллион аса км², мүнда өте көп адамдар тұрады. Үндістанның алғашқы премьер-минстрі — Джавахарлал Неру Үндістанды аша 1946 жылда жазылды:

Үнді (жоғарғы жағында Синги (Шицюаньхэ), Сенгге-Дзангбо, тиб. — Оңтүстік Азиядағы ең ірі өзен, Қытайдағы Гималай және солтүстік-батыс Үндістан мен Пәкістан аумақтары арқылы ағады. Бастауы Тибет үстіртінде, сағасы - солтүстік Арабия теңіздің, Карачи қаласының маңында орналасқан. Үнді өзенінің ұзындығы - 3180 км, бассейнінің ауданы - 960.800 км²

Үнді-Ганг жазықтығы (Һинди тілінде: Sindh Ganga ka Maidan) солтүстік және шығыс Үндістанның, Пәкістанның халық ең тығыз қоныстанған аймақтарын және Бангадешті түгел дерлік қамтып жатқан ауқымды және топырағы құнарлы аллювийлі жазықтық. Бұл аймақ өзін сумен қамтамасыз ететін Инд және Ганг өзендерінің аттарымен аталған.

Үнді-Ганг жазықтығы солтүстік жағынан Гималай тауларымен шектелген. Оның көптеген өзендері Гималайдан бастау алады. Екі үлкен өзен жүйесінің бүкіл аймаққа алып келетін құнарлы аллювиінің көзі де сол. Жазықтықтың оңтүстік жағы Виндхъя және Сатпура тау жотасымен және Чота Нагпур платосымен көмкерілген. Батысында Иран платосы орналасқан.

Бұл аймақ Жер ғаламшарындағы ең тығыз қоныстанған аймақтардың бірі. Онда шамамен 900 миллион адам тұрады, бұл бүкіл Жер тұрғындарының 1/8-ін құрайды.

Билет

1 Солтүстік Америка бірінші ұлттық саябақ

Грейт-Смоки-Маунтинс ұлттық саябағы [1](ағылш. Great Smoky Mountains National Park, ХФӘ [gɹeɪt ˈsməʊki ˈmaʊn. tənz ˈnæʃənəl pɑɹk]) — Аппалачи тау жүйесініндегі Грейт-Смоки-Маунтинс (сөзбе-сөз қаз. Ұлы түтінді таулар деп аударуға болады.) үстіртінің негізгі аумағында орналасқан, биосфералық резерватының құрама бөлігі және ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұра тізіміне енген табиғи нысан болып саналатын ұлттық саябақ. Саябақтың әкімшілік орналасуы — Солтүстік Каролина және Теннесси штаттары, үстірттің ортасынан өтетін шекарасы. АҚШ ұлттық саябақтар қызметінің федеральдық ақпаратына қарай, Грейт-Смоки-Маунтинс бұл елдiң аумағындағы келушілер саны бойынша саябақтардың ішінде алдыңғы қатарда.[2] Мысалы, 2007 жылы бұл саябаққа келушілер саны 9,4 миллионға жетті, бұл көрсеткіш Гранд-Каньон саябағына келушілер санынан екі есе көп болып келеді.[3] Қорық аумағында АҚШ-тағы ең танымалылардың бірі болып келетін Аппалач таулы жүйесі арқылы Мэн штатынан Жорджия штатына дейін өтетін әлемдегі ең ұзын үздiксiз жаяу жүргіншілерге арналған Аппалач соқпағы өтеді.1934 жылы АҚШ Конгресінің қаулысымен саябақ құрылып, 1940 жылы саябақтың салтанатты ашылуын АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельт жариялады.[4]Саябақ АҚШ-тың шығыс аймағындағы iрi қорғалатын табиғи аймақтарының бiрi болып табылады. Саябақтың жалпы аумағы, 2108 км² құрайды. Қорықтың ең басты кіре берісінде Гетлинбург және Чероки қалаларын жалғайтын U.S. Highway 441 (саябақтың маңында Newfound Gap Road деп аталады) магистралі өтеді.

Орналасуы: Грейт-Смоки-Маунтинс ұлттық саябағы, Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі Аппалачи тау жүйесіндегі өзі аттас үстіртінің бөктерінде орналасқан. Саябақ аумағы Солтүсік Каролина және Теннесси штаттарының бірнеше аймақтарына бағынады: Свейн, Хейвуд, Севьер, Блаунт және Кок. Саябақ шамамен штаттар арасында тең бөлінген: 1118,32 км² (276 344 акра) жері Солтүсік Каролинаға жатса, 990,44 км² жері (244 742 акра) — Теннессиге кіреді.[5] Саябақты басқаруымен федеральды мекеме — АҚШ ұлттық саябақтар қызметі айналысады. Саябақ шығысында және онтүстігінде мемлекеттік қорық мәртебесіне ие National Forest, тағы бірнеше қорық аймақтарымен шектеседі: Чероки, Писга және Нантахала. Оңтүстік-шығысында орталығы Чероки қаласы болып келетін, Куалла-Боундари үндіс резевациясымен шектеседі. Сонымен қатар, саябақтың айналасында Гетлинбург, Пиджон-Фордж, Севьервилл, Таунсенд, Брайсон-Сити және Сылва елді мекендері орналасқан.

2 СОЛТҮСТІК Америка климаты:

Климаты

С. А. қиыр солт-те арктикалық белдеу мен оңт-нде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Батыс және шығыс жағалауының климаты мұхиттық, ішкі аудандарында – континенттік. Арктик. климаттық белдеуге Солт. Мұзды мұхит суымен қоршалған аймақ кіреді; бұл өңірдің климаты қатаң, жауын-шашынды. Субарктик. климаттық белдеудің батыс бөлігінің жауын-шашыны мол, қысы жылы, жазы салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) жұмсақ, өте ылғалды (бат-нда), қоңыржай континентті (шығ-нда). Субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы –36°С-тан (солт-нде) 20°С-қа дейін (оңт.) артады. Ең төм. темп-ра – 64°С (Аляска мен Канаданың солт.-батысында) және – 70°С (Гренландияда) байқалды. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солт.) 32°С-қа дейін (оңт.). Ең жоғ. темп-ра – 56,7°С Ажал аңғарында (Батыс жарты шардағы ең жоғ. көрсеткіш) байқалды. Жылдық жауын-шашын мөлш. Аляска мен Канаданың батыс жағалауы мен АҚШ-тың солт.-батысында 2000 – 3000 мм, құрлықтың оңт.-шығысында 1000 – 1500 мм, Орт-ндағы жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды.