СурақАнтарктидада кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі[өңдеу]

Антарктидадағы тіршілік дүниесі өте жұтаң. Онда теңіз құстарының 13 түрі, антарктикалық суларда итбалықтардың – теңіз пілі, теңіз мысығы, Уэдделл итбалығы, шаян жегіш итбалық және теңіз қабыланы деп аталатын 5 түрі мекендейді. Құрлықтың нағыз жағалаулық бөлігінде пингвиндердің император және Адели атты түрлері тіршілік етеді.

Өсімдіктері негізінен мүктер (75 түрі), қыналар (300-ге жуық түрі) және балдырлардан (қызыл, жасыл, көк-жасыл, сары балдырлар) құралған. Антарктида түбегінде аласа гүлді өсімдіктердің 10 шақты түрі кездеседі, олар шұраттарда шағын шалғынды алаңдар түзеді.

 

№21

1)Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар да ықпал жасаған. Мұз басудың ізі әр жерде-ақ байқалады. Ағысы қатты болғандықтан өзендердің табан эрозиялық әрекеті де күшті, сондықтан өзен аңғарлары шатқалды, құзды болып келеді. Қазақстанның Жетісу, Іле, Күнгей Алатаулары альпілік қатпарлықта көтерілген. Алыпі қатпарлығында тектоникалық әрекеттердің аса қаркынды жүруі бұл белдеуге көршілес орналасқан ежелгі тау құрылымдарының қайта жаңғыруына, көтерілуіне себепші болды.

Бұл күштер неотектоникалық қозғалыстар деп аталады, себебі бұл қозғалыстар әсерінен терең тектоникалық жарықтар пайда болып, салыстырмалы түрде ежелгі құрылымдар қозғалмалы (сейсмикалық) аудандарға айналды. Неотектоникалық қозғалыстар Тянь-Шань, Алтай, Саян, Байкал тау жүйелерін қамтыды, олардың әсерінен бұл аймақтарда тауаралық ірі қазаншұңқырлар қалыптасты.

2) Оңтүстік Америка экватордың екі жағында жатыр, бірақ оның негізгі бөлігі оңтүстік жарты шарда жатыр. Материктің ең енді бөлігі тропиктердің аралығында, субтропиктік және қоңыржай ендіктерде оның енсіз және тілімденген шеті жатыр.
Солтүстік Америкадағы сияқты Оңтүстік Америка да оның орографиясы климат құрудағы маңызды факторы болып табылады. Атлант мұхиты жағынан келетін ауа тасқындары батысқа Анд тауының етегіне дейін еркін өтеді. Батыста және ішінара солтүстітен Анд тосқауылы Тынық мұхит пен Кариб теңізінен келетін ауа ағындарының қозғалысына әсерін тигізеді.
Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі үшін атмосфера циркуляциясының аса маңызды типі – екі жарты шардың пассаттық циркуляциясы. Біршама ылғалды тропиктік ауа массалары атланттық максимумдардың батыс шеттері арқылы шығады. Бұл ауа материктің түпкіріне қарай жылжи және ылғалының дәуір бөлігін Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының шеткі жағына бере отырып трансформацияға ұшырайды.
Материктің шығыс шетінде, экватордан оңтүстікке қарай солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың пассаттары кездеседі, ал батысқа таман жатқан аудандарда әр жарты шардың жазғы кезінде пассат тасқындарының басқа жарты шарға ауысуы және муссон желдерінің түзілуі байқалады.
Материктің қиыр оңтүстігіне батыстан мұхиттық ылғалды ауа келеді. Сөйтіп, Тынық мұхит жағалауында, әсіресе Анд тауының батыс беткейлерінде жауын-шашын мол болады, ал Анд тауының қалқасында жатқан және шығысынан салқын ағыс өтетін Патагония қоңыржай ендіктердің біршама құрғақ континенттік ауа массалары қалыптасатын орталығына айналады.
Африка сияқты, Оңтүстік Американың да негізгі бөлігі экваторлық, субэкваторлық және тропиктік климат белдеулерінде жатыр. Ол қиыр оңтүстігінде субтропиктік және қоңыржай белдеулерге кіреді. Бірақ бұл белдеулердің ені және олардағы әр түрлі климат типтерінің арақатынасы Африкадағыдан басқаша.
3) Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн. км2. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Аустралияға ең таяу жатқан Жана Зеландиядан басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия деп атайды. Меланезияға Жаңа Гвиңея, Соломон аралдары, Жаңа Каледония т. б. кіреді. Ең оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге түседі. Мұхиттық аралдарды бірнеше бөліктерге бөледі: Батыстағы ең ірі аралдар тізбегін Меланезия деп атайды. Меланезиядан солтүстікке қарай жатқан аралдар тізбегін Микронезия деп атайды. Ресми атауы: Микронезия Федеративтік Штаттары. Микронезия (ежелгі гректің "микрос, несос" - "кіші аралдар" деген сөзінен шыққан) - Тынық мұхиттың батыс бөлігінде, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 702 км2. Астанасы – Паликир қаласы. Халқы 133 мың (2000 жылы). Ресми тілі – ағылшын, жергілікті халықтардың тілдері де кең тараған. Топ арал халқы микронезиялық және полинезиялық аталатын этнос топтардан құрылған. Тұрғындарының басым көпшілігі – протестанттар, қалғандары – католиктер. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы билік бір палаталы парламент – ұлттық конгресске жүктелген. Әкімшілік жағынан 4 штатқа (Трук, Костраэ, Понапе, Иап) бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 10 мамыр (1979 жыл). 1991 жылдан БҰҰ-ға мүше. Елде саяси партиялар жоқ. Ақша бірлігі – АҚШ доллары.

Билет

1.Өлі теңіз (арабша Бахр-Лут) – Таяу Шығыстағы, Иордания мен Израиль жеріндегі ағынсыз тұзды көл. Гхор тектоникалық ойысына, теңіз деңгейінен 395 м төмен (жағалауы – құрлықтағы ең төменгі жер) орналасқан. Ауданы 1050 км², ұзындығы 76 км, ең терең жері 356 м. Өлі теңіз жағалауы шөлді, кей жерлері жартасты. Негізінен Иордан өзінің суымен толығады. Дүние жүзіндегі ең тұзды көлдердің бірі. Суының орташа тұздығы 260 – 270‰, кей жылдары 310‰-ге жетеді. Минералды тұздар өндіріледі. “Өлі теңіз” аталуы суында органик. тіршіліктің жоқтығымен түсіндіріледі. Израиль мен Иордания шекарасында дүние жүзіндегі ең қызықты жерлердің бірі Өлі теңіз орналасқан. Оның құмсыз жағажайы туристердің мекеніне айналды десек те болады. Жұрт табиғаттың осы бір тылсым күшін көзбен көріп, адамды өзіне батырмайтын суына шомылып көргісі келеді. Дегенмен солардың көпшілігі бұл теңіздің неге дәл осылай аталғандығынан бейхабар. Өлі теңіз Жер шарындағы ең тұзды теңіз болып саналады. Осы минералдың себебінен сіз судың бетінде еш қиналмай газет оқып жата бере аласыз. Өлі теңіздегі тұздың концентрациясы бір литр суға 270 грамнан келеді. Ол тым көп көрсеткіш екендігін басқа тұзды су қоймаларындағы концентрацияның 35 грамнан аспайтындығынан біле аламыз. Мұндай үлкен көлемдегі натрий хлориді судың тығыздығын жоғарылатады.Осы шикізаттың себебінен теңізге Өлі атауы берілген. Өйткені бұндай тұзды суда микроағзалардың сирек түрлері ғана тіршілік етеді. Ал балық, моллюска мен балдыр секілді тіршілік иелері мұндай көлемдегі тұзды көтере алмайды. Теңізге түскен балықтар сол сәтте-ақ өледі екен, ал олардың денелері жағалауға шығып қалып жатады. Енді сіз бұл теңіздің көптеген тіршілік иелерін өлтіретіндігіне көзіңізді жеткіздіңіз. Айтпақшы, еврей тілінде бұл теңіз «YamhaMaved» деп аталады. Бұл «Жан алғыш теңіз» деген мағынаны білдіреді. Дегенмен Өлі теңіздің басқа, қорқынышты емес атаулары да бар. Мысалы, Лота теңізі, Шығыс, Арава, Асфальтті деген атаулар. Осынша көп тұз онда қайдан келген? Себеп осы теңізге құятын барлық сулар мен көлдердің осы жерде торға түсіп қалып, басқа жаққа ағып кете алмайтындығында болып тұр. Осылайша ағып келген сулар буға айналып шыға келеді. Ал олардың құрамындағы тұз жойылып кетпейді, теңізде қалып қояды.

2.Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды. Мұндай ізденістің басты себептері:

1492 ж. Американы ашты. Оның 4 саяхатының (1492 — 1504) нәтижесінде Орт. Америкадағы Багам, Үлкен Антиль және Кіші Антиль аралдары, Оңт. Американың солт. жағалауы ашылды.

1497 — 99 ж. португал теңізшісі Гама (Васко-да-Гама) Африканы оңт-нен айналып өтіп, Үндістанға апаратын теңіз жолын ашты (экспед-ны Африка жағалауынан әрі қарай араб лоцманы Ахмет ибн Мәжит бастап барды).

1497 ж. ағылшын теңізшісі Джон Каботт Үндістан мен Қытайға Солт. теңіз жолын іздеу кезінде Нью-Фаундленд аралдарына және Лабрадорға жүзіп барып, Солт. Американы ашуды бастады. Х.Колумбтан кейін испан және португал теңіз саяхатшылары Оңтүстік Америго Веспуччи құрлықтың жағалауларына бірнеше рет жүзіп барып, оны жаңа дүние ретінде сипаттап жазды. Бұдан әрі испан конкистадорлары Солт. және Оңт. Американың ішкі аудандарын жаулау кезінде бірқатар жаңа жерлер ашты (Э.Кортес, Х.Писарро).

1503 ж. В.Нуньес де Бальбоа Панама мойнағы арқылы Тынық мұхит жағалауына шықты. Бальбоаның жаңалығы Атлант мұхитынан “Жаңа Дүниені” айналып, “Оңтүстік теңізге” (мойнақтан қарағанда оңт-те көрінетіндіктен саяхатшылар солай деп атаған) асатын жолды іздеу туралы ой тудырды. Бұл идеяны Ф.Магеллан басқарған испан экспед. жүзеге асырды. Магеллан және оның серіктері Атлант мұхитынан жол тауып, Тынық мұхитқа өтті, онан әрі дүние жүзін айналып шықты (1519 — 1522).

16 ғ-дың ортасында Ұ. г. а. заманының бірінші кезеңі аяқталды.

16 ғ-дың 2-жартысынан 17 ғ-дың 2-жартысына дейін созылған екінші кезеңнің басында Шығыс Азия елдеріне Еуразияның және Солт. Американың солт. жағалауын айналып жүретін теңіз жолын (Солт.-шығыс және Солт.-батыс жолдарын) іздеуге байланысты геогр. ашылулар жасалды. Еуропадан Үндістан мен Қытайға баратын Оңт. теңіз жолдары Испаниямен Португалияның қолында қалғандықтан жаңадан өркендеп келе жатқан Англия мен Голландия теңіз жолын басқа жақтан, солт-тен іздеуге мәжбүр болды. Солт.-батыс жолды іздеу барысында

М.Фробишер (1576 — 1578),

Д.Дэвис (1585 — 1587),

Г.Гудсон (1610),

В.Баффин (1612 — 1616) Американың арктик. бөлігінің аралдардан тұратынын анықтады.

3Пангея (еж.-грек. Πανγαῖα — «барлықжер»)'—өте үлкен суперконтинент,полеозойдың аяғында және мезозойдың бас кезінде Жердің барлық құрлығын біріктіріп тұрды деуге болады.Есімін Альфред Вегенер ұсынған болатын. Пангеяның өзгеру кезеңінде өте ерте континенттердің қақтығысу әсерінен тау жүйелері пайда болды.Олардың кейбіреулері біздің кезімізге дейін жетті,мысалы Орал және Аппалачи таулары.Бұл таулар қазіргі биік әрі жас Еуропадағы Альпі және Солтүстік Америкадағы Кордильера,Оңтүстік Америкадағы Анды мен Азиядағы Гималай тауларынан әлде қайда кәрі.Өте ұзақ миллиондаған жылдар бойғы қоршаған орта әсерінен Орал және Аппалачи қатты бұзылған және өте аласа.Пангеяны қоршап жатұан алып мұхит Панталасса деген атты алады.Пангея перм кезеңінде пайда болды және триастың соңында бұзылды.Шамамен 200-210 миллион жыл бұрын екі континентке ажырады.Солтүстік континент Лавразия соңынан Еуразия мен Солтүстік Америкаға бөлінген және оңтүстік континент Гондвана соңынан Африка,Оңтүстік Америка,Үндістан,Австралия және Антарктидаға бөлінген.Негізінде суперконтиненттер бұдан бұрын да болғанын ескеру қажет.Мысалы 750 миллион жыл бұрын өзгеріп кеткен Родиния континенті. Кейбір деректер бойынша болашақта континенттер тағы да бір Пангея Ультима атты суперконтинентке жиналады деген болжам бар.

Жердің даму тарихында материктер мен мұхиттардың саны мен пішіні бірнеше рет өзгерген. Жалғыз қалған Пангея деген құрлықтан және Панталасса деген мұхиттан тұрған уақытта болған. Кейіннен Пангея Лавразия және Гондвана деген екі материкке ажыраған. Олардың арасында Тетис теңізі (мұхиты) пайда болған. Кейіннен ірі материктердің одан әрі бөлінуінен Атлант, Үнді, және Солтүстік мұзды мұхит пайда болды. Ал Тынық мұхит ежелгі Панталассаның қалдығы. Қазіргі таңда материктер біртіндеп Тынық мұхитқа қарай жылжуда.

Билет.материк

1. Отты Жер аралы(Terra del fuega) архипелагын Магеллан 1520 жылы ашқан және онда оттар көп болғандықтан (теңіз жағалауындағы алауларға байланысты әлде жергіліктілер қайықтарда жаққан оттары үшін)"отты жер" деп атаған. Іс жүзінде онда ерекше оттар жоқ. Онда жердегі ең оңтүстік қала Ушайя орналасқан. Қала өте әсем, қалада Ұлттық саябақ, мұражайға айналған ескі түрме, пингвиндер, басқа да жануарлар бар. Аргентиналықтар бұл жерді "Әлем шеті" деп атап(Fin del munde), туристерге көрсетеді.

2. Африканың тропикалық аралық жерлерінде топырақ латерриттік процесспен құралған. Оның ылғалды, мәнгі жасыл ормандары - экваторлық бөлігі құнарлы қызыл-сары латерит топырақты жерлер. Өзендер баяу ағаиын Конго ойыс батыс бөлігінің топырағы латерит-глей топырақ және тропиктік батпақты топырақ. Жапырағын түсіретін мәнгі жасыл аралас ормандар мен ылғалды саванналарда қызыл топырақ, құрғақ саванна шөлейтте қызыл қоңыр жцне карбонатты қызғылт топырақ пайда болды. Суданның қазан шұңқырлары мен Шығыс және Оңтүстік Африка - негізінен гидроморфты қара топырақтық және тропиктік батпақ топырақты жерлер. Шығыс Африканың оңтүстігі мен Оңтүстік Африка әжептәуір қызыл қошқыл топырақты келеді. Оазистерге шалғын-сор және сор топырақ тән. Африканың жерортатеңіздік климатты, субтропиктік белдеуіндегі карбонатты, гипсты қошқыл топырақ, неғұрлым қуаң аудандарда сұр қошқыл топырақ шөлейт пен шөлде сұр топырақ кездеседі. Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы менКонго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алыпфикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны.

 

3.. Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.Әрине мұның бәрі дұрыс болып табылады. Үнді мұхит тропиктік және оңтүстік қоңыржай белдеулерді алып жатыр. Тропиктік белдеудің тайыз сулы бөлігінде 6 және 8 сәулелі маржандар көп. Маржан құрылыстарында түрлі омыртқасыздардың аса бай фаунасының өкілдері: губкалар, құрттар,крабтар, ұлулар, т.б. мекендейді. Жағалаудың көп жерін мангр тоғайлары алып жатыр. Қоңыржай белдеудегі теңіз жағалауларындағы жағажайлар мен жартастарда қызыл және қоңыр балдырлар қаптап өседі, омыртқасыздардың түрі көп. Ашық мұхиттағы судың беткі қабатында диатом балдырлары өрбиді. Мұхит жануарларының негізгі массасын конепода шаяндары құрайды (түрі 100-ден астам). Басқа омыртқасыздардан қанат аяқты ұлулар, медузалар, т.б. жаппай тараған. Балықтарданұшар балық, тунец, желкен балық көп, түрлі акулалар, теңіз жыландары, теңіз тасбақасы, ірі теңіз сүтқоректілері (кит, ескек аяқтылар), құстардан альбатрос, фрегат пингвиннің бірнеше түрі тіршілік етеді.

 

Билет

1.Орыс саяхатшыларының жүрген жерлері-

1856—57 ж. П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзiнiң әйгiлi саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенiң орографиясына (таулы жер бедерi) жаңаша сипаттама берiп, тұңғыш рет биiк тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бiрi — Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегi Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерiн жан-жақты зерттеудiң ғыл. негiзiн жасағандығы болды.

19 ғ-дың 90-жылдарында Сiбiр т. ж-н салуға байланысты Солт. Қазақстанда көрнектi геолог К.И. Богдановичтiң жалпы басшылығымен бiрнеше экспедициялық зерттеу жүргiзiлдi. Осының нәтижесiнде Солт. және Орт. Қазақстанның геол. құрылысының негiзгi сипаты анықталып, бiрнеше көмiр кен орындары (Екiбастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың зерттеулерi нәтижесiнде Ембi мұнайлы өңiрiнiң стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерiмен байланыстылығы анықталды. Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, А.А. Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бiрқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәлiметтер бердi. Геол., топырақ тану, ботан., т.б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедерi және оның ерекшелiктерiнiң жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргiздi. Мыс., Мушкетов өзiнiң геол. зерттеулерiнiң нәтижесiнде Тянь-Шаньның қазiргi жер бедерiнiң қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негiзгi белгiлерiн анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргiзген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңiрлер жер бетiнiң өзгеруiне эолдық факторлардың күштi әсер тигiзгенiн дәлелдедi. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньнның iрi масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас Маңғыстаудың оңт-не жүргiзген геол. зерттеулерi кезiнде қосымша геоморфол. бақылаулар жүргiзiп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты геогр. сипаттама бердi. Санаулы ғана арнаулы геоморфол. зерттеу жұмыстарының iшiнде Л.С. Бергтiң еңбегi ерекше. Ол алғашқы болып Солт. Арал шөлдерiнiң жер бедерi пiшiндерiне геоморфол. сипаттама бердi.

2.Антропогендік факторлар әсерінен ұшыраған аудандар-

Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.

3.Платформалар мен плиталар-Платформа (фр. plate – жайпақ, forme — форма) — геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы. Жер бетінде іргетастық көрініс беретін бөліктерді қалқандар дейді. Шөгінді тыспен көмкерілген тұстарын тақта деп атайды. Архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформа (Шығыс Еуропа, Сібір) және ігретасы палеозой мен мезозой тау жыныстарьшан құралған жас платформа (Батыс Сібір, Скиф, Тұран) деп ажыратылады; кристалды тақтатастардан, гнейстерден, эффузивті жыныстардан және тағы басқалар. күшті метаморфозданған архейлік жыныстардан құралған жер қабығының көлемді берік алабы.Ол тек эпейрогендік қозғалысқа ғана ұшырап, не жоғары көтеріліп, не төмен түсуі мүмкін. Төмен түскен жағдайда платформаның үстін горизонтальды теңіз шөгінділері жабады. Сонымен, метаморфозды жыныстар не жер бетінде, не ертеде шөгінді жыныстармен жабылған тереңдіктерде кездеседі. Сондықтан платформаға өзінің фундаменті мен оны жауып жатқан шөгінді жыныстар құрамдарының бір-біріне түгелдей ұқсамауы және шөгінді жыныстардың бұзылмай қабатталып жатуы тән. Мысалға Орыс платформасы мен Батыс Сибирь ойпатын алуға болады. Қазақстанда оған Торғай даласы мен Ертіс бойы жатуы мүмкін.

Плита — платформа аумағындағы жер қыртысының ірі, бұрыс тектоникалық құрылымы. “Плита” терминін 1885 ж. австрия геологы Э.Зюсс (1831 — 1914) ұсынған. Плита іргетастан, аралық қабат және тыстан, екі ярустан: өте қатпарланған, аздап метаморфталған, әр түрлі интрузивтер кептелген құрылым түзетін төменгі қабат (щит), жазық жатқан, саяз теңіздік немесе құрлықтық шөгінділерден түзілген жоғары қабаттан тұрады (чехол). Жер қабығы литосфералық және мұхиттық Плиталар болып бөлінеді. Литосфера Плиталары құрлықпен жапсарлас құрлықтық қайраңдарды біріктіреді; екеуі бүтін Плиталар құрап, бірге жылжиды. Жердің қатты, бірақ осал орналасқан литосфера қабығы бірнеше Плитаға жіктеліп, ары-бері жылжып отырады. Жер сілкіну ошақтары осы қимыл шиеленіскен жапсарда орын алады. Плиталар қимылды, тұрақты болып бөлінеді. Қимылды Плиталарда тектоника құбылыстары айқын бүркеніш жабуының қалыңд. 8 — 10 км болады. Тұрақты Плиталарда тектоникалық қозғалыстар баяу байқалады. Тұран Плитасының едәуір бөлігі, Батыс Сібір Плитасының оңтүстік бөлігінің көпшілігі Қазақстан жерінде жатыр.

 

Билет

1,Арал — су қоршаған жер, атау. Су тасқыны кезінде де судан жоғары болып тұрады.

Арал — түгелдей сумен қоршалған құрлықтың бір бөлігі. Құрлыққа қарағанда аралдың ауданы шағын келеді. Жаратылысына қарай құрлықтық және дербес, ал тұрған ортасына қарай мұхиттық, теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Жер шарындағы аралдардың жалпы аумағы 9,9 млн. км²-ге тең немесе Еуропа құрлығының ауданымен шамалас келеді. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал – Гренландия (2,18 млн. км²). Қазақстандағы ең үлкен арал – Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы болған еді

Түбек[1] — теңізге немесе көлге сұғына орналасқан құрлықтың бөлігі. Түбектер өзінің пайда болуы жөніндө материктік, аралдық болып екі турге бөлінеді: 1) материктік түбектерге — Апеннин, Пиреней тағы басқалар. түбектер жатады. Себебі олар Еуропа материгімен бірдей уақытта пайда болды; 2) аралдық түбектерге — Үндістан түбегі жатады. Себебі ол Азия материгі құрылғанда, оның оңтүстігінде орналасқан бөлек құрлық — арал болды; кейінгі геологиялық дәуірлерде ғана ол материкпен жалғасты.

Шығанақ (су бөлігі) – мұхит, теңіз, көлдің құрлыққа сұғына еніп жатқан және негізгі су айдынымен еркін, тұрақты су алмасатын бөлігі.

2,Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су[1] немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.

Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.

Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері).[1] Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.[2]

Бұғаз (Пролив) — құрлықтың екі телімін бөліп жатқан және жеке мұхиттар мен теңіздерді немесе олардың бөліктерін жалғастыратын айтарлықтай тар су кеңістігі. Әдетте, бұғазға өзіндік ерекше гидрологиялық жүргі (режім) тон.[1]

3,Мұхит Аралдары – Тының мұхиттың орталығы және оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдары тобы (10 мыңдай). Жері 1,26 млн км². Аралдар Солтүстік жарты шардың субтропиктік (28° 25’ солтүстік ендік) және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктері (52° 30’ оңтүстік ендік) аралықтарында орналасқан. Ең ірі аралдары Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия мұхит аралдары жерінің 80%-ын қамтиды. Бүкіл құрлықты дүние бөліктеріне бөлгенде мұхит аралдары Австралиямен қосылып айтылады. Халқы (Австралиясыз) 8 млн-дай

Микронезия

Ресми атауы: Микронезия Федеративтік Штаттары. Микронезия (ежелгі гректің "микрос, несос" - "кіші аралдар" деген сөзінен шыққан) - Тынық мұхиттың батыс бөлігінде, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 702 км2. Астанасы – Паликир қаласы. Халқы 133 мың (2000 жылы). Ресми тілі – ағылшын, жергілікті халықтардың тілдері де кең тараған. Топ арал халқы микронезиялық және полинезиялық аталатын этнос топтардан құрылған. Тұрғындарының басым көпшілігі – протестанттар, қалғандары – католиктер. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы билік бір палаталы парламент – ұлттық конгресске жүктелген. Әкімшілік жағынан 4 штатқа (Трук, Костраэ, Понапе, Иап) бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 10 мамыр (1979 жыл). 1991 жылдан БҰҰ-ға мүше. Елде саяси партиялар жоқ. Ақша бірлігі – АҚШ доллары.

Меланезия (көне грекше: μέλας – қара + νῆσος – аралдар) — Тынық мұхиттағы негізгі арал топтарының бірі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5000 километрге созылып жатыр. Басты аралдары мен арал топтары: Жаңа Гвинея, Бисмарк топаралы,Сүлеймен (Соломон) аралдары, Жаңа Гебрид топаралы, Жаңа Каледония, Фиджи. Меланезия аралдары — Ұлыбритания, Франция, Австралия Одағының басқаруындағы және қамқорлығындағы аумақ. Фиджи — тәуелсіз мемлекет. Жаңа Гвинеяның батыс бөлігі (Батыс Ириан) Индонезияның құрамына кіреді. Жалпы ауданы 1 миллион километр квадрат шамасында. Меланезия аралдарының ірілері материктік, ұсақтары жанартаулық жолмен пайда болған. Олар альпі геосинклинальдық белдеміне кіреді. Күшті қатпарлануға ұшыраған гнейс, кристалдық тақтатас, әктас және гранит интрузиялары кеңінен таралған. Аралдардың басым бөлігінің жер бедері таулы. Ең биік жері Жаңа Гвинеядағы Джая тауы (5029 метр). Климаты экваторлық және субэкваторлық, оңтүстік аралдарда тропиктік. Орташа айлық температурасы жыл бойы тұрақты дерлік: ең ыстық ай — ақпанда 25 — 28°C, ең салқын ай — тамызда 21 — 23°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері таулардың терістік беткейлерінде 700 — 900 миллиметр, қалған бөлігінде 1000 — 2000 миллиметр. Ең ірі өзені — Жаңа Гвинеядағы Флай (ұзындығы 800 километр). Экваторға таяу жатқан солтүстік аралдарда ылғалды тропиктік қалың ормандар өседі (нан ағашы, қауын ағашы, пальма түрлері, тағы басқа). Орталық және оңтүстік аралдарда муссондық ормандар мен саванналар бар. Жануарлар дүниесі австралиялық түрлерге ұқсас (қалталы сүтқоректілер, казуарлар, жұмақ құстары, тағы басқа). Байырғы халқының басым көпшілігі (2/3) папуастар және меланезиялықтар (1/4). Тұрғындары егіншілікпен, балықшылықпен, мал шаруашылығымен, және ағаш дайындау, маржан жинау кәсіптерімен айналысады. Түрлі түсті металл кендері өндіріледі.

Полинезия (көне грекше: πολύς – көп + νῆσος – аралдар) — Тынық мұхиттың орталық бөлігіндегі Мұхиттық аралдар құрамындағы аралдар тобы. Полинезияның құрамына Гавайи, Туамоту, Тонга, Самоа, Пасха, т.б. топаралдар кіреді. П-да тәуелсіз мемлекеттермен қатар, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Жаңа Зеландия, Чилидің иелігіндегі аралдар бар. Жалпы аумағы (Жаңа Зеландиясыз) 26 мың км²-ге жуық. Халқы 4,5 млн. адам. П. аралдарының көпшілігі маржанды атолдардан тұрады, қалғандары жанартаулық аралдар тобына жатады. Аралдардың басым бөлігінің жер бедері таулы. Ең биік жері — Гавайи аралдарындағы сөнген Мауна-Кеа жанартауы (4205 м). Гавай, Самоа, Тонга аралдарында сөнбеген жанартаулар кездеседі. Климаты — экваторлық, тропиктік; пассат желдері басым. Жылдық орташа температура 22 — 26°С; жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1500 — 3500 мм. Таулы аралдардың көпшілігінде мәңгі жасыл субэкваторлық, тропиктік ормандар мен саванналар тараған. Кокос,банан, ананас, какао, пальма түрлері, нан ағашы, күріш, т.б. тропиктік дақылдар өсіріледі. Балық, теңіз тасбақасы ауланады, меруерт жиналады. Полинезия аралдары Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Австралияны жалғастырушы жол болып табылады. Ірі қалалары мен порттары — Гонолулу (Гавайи аралдары), Апиа (Самоа), Аваруа (Кук), т.б.

Билет

1, Орман қорғау– орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдергебөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженерібасшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады.Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керек, өрт-химия станцияларықұрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман ұшақ, тікұшақтармен барланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады

3, Гава́й аралдары (ағылш. Hawaiian Islands, гавайша: mokupuni o Hawai‘i) — жиырма төрт аралдар менатоллдардан тұратын архипелаг, Тынық мұхитының солтүстік жағында (19° және 29° солтүстік ендіктер арасында). Архипелаг солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған, жанартаулық жаратылысы бар; өз атын ең ірі — Гавайи аралынан алған. Архипелагтың басым бөлігін 1959 жылдан бері АҚШтың елуінші штаты құрайды.

Аралдардың орташа координаттары — 21° 30’ с.е. және 158° б.б.

Тарихы

Гавай аралдарын 1778 жылы 18 қаңтарда әйгілі ағылышн теңіз саяхатшысы Джеймс Кук өзінің 3-ші әлемдік саяхаты барысында (ол осында 1779 жылы 14 ақпанда Тынық мұхитының солтүстігін бір жыл бойы аралап екінші рет келгенде қаза табады) ашқан. Кук Сэндвич аралдары деп (дегенмен бұл ат XVIII және XIX ғасыр басына дейін қолданыста болған) Джона Монтегю, 4-ші граф Сэндвич құрметіне атаған, ол адамзат тарихында өз есімін бәрібір қалдырған: Джон Монтегю сэндвичті ойлап тапқан — екі нан телімі арасына басқа тағам қосылған бутерброд.

Архипелаг аралдары

Оңтүстік-шығыс (негізгі) аралдар:

· Гавайи, немесе Үлкен арал

· Кауаи

· Кахоолаве

· Ланаи

· Мауи

· Молокаи

· Ниихау

· Оаху

Солтүстік-батыс (кіші аралдар, атоллдар, рифтер, шатқалдар):

· Мидуэй аралдары (Гавайи штатын кірмейді)

· Куре

· Перл-энд-Хермес

· Лисянск аралдары

· Лайсан

· Нихоа

· Маро (риф)

· Гарднер (шатқалдар)

· Некер

· Френч-Фригат-Шолс

2, Оңтүстік Америка жануарлардың Неотропиктік аймағында жатады және оның екі – Бразилия мен Чили-Патагония кіші аймақтары болады.
Ылғалды тропиктік ормандар фаунасы барынша ерекше әрі бай. Әйтсе де, онда жануарлар қалың шілікте жасырынып жүреді, немесе уақытының көпшілігін биік ағаштарда өткізеді, сөйтіп ландшафтыда оншалықты үлкен мәні болмайды. Ағашта өмір сүруге бейімделу – Африкадағы Конго бассейні немесе Азиядағы Малайя архипелагы ормандарының жануарлары сияқты Амазонка орман жануарларының ерекшеліктерінің бірі.
Оңтүстік Американың тропиктік ормандарында америкалық барлық маймылдар өмір сүреді, олар екі тұқымдасқа – оинақшыл тәріздестер мен цебидтерге бөлінеді.
Ойнақшыл маймылдардың денесі шағын болады. Олардың ішіндегі ең кішкенелерінің ұзындығы 15-16 см-ге ғана жетеді, олардың аяқ-қолдарында ағаш діңіне жабысуға көмектесетін тырнақтары болады.
Цебидтердің көпшілігінің құйрығы мықты келеді. Онымен ағаш бұтақтарына жармасады және бесінші аяқ-қолдың міндетін атқарады. Олардың ішінде бақырауықтар туысы көзге түседі, бұлар алысқа естілетін дауысына қарай осылай аталған. Аяқ-қолдары ұзын және икемді келетін өрмекші тәріздес маймылдар көп таралған.
Тропиктік орманда мүктілер отрядының өкілдерінен жалқау маймылдар мекендейді. Олар аз қозғалады және уақытының көпшілігін ағашта ілініп тұрған күйінде өткізеді, жапырақпен және өркендермен қоректенеді. Жалқау маймылдар ағашта еркін өрмелейді, ал жерге сирек түседі.
Ағашта тіршілік етуге кейбір құмырсқа жегіштер де бейімделген. Мысалға, тамандуа ағашқа еркін өрмелейді; тұтқыр құйрықты кіші құмырсқа жегіш те уақытының көпшілігін ағашта өткізеді. Үлкен құмырсқа жегіш ормандар мен саванналарда тараған, жерде тіршілік етеді.
Тропиктік ормандардың жыртқыштарына мысық тұқымдастардан оцелоттар, кішігірім ягуарундилер және ірі және күшті ягуарлар жатады. Ит тұқымдастарына жататын жыртқыштардан Бразилия, Гвиана, Суринама және Гайана тропиктік ормандарында тіршілік ететін, аз зерттелген, орман немесе бұта иті көңіл аударуға тұрарлық. Жемін ағашта табатын орман жануарларына носуха мен кинкажу жатады.
Оңтүстік Американың азын-аулақ тұяқтыларынан ормандарда бірнеше туыстар ғана кездеседі. Олардың ішінде тапир кішкене қара наубай-шошқа – пекари және оңтүстік америкалық жіңішке мүйізді аласа бұғылар бар.
Кемірушілердің Амазонка ойпатының және Оңтүстік Американың басқа аудандарының ормандарына тән өкілі – ағашқа жақсы өрмелейтін тұтқыр құйрықты ағаш жайрасы – коэнду Бразилия ормандарында өсетін агути тропиктік дақылдар плантацияларына үлкен зиян келтіреді. Материктің барлық жерінде дерлік, әсіресе Амазонка ормандарында кемірушілердің ішіндегі ең ірісі – кішкене су шошқасы капибарда тараған, оның денесінің ұзындығы 120 см-ге жетеді.
Оңтүстік және Орталық Америка жерлерінде қалталы егеуқұйрық немесе опоссумның бірнеше түрі мекендейді. Олардың кейбіреулерінің құйрығы тұтқыр болып келеді де, ағашқа жақсы өрмелейді.
Ормандар бауырымен жорғалаушыларға және қосмекенділерге өте бай. Бауырымен жорғалаушылар ішінде су аждаһары анаконда және құрлық аждаһары – боа-констрикторерекше көзге түседі. Улы жыландар, кесірткелер көп. Өзен суында крокадилдер жүреді. Қосмекенділерден көлбақа көп, олардың кейбіреулері ағашта тіршілік етеді.
Ормандарда әртүрлі құстар, ашық түсті тотылар көп. Тотылардың ішіндегі ең ірісі – ара өте жиі кездеседі. Одан басқа торғай тәріздес ұсақ тотылар мен қауырсыны ашық түсті әдемі жасыл тотылар кең тараған. Оңтүстік американың орнитафаунасының, жеке алғанда тропиктік ормандардың сипатты өкілі – колибра. Гүлдердің тәтті шірнесімен қоректенетін бұл түрлі-түсті кішкене құстар, насеком-құс деген ат алған.
Ормандарда сондай-ақ балапандарының қанаттарында ағашқа өрмелеуге жәрдемдесетін тырнақтары болатын гоациндер күн құтаны және қайық тұмсық құтан, жас бұғы, маймыл және жалқау маймыл аулап күнелтетін орасан зор жыртқыш құс – гарпия тіршілік етеді.
Материктің тропиктік ормандары ерекшеліктерінің бірі – насекомдардың көптігі, олардың көпшілігі эндемиктер. Онда күндізгі және түнгі көбелектер, әр түрлі қоңыздар, құмырсқалар қаптап жүреді. Көбелектер мен қоңыздардың көпшілігі әдемі түске боялған. Кейбір қоңыздардың түнде жарқырайтыны соншалық, олардың жарығымен қағаз оқуға болады. Көбелектер орасан үлкен болып келеді. Олардың ішіндегі ең ірісі – агриппа, оның қанатының құлашы 30 см-ге жетіп қалады.
Оңтүстік Американың тропиктік ормандарында құмырсқаның көптеген түрі ұялайды. Кейбір эпифит өсімдіктерді өсіретін бағбан құмырсқалар қызық-ақ. Олар өздерінің «бақтарын» ағаштардың бөрік басына орналастырады, ол үшін мұнда балшық пен тұқым тасып әкеледі. Сол сияқты эцитон деген кезбе құмырсқалар мәлім. Олар тұрақты ұя жасамайды да, жолындағы ұсақ насекомдарды, личинкаларды, тіпті, кішігірім омыртқалыларды да қырып-жойып орманда көшіп жүреді. Жапырақ жеп, ағаштарды құртып отыратын, дапырақ қиғыш құмырсқа өсімдіктерге, әсіресе, қолдан егілген ағаштарға үлкен зиян келтіреді. Оның есесіне құмырсқаның Амазонка ормандарында ең көп тараған ағаштардың бірі – цекропияда ұялайтын басқа бір түрі осы ағашты паразиттерден сақтайды.
Оңтүстік Американың құрғақ және ашық кеңістіктері – саванналардың, тропиктік сирек ормандардың, субтропиктік далалардың фаунасы қалың ормандардың фаунасынан өзгеше. Жыртқыштардан ягуардан басқа, пума , оцелот, пампа мысығы тараған. Ит тұқымдасына жататын жыртқыштардан материктің оңтүстік бөлігінде жалды қасқыр кездеседі. Материктің барлық жеріндегі дерлік жазықтар мен тауларда пампа түлкісі, қиыр оңтүстігінде – магеллан түлкісі кездеседі. Тұяқтылардан кішкене пампа бұғысы ғана тараған.
Саванналарда, ормандарда және егістіктерде мүктістілердің америкалық үшінші тұқымдасының өкілі – берік сүйек сауыты бар жануарлар – сауыттылар тіршілік етеді. Қауіп-қатер төнгенде олар жер қазып тығылады.
Кемірушілерден саванналар мен далаларда вискача және топырақта тіршілік ететін туко-туко кездеседі. Су жағаларында дүние жүзілік ринокта терісі жоғары бағаланатын аң – саз құндызы, немесе нутрия кең тараған.
Құстардан көптеген тотылар мен колибраларға қоса Оңтүстік Америкалық страус нанду , кейбір ірі жыртқыш құстар тіршілік етеді. Африка сияқты Оңтүстік Америка ландшафтына тән ерекшелік – термит ұяларының орасан көп болуы. Оңтүстік Американың кейбір алаптары шегіртке басуынан мезгіл-мезгіл зардап шегеді.
Анд тау фаунасының өзіндік ерекшеліктері болады. Мұнда материктің шығыс бөлігінде кездеспейтін көптеген эндемик жануарлар өседі. Андының бүкіл таулы аймағында түйе тұқымдастардың Оңтүстік Америкалық өкілі – лама тараған. Жабайы ламаның екі түрі – вигонь және гуанако белгілі. Бұрынғы кезде оларды үндістер еті мен жүніне бола аулап көп қырған. Гуанако тек тауда ғана емес, тсонымен бірге Патагония тау үстірті мен Пампада да өседі. Қазіргі кезде жабайы лама сирек кездеседі. Андыдағы үндістер үй ламасының екі түрін – кәдуілгі лама мен альпаканы өсіреді. Лама – ірі, әрі мықты жануар. Олармен өтуге қиын тау жолдары арқыла жүк тасылады, сүті мен етін тамақ қылады, ал жүнінен қатты мата тоқиды. Альпаканы жұмсақ жүні үшін ғана өсіреді.
Андыда сонымен бірге көзілдірікті аю, кейбір қалталылар мекендейді. Бұрынғы кезде кішкене эндемик кемірушілер, шиншиллалар кең тараған. Олардың биязы, жібек тәріздес сұрғылт түсті терісі ең тәуір және қымбат терілердің бірі болып есептелген. Соған бола қазіргі кезде шиншилла мүлде құртылып жіберілген.
Андының құстары, әдетте, материктің шығысындағы туыстар мен тұқымдастардың таулық эндемик түрлерінен тұрады. Жыртқыш құстардың ішінде бұл отрядтың ең ірі өкілі – кондор.

Билет