Африканың ұлттық саябақтары

Қазіргі кезде адам баласы Жер шарында табиғатты қорғаудың қажеттігін жақсы түсінеді. Осы мақсатта барлық материктерде қорықтар (табиғат комплекстері табиғи күйінде сақталатын территориялар) мен ұлттық саябақтар ұйымдастырылуда. Қорықтарда зерттеу жұмыстарын жүргізетін адамдардың ғана болуына рұқсат етіледі. Қорықтардан өзгеше, ұлттық парктерге оларда белгіленген ережелерді сақтауға міндеттенген туристер бара алады.

Африка елдері жабайы жануарлар мен ең қызықты табиғат комплекстерін (ормандарды, саванналарды, вулкандық аудандарды және т.б) қорғауға күш жігер жұмсауда. Материкте қорықтар мен ұлттық парктер едәуір жер көлемін алып жатыр. Олар әсіресе Оңтүстік және Шығыс Африкада көп. Олардың бірқатары дүние жүзіне белгілі. Қабылдаған шаралардың арқасында ертеректе жойылып кету шегіне жеткен көптеген жануарлардың саны қазіргі кезде қалпына келтірілген

Серенгети ұлттық саябағы Бұл саябақ әлемдегі ең танымал саябақтардың қатарына кіреді. Саябақтың ауданы 30000 км2-дей Танзания мен Кения территориясында созылып жатыр. Ол жаратылысы вулкандық топырақта өсетін балауса шөптің өсуімен ерекшелінеді. Серенгети – барлық жануарлар үшін бұл жер жұмақ болып есептелінеді.

Серенгети ұлттық саябағының қалыптасуының тарихы. Танзания өзінің ұлттық саябақтарымен көзге бірден түседі. Осылардың ішінде ең қатты көзге түсетін ұлтты парк Серенгети болып табылады. «Серенгети» масай тілінен аударғанда «шексіз жазықтық» деген мағынаны білдіреді. Бұл жер туралы ең алғаш рет еропейлықтар 1913 жылы ғана білді. Өкіншке орай осы саябақтың территориясы Европадан келген аңшылар үшін өте қолайлы болғандықтан, осы жерлердегі бағалы аңдардың санын азайтып, өздерінің пайдасы үшін тек қана аңшылықпен айналысты. Тек 1940 жылы ғана территория ерекше қорғалатын аймаққа айналды. Бірақ материалдық қажеттіліктердің болмауына байланысты бұл тек қағаз жүзінде ғана болды. Ал 1951 жылы территорияға ұлттық парк деген атау берілді. Бірақ нақты қағаз жүзінде бұл атауды тек 1981 жылы ғана алған болатын және осы жылы ЮНЕСКО-ның жарлығымен бұл аймақ дүниежүзілік табиғи және мәдени мұра деп мойындалды.

Серенгети ұлттық паркінің бағалы аңдарының бірі - арыстан. Ең алғаш рет арыстандар тобын немесе арыстандар прайдын 2005 жылы байқаған болатын. Бұл прайд 41 арыстаннан тұрады. Оларға жасы 10 жылдан асатын, 3 еркек арыстан басшылық етеді. Африканың ешқандай аумағында арыстандардың мұнша көп топтары байқалмаған. Көбінесе арыстандар топтары 15-20 арыстаннан тұрады

Ишкель ұлттық саябағы

Бұл саябақ Африка континентінің сонау солтүстігінде орналасқан. Ол Тунистің жергілікті халық тұратын жерде орналасқан. Бұл саябақтың құрылудың негізгі мақсаты – алыстан ұшып келетін және суда жүзетін құстар үшін су-болоталы жерлердің мекен ету үшін маңызды болып келеді.

Ишкель ұлттық пракінің құрылуы тарихи деректемелер бойынша 13 ғасырға жатады. Осы кезде Араб халифатында басшылық еткен Хафсид әулеті жергілікті жерде, көлдерге аңшылық етуге тйым салған болатын. Тек 1891 жылы ғана бұл аймақ ерекше қорғалатын

территорияға айналды. Ишкель да Серенгети ұлттық саябағы сияқты ЮНЕСКО-ның жарлығымен дүниежүзілік табиғи және мәдени мұра деп мойындалды.

Ишкель ұлттық паркінің жануарлар әлемі. Саябақтың территориясының алуан түрлілігіне байланысты оның жануарлар әлемі де соншалықты бай. Көлдерде балықтардың көптеген түрлері: угрь, кефаль, лаврак, барбус және т.б бар. Тамақтың мол қоры болғандықтан суда жүзетін құстардың көптеген түрлері мекендейді. Көп түрлері осында басқа территориялардын қыстауға ұшып келеді. Саябақтың аймағында сонымен қатар сүтқоректілер де мекендейді. Көлдерде камшат мекендейді. Дикобраз бен мангустардың, генеттің популяцияларын да көруге болады.

Найроби ұлттық саябағы

Кенияның астанасынан 7 шақырым жерде биік емес шөптер мен сирек ағаштар өсетін кішігірім саванна орналасқан. Осы жер Найроби ұлттық саябағы деп аталады. Ауданы 117 км2. Бұл сабақ Кеинядағы басқа саябақтардан біраз ертерек 1946 жылы ашылған болатын. Бұл саябақ әлемдегі адам қолы тимеген, жабайы табиғатпен ләззат алуға болатын, соынмен қатар қаланың бейнесін жоғалтпай-ақ алыстан бақылауға болатын бірден – бір саябақ.

Жануарлар мен өсімдіктер әлемі айтарлықтай өте бай болып келеді. Тіпті бұл саябақтың қала маңында емес, Африканың дәл орталығында немесе оның жүрегінде орналасқан деп ойлауға болады. Саябақта жабайы аңдардан: гепард, арыстан, мүйізтұмсық, керік, антилопаның түрлерін көруге болады. Оның территориясында Атхи өзені ағып өтеді. Онда крокодил мен бегемоттарды, ал маңайдағы ормандардан құстар мен маймылдарды көруге болады. Найроби ұлттық саябағында барлығы дерлік құстардың 400 түрі тіркелген. Саябақтың негізгі ерекшеліктердің бірі – мүйізтұмсықтардың өте көп болуы. Мында басқа саябақтардан гөрі қара мүйізтұмсықты өзінің мекен ететін жерінде көруге болады. Түпкі негізінде бұл саябақ пілдердің мекен етеін жері болған. Бірақ аңшылардың әрекет етуінің нәтижесінде оларды кездестіру өте сирек. Бұл саябақта жарақаттанған немесе ауруға шалдыққан жануарлар үшін арнайы баспана бар.

Саябақ Кения астанасына жақын орналасуы туристердің көп болуымен ерекшелінеді. Сонымен қатар бұл саябақ пілдің сүйегін жандыратын жер болып ерекшелінеді. Дәл осы жерде президент Мои пілдердің бағалы сүйегіне аңшылық жасамас үшін 10 тонна пілдің сүйегін жандырып жіберуге жарлық етті. Браконьерлерден мүйізтұмсықтардың және пілдердің мүйіздерін конфискациалағаннан кейін дәл осындай әрекеттер тағы да 2 рет қайталанды