Сол бір ғана сөз «сутек» болар еді.

Сутек энергиясында жүретін «AlMobile» автокөлігінің жобасы

 

Бағыты: Сутек энергетикасы

Секциясы: Автокөлік құрылысы

 

 

Ғылыми кеңесші - Н.Т.Шындалиев

педагогика ғылымының кандидаты,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Ақпараттық технологиялар факультеті

Информатика кафедрасының профессоры

Ғылыми жетекші – Байтасова Панзанкүл

физика пәнінің мұғалімі

 

 

Астана қаласы, 2013 жыл

Abstract

The aim of the research project: making a car of the future “AlMobile”, managing with radio.

During the research process the following problems are considered:

a) Scientific:

- modeling of the automatic control system of fuel cell;

- defining the motion work principles of automobile;

b) Practical:

- figuring out chemical and electrochemical reactions inside of automobile;

- installing hardware of automobile;

- making breadboard circuit of automobile;

- testing of automobile and analyzing of testing results;

Hypothesis: Because of ecological state of our planet using of hydrogen energy will be very useful because, first, the car will not release carbon that polluting the environment and, secondly, the price of hydrogen will be less expensive than the price of gasoline.

Milestones:

I milestone.A theme formulation, the review of the scientific and popular literature, configuration, the analysis and generalization of materials under the theory.

II milestone. A practical part - Creation and testing of model of a automobile.

III milestone. Generalization of supervision results - processing of the collected materials, specification of the conclusions.

Research methods: Gathering, sorting of materials, grouping on sense, structure, methods of direct measurement, creation etc.

Novelty of research and independence degree: Hydrogen energy is a very useful energy of XXI century. Creation of inexpensive automobile with hydrogen energy is one of the most opportunities of developing infrastructure of our country.

Result and the work conclusion: During the work we have considered theoretical methods of the advantageous decision of fuel problems of a automobile, and have solved them in practice. In the purpose of realization of the project the breadboard model of the Kazakhstan automobile has been made. This breadboard model can become a basis of the future Kazakhstan automobile.

Branches of use of results:

- Thermal Power Stations

- automobile industry

- factories

- electronics.

 

Абстракт

Ғылыми жобаның мақсаты: радио арқылы басқарылатын «AlMobile» келешек автомобиль макетін жасау арқылы талантты жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

Жұмыс барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

а) ғылыми:

- автомобильдің өзіндік отын өндіру жүйесін модельдеу;

- автомобильдің қозғалыс құрылғысының жүру негіздемесін анықтау;

 

б) практикалық:

- автомобильде өтетін химиялық және электрохимиялық реакцияларды есептеу;

- автомобильдің құрылғыларын орнату;

- автомобильдің макет сұлбасын жасау;

- автомобильді жүргізу және өткізілген тәжірибелердің нәтижесін талдау.

Гипотезасы: Ғаламшарымыздың экологиялық жағдайына байланысты сутек энергиясына көшу пайдалы болмақшы. Себебі, біріншіден, автомобильден қоршаған ортаны ластайтын көміртек бөлінбейді, және, екіншіден, жанармай отынына қарағанда сутектің бағасы арзанырақ түседі.

Кезеңдері:

I кезең.Тақырыпты тұжырымдау, ғылыми және көпшілік әдебиеттерді зерделеу, теориялық жадығаттарды жинақтау, талдау, жалпылау.

II кезең. Тәжірибелік кезең – автомобиль моделін құрастыру.

III кезең. Бақылау нәтижелерін жалпылау – жинақталған мәліметтерді өңдеу, қорытындыларды нақтылау.

Зерттеу әдістері: ғалымдардың зерттеген еңбектерінен ақпарат жинау, талдау, құрылымы мен мағынасы жағынан топқа бөлу, есептеу, модельдеу, презентациялау және т.б.

Зерттеу жаңалығы және дербестік дәресжесі: XXI ғасырдың ең тиімді саналатын энергия көзі – сутек энергиясы;сутек отыны арқылы автомобильдің арзан түрін жасау – еліміздің инфрақұрылысын дамытушы мүмкіндіктердің бірі.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Автомобильдің отындық проблемалары ұтымды түрде теориялық және тәжірибе жүзінде шешілген. Қазақстандық келешек автомобильдің макеті жасалынды.

Нәтижелерді практикалық қолдану салалары:

- жылу электр станциялары;

- автомобиль өндірісі;

- зауыт, өнеркәсіп;

- электроника.

 

Абстракт

Цель научного проекта: увеличить заинтересованность юных талантливых исследователей к науке с помощью создания модели радиоуправляемого автомобиля будущего “AlMobile”.

В ходе работы были поставлены следующие задачи:

а) научные:

- смоделировать систему автоматического управления топлива;

- определить принцип механизма движения автомобиля

б) практические:

- рассчитать химические и электрохимические реакции, проходящие в автомобиле;

- установка устройств автомобиля;

- создание схемы макета автомобиля;

- тестирование автомобиля и анализ результата проведенного опыта

Гипотеза: В связи с экологическим состоянием нашей планеты использование водородной энергии будет очень полезной потому, что, во-первых, с автомобиля не будут выделяться углероды, загрязняющие окружающую среду, и, во-вторых, цена водорода будет куда-более дешевле чем цена за бензин.

Этапы:

I этап. Формулирование темы, обзор научной и популярной литературы, компоновка, анализ и обобщение материалов по теории.

II этап. Практическая часть – Создание и тестирование модели автомобиля.

III этап. Обобщение результатов наблюдений – обработка собранных материалов, анализ заключений.

Методы исследования: Сбор, сортировка материалов из трудов ученых, группировка по смыслу, структуре, прямого измерения, создания и т.д.

Новизна исследования и степень независимости: Водородная энергия – это самая полезная энергия XXI века; создание дешевого автомобиля через водородное топливо – одна из возможностей для развития инфраструктуры страны.

Результат и заключение работы: В ходе работы было рассмотрено теоретические методы выигрышного решения топливных проблем автомобиля, и решено на практике. В цели реализации проекта был сделан макет казахстанского автомобиля.

Отрасли использования результатов:

- тепловые электрические станции;

- автомобильная промышленность;

- заводы, фабрики;

- электроника.

 

 

Кіріспе

Егер Құдай бүкіл әлемді бір ғана сөзбен жасаса,

Сол бір ғана сөз «сутек» болар еді.

Харлоу Шепли (1885-1972)

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: «Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек.ЭКСПО-2017бұл процеске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс.» - деп, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» бағдарламасындағы сөзін басшылыққа ала отырып, ғаламды зерттеу ғылым әлемінің басты мәселелесінің бірі – таза әрі табиғи энергия көзін жетілдіру және де еліміздің инфрақұрылысына кіргізу мақсаттары қазіргі заманда өте өзекті.

Бүгінгі уақытта Жер шарының сарқылмас мол қоры – судың энергиясын күнделікті тұрмыста қолдану аясын кеңейту үшін әлемде зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстың басты мақсаты: радио арқылы басқарылатын «AlMobile» келешек автомобиль макетін жасау. Ол Жеріміздің экологиясын таза сақтауға, бір жағынан жағымсыз газдарды шығармайтын, тек қана табиғи қалдықтарды өндіретін көлік ретінде қолдануға арналады.

Жұмыс барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

а) ғылыми:

- автомобильдің өзіндік отын өндіру жүйесін модельдеу;

- автомобильдің қозғалыс құрылғысының жүру негіздемесін анықтау;

 

б) практикалық:

- автомобильде өтетін химиялық және электрохимиялық реакцияларды есептеу;

- автомобильдің құрылғыларын орнату;

- автомобильдің макет сұлбасын жасау;

- автомобильді жүргізу және өткізілген тәжірибелердің нәтижесін талдау.

в) оқу барысындағы:

- ықшамдалған автомобильдің үлгісін жасау кезінде практикалық машықтарға ие болу.

Жұмыстың зерттеу әдістері: Материалды жинау, саралау, құрылымдық мағыналық жағынан топтастыру, талдау, тікелей өлшеу, нақты модельдеу, презентациялау және т.б. Автомобильді жасауда әлемде жаңадан шығып жатқан сутекпен жүретін автомобильдердің үлгілері ұсынылады.

Жұмыстың болжамы: ғаламшарымыздың экологиялық жағдайына байланысты сутек энергиясына көшу пайдалы болмақшы. Себебі, біріншіден, сутек отынынан қоршаған ортаны ластайтын көміртек бөлінбейді, және, екіншіден, жанармай отынына қарағанда сутектің бағасы арзанырақ түседі.

Жұмыстың теориялық мәнділігі: сутек отынымен жүретін автомобиль әлемге аса маңызды. Қазақстанның автомобиль индустриясын дамытуда да сутек энергиясы өте қажет.

БҰҰ-ның ғалымдары бар мұнай резервтерінің 35-40 жыл немесе 50 жылда; табиғи газ резервтерінің 65 жылда; көмір резервтерінің 220 жылдан соң табылмайтынын болжайды. Осынашама қысқа уақыттың ішіде таусылатыны болжаманған осы энергетика көздерінің орнына жаңаларын қою үшін әлемнің барлық мемлекеттерінде ғалымдар бар күшімен істеуде.

Жалпы, бізді қоршаған ортаға апат әкелмейтін, қажет уақытта іске қосып пайдалануға жарайтын, бір жағынан бағасы арзан, екінші жағынан тиімділігі жоғары сутек энергия көзін үнемі зерттеу мемлекетіміздің ғылыми тұрғыдан бәсекелестікке қабілеттілігін көрсете түседі және халық шаруашылығын дамытуда өз септігін тигізеді деген зор үмітін береді.

 

 

Теориялық бөлім

Сутек өндірісі