Лемнің және Қазақстанның су ресурстарының ластану факторлары мен көздері.

Ақпаратты-дидактикалық блок.

Су қоршаған ортаның негізгі элементі деп саналады, сонымен қатар адам ағзасы 65% судан тұрады. Адам ағзасы үшін судың физиологиялық, гигиеналық, эпидемиологиялық маңызы зор.

Организмнің тіршіліктегі маңызды процестері: ассимиляция, диссимиляция, осмос, диффузия, сорылу, сүзілу судың қатысуымен жүреді. Тәулігіне адамның суға деген физиологиялық қажеттілігі орташа есеппен 2,5 л. құрайды. Бұл қажеттілік нормасы адамның қызметіне, жасына, климаттық-географиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.

Тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың дамуында судың алатын орны ерекше. Әсіресе ішек ауруларының дамуы су арқылы жылдам өтеді, оған тікелей әсер ететін төменде көрсетілген жағдайлар:

- науқас немесе бациллотасымалдаушы шығарыстарымен инфекция қоздырғышының су көзіне түсуі;

- қоздырғыш суда өзінің өмірін және вируленттілігін ұзақ сақтайды;

- ластанған су адамның асқазан-ішек жолына түсуі.

Су эпидемиясына тән қасиет бір мезгілде көптеген адамның науқастануы, ол су көзін пайдаланатын тұрғындар арасында басталады. Су арқылы берілетін инфекциялар: холера, іш сүзегі, лептоспироз, эндемиялық гепатит және т.б. Эндемиялық гепатит – қазіргі кезде дамуы өте жиі кездеседі.

Су арқылы берілетін жұқпалы емес аурулар, яғни су құрамындағы химиялық заттардың мүлдем болмауы немесе шектен тыс болуы салдарынан пайда болатын сырқат түрлері жатады. Мыс: йод жетіспеушілігінен - эндемиялық зоб, темір жетіспеушілігі анемия, фтордың жетіспеушілігі – кариес, шектен тыс жоғары болуы – флюороз ауруын тудырады және т.б.

Суды нормалау және суды пайдалану тәртібі

Су көзін пайдаланудың екі түрі бар: - санитарлық-тұрмыстық мұқтаждықты қамтамасыздандыру; - өндірістік мақсатта пайдалану. Жұмсалған суды есептеу су пайдаланудың меншікті көлемі болып саналады, яғни бір адамға тәулігіне жұмсалған су көлемі.

Суды пайдаланушылардың негізгі категориялары:

- тұрғындардың ауыз су, тұрмыстық және шаруашылық қажеттілігін қамтамасыздандыруға пайдалануы;

- қоғамдық, коммуналды-тұрмыстық, мәдени-ағартушылық, емдік-профилактикалық, балалар, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын қамтамасыздандыруға пайдалану;

- көшелерді жууға, жасыл желектерді суаруға;

- өрт сөндіруге.

 

Су көздері

Табиғи Жасанды
Жер бетіндегі сулар (өзен, көл, теңіз, мұхиттар), жер асты сулары (грунт, пластаралық қысымды және қысымсыз сулар), метеорлық сулар (қар, жаңбыр) Каналдар, бөгеттер, тоғандар, су тоғандары

лемнің және Қазақстанның су ресурстарының ластану факторлары мен көздері.

Судың ластану түрлері: химиялық, биологиялық, физикалық, механикалық, радиобелсенділік. Су көздерінің ластануын топтау:

— биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және ашуға бейім заттар;

— химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бұзатын химиялық заттар;

— физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс

— радиобелсенді заттар: атом бомбаларын теңіздерде сынау, атом энергиясымен жүретін су асты қайықтары, апаттар, ядролық және соғыс техникалары қалдықтарын мұхиттарға тастау

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз суды 28 06 2004 жылы бекітілген N 506 "Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по хозяйственно-питьевому водоснабжению и местам культурно-бытового водопользования" санитарлық ережелері мен нормалары бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.

Гидросфераны ластану көздері — өнеркәсіп, автокөлік, кен өндіру, көмір өндіру, құрылыс, қала, ауыл шаруашылығының өнімдері. Соның ішінде — химия өндірісіне байланысты судың ластануы бүкіләлемдік проблемаға айналып отыр. Суға биологиялык ластағыштардың түсуі (ауру тарататын бактериялар, паразиттер, т.б.) эпидемиялық жұқпалы аурулардың кең таралуына себеп болуда.

Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздердегі үлкен проблема — судың мұнай өнімдерімен ластануы. Мысалы, суға 1 т мұнай төгілген кезде су бетінің 12 км2 көлемін қабықпен қаптап жауып тастайды екен. Ал дүние жүзі бойынша тасымалдатын мұнайдың 1%-ы суға төгілетіні анықталған. Сонда қаншама су планктондары, балдырлар, балықтар, құстар зардап шегеді. Естерінде болсын, кейбір танкерлердің мұнай тасымалдау сыйымдылығы 200—250 мың т.

Қазіргі кезде Дүниежүзілік мұхиттан мұнай өндіру ісі ерекше қолға алынған. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде Дүниежүзілік мұхитка жылына 6—10 млн т мұнай өнімдері төгіледі.

Қазіргі кезде жер бетіндегі суларымен қатар жер асты сулары іркінді лас, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері:

— өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

— топыраққа енгізілетін химиялық заттар мен тыңайтқыштар;

— тастанды тұрмыстық қалдықтар;

— жер асты суымен жалғасатын құбырлар;

— ірі құрылыстар;

— сүзгі алаңдары, бұрғы-ұңғымалар болып табылады.

Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар, паразиттер кездеседі.