Азіргі замандағы Қазақстан

86. 1917 ж. Қазақ революциясы кезеңіндегі Қазақстан: екінші бүкілқазақ съезі және

Алашорданың құрылуы, кеңес үкіметінің алғашқы әлеуметтік-таптық акциялары.

87. Қазақстан азамат соғысы жылдарында: азаматтық қарсыласудың күшеюі, әскери

қимылдар, майдандардың құрылуы, партизан қозғалысы, саяси партиялар мен түрлі

қозғалыстардың соғыс кезіндегі ролі мен орны, соғыстың нәтижесі.

88. Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырыла бастауы: қазақ

өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы және оның қызметі, революциялық комитеттерден кеңестерге өту, РСФСР БОАКА және ХКК «Түркістан» істері бойынша қызметі «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық кеңестік социалистік республикасын құру туралы» декреті, КАКСР кеңестерінің құрылтай съездері, «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» және оның мазмұны, кеңестердің бірінші құрылтай съезі.

89. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы «әскери коммунизм» саясаты: мемлекет меңшігіне алу, орталықтандыру және директивалық жоспарлау, еңбек етуге міндеттілік, азық-түлік салғырты, таптық террордың күшеюі, кедейлердің комитеттерінің қызметі, экономикалық дағдарыс әскери коммунизм саясатының реакциясы ретінде, өнеркәсіптің құлдырауы, ауыл шаруашылығының күйреуі.

90. 1921-1922 жж. ашаршылық: көлемділігі, саяси дағдарыс және қоғамдағы әлеуметтік күштенудің өсуі, шаруалардың қарсыласу қозғалыстары – өлкедегі кеңестерге қарсы көтерілістер.

91. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғы шарттары, социалистік, капитализмге дейінгі және стихиялық туар-нарықтық бағыттардың күресі және өзара тіршілігі, экономикалық көп укладтылықтың қалыптасуы.

92. Қазақстанның дәстүрлі арграрлық құрылымы және жаңа билік. Кеңестік әлеуметтік-экономикалық жаңа үрдістер және шаруа мәселесі: шабындық және жайылымдық жерлерді қайта бөлу, ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеу, ауыл шаруашылық өнімдерін күшпен дайындауға көшу, несие-салым саясатындағы әлеуметтік-әділеттілік большевистік идеясы.

93. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы ұлттық аумақтық межелеу саясаты.

94. Өлкедегі қоғамдық-саяси және идеялық күрес. «Кіші Қазан» идеясы және ауылды күштеп кеңестендіру.

95. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: жаңа экономикалық саясаттын ақыры, мемлекеттін ауыл шаруашылығындағы меншікке қарсы саясаты, көшпенділерді күштеп отырықшыландыру, бай-құлақтарды, шаруаларды конфескелеу және қудалау саясаты.

96. Қазақстандағы 30-шы жылдардағы ашаршылық және оның демографиялық салдары.

97. Қазақстандағы ХХ ғ. 30-шы ж. шаруалардың қарсылық қозғалыстары.

98. Қазақстанның жылдамдату индустриализациясы: индустриаландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері, өнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдары, темір жол құрылысы, еңбек ресурстары және ұлттық индустрия кадралырының қалыптасуы.

99. Қазақстандағы кеңестік мәдени жаңғыру: сауатсыздықты жою, кеңестік білім беру жүйесінің және ғылымның қалыптасуы, мәдени жаңғыру қарқыны.

100. Қазақстандағы саяси құғын-сүргін: басталуы, Қазақстандағы ГУЛАГ, «Үлкен террор».

101. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтар: соғыстың басталуы, барысы, шайқастарға қатысқан қазақстандықтар, партизан және қарсыласу қозғалысына қатысқандар, ҰОс қазақстандық қаһармандар.

102. Қазақстан – майдан арсеналы: соғыс қаупі төнген аймақтардағы өндіріс орындарын, халықты және мәдени құндылықтарды Қазақстанға көшіру, елдің экономикасын соғыс мүддесіне бейімдеу, жұмысшылар мен шаруалардың еңбек ерліктері, фронтқа көмек көрсету халық қозғалыстары.

103. Қазақстанға күштеп қоныс аударылған халықтар. Еңбек армиялары.

104. Соғыс жылдарындағы мәдениет және ғылым, халық ағарту ісі.

105. Қазақстан соғыстан кейінгі (1945-1953 жж.) кезеңде: елдің соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, республикадағы қоғамдық-саяси жағдай, жаңа идеологиялық науқандар, әмірлік жүйенің құрбандары, мәдениеті, ғылым және білім.

106. 1953-1964 жж. Қазақстан: «хрущев жылымығының» әлеуметтік-экономикалық сипаты, тың игеру, республиканың қоғамдық-саяси өмірі.

107. Кеңестік әлеуметтік-саяси жүйе дағдарысының асқыну кезеңіндегі Қазақстан (1964-1985 жж.): экономиканы экстенсивті дамыту үлгісінің жалғасуы, қоғамдық-саяси өмір ерекшеліктері, экологиялық проблемалардың асқынуы, халықтың тұрмыс деңгейі, мәдениет және қоғамның рухани өмірі.

108. Қазақстанның 80-ші жылдардың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: кеңестік қоғам дағдарысының тереңдей түсуі, ұлттық саясатындағы этникалық үдерістердің динамикасы, Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы саяси өмірі (1985-1991 жж.), Желтоқсан оқиғалары.

109. Қоғамды саяси жаңғыртудың жаңа үлгісіне көшу: Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, мемлекеттік құрылыс, жергілікті (мемлекеттік) өзін-өзі басқару реформалары.

110. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі: қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар, Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы.

111. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғырту кезеңдері: экономиканы ырықтандырудың алғашқы кезеңі, өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басқару тетіктерін іздестіру, экономиканы тұрақтандыру, әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуға қадам басу, ҚР әлемнің неғұрлы дамыған және бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жолында, республиканың мұнай-газ секторында акционерлік қоғамдар мен бірлескен кәсіпорындардың құрылуы, индустриаландыру саясаты, демографиялық даму.

112. Білім мен ғылым реформалары: білім жүйесінің реформалары, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы ғылым, елдің бәсекеге қабілетті және индустриялық-инновациялық дамуы жағдайындағы білім мен ғылым, Қазақстандағы тарих ғылымы.

113. Жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы сыртқы саясаттын ролі: тәуелсіз ҚР әлемдік қоғамдастықтың мойындауы және қазіргі заманғы Қазақстан дипломатиясының қалыптасуы, ҚР сыртқы саяси басым бағыттары, халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастық, Қазақстанның әлемдік-экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы.

114. Қазақстан және ТМД: ҚР-ның ТМД мемлекеттерімен интеграциялық байланыстары, ынтымақтастығы, қазақ-ресейе қатынастарының дамуы, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы және оның қызметі.

115. ҚР «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы.

116. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздіктін сыртқы саяси қырлары: жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктін жаңа талаптары, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін шешу, ҚР шектес мемлекеттермен шекарасыз белгілу.

117. ҚР әскери құрылысы: мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі әскери қауіпсіздік саясаты, ҚР Қарулы күштерін құру, армияны реформалау.

118. Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті: «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, ұлттық мәдениеттердің өзара әсері мен ықпалы, қазіргі өнері.

119. Қазіргі заман ақпарат мәдениеті: егемен Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары, ақпараттық мәдениеттін келешегі.

120. ҚР жаңа қоғамдық сананың қалыптасуы: егемендік алу мен оны нығайту жағдайындағы қоғамдық сана эволюциясы (1991-1998 жж.), өтпелі кезең және қоғамдық санадағы жаңа парадигмалар (1998-2000 жж.), мәдени мұраның және ұлттық сана сезімнің қайта түлуі жолдарын зерделеу (200-2004 жж.), көпэтностық қоғамды топтастыру факторы аясындағы ұлттық идеяны әзірлеу (2004-2005 жж.), сабырлық сана мен рухани келісімді қалыптастыру (2005-2006 жж.), рухани-адамгершілік ғажайып құбылысы ретіндегі адами субъектілік (2007-2010 жж.).

121. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеологиясының тұжырымдамасы.

122. Қазақстан – 2030 Стратегиясы.

123. Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты.

124. ҚР этноконфессиялық келісімділік.

125. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат.

 

Кафедра меңгерушісі:_______________ Г.Д. Сүгірбаева

 

 

Кафедра мәжілісінде бекітілген №8 хаттама, 26.03.2015 ж.