Көшірме үлгі материалдарына қойылған талаптар

 

Көшірмені дәл және нақты алу үшін көшірме алу материалдар сапасынын алатын орны ерекше. Барлық көшірме алу матералдарының негізгі қасиеті оның иілгіштігі, яғни жакнасқан беттің барлық эле,менттерін толтыру икемдігі және соған байланысты денеге берілген пішінін/форма/ сақтау болып табылады.Иілгіштік қасиеті бар табиғи және жасанды жолмен алынған заттар баршылық, бірақ көшірме алу мақсатында солардың кейбіреулері ғана жарамды. Көшірме алу материалдары басқа да әртүрлі медициналық препараттар тәрізді иілгіштік мүмкіншіліктермен қатар қосымша сапалық қасиеттерге ие болуы тиіс.

Көшірме алу мартериалдары төменгідей талаптарға сай болуы тиіс:

1.Тістер мен ауыз қуысы шырышты қабатының нақты рельефінің таңбасын беруі тиіс;

2. Зиянсыз болуы, жағымсыз иістер мен дәмдері болмауы тиіс;

3. Әлсіз антисептикалық әсері болмауы тиіс;

4. Протез аймағының тіндеріне жабыспауы тиіс;

5. Ауыз қуысының сұйық ортасында ерімеуі тиіс;

6. Шырышты қабықты күйдіруге қауіп төндірмейтін температурада жұмсармауы тиіс;

7. Ауыз қуысына оңай кіргізіп, оңай шығарылуы тиіс;

8. Дәрігердің барлық қажетті функциональдық сынамаларын жүргізуге мүмкіндік беретіндей өте тез немесе жай қатпауы тиіс;

9. Ауыз қуысынан шығарған кезде пішінін өзгертпеуі тиіс;

10. Модель гипсіне қосылмауы және онан жеңіл бөлінуі тиіс;

11. Бөлме температурасында жиырылмай ұзақ уақыт сақталуы тиіс;

12. Материалды залалсыздандырылғаннан кейін қайта қолдануға рұқсат етілуі тиіс;

13. Мөлшерлеуге және орауға ыңғайлы болуы тиіс;

14. Сақтауға және тасымалдауға ыңғайлы, арзан болуы тиіс.

Барлық стоматологиялық көшірме үлгі алатын материалдары төмендегідей топтастыруға болады:

- қатты

- эластикалық/созылмалы/

- термопластикалы

-

 

Көшірме таңба алатын қатты материалдар

 

Көшірме таңба алатын материалдарға гипс және цинкоксидэвгенолды сықпа жатады.

 

 

Гипс

 

Гипс ортопедиялық стоматологияда қолданылатын көмекші материалдардың арасында жетекші орын алады. Өйткені оны протездеудің барлық сатыларында пайдаланады. Он

- көшірме таңба алуң үшін;

- жақ моделін жаксауң үшін;

- бет маскасын жасау үшін;

- дәнекерлеу кезінде;

- модельді оккғлюдаторға (артикуляторға) ұстату үшін қолданылады.

Кальций сульфаты – гипс- стоматологиялық тәжірибеде кең қолданылатын материал.Оны майдалау және күйдіру арқылы арнайы өңдеуден өткізіп, табиғи жолмен алады. Күйдіру кезінде екі гидратты күкірт қышқыл кальций /СаО4*2Н2О/ құрамындағы кристалданған суының біразын жоғалтады да жартылай сулы /СаО4*Н2О/ гидратқа айналады. Одан кейін гипсті електен өткізеді, дәмін жақсартатын және бояғыш заттар қосады.Дәмін жақсартатын зат ретінде жалбыз майы қолданылады.

Көшірме қоспасын гипс ұнтағын сумен араластыру арылы дайындайды. Гипстің қату уақытың суға немесе ұнтаққа жылдамдатқыштар /калий сулбфаты, нарий сульфаты, натрий хлориді/қосу арқылы қысқартуға болады. Көп жағдайда көшірме қоспасын гипс ұнтағына 2,5-3% натрий хлоридінің ерітіндісін қосу арқылы дайындайды. Гипстің әрбір жаңа тобы қату уақытына тексерілуі тиіс, осыған сәйкес натрий хлориді ерітіндісінің концентрациясы таңдалады.

Гипсті көшірме қоспасының сапасы гипсті араластыру тәсіліне, оның жылдамдығына, жылдамдатқыштың концентрациясына, судың мөлшеріне және т.б. жағдайларға байланысты болады.

Ортопедиялық стоматологияда гипстің алуан түрлері қолданылуда. Халықаралық стандарттық дәрежесіне байланысы гипстің бес түрі бар:

1. Жұмсақ гипс – көшірме үлгілерін алу үшін қолданылады.

2. Кәдімгі медициналық гипс – жалпы хирургияда гипс таңғышы түрінде қолданылады.

3. Қатты гипс – алмалы-салмалы пластикалық протездерде диагностикалық және жұмысшы модельдерін жасау үшін қолданылады. Мысалы, Пластон-/фирма «ДжиСи»Жапония/, Гипсо-гал/фирма «Галеника», Югослаия/;

4. Аса тым қатты – жақ сүйектерінің жиналмалы моделін жасау үшін қолданылады. Мысалы, Фуджирок-Ер/ фирма « ДжиСи», Жапония/, Супер гипс/Ресей/, Супра-Стоун/Германия/;

5. Айырықша қатты гипс - өте мықты, құрамына жасанды компоненттер қосылған су мен гипс ұнтағын араластырғанда жоғарғы дәлдік қажет. Мысалы, Дуралит-S, қату барысындак өте аз кеңейеді, соған байланысты жұмысшы моделін дәл және нақты орнындауға мүмкіндік береді.