Дәріс. Қалқыма тұнбасы бар мөлдіреткіштердің жұмысын пайдалану мен тиімділігін арттыру

Су тазалау ғимараттарын жобалау тәжірибесінде суды бірінші сатылы өңдеу ғимараттары есебінде (алдын-ала мөлдірету) тұндырғыштармен қатар, ғимарат кешенін ұйымдастыруда дәліз типті қалқыма тұнбасы бар мөлдіреткіштер қолданылады.

Жобалау кезінде типтік жобаларды байланыстырған уақытта жергілікті жағдайлардағы су көздерінен алынатын судың сапасы ескерілмейді. Осының нәтижесінде типтік жобалармен алынған ғимараттарда пайдаланған уақытта, мөлдіреткіштердің жұмысы жобалық өлшемдерге сәйкес келмейді. Бұл әсіресе нашар лайлылықты түсті суды өңдеу шарттарына жатады. Өйткені онда қалқыма тұнба түзу мен тығыз құрамалы тұнбалардың қатаюы жай жүреді, қалқыма тұнбаның концентрациясы (қатар фаза бойынша) жетпейді. Осыған орай мөлдіреткішке кіретін арын жылдамдығы жолғары кезінде су мөлдіретудің қажетті дәрежесіне жету үшін қажет сорбцияның қасиеттілігі төмен. Қиындықтардың көбісі нашар лайлылықты түсті суды қысқы кезде пайдаланғанда болады, яғни бастапқы судың төменгі температурасында судың коагуляцияланумен мөлдірлеуі ақырын жүреді.

Зерттеу жұмысы жобалық өнімділігі 13мың м3/теу болатын Лениногорск қаласы сүзу бекетінің мөлдірлеткіштеріне жүргізілді. Тазарту ғимараттарының кешенін кіретіндер: құйын тәрізді тік араластырғыш, қалқыма тұнбасы бар 5 мөлдірлеткіш, ірі жүктемесі он жедел сүзгі және хлорлау, коагуляциялау мен флокуляциялау үшін реагенттік қондырғылар.

Сумен жабдықтау көзі болып өзен алынады. Ондағы судың сапасы қайта-қайта өзгеріп түстілігі жоғарыланады (500 тан 3000 қа дейін), лайлылығы төмендейді (8-16мг/л шамасында), сілтіліктің едәуір ауытқуы байқалады (0,3 тен 4мг-экв/л дейін) және рН (6,5 нан 7,6ға дейін). Судың қысқы уақытта қышқылдануы 40мг/лО2 дейін жетті. Бастапқы судың максималды коли-индексі зерттеу уақытында 2380нен асқан жоқ.

Технологиялық сынауға ғимараттарда алдын-ала дайындау үшін олардың жұмысының пайдалану режимімен таныстырылды. Олардың жұмысы көрсеткендей бұл ғимараттардың су тазалау сапасы ауыз су мемлекеттік стандартына сәйкес еместілігін көрсетеді. Ғимараттарда тек қана судың зарарсыздандырылуы жүргізілгені байқалды. Судың қалқыма тұнбасы бар мөлдіреткіштерде коагуляциялануы мен судың мөлдірленуіне байланысты, бұл процестер өте жай жүрді және ауыз суға үлкен көлемде алюминийдің өтуі байқалды. Жылдың үлкен бөлігінде коагуляциялау жүрмеді, ал тұрғындарға су жоғары түстілікпен берілді.

Хлорландыру кезіндегі түстіліктің төмендеу кинетикасы 7 сур. көрсетілген. Хлорды үлкен мөлшерде енгізу су сынамасындағы қалдық хлордың санын бірден көбейтті, ал оны кетіру үшін суды өңдеу қажет болды. Осыған орай, зертханалық жағдайда сынамалы суды реагентпен өңдеу қысқы жағдайда бастапқы өзен суымен коагуляциялау ақырын жүрді, пайда болған майда жапалақтар ұзақ уақыт қалқыма күйде болып 1 сағат уақыт аралығында да тұнған жоқ. Біраз тұрғаннан кейін су сынамасы реагенттермен майда жапалақ түзіп, ақырын шөге бастайды. Тұнба кеуекті болды да, цилиндрдің сәл қозғалысынан судың бетіне қалқып шығып, жапалақтарды қарқынды түрмен қозғағанда олар қалпына кеді. Хлордың мөлшерін көбейту су сапасы МСТ-қа сәйкес түстілікті төмендетуге қажет. Жапалақтардың ірілігі мен қатаңдығын күшейту үшін сынама коагуляциялауда қосымша реагенттер зерттеледі: саздар, тұнбанығыздағыштың өңделген шламы, үлкен құрамды ерімейтін қоспасы бар әк сүті мен флокулянт полиакриламид.