Сур. Қарапайым жедел сүзгінің ірі түйіршіктіге қайта құрылған схемасы

а-қайта құруға дейінгі сүзгі схемасы; б-қайта құрылған сүзгі схемасы; 1-сүзілетін суды әкелу; 2-сүзгінің дренажды жүйесі; 3-науалар; 4,5-сүзу қабаттары; 6-таратушы қалта; 7-темірбетон масақтары; 8-жуатын суды беру.

Сүзу циклындағы сүзу жұмыстарының кинетикасы (қарапайым және ірі түйіршікті), сонымен қатар қайта құруға дейінгі сүзгілер жұмысының салыстырмалы көрсеткіші 1 кестеде ұсынылған.

Өкінішке орай құм бетіндегі су қабаты 1,5м (жобада және нақты жағдайда) ірі түйіршікті 1 кестедегі қайта құрылмаған сүзгілердің берілгендерін көре отырып, сүзгіні жууға лайлы судың келетінін көреміз. Оның арын жоғалудағы сүзу циклы бар жоғы 3,5-4сағ. Арын жоғалу ірі түйіршікті сүзгіге қарағанда едәуір төмен.

Ұсынылатын әдебиеттер :

4 нег. [85 – 103; 127 - 182];

9 қос. [112-131; 149-151];

10 қос. [70-77].

Бақылау сұрақтары

1. Кандай ғимарат судың екі денгейлі өңдеу сулбасымен жұмыс істейді?

2. Сұзу ғимаратының жақсы жұмыс істеуіне неге байланысты болады?

3. Қарапайым жедел сүзгінің ірі түйіршіктіге қайда құрылған?

4. Жезқазған қаласының сүзу бекетіндегі жұмысын қарқындату

5. Қарапайым жедел сүзгіні қайта құрғаннан кйін қанша пайызға оның өнімділігіне көтерілді?

 

Дәріс. Сарқынды су әкету жүйесіндегі ғимараттардың ресурстарын қорғау технологиясы. Торларды пайдалану

Тор алдындағы камерадағы лас су қозғалысының жылдамдығы судың минималды келу уақытында мөлшері мәнінен төмен 0,4м/с кем болмау керек. Лас судың ағып келу шарты 0,24м/с< 0,4м/с тең болу керек. Сондықтан теорияда ғана емес, нақты жағдайларда тор алдында құмның құлауы жүреді. Құмның тор алдындағы камерада жиналуы тек қана тістің желінуін ғана емес, оның сынуына және ірі қатты бөлшектерді тесіктер арқылы итеріп, пластиналардың мүжілуіне әкеліп соғады. Торды визуалды түрде тексерген кезде мүжілген пластина ені 70мм дейін, тырма тістері сынған болып шығып, осылардың әсерінен тордың тесіктеріне кірмейді. Торлар мен тырмамен көтерілген тастандылардың бір бөлігі тор алдында лас сумен сығылып, нәтижесінде тастаушының жұмысын қанағатсыздандырады.

Тор конструкциясын дамыту

Тор жұмысының ірі ластарды ұстау тиімділігіне әсер ететін әр-түрлі факторлардың сараптамасы негізінде, бірқатар әдебиеттердің берілгендері негізінде қайта құрылатын торды (авторлық куәлік бойынша) а.к. №992674 торын қабылдадық. Онда тырманың стерженьдері мен тістері 300 бұрышпен тордың бойлық өсіне немесе раманың көлденең өсіне 600 бұрышпен орнатылған (9а сур.).

Тордың жаңа конструкциясы жұмысшы конструкцияларды принципиалды айырмашылығы пластина мен тырманың тістері раманың бойлық өсіне бұрышпен орнатылған. Пластиналар бұл кезде жалпақ рама үстіне орнатылып П-тәрізді қалыпта болады, ал пластинаның төменгі жағы төменгі шестерняның өсі деңгейінде орналасады.

Суретте жанынан қарағандағы жаңа тордың түрі көрсетілген: 9,б – А-А қимасы; 9,в – пластина.