Дәріс. Жоғары су өсімдікті тоғанды пайдалану. Су әкету тораптарын жөндеу және пайдалану

Қазіргі кезде Сорбұлақ каналының авариялық шығаруында терең тазалайтын биологиялық тоған орнатылды. Тоғанның өлшемдері келесідегідей: ұзындығы-850м, ені-150м, тоған ауданы-12,25га, тереңдігі-2м. тоған су кіріп шығатын реттегіш құрылғылармен жабдықталған. Авариялық жағдайлармен тоғандағы судың келу уақытын реттеу үшін айналу каналы соғылған.

Су қойма каскадының кейінгі судың гидрохимиялық сараптамалары көрсеткендей, жылдың әр мезгілінде (көктем, жаз және күз) су температурасы, қалқыма заттар, фосфат және азот топтары, гидробионт планктондарының гүлденуіне байланысты өзгеріп отырады (8 кесте).

9 кесте

ПСК су қоймасындағы лас судың физико-химиялық құрамы

Көрсеткіштері Өлшем бірлігі Қыс Көктем Жаз Күз
Мөлдірлігі см. 25,0 14,0 10,0 7,0
Қалқыма заттар мг/л 9,5 20,4 8,0 32,0
ОХҚ мг/л 4,36 14,3 27,8 15,0
ОБҚ5 мг/л 2,52 6,2 12,4 9,0
Азот аммониі мг/л - 1,9
Азот нитриті мг/л 0,18 0,0097 0,65 0,1
Азот нитраты мг/л 5,1 13,3 5,7 0,12
Хлоридтер мг/л 51,1 42,75 42,52 41,2

9 кестенің соңы

Сульфаттар мг/л 61,62 50,95 51,2 46,8
Фосфаттар мг/л 2,34 2,2 0,92 0,5
РН мг/л 7,62 7,3 8,4 10,4
Фенолдар мг/л - - 0,024 0,002
Темір мг/л 0,03 0,155 0,2 0,05
СББЗ мг/л 0,45 0,3 0,28 0,2
Мұнай өнімдері мг/л 0,04 0,03 - 0,001
Магний мг/л 24,65 11,72 25,28 13,7
Кальций мг/л 71,39 63,95 52,1 36,8
Минерализациялануы мг/л 300,0 268,54 299,0 284,0
Роданидтер мг/л 0,12 0,08 - -
Жалпы микроб саны мг/л 126,3
Коли-индекс мг/л
Стронций мг/л 0,23 0,31 - -

 

Дамбаның беті батырылған күйде алғанда тоғанның өлшемдері келесідегідей: тоған ұзындығы – 830м, ені-120м, су бетінің ауданы – 99600м2, дамбаның ауданы 39840м2 болатын су бетінің ауданынан 40% құрайды, жалпы барлық дамба ені – 332м, батырылған дамбалардың саны – 8, 35 сур.

8 дамбаның әр дамбасының ені – 41,5м құрайды.

Дамбаның биіктігі түптен – 0,8м жоғары емес.

Дамба бетіндегі су қабатының биіктігі 0,8-0,9м.

Батырылған дамбаларды орындау үшін ірі блокты галька, гравий материалдарын қолдануға болады. Бұл жағдайда дамбы, сонымен қатар сүзгіш режимде болып ғимараттардың тотықтыру қуатын өсіреді.

Сур. Жоғары су өсімдікті лас суды терең тазалайтын тоған

Дамбаға ірі блокты материалдар немесе жергілікті материалдарды қолдануға болады. Тоғандағы суды түгел ағызу үшін дамбалар астына диаметрі 400м көп емес құбырлар орнатылады. Құбырларға реттегіш арматуралар қажет емес және олар тоған түбінде шахматтық ретпен орналастырады. Бірақ тоған еңістерін шайып кетпеу үшін қалыңдығы 10-20см болатын майда тастар немесе майда галькаларды тастау қажет.

Тростник тәрізді жоғары су өсімдіктері батырылған дамбаларға көктемде (наурыз-сәуір) немесе күзде (қазан) отырғызылады. Тростник тамырымен бірге дамбаға сіңіп өседі. Өсу биіктігі 20см.

Екі тәулікте келетін тазаланатын судың ағыс жылдамдығы (0,02-0,03м/сек) тоған ұзындығы бойынша өсімдіктер арасында көлденеңінен – биіктігі бойынша микроағзалардың өсуіне жақсы ықпал жасайды. Нәтижесінде бір тоғанның ішінде биоценоздардың құрылуы экологиялық жағдайды жақсартады. Биоценоз бірінші дамбадан соңғы дамбаға дейінгі аралықта сатылы терең тазалауды макрофиттер көмегімен іске асырады.