Бухгалтерлердің кәсіби этикасы

Іскерлік катынастар этикасының тәжірибесі сенім негізінде құрылады, клиенттермен және жабдыктаушылармен тұрақты өнімді катынастар ынталандырылады.

Көптеген компаниялар кызметкерлер басшылыққа алатын этика ережелерін жасап шығарады. Бұларға мыналар жатады:

1. Құзыреттілік:

• қабылдаған заңдарды, ережелер мен стандарттарды қолдану;

• кәсіби құзіреттілікті қолдау (нормативті құжаттарды оқьш білу);

• тиісті талдау өткізгеннен кейін толық және анык есептер дайындау.

2. Құпиялылық:

• заң бойынша талап етілмейтін болса, құпия ақпаратты жария етпеу;

• құпия ақпаратты жеке пайдасына колданбау;

• бағыныштылары кұпия ақпаратты жарияламайтындығына көз жеткізу.

3. Адалдық/тұтастық:

• мүдделер қақтығысынан қашқақтау және басқаларға ықтимал кикілжіңге кіріспей, өзін-өзі ұстап қалуды ұсыну;

• ұйымның заңды мақсаттарын бұзбау;

• мінез-құлыққа әсер ететін сыйлықтар мен қызметтерден бас тарту;

• жеке жәнс кәсіби шектеулерді мойындау және ол туралы хабарлау.

4. Әділеттілік (объективтілік):

• ақпаратты әділ және объективті ұсыну;

• басқару үшін пайдалы болуы мүмкін ақпараттың барлығын ашып көрсету.

5. Этикалық жанжалды шешу:

• субъектіде белгіленген саясатты колдану;

• егер жанжал шешілмесе немесе белгілі бір саясат болмаса, іс-қимылдардың ықтимал бағытын жете зерттеу үшін әділетті кеңесшілермен құпия әңгімеде лайықты тұжырымдарды түсіндіру;

• егер тікелей басшының мінез-құлқы этикаға жат болса, мәселені одан жоғары деңгейдс талқылау керек;

• егер мәселе шешілмесе, соңғы амал-жұмыстан шығу;

• компаниядан тыс тұлгаларға этикалық жанжалдар жайлы хабарламау,

Кәсіби этиканың ережелерін жасау американдык бухгалтерияның үлкен еңбегі болып табылады. Алғаш рет мұндай талапты Р. Монтгомери қойды. Қазіргі заманғы бухгалтер этикасын жасаушы болып Джон Ленсинг Кэри (1900-1984) саналады.

Американдық зерттеушілер (Вильям Рипли, Колер) барлық меншік иелері мен әкімшіліктегілер заң мен мораль талаптарына сай жұмыс істеуге тиіс деген пікірге келді. Бухгалтерлер жоғары тұратын адамдардың пікірін емес, өз пікірін өмірге енгізуге тиісті. Осыған байланысты 1987 жылы Бухгалтерлердің американдық ассоциациясы моральдык ережелер кодексін қабылдады. Кодекс мәні мынада:

1. Бухгалтер жұмысқа орналасарда алдағы ізашардың жұмысын мұқият зерттеуі тиіс.

2. Егер алднда болған ізашар жұмыс істемесе, оған жазбаша сұрау салу керек.

3. Кәсіби борыш бұл ресми сүрауға жеткілікті және шыншыл жауап беруге міндеттейді.

4. Егер істермен алдын-ала танысу барысында жұмыс беруші қолданыстағы заңдарды бұзады немесе бұзуы мүмкін екендігі шықса, бухгалтер ұсыныстан (жұмыстан) бас тартуы тиіс.

5. Бухгалтер кез келген уақытта жұмыс берушімен еңбек шартын бұза алады. Жұмыс берушінің кәсіпорында оны ауыстыратын адам жоқ деп ойлауы шартты жалғастыруға негіз бола алмайды.

6. Бухгалтер әкімшіліктен білім және өзі істейтін жұмысты түсінуді талап етуге қүқылы емес.

7. Бухгалтер қызмет бойынша өсуді талап ете алмайды.

8. Жұмыс берушінің пайдасынан бас бухгалтер үшін үлес болмайды, яғни бухгалтер өзі шығарған қаржылық нәтижелер үшін сыйақы немесе қосымша акы ала алмайды.

9. Бухгалтер өзінің ынталандыру сыйақысын кәсіпорын қызметіндегі басқа қызметкерлермен бөліспейді.

10. Бухгалтер әкімшіліктің кәсіпорындағы шаруашылық қызметке қатысты барлық сұрақтарына бірден жауап беруі тиіс.

11. Бухгалтер толтырған тізілімдер бөлінбейтін меншік болып саналады. Материалдық-жауапты адамдардан түскен бастапқы кұжаттарды материалды-жауапты адамдар да, әкімшілікте кері қайтаруды талап ете алмайды.

12. АҚШ-тың аппеляциялық соты бухгалтердің де, заң кеңесшілері мен биржалық маклерлер сияқты кұжаттарды сақтауға арналған құқықтары болмайтындай негізді себептер жоқ деп таныды.

13. АҚШ-тың аппеляциялық соты 1976 ж. Заң кеңесшілері мен биржалық маклерлерге ұсынылған құжаттарды сақтауға арналған құқықтар бухгалтерлерде де бар деп таныды.

14. Бухгалтер жұмыс берушінің істері жайлы кәсіби құпияны сақтауы тиіс. Жұмыс берушіден қызметтен кету бухгалтерді бұл міндеттен босатпайды.

15. Кәсіби құпияны сақтау міндеттемелеріне мыналар кірмейді: бухгалтер озінің кәсіби арналары бойынша өз кәсіпорнының шаруашылық қызметі жөніндегі білімін кеңейтуге құқылы; сот қажетті мәліметтерді жариялауға өкім бергенде; жұмыс беруші мемлекетке қарсы қылықтар жасағанда; жұмыс беруші кәсіпорын жайлы мәліметтерді жариялауга келісім бергенде; бухгалтер егер оның кәсіби беделін көтеру мүддесіне қажет болса, кәсіби құпияны аша алады; бухгалтер фирма құпиясы жайлы мәліметті ашып көрсету құқық бұзушылық орын алған себепті қоғамдық мүддеге қажет деп санаса.

16. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы барлық анықтамаларды бухгалтер тысқары адамдарға жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша ғана ұсына алады.

17. Мәліметтер егер бухгалтер оларды ұстану іс жүзіндегі заңдар сай деп сенімді болып, көзі жеткен жағдайда ғана беріледі.

18.Бухгалтер жұмыс берушіге құкық бұзушылықты калай жасап, із жасыруды үйретіп, кеңес беруге тиісті емес.

19. Есеп беруді бұрмалау үшін жұмыс беруші мен бухгалтер бірдей жауапкершілік көтереді.

20. Бухгалтер өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттыруға міндетті.
Бухгалтердің этикалық кодексі фирмадағы бухгалтердің мәртебесіне және бухгалтерлік есептің ұйымдастыру құрылымына ықпал етеді.

Ресейлік есепте бухгалтердің құқықтары мен міндеттері Бухгалтерлік есеп туралы Ережелермен белгіленген. Қазақстан Республикасында бухгалтерлердің құқықтары мен міндеттері «Бухгалтерлік есеп туралы» заңда (өзгерістермен және толықтырулармен) және «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» №24 бухгалтерлік есеп стандарттарында шамалы қар астырылған.

Есеп жүйесін құру мен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңға сәйкес) жауапкершілікті субъект басшысы көтереді.

Есеп-қисап жүмысының келешегіне байланысты басшы бас бухгалтер басқаратын құралымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызметті құрады; штатқа бас бухгалтер қызметін енгізді; келісім-шарт негізінде бухгалтерлік есеп жүргізуді арнайы мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға немесе жеке өзі бухгалтерлік есеп жүргізуге бухгалтер-маманға тапсырады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің көпшілігінде бухгалтерлік жұмыстың екі негізгі ұйымдастырушылық формасы қалыптасты: дербес құрылымдык бөлімше ретіндегі бухгалтерия мен бухгалтерлік есепті бір қызмет иесі (бухгалтер) жүргізуі.

Бухгалтерияда бірнеше қызметкерлер бар болса, олардың жұмысын айкын реттеу, міндеттер мен құқықтарды бөлу қажет, ол пайда болу, құқыктар, міндеттер және субъектінің қызметін ұйымдастыру (ол жеке құжат сияқты немесе есеп саясатында жеке қаралады) процесін бухгалтерия жөніндегі ережелермен жете зерттеліп, дайындалады.