Бухгалтерлік есеп формалары

 

1. Мемориалдық-ордерлік есеп формасыалғашқы және жинақталушы құжаттар мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операцияларды жазу - тіркеу журналында, соңынан Бас журналда жүргізіледі. Аналитикалық есеп алғашқы немесе жиынтық құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады. Ай біткен соң синтетикалык және аналитикалық шоттардың мәліметтері бойынша өзара салыстырылатын айналым ведомостілері жасалады. Бұл формадағы есеп дәйекті ізбен іске асады, алайда бұл көп еңбекті талап

етеді, өйткені бір жазба әлденеше рет қайта-қайта (мемориалдық ордерде, тіркеу журналында, синтетикалық және аналитикалық регистрлерде) жазылады. Аналитикалык есеп тьш көп, әрі синтетикалык есептен бөлек жургізіледі, шаруашылық іс-әрекетті бақылау, талдау және есеп беруді жасау үшін қажстті көрсеткіштерді жинау өте қиын.

1010 шоты бойынша мемориалдық ордер

 

Операция мазмұны Дебет Кредит Сома, теңге
Есеп шоттан алынды   1030 «Ағымдық шоттагы акша»
Пайдаланылмаған есептің сома калдыгы тапсыръшды 1250, 2150 «Есеп беруге тиісті тұлғалар мен есеп айырысу»  

 

2. Есептің журнал-ордерлік формасы. Негізгі ерекшеліктері:

«Шаруашылық операцияларьш есептеу үшін кредиттік белгісі бойынша сызықтық-позициялау тәсілімен жазба жүргізілетін және жол-жол сызудың шахматтық формасы бар журнал-ордерлср қолданылады;

• бірқатар журнал-ордерлерде синтетикалық және аналитикалық есеп қатар орындалады;

• жүйелі және хронологиялық жазбалар біріктірсді;

• бақылау мен есепті жүргізу үшін қажетті көрсеткіштер көлеміндегі операциялар бейнеленеді;

• журнал-ордерлерді және Бас кітапты тиімді құрудың арқасында жазулар саны азаяды.

Журнал-ордерлер дегеніміз - едәуір деректемелері бар бос парақтар. Белгілі бір синтетикалық шот пен шоттар тобына ашылады. Ай ішіндегі мәліметтер алғашқы кұжаттардың негізінде күн сайын жинакталады. Ай соңында корытынды есептеліп, Бас кітапқа көшіріледі. Бас кітаптың негізінде баланс пен есеп беру жасалады.

Есеп-қисаптың журнал-ордерлік формасын қолдану есептің көп еңбек сіңіру қажеттілігін едәуір азайтуға мүмкіндік береді, онын бақылаушылық мәнін арттырып, есеп кұруды жеңілдетуге жол ашады.

Алайда бұл форманын да кемшіліктері бар, бұлар - мәліметтерді қолмен толтыруға бейімделген және есепті механикаландыруды қиындататын журнал-ордерлсрді түзеудің күрделілігі мен қолайсыз молдығы.

3. Есептің автоматтандырылған формасында (бухгалтерлік есепті колмпьютерде жүргізу) жоғарыда айтылған кемшіліктер кездеспейді.

Компьютерді пайдалануды салыстырмалы түрде қарастырсақ, қарапайым, оларды қолдану механикаландыруды, көбіне есеп-қисап процесін автоматтандыруды; есеп мәліметтерінің ете дәлдігін; есептің ширақтығын; есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыруды; оларды қарапайым, жай техникалық іс-кызмет аясын атқарудан босатуды және шаруашылык қызметті бақылау және талдаумен шұғылдануға мүмкіндік беруді, есептің барлық түрлері мен жоспарлауды үйлестіруді қамтамасыз етеді.

4. Есептің қарапайымдандырылған формасы- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған, әрі небәрі екі регистрді көздейді: шаруашылық операциялары есебі кітабы (синтетикалық есеп регистрі) және аналитикалық есеп регистрлері болып табылатын тиісті объектілер (негізгі құралдар, тауарлы-материалдык қорлар және т.б.) есебінің регистрлері. Кітап пен ведомостің мәліметтерін баланс пен есеп беруді жасау үшін қолданады. Бұл форманы жүргізу «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі» мен есеп берудің 23 бухгалтерлік есеп стандарттарымен және оған берілетін әдістемелі ұсыныстармен реттеледі.

Бухгалтерлік есеп формаларын таңдау құқы субъектілердің өздсріне берілген. Ұсынылатын формалар негізінде олар өздерінің формаларын жасайды, есеп регистрін жетілдіреді және ақпаратты өңдеудің жалпы әдістемелік принциптері мен технологиясын сақтай отырып, мәліметтерді тіркеу мен өңдеу бағдарламаларын жасауға болады.