Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі

 

Бухгалтерлік есеп пен қаржылык есеп берудің күмәнсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін субъектілер кемінде жылына бір рет мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізуі тиіс, түгендеу барысында олардың бар-жоғы, жағдайы мен бағасы тексеріліп, кұжатпен расталады.

Бухгалтерлік есептің бұл тәсілінің көмегімен субъектінің құралдары жайлы, олардың іс жүзінде бар-жоқтығы жайлы есеп мәліметтері осы көрсеткіштердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен салыстырылады және реттеледі.

Шаруашылық іс-әрекет барысында бухгалтерлік есеп мәліметтерімен тауарлы-материалдық қорлардың нақты қолда бары арасында айырмашылық туындауы мүмкін:

• табиғи себептерге байланысты (кеуіп, құрғап кету, сусымалы тауарлардың тасымалдау және сақтау кезіндегі салмағының азаюы, ұнтақталу, тозаңға айналу, төгілу);

• құралдарды қабылдаған немесе босату кезіндегі жетіспеушілік (кате есептеу, қағыс өлшеу, салмақ кемдігі);

• есептеу кезіндегі қателіктер - арифметикалық қателіктер, алғашқы құжаттардағы жаңылыстар, құжаттық мәліметтерді қате көрсету;

• ұрлык, кымқыру, кем өлшеу - материалдық құндылықтарды қабылдау мен босату кезіндегі, ақша және басқадай заттарды беру кезінде кем беру, есептеу, сондай-ақ кұралдарды тікелей сіңіріп кету.

Айырмашылықтарды құралдардьпі нақты қалдықтары мен бухгалтерлік есеп мәліметтерін октьш-оқтын салыстыру ыегізінде тугендеу жолымен анықтауға болады.

Түгендеуді (инвентаризация) өткізу тәртібі мен мерзімдерін субъект басшысы №24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бухгалтерлік есеп стандартына және оған Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесі департаментінің 1998 ж. 6 наурыздағы «Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізудің тәртібі туралы» 47 бұйрығымен (озгерістермен жэне толықтырулармен) бекітіліп, түгендеу айырмашылықтарын реттеу жэне түгендеу қорытындыларын рәсімдеу тәртібі белгіленген. Әдістсмелік ұсыныстарға сэйкес анықтайды.

Мынандай түгендеулер болады:

1. Толық. Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерге қатысты. Әдетте түгендеуді мынандай мерзімдерде өткізеді:

• негізгі құралдарға - кемінде жылына бір рет (1 қарашадан ерте емес);

• ғимараттарды, үйлерді және негізгі құралдардың тағы басқа жылжымайтын объектілерін -- 2-3 жылда бір рет;

• күрделі каржы - жылына бір рет (1 желтоқсаннан ерте емес);

• аякталмаған өндіріске - 1 қаңтарға қарай;

• күрделі жендеудің, алдағы ксзеңдердің шығындарын - тоқсанында (квартал) бір реттен кем емес;

• мұнай өнімдерін - айына бір реттен кем емес;

• банкпен есеп айырысуларды - жеке шоттары бойынша көшірме алу шарасына орай;

• қаржылық органдармен есептесулерді - тоқсан сайьш;

• ақшалай қаражат пен қатаң есептегі құжаттарды айына бір реттен кем емес;

• балансаралық есептер (еншілестерімен, тәуелділермен, занды тұлғалармен бірлесіп бақыланатындармен) - әрбір айдың бірінші күнінде;

• басқадай дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуларды - жылына екі рет;

• баланстың басқа баптарын - келесі есепті жылдың 1 каңтарына.

2. Жекелеген. Қаражаттардың бір түрін (кассадағы ақшалай қаражат) қамтиды. Жыл бойы материалдық-құндылықтарды сақтау максатымен жүйелі түрде жүргізіледі.

3. Жоспарлы. Жоспар бойынша белгіленген мерзімде өткізіледі.

4. Кенеттен - материалдық-жауапкершілікті тұлғалар ауысқанда басшының өнімі, тергеу органдарының талабы бойынша.

5. Жоспардан тыс - стихиялық апаттан (өрттен және т.б.) кейін, сондай-ақ қаражатты ай сайын түгендеу.

Сонымен катар, тугендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есебі мен баланысыньщ шынайылығын қамтамасыз ету үшін өткізіледі. Бүл мақсат үшін құрамында субъект басшысы (комиссия төрағасы), бас бухгалтер, құрылымдық бөлімше басшысы, қызметтің бас мамандары бар тұрақты түгендеу комиссиясы құрылады.

Ол кұндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі алдын-ала жұмысты жүргізеді; түгендеу өткізуді ұйымдастырады жэне жүмысшы комиссия мүшелеріне нұсқау беруді іске асырады; түгендеу барысында тұрақты бақылау жүртізеді, тауарлы-материалдық қорларға түгендеу жүргізудің дүрыстығына бақылау жасайтын тексерушілерді үйымдастырады; қоймалық есеп жүргізу мен түгендеудің аралық кезеңдерде құндылықтарды сақтаудың дұрыстығын, түгендеудің қорытындысын (артық шығу, кем шығу) тексеруі; қажет жағдайда қайтадан толық түгендеу өткізеді; жетіспеушілікке немесе құндылықты бүлдіруге жол берген адамдардан алынған түсініктемелерді, сонымен қатар баска да бұрмалаушылықтарды қарайды жэне анықгалған жетіспеушілікті, кұндылықты бүлдіру салдарынан болған жоғалтуларды реттеу тәртібі туралы ұсыныстар енгізеді.

Түгендеуді тікелей өткізу үшін субъекті басшысының бұйрығымен құрамында комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері (мамандар мен бухгалтерия қызметкерлері) бар жұмысшы комиссиясы қүрылады.

Комиссия қүрамына түгендеу жүргізілетін құндылықтарды, бағаларды және бастапқы есепті жақсы білетін тәжірибелі қызметкерлер кіреді. Жұмысшы түгендеу комиссиясының қызметкерлері түгендеудің уақтылы жүргізілуін және тәртіпті сақтау үшін, тізімдеме (опись) құрудың толықтығы мен дәлдігі, оларды бухгалтерияға ұсыну үшін жауапкершілікті алады.

Түгендеуді материалды-жауапты түлғалар ауысқанда, аудиторлық тексерулерде, тергеу органдарының талаптары бойынша және тағы басқа жағдайларда өткізеді.

Түгендеу қортындылары (артық шығу, кем шығу, қайта сұрыптау) түгендеу қорытындыларының салыстыру ведомосіне жазылады. Оларға тек есептік мәліметтерден ауытқуы анықталған құндылықтар ғана кіреді,

Орталық түгендеу комиссиясы салыстыру ведомосін жасаудың дұрыстығын тексеруі тиіс және түгендеу аяқталғаннан кейін 10 күннен кеш емес мерзімде субъект басшысы бекіткен хаттамада өзінің шешімін айқындап жазып қояды.

Артық шыққан негізгі қүралдар, тауарлы-материалдык кұндылықтар акшалай қаражаггар кіріске алынуға тиісті. Қүндылықтардың белгіленген шекте жетпей қалуы шығындарға жатқызылып, есептен шығарылады.

Тауарлық-материалды кұндылыктардъщ табиғи кему нормасынан артып, кем шығуын сондай-ақ құнды затты бүлдіру салдарынан жоғалтуды кінәлі адамдар есебіне жаткызады. Түгендеу кезінде айкындалған мүліктің шын мәнінде қолда барының бухгалтерлік есеп мәліметтерімен айырмашылығы былайша танылады:

• артық шығу - кіріс болып жэне негізі емес кызметтен түскен табыс ретінде кіріске алынуға тиіс;

• кем шығу - шығындар;

• нақты санының жетпеуі мен оның табиғи кему нормасы шегінде бүлінуі ҚР СК 92-бабының 2 тармағына сәйкес шығындарға жатқызылады;

• мүлік санының жетпеуі мен оның нормадан тыс бүлінуі кінәлі адамдар есебіне жатқызылады. Егер кінәлі адамдар айқындалмаса жэне сот өндіріп алуга қарсылық білдірсе, материалдық қорлардың жетпей қалуы мен бүлінуін субъект шығындарға жатқызады.

Табиғи кему нормалары азық-түлік тауарлары мен шыны ыдыстарға ғана қатысты болғандықтан, табиғи кему нормалары жок субъектілер оларды жоғалту ретінде қарастыруы керек, олар кінэлі адамдар табылмаса немесе сот олардан шығьшды өндіріп алуға карсылық білдірсе олар шығындар есебіне жаткызылады және де олар субъектінін таза пайдасы есебінен жабылса, мүндайда салық салу мақсаттары үшіы шегерімге жатқызылмайды.