Лекция №10 Ұзақ мерзімді активтер.Негізгі құралдардың есептері

Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт ұшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек күралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Негізгі кұралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметгік) салада да ұзақ, уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машнналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдык; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдыктар; шаруашылык мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдык екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; баска да негізгі құралдар жатады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес үйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудін, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылык. пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына /машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б./ әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалык көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Ндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдык шаруашылық, денсаулык сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 2411 "Жер", 2412 "Үйлер мен ғимаратгар", 2413 "Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар", 2414 "Көлік құралдары", 2415 "Басқа да негізгі құралдар" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша лайдаланбайтын негізгі құрал-жабдыктар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына карай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (затгай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдыктар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.

Р субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне карай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдык); күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысынын, құрамына енетіндер:

жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;

үйлер -халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сактауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір түрғын үй мүліктік объект болып табылады;

ғимараттар - енбек заттарын әзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мүнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлык жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларьшан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;

Күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер).

жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар);

өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар — өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроск.оптар);

есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және баска есептеу машиналары);

басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар жөне басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар);

көлік құралдары — адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жеңіл көлігі). Әрбір объект әзіне тиісті барлык бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

құрал-сайман - кол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйык, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындыктар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;

жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;

көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдык, өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас есімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылык мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жүмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту);

басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстык, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы (тарихи) құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса етелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.

Негізгі құралдардың бастапқы қүны мынадай жолмен анықталады: Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы - актіде көрсетілген сатып алу құны, козғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;

Құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып ояынган машиналар меп құрал-жабдықтар бойыпша — сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналармен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегендегі жендеу құны. Егер негізгі құралдар несие аркылы сатып алынған болса, онда төленген проиенттер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады;

үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіслеп салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жүмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалык-сметалык құжаттардың құны, т.б. – құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;

жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т.б. бұзуға (түбірімен жүлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді;

мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша — объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;

құрылтайшылардың жарғылық, капиталына салынған негізгі құралдар өздерінің келісілген бағасы бойынша;

субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынган негізгі құралдар бойынша — сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердін (алушының құрал-жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса есептелген баска да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;

тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша— құжаттарда көрсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде);

айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің — бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған (берілген) ақша қаражаттарының сомасына тен болады. Айырбастауға бір мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер де жатады. Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі құралдар: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған (түскен) сомасы ескеріледі;

жас малдарды негізгі табынға аударған кезде — малдарды өсірудің нақты өзіндік құны;

негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша — жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар және сатып алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;

жас өсімдіктер бойынша —өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) накты шығындар;

толық төленген және ұзак, мерзімге жолға алынған негізгі құралдар бойынша — олардың ұзак мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;

жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша — жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.

Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мумкІн.

Ағымды құн -бүл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн — бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардыд бастапқы немесе ағымдық құны.

Сату (өткізу) құны - бірін-бірі жаксы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жактардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

Жою құны — тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сыныктарының және басқа да материалдык құндылықтардың құны.

Амортизацияланған құн негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:

- пайдалы кезең қызметі — бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалык, олжа алуды кәсіпорын топшылайды;

- нормативтік қызмет кезеңі — бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.

Негізгі құралдардың есебі 2410 "Негізгі құралдар" бөлімшесінің мынадай мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі: 2411 "Жер”, 2412 "Ғимараттар мен құрылғылар", 2413 "Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер", 2414 "Көлік құралдары", 2415 "Басқа да негізгі құралдар".

Сонымен бірге, 2416 "Аяқталмаған құрылыс" шотында аяқталмаған күрделі салымдар, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, жас малдарды өсіруге және бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.