Жарғылық капиталдың есебі

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды камтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорыннын жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және баска да мүліктердің немесе мүліктік құқыктарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын аныктайды.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқык та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен құжатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлык мерзімі үшін есептелген сомадан аныкталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

Косымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердін жарғылык, капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасынын 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлык қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінін бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам әзінің шығады деп жариялап койған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін - бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (теленген) жарғылык капитал жанадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес әзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей тәленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылык капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған сон, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттандырады:

- дивидендтер алуын;

- қоғамды басқаруына қатысуын;

- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта - акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

Жарғылык капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 " Артыкшалығы бар акциялар ", 5020 " Жай акциялар ", 5030 "Салымдар мен пайлар" шоттары енетін 5000 (50-ші) "Жарғылық капиталы" деген шотгар бөлімшесінде жүргізіледі.

5000 (50-ші) "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылык капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000 (50-ші) бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай кұжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

5000 (50-ші) "Жарғылық капитал" бөлімшесінін шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.

5020 "Жай акциялар", 5010 "Артықшалығы бар акциялар" шоттарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110 "Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.

Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны тәленсе, онда ол: 1010, 1030 шоттарының дебеті бойынша және 5110 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.

Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық құндылықтармен және баска да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2710, 2410, 1310-1350, 1320, 1330 және 5110 шоты кредиттеледі.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарлық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір бөлімі, яғни жарғылык капиталына жетіспей тұрған сомасы 1270 "Есептелген пайыз" шотының дебеті бойынша және 6120 "Акция бойынша дивидендтер нен пайыз түріндегі табыс" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылык капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5110 шоты дебеттелген және 5030 шоты кредиттелген — қызыл жазылады.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылык капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал да азаяды, демек: 5030 шоты дебеттеледі де 1010, 1030, 2710, 2410 1310-1350, 1320, 1330 шоттары кредиттеледі.

Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса 5000 шоттары дебеттеледі де 5210 - "Қайтып алынған капитал" шоты кредиттеледі.