Аналық тақшадағы шиналар.

АНАЛЫҚ ТАҚША

Аналық тақша (Плата материнская; motherboard) — орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуыс- орындары және есептеу Машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Кез келген компьютердің негізгі құрамдас бөлігі. Ӏшкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен үзілімдер арқылы әрекеттеседі. Кейде бас немесе жүйелік тақша деп те аталады. Аналық тақта ағылшынша motherboard) сонымен бiрге mainboard атау ағылшынша қолданылады - бас тақта; с енг. ана, ана, негiз ) - бұл (ОЗУ орталық процессор, контроллер және ОЗУ, жүктеушi ТСҚ, енгiзу-шығарудың негiздi интерфейстерiнiң контроллерлерi шындығында) дербес компьютердiң негiзгi компоненттерiн бекiтiлген күрделi көп қабатты баспа тақта. Әдеттегiдей, аналық тақта қосуы үшiн USB, PCI және PCI-Expressтiң шиналарын әдетте қолданылатын қосымша контроллерлердiң қосуы үшiн (слоттар ) тiркеуiштер болады.

Аналық тақтаға қойылған негiзгi компоненттер:Орталық процессор chipset ағылшынша) жүйелiк логиканың жиыны - ОЗУға және шеттегi құрылымдардың контроллерлерiне Цпу қосу қамтамасыз ететiн микросхемалардың жиыны.

Бейнекарта Видеокарта; video card) — бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композит сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді өңдеп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

Саундбластер (дыбыстық карта) (саундбластер (звуковая карта); sound blaster) - дыбыстық сигналды файлға жазуға, кейін оны қайта ойнатуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы (тақша); creative labs фирмасы 1989 жылы шығарған, кейіннен компьютерлердің дыбыстық тақшаларының стандартына айналған. Көптеген мультимедиалық программалар компьютерде осындай дыбыс тақшаларының болуын талап етеді.

Желілік карта ағылш. Network Interface Card, NIC) — компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік тілдесу тақтасы NIC) деп те аталады.Компьютерге орнатылған желілік тақта желіге қосылым орнатуға мүмкіндік береді. Басқа желілік тақталардың көмегімен басқа компьютерлермен арада бөлек, тұрақты жұмыс істейтін қосылым қамтамасыз етіледі. Желілік тақталардың көпшілігі желінің белгілі бір тұрпатына арналған, бірақ олардың кейбіреулері бірнеше желіге қызмет көрсете алады. Желінің ең кең тараған тұрпаты –Ethernet; бұл компьютерлердің өзара әрекеттесуінің желілік стандарты, онда коаксиалды сым немесе өрілген қос сым пайдаланылады.

Аналық тақша компьютердің ең маңызды бөлігі болып табылады. Аналық тақша стеклотекстолиттен жасалған жазық бет, ол компьютердің негізгі элементі, онда электрондық элементтер орналасады. Аналық тақшаның физикалық параметрін, оның орналасатын қорабының түрін анықтауды форм фактор (form factor) деп атайды. Форм фактор аналық тақша өлшемдерінің типтерін анықтайды. Олар стандартты және стандарттан тыс болып бөлінеді. Стандартты аналық тақшалар компьютер құрылымын жетілдіруге, әмбебап пайдалануға мүмкіндік беретін, барлық қолданушылар үшін ортақ түрде шығарылады. Стандарттан тыс форм факторлар компьютер құрылысын жетілдіруге мүмкіндік бермейтіндіктен оларды көп қолданбайды.

Стандартты аналық тақшаның төмендегідей форм факторлары бар:

Ескірген түрлері: Baby-AT, толық өлшемді AT, LPX;

 

  1 – сурет Стандартты аналық тақша   Жадтар ұяшықтары Толық өлшемді АТ платасы

SA шинасы дисплейді батарейка сопроцессор ұяшығы ауыстырғыш ұясы ұяшығы

CMOS RAM/RTS. Пернелер тақтасының контроллері үзу контроллері 286 процессоры генератор микросхемасы 8037 ДМА контроллері

 
Форм фактор Өлшемдері (дюм)
АТ толық өлшемді 14 х 12
Bаbi AT 13 х 8,5
ATX 12 х 9,6
Mini- ATX 11,2 х 8,2
Micro-АТX 9,6 х 9,6
LPX 13 х 9
Mini- LPX 10 х 8
NLX 10 x 8 ден 13,6 х 9
FlexATX 9 x 7,5

ROM BIOS ұяшығы Қазіргі қолданылып жүрген түрлері: ATX, microATX, FLEX - ATX, NLX; Басқа түрлері: Compag, Packard Bell, Hewlett-Packard және портативтік – мобильдік бір-біріне тәуелсіз құрылымдар. Бұл белгілеулер аналық тақшаның формасын, өлшемдерін және тақшадағы құраушы бөліктерінің орналасуын сипаттайды. Әртүрлі форм факторлардағы аналық тақшаның өлшемдері кестеде көрсетілген.
Аналық тақша жасаушылар әрбір тақшаны АТ және АТХ форматына арнап шығарады. Pentium2, Pentium Pro процессорлары үшін АТХ форматы қолданылады. АТХ конструкциясын 1995 жылы Intel компаниясы өндіріске шығарды. Ол 1996 жылдан бастап Bаbi – AT тақшасының орнына қолданыла бастады. ATХ конструкциясы Bаbi- AT және LPX стандарттарын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Форм факторлардың жеке сипаттамалары АТХформ фораматынадағы аналық мынандай ерекшеліктері бар:
1. Ендіру, шығару порттарының ұяшығын интеграциялау корпус ішіндегі жалғаструшы өткізгіштер санын азайтуға мүмкіндік береді. Парралель және тізбектелген порттар және клавиатура ұяшығымен қатар платаға PS/2, USB порттар орналасқан. Жады модульдері алмастыру оңай болуы үшін аналық тақша слоттарынан, процессордан және қоректендіру блогынан алыс орналастырылған. FDD және IDE контроллерлердің ұяшықтары өзара жалғастырылатын құрылғыларға жақын орналасқан. Бұл қолданатын кабельдің ұзындығын қысқартуға мүмкіндік береді. 4. Процессор және кеңейту слоттары тақшаның әр түрлі бөлігінде орналасқан. Олар бір - біріне кедергі тудырмайды. 5. Коректендіру блогында 20 контактілік ұяшық орналасқан. Сонымен қатар аналық тақшаға қоректендіру блогының қызметін басқарып тұру мүмкіндігі беріледі 6. 3.3 вольттық компьютерлерде қолданылатын кернеу қоректендіру блогынан алынады. АТ тақшасында ол аналық тақшада орналасқан стаблизатордан алынған.Микро-АТХ аналық тақшасы АТХ тақшасын өзгерту нәтижесінде алынған. Оның төрт кеңейту слоты бар. Ол кішірейтілген қоректендіру блогына қосуға мүмкіндік береді.

 

 

А-PS/2 пернелер тақтасының/mouse ұяшығы.
В - PS/2 пернелер тақтасының/mouse ұяшығы.
С- USB1 порты

D – USB0 порты

E – тізбектелген А порты

F – параллель порт

G – тізбектелген В порты

H – MIDI және ойын порты
I – шығыс порты

J – кіріс порты

K – микрофон

LPXформ фактoрларындағы аналық тақша Slim корпусында қолдануға арналған, ондағы кеңейту карталары арнайы Rieser card картасында орналасқан. Ол тікелей аналық тақшаға паралель орналасады.

 

 

NLX форм факторлары AGP портымен DIMM жадтық порттың модульдерінен тұрады. Онда (дыбыс, бейне компоненттері жинақталған) NLX аналық тақшасының кеңейту карталары үшін арнайы орындары бар. Ол қорапта оңай қозғалыс жасайды. Сондықтан процессормен жадтарды оңай айырбастауға мүмкіндік береді. Арнайы орынға ендіру/шығару компоненттері, кеңейту тақшалары компоненттері және информация сақтағыштар орналастырылады. NLX қорабының алдынғы панельіне USB порты орналасады.

ЖҮЙЕЛІК ТАҚШАНЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ
Жүйелік тақшада мынандай компоненттер орналасады:
Процессор орнатуға арналған ұяшық. Ол ұяшықтар ZIF, Socket немесе Slot типті болады да арнайы номермен белгіленеді.

 


Slot2 типті ұяшықтары

 

Қазіргі кезде негізінен Socket типті ұяшықтар қолданылады. Процессор ұяшыққа орналастырылып оның беткі бөлігіне желдеткішті суытқыш бекітіледі.

 

486 процессорларына арналған Socketтер

 

Pentium, Pentium PRO процессорларына арналған Socketтер

Жүйелік ойлау микросхемасының тобы (Hub). Кэш жадтың екінші деңгейіндегі микросхемасы INTEL фирмасының PentiumII, PentiumРro процессорларының тақшасындағы картриджінде орналасады.

Pentium II, Pentium fro процессорларының тақшасындағы картриджі
Super I/O микросхемасының дискі, параллель және тізбектелген порттар контроллерлерінде орналасады. Ендіру/шығарудың базалық жүйесі (ROM BIOS). EEPROM қайтадан бағдарламалауға болатын микросхемада ендіру/шығарудын базалық жүйесінің бағдарламасы сақталады. Ол бағдарлама операциялық жүйенің жүктелуін, қондырғылардың драйверлерін, арнайы алғашқы компьютер құрылымын тексереді (CMOS SETUP). SIMM/DIMM, RIMM модульдерінің ұяшығы. Оперативтік жад модулін орналастыру үшін қазіргі кезде 72 контактілі ұяшықтар SIMM модулі үшін, 188 контактілі ұяшықтар DIMM модулі үшін қолданылады. Әртүрлі аналық тақшадағы ұяшықтардың түрімен сандары әртүрлі болуы мүмкін.

1. ISA/PCI/AGP шиналарының ұяшығы. Кеңейту тақшаларын орналастыру ұяшықтары аналық тақшада ISA және PSI стандартындағы карталарды орнату үшін арнайы ұяшық - AGP слоттарымен жабдықталған.

2. AMR (Audio Modem Riser) ұяшығы. Модемдерді қосу үшін жасалған.

3. CNR ұяшығы.

4. Орталық процессор кернеуін түрлендіруші.

5. Батарея - СМОS жадтың аккумуляторы, онда BIOS пен жүйелік сағаттың құрылымы сақталады.

6. Қатты және жұмсақ дискілерді, CD ROM құрылғысын, тізбектелген СОМ портының құрылғыларын жалғастыратын және параллель порттарды LPT қосуға арналған (принтер, сканер, ТВ) ұяшықтар орналасады.

7. Чипсет ( Chipset) - компьютердің компонентерінің арасындағы мәліметтер алмастыруды басқаратын жүйелік микросхемалар топтамасы. Чипсеттің екі негізгі микросхемасы “солтүстік көпір және оңтүстік көпір” деп аталады. Кейбір жүйелік тақшаларда бейнеадаптердің, дыбыс карталарының, желі карталарының микросхемалары орналасуы мүмкін. Ондай тақшаларға NLX және mini LPX форм факторлары жатады. ШИНАЛАР

· Негізгі жад шинасы

Жүйелік тақшаның жеке компоненттері бір–бірімен ақпараттар алмасу үшін шиналар деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы жалғастырылады. Шиналар (BUS) жай өткізгіштерден үш түрде ажыратылады.

1.Деректер шинасы

2.Адрестер шинасы3.

Басқарушинасы

Әрбір шинаның контроллерлері болады (бақылаушылары). Шина контроллерлері деректер алмасу, қызмет көрсету сигналдарын алмастыру қызметтерін атқарады да жеке микросхема немесе чипсет микросхемасымен интегралданып жасалады. Деректер шинасы кеңейту карталарының слоттарымен, жадтармен және орталық процессор арасындағы деректер алмасуын қамтамасыз етеді. Онда DMA режимі ( жадқа тікелей қатынас жасау) негізгі роль атқарады. Бұл режимде деректер алмасу DMA контроллері (чипсет микросхемасымен интеграцияланған) арқылы орындалады. Шинаның разрядтар саны неғұрлым көп болса белгілі-бір уақыт аралығындағы деректер алмасу саны көп болады да дербес компьютердің өніміділігі жоғары болады. PENTIUM процессордың шиналарының разряды 64–ке тең. Адрестік шина. Деректер аламасу дерекетерді таратушы мен қабыладаушы бірдей анықталған жағдайда ғана орындалады. Компьютердің әрбір компонентінің және оперативтік жадтың әрбір ұяшығының өз адресі болады да жалпы адрестік кеңістікті құрайды. Адрестік шина компьютердің кез-келген құрылғысына адресті беру үшін қолданылады. Оперативтік жадтың максимум көлемі адрестік шинаның разрядына тәуелді болады және оның мәні 2пмұндағы, п-шина адресіндегі өткізгіштер саны Pentium MMX, PENTIUMII 32 разрядтық адрестік шина түрінде жасалған оның көмегімен 4Гбайт жадты адрестеуге болады. Ақпараттарды жазу, оқу, тарату үшін арнайы қызмет көрсетуші сигналдар береді. Ол сигналдар басқару шиналары арқылы беріледі. Екі құрылғыны ғана жалғастыратын шинаны порт деп атайды. Дербес компьютерде функционалдық қызметтерінің түрі бойынша төмендегідей шиналардың түрі болады:

· жүйелік шина (орталық процессордың шинасы)

· Жады шинасы (Оперативтік жад пен орталық процессор арасындағы)

· КЭШ жады шинасы ол процессор мен КЭШ жады арасындағы ақпараттарды алмасуды қамтамасыз етеді.

· Ендіру/ шығару шинасы (интерфейстік)

Аналық тақшаның орталық процессоры мен КЭШ жадты байланыстыратын электрлік тізбек компьютердің жүйелік шинасын құрайды. Жүйелік шинадағы ақпараттар алмасу “солтүстік көпір” деп аталатын шипсетке кіретін микросхеманың бақылауымен орындалады. Жүйелі шинаның жылдам әрекет ету характеристикасын өткізгіштік қабілеті МегаГерцпен өлшенеді Ендіру шығару шинасының сипаттамасы арнайы кестеде берілген

Шина Разряды, бит Тактілік жиілігі, МГц Өткізгіштік қабілеті, Мб/с
ISA 8- разрядты 8,33 8,33
ISA 16- разрядты 8,33 16,6
EISA 8,33 33,3
VLB 133,3
PC1 133,3
PC1 2.1 64-разрядты 533,3
AGP (х1) 266,6
AGP (х2) 66 х2 533,3
AGP (х4) 66х2 1066,6

Жүйелік шина және кеңейту тақшаларының ұялары. Интерфейс. Аналық тақшада және адаптерлер тақшасында оларды құрайтын жеке компоненттерінің арасында деректерді алмастыру мүмкіндігін шиналар арқылы іске асырады. Шина көмегімен процессор компьютердің барлық құрылғыларымен байланыс жасап, арнайы сигналдар алмасады. Компьютердің барлық компоненттерінің арасында өзара түсіністік болу үшін олардың ортақ интерфейсі болу керек. Аппараттық және бағдарламалық интерфейстер физикалық немесе логикалық бақылау желілерінің, өзара байланысқан құралдардың, бағдарламалық қосымшалардың жұмыстарын үйлестіріп отырады. Шиналар жүйелік (системалық) және сыртқы (периферийлік) болып бөлінеді. Жүйелік шиналардың әртүрлі типтері бар: ● ISA (Industrial Standard Architecture) 80 - жылдары РС/Ат – 286 компьютерлерінде қолданылған, ол 8 немесе 15 биттік (разрядты) деп аталатын 8 немесе 16 каналдан бір мезгілде деректер бере алады. Оның түсі қара және ұзын болып жасалынады. Оның өткізгіштік қабілеті 16 мб / с, қазіргі кезде де қолданылады. ISA стандартындағы ұяшық 98 немесе (62+ 36) контактілі немесе екі қатарлы ұядан тұрады.

 

EISA (Extended ISA ) – ISA-ның өзгертілген түрі, қымбаттылығына қарай кең таралмаған. Ол файл – серверлерде, қуатты станцияларда қолданылады. ●VLB ( VESA LOCAL Вus) -VESA (VIDEO Equipment Standartds Assotiation) ассоцациясы жасаған 32 разрядты, деректер алмасуы жылдам контроллерлер мен ақпарат сақтағыштар, бейнеадаптерлерде қолдануға арналған, түрлі–түсті шина. Ол сыртқы құрылғыларды тікелей процессормен жалғастырады, сондықтан оны локальдық шина деп атайды. Шина орталық процессорлар тактісінің жиілігінде жұмыс істейді де 486 компьютерлерінде қолданылады. Жүйелік тақшада оған үш слот бөлінген, тактілік жиілігі 50 мГц–тен артық процессорлар үшін 2 шинадан артық қолдануға болмайды. VLB шинасының бағасы арзан, өткізгіштік қабілеті –132 Мб/с VLB ұяшығы екі бөліктен тұрады: 1 – ISA, VLB тақшасын бағдарламалау үшін2 – 128 контактілі VLB – ұясы. ● PCI (Peripheral Component Interconnect) – Intel фирмасы шығарған Pentium процессорларында қолданылады. VLB–дан айырмашылығы 33 МГц жиілікте жұмыс істеп қосылған құрылғыларды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беріп Plug and Play режимінде жұмыс істейді. Өткізгіштік қабілеті VLB–дан 20 % жоғары, онда 64 разряд бар.

 

Қазіргі кезде жүйелік шиналар ISA (EISA) + PCI, ISA (EISA) + VLB, ISA (EISA) + VLB + PCI кездеседі

Аналық тақшадағы шиналар.

ПРОЦЕССОРЛЫҚ ШИНА:(Prosessor bus ) –процессор немесе бірнеше процессордан, кэш – контроллерінен және кэш – жадтан тұрады. Ол шинаның өткізгіштігі жоғары, 66 Мгц, 64 разрядты шинаның төмендегідей сипаттамалары болады: 66 Мгц х 64 бит = 4224 Мбит / с4224 Мбит / с / 8 = 528Мбайт

 

Жад шинасы (memory bus) – процессормен жедел жад арасындағы байланысты орнатады. Оған шина контроллері, жедел жад және деректерді сақтайтын буфер кіреді. Бұл шинада екі портты жад орналасуы мүмкін. Ол контроллер жады, процессор мен ендіру/шығару (УВВ) құрылғысының талаптарына жауап беруге сәйкестеніп тұратындығын білдіреді. Екі портты жадта 64 немесе 128 разрядты деректер шинасын ұйымдастыруға болады.Жады шинасы:

 

Жүйелік шина – жүйе архитектурасы бойынша анықталады. Оларға ISA, PCI, EISA және олардың комбинациялары жатады. Сигнал тоқтату контроллерлері және жадты тікелей анықтау. Жүйелік шинаға қосылған қондырғылар процессор көмегімен немесе қосылған ендіру / шығару порты көмегімен және жад адресімен анықталуы мүмкін. Орталық процессор кез – келген өзгерісті сигналдар көмегімен анықтайды. Оны үзу (тоқтату) сигналдары деп атайды да, ол берілгенде алғашқы орындалуын жатқан операция тоқтайды да, сигналға сәйкес басқа операция орындалады. Үзу сигналдары аппараттық (сыртқы құралдарға байланысты) және бағдарламалық болып бөлінеді. Жүйелі блокта үзу сигналдарының контроллерінің микросхемасы орналасқан, оның бірнеше кіріс сигналдарына арналған бөліктері бар. Алғашқы компьютерлерде сегіз линиялы (IRQO – IRQ7) микросхема қолданылды. Онан соң 15 шиналы қосымша микросхема қолданылады. Ол 15 әрекеттің кез – келген біреуіне сәйкес процессордың жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Үзу сигналдарының ММІ линиясы үлкен приоритетке ие бола алады, онан соң приоритет кемиді. IRQ 0, IRQ 1, IRQ 8 – IRQ 15, IRQ 3 – IRQ7. Қазіргі ІВМ типтес компьютерлерде 7 каналды жоғары жылдамдықты деректер беру қолданылады. (ДМА0 – ДМА6). Жүйелік үзу (Hardware Interrupts)

Үзу сигналы Мазмұны
ММІ немесе

Аналық тақшаға қосылатын құрылғылардың өзара әсерін қарастырайық. Жүйелік шина “сол түстік көпірдегі ” шипсет микросхемасына орналастырған контроллердің басқаруымен жұмыс істейді. Ол контроллерлер екі интерфейстік шинадан: PСI - периферийлік компоненттері қосуға арналған және AGР жылдамдатылған графикалық порттан тұрады. PСI шинасы орталық процессорды желі тақшаларымен, қосымша видеоадаптерлермен, ал AGР шинасы графикалық инфорамацияны тікелей жедел жадыға беру үшін қоладанылады. AGР шинасының PСI шинасына қарағанда өткізгіштік қабілеті жоғары. PСI шинасына интерфейстік шинаға жалғастыруға арналған контроллер орналасқан. Онда: ISA- өндірістік стандартты архитектура, USВ- әмбебап(универсаль) тізбекті шина және IEEЕ –1394- инженерлер институтының электротехника мен электроникадан №1394 стандартты шинасы орналасады. Баяу жылдамдықта жұмыс істейтін шиналардың жұмысын басқаратын контроллерлерді “оң түстік көпір” деп атайды. 3,5 дюймдік дискеттің дискіқозғағышы ISA шинасына жалғастырылады. ISA шинасы USВ шинасына қарағанда баяу жұмыс істейді. Интерфейстік USВ шинасының пайда болуы компьютерлерге қосылатын басқа құрылғылардың интерфейстік шинасының стандартын өзгертуді қажет етеді. Аналық тақшаларға арналған чипсеттердің сипаттамалары. Әр бір аналық тақшада өзіне тән ортақ процессорды орнатуға болады. Оларда Socket7, Slot16, Socket370. стандартты ұяшықтары қолданылады. Қазіргі кездегі процессорлардың шығарушы INTEL корпоарациясы болғандықтан шығарылатын чипсеттерді соған сәйкестендіріліп жасалуы керек. Қазіргі кезде INTEL корпорациясы шығарған INTEL 430ТХ чипсеті қолданылады . Ол 2 микросхемадан тұрады: 82439ТХ жүйелік контроллердің және PSI IDE/ISA контроллерінің микросхемасы. 430ТХ чипсеті АТ және АТХ стандартына сәйкес келе береді және Pentium, AМD К5 процессорлары үшін қолданылады. INTEL фирмасы PENTIUМ2, PENTIUM3, РЕNTIUM4 процесорлары үшін негізгі микросхемаларды жасайтын корпорация. PentiumII ПроцессорыPentiumIIПроцессоры66/100 DVDВидеоКамерасыСистемалық шина MHz-VMI 533 Мб/с-Video Capture 3.3V EDO&SDRAM Support Контроллер PCI/AGPСолтүстік көпір Оперативтік жадыГрафи-калық видео-адаптер 66/100

 

ТІЗБЕКТЕЛГЕН ПОРТТАР

 

 

 

Ендіру – шығару порттары.Тізбектелген порт. Порттар жасалу түріне қарай параллель және тізбекті болып бөлінеді. Дербес компьютерлерде негізгі ендіру/шығару интерфейсі үшін тізбектелген және параллель порттар қолданылады. Тізбектелген портқа ақпараттарды беруші және қабылдаушы қондырғылар жалғастырылады. Тізбекті портта ақпараттар бір ғана өткізгіш арқылы беріледі. Тізбекті портқа “тышқан” тетігі, модемдер қосылады. Компьютерде СОМ1/СОМ3 және СОМ2 / СОМ4 оларды бір мезгілде қолдануға болмайды. Тізбекті порт ұяшықтар (розетка ) түрінде жасалады да 9 немесе 25 контактілі болады. Ендіру/шығару интерфейстеріне тізбектелген, параллель порттар және универсаль тізбектелген шина (Universal Serial Bus), IEEE – 1394, SCSI мен IDE жатады. Тізбектелген портты – асинхронды тізбекті интерфейс деп айтады да, ол компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қолданылады. Тізбектелген термині деректерді бір ғана өткізгіш арқылы яғни бит ақпараттардың тізбектелініп бірінен соң бірінің берілуін сипаттайды

 

Шығыс пернелер тақтасы тізбектелген порттар параллель порт видео порт ұяшықтар mouse ұяшығы Типті жүйеде жүйелік блоктың артқы панелінде бір немесе екі тізбектелген порт орналастырылады. Цифрлық камера орнатуға арналған тізбекті порты бар компьютерлер де кездеседі. Ол жүйелік блоктың алдыңғы бөлігінде орналасады Қазіргі кездегі аналық тақшаның құрылымына тізбектелген портты басқаратын Super I/O микросхемасы кіреді. (Немесе South Bridge интегралдалған микросхемасы қолданылады). Тізбектелген портқа модем, плоттер, принтер, құралдарды басқару схемаларын, сканер және басқа компьютерлерді қосуға болады. Негізгі RS –232C стандартты тізбектелген порт қолданылады. Ол бір–бірімен сәйкес емес құрылғылар арасында да ақпараттар алмасуға мүмкіндік береді. Қондырғыларда жалғастырушы өткізгіш ұзындығы 15 м аспауы керек. Тізбектелген порт UART (Universal Asynchronous Receiver/Transmitter - әмбебап асинхронды қабылдаушы/таратушы) микросхемасында жасалынып, оның көмегімен компьютерден алынған деректерді параллель түрден тізбектелген форматқа және керісінше түрлендіру әрекеттерін басқарады. PC/AT компьютерлерінде UART 16450 микросхемалары, PS/2 компьютерлерінде UART 16550 микросхемалары қолданылады. Кейбір жағдайларда көптеген тізбектелген порттарды қолдану қажеттілігі туады. Ондай жағдайларда көппортты тақшаларды Remote Access Service – RAS қолдануға болады. 1990 жылдан бастап UART микросхемасын аналық тақшада Supe I/O деген атпен қолдана бастады. Бұл көпрежимді тізбектелген порт, ол екі UART тізбектелген портынан тұрады. (жұмсақ диск және пернетақта контроллері, кей жағдайда CMOS). Қазіргі жүйелерде Supe I/O функциясы South Bride микросхемасымен интеграцияланған. Компьютерге тізбектелген портты қосқаннан соң оның ендіру – шығару адресі мен IRQ үзілісін таңдап алу керек. Компьютердің артқы бөлігіндегі панельде сыртқы құрылғыларды кабельдер арқылы қосуға мүмкіндік беретін ұяшықтар орналасқан. Олардың формалары әр түрлі, сондықтан атаулары да әртүрлі болады. USB ҰЯШЫҒЫUSB, Fire Wite – ендіру/шығару интерфейсін USB және IEEE –1394 тізбекті шинасында үстелге қоятын және портартивті компьютерлер үшін жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін құрылғы жасалды, оларды iLink немесе Fire Wite деп атайды. Бұл жоғары жылдамдықты коммуникациялық порттың бұрынғы порттардан қолданылу аясы кең. Оны SCSI портына альтернатив ретінде қолдануға болады да сыртқы периферийлік құрылғылардың барлық түрін қосуға мүмкіндік береді. Ол бір мезгілде 8, 16 өткізгіш арқылы ақпараттар жеткізе алады. USB құрылғысына басқа құрылғыларды қосу үшін жаңа тақшалар қою, жүйені түрлендіру қажет емес және жүйені үнемдеп қолдануға мүмкіндік береді. USB порты бар компьютерге сыртқы құрылғыларды қосқанан соң, баптап орналастыру өздігінен орындалады. Бұл стандартты Intel фирмасы жасады. Оның алғашқы түрі 1996 жылы, ал 1.1 түрі 1998 жылы жасалды. USB арқылы бірнеше құрылғыларды қосу үшін концентраторды қолдану керек. Оның көмегімен USB–ның бір портына пернелер тақтасын, “тышқан” тетігін, цифрлы камера, принтер, телефон т.б қосуға болады. Компьютерге негізгі концентратор деп аталатын модуль орналастырылады, ол басқа құрылғыларды қосуға арналған негіз болып табылады. Аналық тақшада 2 немесе 4 USB порты болады. USB ұяшықтарының А және В типтері болады. USB штепселі USB ұяшығына бекітіледі.

Пернелер тақтасының ұяшығы арнайы DIN ( Deutsche Industry Norm) стандарты бойынша аналық тақшаға жалғастырылады. АТХ типті тақшаларға пернелер тақтасы PS/2 ұяшығы арқылы қосылады, сондықтан бұндай тақшаға ескі пернелер тақтасын қосу

үшін аралық ауыстырып қосқышты қолдану керек.

 

порттар


 

 

ЦИФРЛЫ ФОТОКАМЕРАЛАРСонғы кездері 2 миллионға дейінгі нүктені анықтай алатын фотокамералар шығарыла бастады. Цифрлы фотокамералардың мынандай ерекшеліктері бар: ешқандай фотопленканы қажет етпейді; сапасыз кадрларды суретке түсіру кезінде алып тастау; суретті телевизор немесе компьютер экранында көрсету; өте алыс объектілерді жақындату, дыбыстық түсініктеме жазу, панорама түсіру; түсірілген бейнені бірден түрлі-түсті сұйық кристалды экранда көрсету; бейнелерді тасымалдау және реставрация жасау. Цифрлы фотокамераларда бейнені CCD - оптикалық сенсор қабылдайды. AgfaеРhoto 1680 фотокамерасына орнатылған CCD - матрица 1300 000 нүктеден тұрады, одан 1600 х 1200 нүктеден тұратын бейне алуға болады. Цифрлы фотокамера батарея немесе аккумулятор көмегімен жұмыс істейді де бейнені камера жадында немесе флэш - картада сақтауға мүмкіндік береді. Камераға түсірілген бейнені көруге арналған экран орнатылған. Көптеген камералар құжаттар көшірмесін алуға мүмкіндік береді. Ондай камераларда фокусты автоматты түрде қою, ақ түсті экспозициялау, ішкі жарықтандырушы көзі арқылы 3 метрге дейінгі қашықтықтағы объектіні суретке түсіру, 10 с аралығында автоматты түрде суретке түсіру әрекеттерін стандартты функциялар көмегімен анықтай алады. Бейнені компьютерге беруге арналған цифрлы интерфейсі бар. Кейбір фотокамераларда бейнені телевизорда көрсетуге арналған видео шығару тетігі бар, 8с/кадр ұзындықты комментарий жазуға мүмкіндік береді. Сұйық кристалды экранда немесе видео тақтада экрандық меню орналасқан (айы, күні, кадрлар саны, режимдер). Жоғары сапалы фотокамераларды Olympus, Nikon және Sony фирмалары шығарады. Қазіргі кезде цифрлы фотокамералардан алынған бейнелердің шығу сапасы төмен.

ИНТЕРНЕТТЕ АҚПАРАТ ІЗДЕУ

Бүкіл әлемдік желіде әр сервердің өзіндік ерекше аты бар, ол домендік есім деп аталады. Оған стандартты хаттамалардың бірінің шегінде енуге болады. Интернет абонентерінің бір-бірімен байланысы қарапайым болу үшін, адрестердің бар кеңістігі облыстарға –домендерге бөлінеді, негізінен домендер екі әріп қосындысына тұратын географиялық аймақтарды қамтиды. Мысалы, Франция –fr, АҚШ- us, Россия- ru, Қазақстан- kz, КСРО-su. Домендік адресте алдымен компьютердің аты, содан соң ол қосылған желінің аты келеді. Тақырыптың белгілеріне қарай бөлінетін домендер де болады. Мысалы, коммерциялық ұйымдар–com, оқу орындары-edu, халықаралық ұйымдар - int. Компьютердің аты өзіне бірнеше домендік деңгейлерді қосады. Әр деңгей басқасынан нүктемен бөлінеді. Жоғарғы деңгейдегі доменнің сол жағында тұрған барлық атаулар қосымша домен болып есептеледі. Мысалы, home. microsoft. com атауы. Мұнда com-коммерциялық ұйымдар үшін жалпы домен. Home – Microsoft-қа қосымша домен, ал ол өз кезегінде соm-ның қосымша домені болып табылады. Интернетте ақпаратты қарау үшін Internet Explorer броузерін пайдалануға болады. Internet Explorer броузерін іске қосу үшін мына әрекетті қолдану керек: Пуск ПрограммаларInternet

Explorer,немесе Internet explorer пиктограммасында екі рет шерту керек. Сонда диолог терезесі шығады да, компьютер автоматты түрде сіздің провайдердің нөмірін тереді. Егер модемнің динамигі қосылып тұрған болса, телефон номерінің терілу дыбысын естисіз, содан соң бірнеше минут жағымсыз шиқыл естіліп тұрады, бұл модемнің байланыс орнатып жатқанын білдіреді. Explorer программасы сіздің провайдермен-Интернет қызметін (немесе жай ғана провайдермен) байланыстырады, содан соң Internet Еxplorer терезесі шығады. Internet Explorer программасы іске қосылған соң, экранда Micrasoft Internet Explorer терезесі пайда болады. Беттің мазмұнын көру үшін айналдыру батырмасын пайдалануға болады. Асты сызылған мәтін кездескенде, тышқан тәріздес тетік нұсқағыш пішіміне айналады – демек, байланыс гиперсілтеме) бар. Осы мәселеге немесе тақырыпқа байланысты ақпаратты көру үшін жай ғана осы байланысты шерту керек. Мысалы, ақпаратта қызықтыруы мүмкін басқа Web-тораптардың байланысын көру үшін ең жақсы Web-тораптарға шығып байланысын шертуге болады. Осы байланыспен өтуге болатын

Web-топтар тізбесі күннен күнге өзгеріп отыруы мүмкін. Байланыс бойынша өткен соң, алдыңғы бетке қайта оралу үшін, құрал – саймандар панеліндегі АРТҚАбатырмасын шерту керек. Кез келген тақырып бойынша Web-бетті неғұрлым жылдам табудың әдісі – тақырып бойынша іздеу.

Ең дұрысы- ақпаратты орысша іздеу сервері арқылы іздеу. Мысалы, Rambler.ru
Интернетте белгілі бір тақыпты іздеу үшін төмендегі әрекетті орындаңыздар: 1.Internet Explorer программасында адрес алаңына rambler. ru-ді енгізіңіздер, содан соң сіздердің Explorer осы сервердің бастапқы бетін жүктейді 2. Поиск алаңына тақырыпты енгізіңдер, сосын Поиск батырмасын шертіңдер. Сендердің тақырыптарыңа орай табылған беттердің барлық адресі келесі Web-бетте көрінетін болады. Әрі қарай беттер мен адрестер бойынша жылжи отырып, қажетті ақпаратты таңдап алуға болады.3.Басқа қалған адрестерді көру үшін алғашқы Web-беттің соңындағы сандық сызықтың келесі санын шерту қажет. 4. Переход Поиск Web командасын таңдау керек немесе құрал – саймандар панеліндегі Поискбатырмасын шерту қажет.Поискмәтіндік алаңына іздеп отырған сөзіңізді немесе сөз тіркесін енгізіңдер.Іздеу нәтижелері Internet Explorer терезесінің оң жағында пайда болады; сендер таңдалған бетті, табылған тақырыпты қарап алып, содан соң асты сызылған (әлде басқаша ерекшеленген) тақырыпты шертіңдер, сонда ол бойынша жан-жақты ақпарат аласыңдар. Осы жағдай Internet Поиск панелі терезенің оң жағында шығып тұрады, демек сендер одан әрі жалғастыра аласыздар. Байланыс тізбегі өте ұзын болуы мүмкін, ол сендерді желі тереңіне қарай алып кетеді.

 

ПРОЦЕССОР (CPU)Процессорлық шина

Процессор – вентилятормен (желдеткіш) жабдықталған шаршы немесе төртбұрыш формалы үлкен микросхема, ол аналық тақшаның ортасында орналасады.

 


Pentium процессорларына арналған микросхемалар Процессор жүйенің жұмысын басқару қызметін (интерпретация, командаларды құру, мәліметтерді форматтау, машина жады мен шиналар арасында деректер алмасуды басқару) және әр түрлі есептеу жұмыстарын жүргізеді. 486 – процессорына дейінгі шығарылған (286, 386) процессорларда олармен қатар жұмыс істейтін сопроцессорлар қолданылған, ол математикалық есептеулер үшін пайдаланылған. Қазіргі кезде ол процессор микросхемасы құрамына енгізілген.

 

Процессорды суытқыш радиаторлардың түрлері және оны бекіту тәсілдері

Процессор” жадта сақталған бағдарламаларды орындайды. Компьютерде негізгі бағдарламаны орындайтын орталық процессор (CPU-central processingunit) болады. Дербес компьютерлерде Intel фирмасының немесе оған сәйкес келетін басқа фирмалардың микропроцессорлары қолданылады.

Орталық процессорға кейбір қиын функцияларды орындауға көмектесу үшін бірлеспроцессор(сопроцессор) қосылады. Жылжымалы нүкте форматындағы сандық деректі есептеу үшін математикалық бірлеспроцессорлар, графикалық бейнелерді өңдеу үшін графикалық бірлеспроцессорлар, орталық процессордың жұмысын азайту үшін көп қайталанатын шеткері(сыртқы) құрылғыларды басқару операцияларын енгізу-шығаруды бірлеспроцессорлардың орындауына береді. Басқа да түрлі бірлеспроцессорлар болады, бірақ оның барлығы орталық процессор бөліп берген жұмысты ғана істейді. Процессор типін көрсету үшін 80 цифры, онан соң әріптермен немесе цифрлармен толықтырылған 2 немесе 3 цифр процессордың тактілік жиілігін көрсетеді де оның алдына өндірушінің идентификаторы қойылады.

Микропроцессордың жұмыс істеуі бір-бірінен тактілік жиілік түрімен (модельмен) өзгешеленеді. Ең кең тараған түрлері Intel –8088, 80286, 80386SX, 80386, 80486 және Pentium. Кестеде процессорлардың түрлері және оның ішіндегі транзисторлардың саны көрсетіледі. Компьютерді іске қосқанда экран мониторында процессор маркасы көрінеді.

Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді. Жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі. Компьютердің IBM PC түрінде Intel фирмасының микропроцессоры және сондай-ақ басқа фирма микропроцессорлары орнатылады.

 

Intel Pentium MMX процессорлары

Процессордың негізгі сипаттамалары. Тактілік жиілігі – деп бір секундта процессордың орындайтын операциясының мөлшерін айтады, ол сан үлкен болса компьютер жылдам жұмыс істейді. Тактілік жиілік мегагерц (МГц) пен өлшенеді де компьютер қорабының алдыңғы панелінде көрініп тұрады.

Процессорлық шина. (Prosessor bus ) –процессор немесе бірнеше процессордан, кэш – контроллерінен және кэш – жадтан тұрады. Ол шинаның өткізгіштігі жоғары, 66 Мгц, 64 разрядты шинаның төмендегідей сипаттамалары болады:

66 Мгц х 64 бит = 4224 Мбит / с4224 Мбит / с / 8 = 528 Мбайт / с