Түйіндесулер.Екі шеңбердің радиусы берілген доғамен түйіндесуін тұрғызу.

Түйіндесулер.Шеңберге жанама тұрғызу.

Бірсызықтың екінші бір сызыққа біртіндеп жатық орналасуы

түйіндесу деп аталады.

Радиусы Р шеңбер доғаасы, л түзуі, түйіндестіру доғасының радиусы Р берілген. Түйіндестіру доғасының центрін табу үшін л түзуіне паралелль Р қашықтықта түзу, шеңбер доғасының центрі О1-ден радиус (Р1+Р)-ге тең көмекші доға жүргіземіз.Көмекші сызықтардың kyilisu нүктесі О-центрді береді. О-нен л-ге перпендикуляр тұрғызамыз түйіндесу нүктесі М-ді табамыз.2-ші түйіндесу нүктесі ОО1 кесіндіснің берілген шеңбер доғанын қиылысатын Н нүктесін табамыз. Табылған М және Н нүктелерінің радиусы Р доғамен қосамыз.

 

Түйіндесулер. екі түзудің радиусы берілген доғамен түйіндесуін тұрғызу.

Түйіндестіру доғаның центрін табу.

үшін Л12 түзулеріне паралелль Р қашықтықта түзу жүргіземіз

Осы түзулердің kyilisu нүктесі центрі болады. О-нен Л1 мен Л2 перпендикуляр түсіріп, түйіндесу нүктелерңн табамыз. Табылған нүктелерді радиусы Р-ға тең шеңбер доғасымен қосамыз.

Түйіндесулер.Екі шеңбердің радиусы берілген доғамен түйіндесуін тұрғызу.

Радиустары Р1 және Р2 –ге тең шеңбер доғалары және түйіндестіру доғасының радиусы Р берілген. Берілген доғалардың центрлеріО1 мен О2 –ден радиустары (Р1+Р)-ға және (Р2+Р)-ға тең концентрлі

көмекші шеңбер доғаларын жүргіземіз. Осы доғалардың kyilisuнүктесі т.йіндестіру доғасының центрін береді. Түйіндесу нүктелерін табу үшін О нүктесінен О1 және О2 нұктелерімен қосамыз.Табылған нүктелерді радиусы Р –ға шеңбер доғасымен қосамыз.

9.Кескіндер: көріністер, тіліктер, қималар. Кескіндерді орындаудағы шарттылықтар мен ықшамдықтар.Нәрселердің кескіндері тікбұрышты проекциялау әдісімен орындалады. Нәрсенің фронталь проекциялар жазықтығындағы кескіні сызбада бас кескінмен проекциялық байланыста орындалады.Тілік нәрсенің бір немесе бірнеше жазықтықпен kiylgan кескіні. Тілікте қимада пайда болған пішін мен нәрсенәі қиюшы жазықтықтың арғы жағындағы бөлңгң кескінделеді. Нәрсенің қиюшы жазықтыққа түскен бөлігін шартты түрде сызықтап көрсетеді. Тіліктер қиюшы жазықтықтың санына қарай ә-ге бөлінеді: қарапайым-егер қиюшы жазықтық біреу болса, күрделі –егер бірінші қиюшы жазықтық болса. Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың проекциялар жазықтығына қатысты орынына байланысты. Горизонталь, фронталь, профиль. да тілік горизонталь тілік деп аталады.Қиюшы жазықтықтың өзара орналасуына қарай күрделі тіліктер сынық,сатылы болып бөлінеді. Егер өиюшы жазықтықтар өзара қиылысса онда мұндай тілік сынық тілік деп аталады. Егер қиюшы жазықтықтар өзара паралелль болса, онда мұндай тілік сатылы деп аталады. Нәрсенің жеке шектелген бір бөлігінің ішкі құрылысын көрсету үшін жергілікті тілік қолданылады. Сызбада жергілікті тілік жіңішке ирек сызықпен немесе тұтас жіңішке іркісінді сызықпен шектеліп көрсетіледі. Нәрсенің қиюшы жазықтықтарды орындалған бөлігі сызықталады. Қима нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен қиғанда пайда болған пішінің кескіні. Қиманың нәрсенің қиюшы жазықтықта орындалған бөлігі ғана көрсетіледі. Қималар 2-ге бөлінеді; нығарылған және беттестірілген. Беттестірілген қима нәрсенің кескіннің үстіне орындалады да, оның контуры да жіңішке сызықпен сызылады. Шығарылған қиманың контуры негізгі сызықпен жүргізіледі. Егер беттестірілген немесе шығарылған қима симметриялы кескін болса, онда қиманы әріптеп және стрелукамен белгіліейді және қию сызығын көрсетпейді.

.10.Көріністер:Түр – нәрсе бетінің бақылаушыға бұрылған бөлігінің кескіні (2.2 – сурет). Стрелкалар бақылаушының қарау бағытын көрсетеді. Түрлер негізгі, жергілікті және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі түрлердің атаулары бақылаушының қарау бағытымен (2.3 – сурет) сәйкес белгіленеді (2.4 – сурет):1 – алдынан қарағандағы түр (бас түр), 2 – үстінен қарағандағы түр, 3 – сол жақтан қарағандағы түр , 4 – оң жақтан қарағандағы түр, 5 – астынан қарағандағы түр, 6 – артынан қарағандағы түр.Түрлерде нәрсе беттерінің көрінбейтін бөліктерінің контурларын үзілме сызықтардың көмегімен көрсетуге болады т

Сызбада түрлердің саны неғұрлым аз, бірақ нәрсенің формасы мен өлшемдері туралы толық мағлұмат беретіндей болуы қажет. Мысалы, 2.6 және 2.7 – суреттерде нәрселердің ең болмаса бір түрі болмаса, сызбаны дұрыс оқу қиындық туғызады. Сонымен қатар, шар, цилиндр, конус, табаны квадрат призма сияқты бөлшектерді бір-ақ түрмен көрсетуге болады, ол үшін өлшем сандарын төмендегідей белгілермен толықтыру керек – R, Ø,□.Егер сызбада көріністердің бірі бас кескінмен проекциялық байланыссыз орналасса, онда проекциялау бағыты бағытпен көрсетілуі қажет. Бағыттың және пайда болған көріністің үстіне орыс алфавитінің бас әріптерінің бірін қою қажет. Мысалы, 2.9 – суреттегі астынан қарағандағы В түрі.

Егер нәрсенің кез келген бір бөлігі негізгі түрлердің ешқайсына да формасы мен өлшемдері өзгертілмей проекцияланбайтын болса, онда қосымша

түрлер қолданылады. Қосымша түрлер негізгі проекциялар жазықтықтарына параллель емес жазықтықтарда пайда болады. Қосымша түр де жоғарыда көрсетілгендей стрелкамен және әріппен белгіленеді

 

 

11.Тілік нәрсенің бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған кескіні. Бұл жерде ойша қию нәрсенің басқа кескіндеріне өзгерістер енгізбейді. Тілікте қимада пайда болған пішін мен нәрсенің қиюшы жазықтықтың арғы жағындағы бөлігі кескінделеді. Егер оның нәтижесінде нәрсе құрылымын түсіну қиынға түспесе, қиюшы жазықтықтың артындағының бәрін кескіндемеуге де болады.

Нәрсенің қиюшы жазықтыққа түскен бөлігін шартты түрде сызықтап көрсетеді .Тіліктер қиюшы жазықтықтардың санына байланысты екіге бөлінеді: қарапайым – егер қиюшы жазықтық біреу болса; күрделі – егер бірнеше қиюшы жазықтық болса.Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың проекциялар жазықтығына қатысты орналасуына байланысты горизонталь, фронталь және профиль болып үшке бөлінеді.Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына параллель болса, онда тілік горизонталь тілік деп аталады (2.11,а – сурет). Жоғарыда көрсетілген мысалдарда қиюшы жазықтықтар берілген денелердің (нәрселердің) симметрия жазықтықтары арқылы өткен, сондықтан олардың орны көрсетілмеген және тіліктердің үстіне ешқандай әріптік белгі қойылмаған.

Егер қиюшы жазықтық симметрия жазықтығымен беттеспесе, онда оның орны сызбада үзік сызықпен көрсетіледі және сызық сызықшаларына перпендикуляр екі стрелка жүргізіледі..Қиюшы жазықтықтардың өзара орналасуына қарай күрделі тіліктер сынық және сатылы болып екіге бөлінеді.

Егер қиюшы жазықтықтар өзара қиылысса, онда мұндай тілік сынық тілік деп аталады (2.14 – сурет). Суретте көрсетілген мысалда қиюшы жазықтықтардың бірі фронталь проекциялар жазықтығына параллель, ал екіншісі оған көлбеу орналасқан. Қиюшы жазықтықтар стрелкалар қойылған үзік сызықтармен көрсетілген (А – А). Тілікті тұрғызу үшін көлбеу орналасқан қиюшы жазықтықты олардың қиылысу сызығынан айналдырып, фронталь проекциялар жазықтығына параллель жазықтықпен беттестіреміз. Сонда қима π2 – ге параллель бір

жазықтықта орналасады. Нәрсенің қиюшы жазықтықтарда орналасқан бөлігі сызықталады.

Егер қиюшы жазықтықтар өзара параллель болса, онда мұндай тілік сатылы тілік деп аталады

 

Жоғарыда аталған тіліктерден басқа, нәрсенің жеке шектелген бір бөлігінің ішкі құрылысын көрсету үшін жергілікті тілік қолданылады (2.16 – сурет). Сызбада жергілікті тілік жіңішке ирек сызықпен немесе тұтас жіңішке іркісінді сызықпен шектеліп көрсетіледі.Нәрселердің жұқа пластина тәрізді бөліктері мен беріктілік үшін қалдырылған қабырғалары және т. б., бойлық тіліктерде (ал шарларды ыңғай) қиылмаған түрінде көрсетіледі.

13.Қима - нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен қиғанда пайда болған пішіннің кескіні (2.16 – сурет, Б–Б). Қимада нәрсенің қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана көрсетіледі. Тіліктің құрамына енбейтін қималар екіге бөлінеді – шығарылған және беттестірілген.Беттестірілген қима нәрсе кескінінің үстіне орындалады да, оның контуры тұтас жіңішке сызықпен сызылады (2.17, 2.18 – суреттер). Симметриялы емес беттестірілген қималарда қию сызықтары жүргізіледі, бірақ олар әріптермен белгіленбейді.

Шығарылған қима сызба өрісінің кез келген бос орнына сызылады (2.16, 2.19 – суреттер), сондықтан оны қолдану тиімдірек болады. Шығарылған қиманың контуры негізгі сызықпен жүргізіледі. Қиюшы жазықтықтың орны тіліктегі сияқты көрсетіледі және белгіленеді. Жалпы жағдайда үзік сызықтың көмегімен қию сызығы жүргізіліп, оған бағытын көрсететін стрелкалар қойылады. Стрелкалардың жанына және қиманың үстіне орыс алфавитінің бірдей бас әріпі жазылады (2.16 – сурет, Б – Б). Егер беттестірілген немесе шығарылған қима симметриялы кескін болса, онда қиманы әріптер және стрелкалармен белгілемейді және қию сызығын көрсетпейді

14. Материалдардың қималарда графикалық белгіленулері

Бұйымдар жасалған материалдарына байланысты сызбада түрлі сызықталады (ГОСТ 2.306-68). Егер нәрсенің немесе бұйымның материалы көрсетілмесе, онда олардың қималары 2.20 – суретте көрсетілгендей етіп сызықталады. Қалған жағдайларда материалдардың графикалық белгіленулері 2.1 – кестеде келтірілгендей болуы қажет.