Тақырып: Қалқанша безі гормондарының жалпы сипаттамасы . Жасқа байланысты ерекшеліктері».

Сабақтың мақсаты:

  1. Қалқанша без гормондарының физиологиялық рөлімен танысу.
  2. Қалқанша без қызметінің жас ерекшеліктерін білу.

 

Оқытудың міндеттері:

1.Қалқанша бездің троптық гормондарының физиологиялық әсерін игеру;

2.Эндокриндік жүйе қызметінң жас ерекшеліктерімен танысу;

3. Қан және несеп құрамындағы глюкоза, қан құрамындағы ТТГ, Т-3, Т-4 нәтижелерін бағалау білу.

Өткізу түрі:Тақырып бойынша консультация

Тақырып бойынша тапсырмалар:Өзіндік түрде келесі сұрақтарды талқылап дайындау:

  1. Қалқанша безі гормондарының физиологиялық рөлі.
  2. Ересек адамдармен балаларда қалқанша без гормондардың құрамын өзгеруі.
  3. Ересек адамдармен балаларда қалқанша без қызметін зерттеудің нәтижелерін бағалау.

Берілетің материал:тақырып бойынша әдістемелік материал

 

 

Эндокринлогиядығы функциональдық және топиялық диагностика тәсілдері мен принциптері

 

1.1. Эндокринді бездердің қызметін зертханалық бағалау әдістері мен принциптері:

- Қандағы гормон мөлшерін анықтау. Гормон сөліне көптеген факторлар әсер етеді (тамақ қабылдау, температуралық режим, сақтау мерземі, жынысы, жасы, циркадты ырғақ, физикалық жүктеме, стресстік жағдай, дәрі қабылдау және т.б.), сондықтан қанды анализге алған кезде ескеруіміз керек;

- Функциональды сынамалар (стимуляциалық және супрессивтік);

- Несеп арқылы гормондардың экскрециясы;

- Сөлініс жылдамдығы мен гормондардың өндірілуі;

- Гормондар рецепторлары мен антиденелері.

1.2. Эндокриндік ауруларды анықтаудағы топиялық диагностика әдістері мен принциптері.

Топиялық диагностика – гормондар гиперсөлінісінің патологиялық ошағының орналасуын анықтайды.

- Рентгенологиялық зерттеу;

- Рентгенография;

- Ангиография;

- Компьютерлік томография;

- УДЗ;

- Магнитті-резонансты томография (МРТ).

 

Радиоиммунологиялық анализ (РИА) – анықталатын заттың таңбаланған антиген немесе антиденемен байланысы, яғни байланысу (қосылу) тәсілі. Биологиялық тәсілден айырмашылығы, заттың (гормон) мөлшерін анықтауда биологиялық функциональдық белсенділігіне емес, ол байланыстырушы агенттің зерттелетін зат кешені мөлшерін анықтайды. Бұл оның өте жағары сеземтал екендігін көрсетеді.

Титротропты гормонды (ТТГ) анықтау тәсілі.

ТТГ-ды қан сарысуында радиоиммунологиялық, иммуноферменттік немесе флюроиммундық тәсілдермен анықтайды.

Өте дәл флюрометрлік және күшейтілген люминесценция тәсілі болып табылады (дәлдігі 0,03 мМЕ/л-ге дейін). Қазіргі уақытта кең түрде қолданылатын иммуноферментативтік тәсілдің сезімталдығы төмен болғандықтан, оны кейбір жағдайларда қолдануға мүмкін болмайды (мысалы: субклиникалық тиротоксикоз диагностикасында) .

Қалыпты жағдайда ТТГ ересектерде 0,24-ден 3,8 мМЕ/л шамасында. Тиротоксикоз кезінде ТТГ сөлінісі жоғары деңгейдегі тироидты гормондар мөлшерімен басым болады, ал рипотирозда ТТГ мөлшері біршама жоғары (кейде 10 есеге дейін).

Қалқанша безінің функциональдық жағдайын бағалауда ТТГ мөлшерін анықтау тиімді тәсіл, яғни ол диагностикалық және емдеу нәтижесі туралы ақпарат береді.

Тиролиберин сынамасы. (ТРГ) Тиротропин релизинг гормоны.

Аденогипофиздің ТТГ сөлінісі мен синтезін ТРГ белсендіреді. ТРГ сынамасы ТТГ сөлінісі туралы ақпарат береді. Кері байланыс механизмі бойынша қалыпты жағдайда тиреоидты гормондардың жетіспеушілігі ТРГ мөлшерінің жоғарлауына, ал тиреоидты гормонның көбеюі – ТТГ-ның ТРГ-ға деген раекциясының төмендеуіне немесе болмауына әкеледі (мысалы, тиротоксикоз).

Анықтау тәсілі.

Сынаманы анықтауда синтитикалық ТРГ қолданады. Зертелушіден таңертеңгілік, аш қарында шынтақ венасынан қан алып, тамырішілік 200 мкг ТРГ енгізіледі (кейбір авторлар 500 мкг енгізуді ұсынады). 30 минуттан кейін қайта веноздық қан алады. Барлық алынған қан үлесінен ТТГ мөлшерін анықтайды.

Эутироидты (қалыпты) жағдайда ТРГ енгізгеннен кейін 30 минуттан соң ТТГ-ның қан сарысуындағы шамасы біршама жоғарлайды – 2,5 мМЕ/мл. Тиротоксикоз жағдайында ТТГ деңгейі өзгермейді.