SCORE» шкаласын қолдану әдісі

1. SCORE шкаласы бойынша жүрек-қан тамырлары ауруы қаупін бағалау анықталған қауіп факторларының «балдарының» қосындысы негізінде жүргізіледі.

Бағалауды жүргізу үшін келесі көрсеткіштер есепке алынады: жасы, жынысы, шылым шегуі, систолиттік артериялық қысым, қанның жалпы холестерині.

2. ЖҚА тойтарылмас қаупінің даму пайызы шкаланың жоғары жағында көрсетілген (қою жасыл түстен қою қызыл түске дейінгі градацияда).

3. Қауіпті анықтау мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

1) SCORE шкаласынан тексерілушінің жасы, жынысы, шылым шегуі (шекпеуі) табыңыз.

2) Кестенің ішінен сәйкес систолиттік артериялық қан қысымы мен қандағы жалпы холестерин деңгейінің көрсеткіштерінің қиылысқан жеріндегі осы жеке адамға тән қауіп пайызын анықтаңыз.

Жас шамасына байланысты жүрек-қан тамыры ауруларының қаупін анықтау үлгісі осы SCORE шкаласын пайдалану әдістемесіне 2-қосымшада келтірілген.

4. Қауіптің әртүрлі дәрежелері бар адамдарға мыналар ұсынылады:

1) төмен қауіптегі (1%-ға дейінгі) адамдарға сол статусты қолдауды ұсынып, салауатты өмір салтын мен дұрыс тамақтануға байланысты ұсыныстар беру қажет;

2) Орташа қауіптегі (>1% және <5%-ға дейінгі) адамдарға ҚЖА даму қаупін тудырушы мінез-құлық факторларын өзгерту қажет;

3) >5% қауіптегі адамдарға қарқынды қадағалауға мұқтаж және оларға дәрі-дәрмектік араласу мүмкіндігін қарастыруға болады;

4) >10% қауіптегі адамдардың көпшілігі дәрі-дәрмекпен емделуге мұқтаж;

5) 60-тан асқан адамдар бұл ұсыныстарды мұқият орындауы керек, себебі олардың басқа «қалыпты» қауіп факторлары болған жағдайда да, өздеріне тән ерекшеліктер қаупі 10% шамасында болуы мүмкін.

4. Жүрек-қан тамырлары қаупінің дәрежесін анықтауда мынадай деректерге бағдарлану қажет:

төмен қауіп: есептік SCORE 1%-дан кем;

орташа қауіп: есептік SCORE ≥ 1 және 5%-дан кем;

жоғары қауіп: төмендегі белгілер білінген адамдар:

5) отбасылық дислипидемия және анық байқалған артериялық гипертония сияқты қауіп факторларының бірлі-жарым жоғарылауы;

6) жүрек-қан тамырларының қауіп факторларынсыз немесе нысаналы органдарға зақымсыз 1 және 2 қант диабеті;

7) бүйректің орташа зақымдануы (шумақтық сүзілу жылдамдығы 30-59 мл/мин/1.73 м2)*;

8) фоталдық ЖҚА дамуының 10 жылдық қаупіне есептік SCORE ≥ 5% және 10%-дан кем.

өте жоғары қауіп: төмендегі белгілер білінген адамдар:

5) жүрек-қан тамырлары ауруларын инвазивтік немесе инвазивтік емес тестілеу арқылы құжатталған (коронароангиография, ядролық магниттік-резонанстік томография, стресс эхокардиография, ұйқы күре тамырының УДЗ), алдыңғы миокард инфаркті, жіті коронарлық синдром, коронарлық реваскуляризация (тері арқылы коронарлық араласу, аортокоронарлық шунттау) және артериялық реваскуляризацияның басқа ем-шаралары, ишемиялық инсульт, шеткі күре тамырлар атеросклерозы;

6) бір немесе одан көп факторлы кардиоваскулярлық қаупі және/немесе нысаналы органның зақымдануы (микроальбуминурия: 30-300 мг/24 сағ.) бар;

7) бүйректің айқын зақымдануы (шумақтық сүзілу жылдамдығы (30 мл/мин/1.73 м2 –ден төмен)*.

8) есептік SCORE ≥ 10%.

 

«SCORE» шкаласын қолдану әдісіне

1-қосымша

 

 

SCORE диаграммасы:

Жүрек-қан тамыры ауруларының жоғары қаупі

 

 

 

«SCORE» шкаласын қолдану әдісіне

2-қосымша