Компьютерлік желілерді аппараттық – программалық қамтамасыз ету

Байланыс арналарының сипаттамасы. Әр түрлі физикалық орадағы желі объектілерінің қарым – қатынас процесі байланыс арналары арқылы жүргізіледі.

Байланыс арналарының ең негізі сипаттамасы:

- желіде бір секунд ішінде жіберілген мәліметтерді жіберу жылдамдығы ақпараттың бит санымен анықталады;

- сенімділік (ақпаратты еш нұқсансыз, жоғалтпай жеткізу мүмкіндігі);

- құны (бағасы);

- дамуы болып табылады.

Телефон желісіне қарағанда электр кабель байланысының жылдамдығы жоғары. Биттік жұп кабелі әрі арзан, әрі мәліметтерді тарату жылдамдығы жоғары, бірақ кедергелерден қорғалмаған. Коаксиалды кабель ең күшті кедергі сақтандырғыш болып табылады. Кәдімгі телефон арналарына қарағанда электр кабельдерін пайдалану қымбаттырақ түседі. Сол себепті өте алыс емес қашықтыққа (жергілікті желілерде) электр кабельдері қолданылады. Оптоталшықты волоконды кабель – бұл байланыстың ең жақсы түрі, бірақ ол өте қымбат.

Компьютерлік желілердің түрлері.Жергілікті және аймақтық – таратылған желілер.

Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір – бірімен байланыстырады. Аймақты – таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір – бірінен қашықтықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір – бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Жергілікті желінің әрбір тұтынушыға бір – бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынандай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

- құжаттарды бірге пайдалану;

- құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орынан тұрмай – ақ, жиналыс жасамай – ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелеін серверде сақтау және архивтеу;

- сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;

- қымбат тұратын қорларды – принтерлерді, CD – ROM мәлімет жинақтағыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды бірігіп пайдалануды жеңілдету және тағы басқалар.

Аймақтық – таратылған желілер жергілікті желі жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықтықта орналасқан бір компания компьютерлер арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет көрсете алатын байланыстық телефон арналарын қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.

Модем немесе алыста орналасқан сервер көмегімен жүзеге асатын аймақтық – тартылған желілер функциясын жергілікті желі құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

- электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;

- Интернетпен байланысу.

Интернет дегеніміз – дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір – бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып, ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.

Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын тораптардың немесе зерттеушілердің бір – бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.

Интернет күннен – күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықталушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір жеке отбасы үішн атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалыстағы қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.

Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама, интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамаларымен көрсетіледі.

Желі топологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір – бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық құралдар – компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер – желінің функционалдық элементтерін бір – бірімен үйлестіру құралдары.

Хаттамалар – желінің функционалдық элементтерінің бір – бірімен қатынас жасау ережелері. Функционалдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

Дәріс