Тақырып: Физикалық деңгейде кодалау. Цифрлық және логикалық кодалар.

Қысқаша мазмұны:Протокол, интерфейс, коммуникациялық протоколдардың стегі ұғымдары. Бөлек OSI деңгейлерінің мақсаттары және функцияларының келісімдері. Коммуникациялы протоколдарының стандартты стегі.

80 жылдардың басында ISO,ITU-T және басқа халықаралық стандарттау ұйымдары-желілердің дамуында айтарлықтай орын алатын модель өңдеп шығарды.. Бұл модель (Open System Interconnection,OSI) ашық жүйелердің өзара әсер моделі деп аталды.. немесе OSI моделі деп. OSI моделі желілердегі пакеттердің коммутациясымен жүйелердің түрлі деңгейінің өзара әсерін анықтайды, оларға стандартты атау береді және әрбір деңгей қандай функция орындауы қажет екенін анықтайды. OSI моделі компьютерлік желілерді құруда алынған, негізі ауқымды желілерді 70 жылдары үлкен тәжірибе нәтижесінде жасалды.

Интерфейс (interface) – жүйе немесе бөлшектерінің өзара эффектілі байланыста болуын қамтамасыз ететін жанастыру және байланыстыру құрамдарының жиыны.

Интерфейсте әдетте механикалық (проводтар саны, байланыс элементтері, разъемдер, контактілер номері және т.с.с) және логикалық (сигналдар, олардың созылмалылығы, полярлығы, жиіліктері және амплитуда, өзара қатынасу хаттамалары) деңгейлерде жанастыру туралы сұрақтар қарастырылады. Жүйеге құрылғыларды қосылу стандартын жасау үшін жаңа заманғы инфейстерде кең түрде стандартты сигналдарды өндіретін микросызбалар жиыны қолданылады.

Машинаның ішкі интерфейсі – компьютердің өзара түйінінің және бөлшектерінің байланысу және жанасу жүйесі. Ол электрлік линиялар байланысы (проводтарының), компьютер компоненттерімен жанасу сызбасы, жіберу хаттамаларының және сигналдардың өзгеруі жиынын білдіреді. Машинаның ішкі интерфейсін ұйымдастырудың 2 жолы бар:

1. Көп байланысты интерфейс: ПК-дің әрбір бөлшегі басқа бөлшектерімен өзінің локальды проводымен жалғанған.

2. Бір байланысты интерфейс: ПК-дің барлық бөлшектері өзара жалпы немесе жүйелік шина арқылы байланысқан.

Тармақталған жүйеде деректерді өңдеу және тарату сияқты көп санды және түрлі бейнедегі процеспен қолданылатын күрделі аппаратураны басқару үшін пішіндеу және стандарттау процедуралары қажет. Олар:

- компьютерлер және телекоммуникациялар жүйелерінің ресурстарын бөлу және босату;

- байланысты орнату және алып тастау;

- жол бағыттау (маршруттау), келісу, өзгерту және дерекерді тарату;

- таратудың дұрыстығын қадағалау;

- қателерді түзету және т.б.

Берілген есептер деректерді тарату және байланысты орнату кезінде жүйе элементтерімен әрекеттесу нормалданған процедураларын хабарлайтын жүйе протоколдары және стандарттары көмегімен шешіледі.

Протокол (хаттама) – бұл желіде деректерді таратуды қамтамасыз ететін, негізгі процедуралар, алгоритмдер және әрекеттесу форматтарын қамтитын есептеуіш желілер объектілерінің әдістері және ережелері жиыны.

Протокол процедураларын орындауды әдетте арнайы программалар басқарады. Протоколдар желінің ішіндегі ақпаратпен жұмыс жасаудың түрлі түрін, онымен жұмыс жасаудың түрлі сервистерін қамтамасыз етеді.

Стандарттау бойынша халықаралық ұйыммен (ISO – International Organization for Standartization) ашық жүйелерге әрекеттесу моделі (Open System Interconnection - OSI) атауына ие болған, кейде ашық жүйелердің эталонды жеті деңгейлі логикалық моделідеп аталатын стандартты протоколдар жүйесі ойлап табылған.

Ашық жүйе – стандарттарды алумен сәйкес басқа жүйелермен әрекеттесу үшін қол жеткізілімді жүйе.

OSI моделі желілік программалық өнімге енетін стандарттарды құру үшін ең жалпы нұсқаулардан тұрады, ол ене алатын желілік құрал жабдықты жасауда, яғни бұл нұсқаулар аппаратураға да, есептеуіш желілердің программалық қорына да жұмсалатын болатын өндіруші үшін база ретінде қызмет атқаруы керек. Қазіргі уақытта ашық жүйелердің әрекеттесуі моделі ең танымал желілік архитектуралық модель болып табылады. Есептеуіш желінің протоколдарын және фукцияларын басқаруды ерекшелеу үшін функционалды деңгейлерді енгізеді. Жалпы жағдайда желі 7 функционалды деңгейлерден тұруы керек (төменгі кестеде келтірілген).