OSI моделінінің деректерді тарату құрылымы

    OSI деңгейі Протоколдар OSI деңгейі
data Қолданбалы Қолданбалы процесстерді басқару Қолданбалы
  Н1 data Кескіндеу Деректерді кескіндеуді басқару Кескіндеу
  Н2 Н1 data Сеанстық Сеанстық басқару Сеанстық
  Н3 Н2 Н1 data Транспорттық Трафиктерді басқару Транспорттық
  Н4 Н3 Н2 Н1 data Желілік Желіні басқару Желілік
Н5 Н4 Н3 Н2 Н1 data Каналдық Ақпараттық каналдарды басқару Каналдық
Н5 Н4 Н3 Н2 Н1 data Физикалық Физикалық каналдарды басқару Физикалық
Жіберілетін пакеттер Жіберілетін орта

 

Әрбір деңгейдің құралдары өзінің деңгейінің және басқа көрші деңгейлердің интерфейстері мен хаттамаларды өңдейді. Төменгі деңгейлер жоғарғылардың функционерлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, және де бұл кезде әр деңгейдің тек басқа деңгейлермен интерфейстері болады және әрбір деңгейде басқару келісіледі:

- қызметтерді сипаттау (деңгей не істейдіі?);

- хаттамаларды сипаттау (оны қалай жасайды?).

Желіге әрекеттесуді ұйымдастыру үшін қажетті хаттамалар жиыны коммуникациялы хаттамалардың (протоколдардың) стегідеп аталады.

Х.25 желісі, интернеттің глобалды желісі және локалды есептеуіш желі Novell Net Ware кең таралған желілерде ең көп таралған протоколдар стектері:

- қолданбалы – CMIP, FTAM, HTPP, Telnet, DNS, FTP, SMTP, TFTP, NCP, IW, SAP

- кескіндеу – Х.226

- сеанстық – Х.225, Net beui

- транспорттық – Х.224, TCP, UDP, SPX, PEP

- желілік – Х.25, IP, IPX

- каналдық – LAB-B, IEEE 802

Есептеу желісі аймағында стандартизацияның негізгі бағыты коммуникациялық хаттамаларды стандартизациялау болып табылады. Қазіргі таңда желілерде коммуникациялық хаттамалар стектері сансыз көп қолданыс табуда. Ең танымал стектер: TCP/IP, IPX/SPX, NetBIOS/SMB, DECnet, SNA және OSI. SNA стегінен басқалары төменгі деңгейде (физикалық және арналық) жақсы стандартизацияланған Ethernet, Token Ring, FDDI хаттамаларды және де барлық желілерде бір ғана аппаратураны қолдану мүмкіндігін беретін тағы басқаларын қолданылады. Бірақ жоғары деңгейде әрбір стек өз хаттамасы бойынша жұмыс істейді. Бұл хаттамалар көбіне ұсынылатын OSI моделімен деңгейлерге бөлуіне сәйкес келе бермейді. Сеансты және көрсетілімді деңгей функциялары ереже бойынша қолданбалы деңгеймен біріктірілген. Мұндай сәйкес келмеушілік OSI моделінің өмірде бар және нақты қолданылатын стектер жалпыламасының нәтижесі ретінде пайда болуынан.

OSI стегі.OSI моделін және OSI стегін нақты бөліп қарау керек. OSI моделі ашық жүйелердің байланысқан концептуальді схемалар болып табылады, ал OSI стегі хаттамалардың нақты спецификациялар жиыны болып табылады. Басқа хаттамалар стегтеріне қарағанда OSI стегі толығымен OSI моделіне сәйкес, ол осы модельде анықталған барлық жеті өзара әрекеттесу деңгейлер үшін хаттамалар спецификацияларын қамтиды. Төменгі деңгейде OSI стегі Ethernet, Token Ring, FDDI, Х.25 және ISDN глобальді желі хаттамалары – яғни барлық басқа стегтер сияқты стектен сырттай өңделген төменгі деңгей хаттамалары қолданылады. OSI стегінің желілік, көліктік және сеансты деңгей хаттмалары көптеген өндірушілермен спецификацияланған және іске асырылған, бірақ аз мөлшерде таратылған. OSI стегінің танымал хаттамалары қолданбалы хаттамалары болып табылады. Оларға қатыстылар: FTAM файлдарды тасымалдау хаттамалары, VTP терминалының эмуляция хаттамасы, X.500 анықтама қызметінің хаттамасы, X.400 электронды пошта және т.б.

OSI стегінің хаттамалары үлкен күрделілік пен спецификациялар бірмәнді болмауымен ерекшеленеді. Бұл қасиеттер барлық бар және пайда болатын технологияларды, сонымен қатар барлық өмірлік жағдайларды өз хаттамаларында ескерілуіне тырыстын стег өңдеушілерінің жалпы саясатының нәтижесі болды.

OSI хаттамалары өзінің күрделілігімен орталық процессордың есептеу қуатын көп шығындатады, бұл оларды дербес компьютерлер желілері үшін емес қуатты машиналар үшін жарамдылығына әкеледі.

OSI стегі – өндірушілерге тәуелді емес халықаралық стандарт болып табылады. Оны АҚШ өзінің GOSIP бағдарламасымен қолдайды, яғни АҚШ-ның басқармалық мекемелерде 1990 жылдан кейін орнатылатын барлық компьютерлік желілер OSI стегін қамту керек немесе болашақта осы стекке ауысуын қамтамасыз ету керек. OSI стегі АҚШ-на қарағанда Еуропа елдерінде танымалды, себебі Еуропада өз хаттамаларымен жұмыс істейтін ескі желілер аз қалды. Мекемелердің көбісі OSI стегіне ауысуын тек жобалау үстінде, ал ұшырмалы жоба жасауға кіріскедері тіптен аз. Осы бағытта жұмыс істейтіндерге АҚШ-ның Әскери-теңіз басқармасын және NFSNET жатқызуға болады. OSI қолдайтын ең үлкен өндірістердің бірі AT&T компаниясы, оның Stargroup желісі толығымен осы стекпен қорландырылады.

TCP/IP стегі.TCP/IP стегі АҚШ-ның қорғаныс Министрлігінің ұсынысы бойынша 20 жыл бұрын өңделген, ол әр текті есептеу ортасы үшін жалпы хаттамалар жиыны ретінде экпериментальді ARPAnet желісінің басқа желілермен байланысы үшін қарастырылған. TCP/IP стегінің (өз атауын танымал IP және TCP хаттамаларынан алды) жетілуіне үлкен үлесті Беркли университеті өз UNIX ОЖ нұсқасында стег хаттамасын қолдану арқылы қосты. Осы операциялық жүйесінің танымалдылығы TCP, IP хаттамалардың және стегтің басқа да хаттамаларының кең таратылуына алып келді. Қазіргі таңда осы стег бүкіләлемдік ақпараттық Интернет желісімен байланысы үшін, сонымен қатар үлкен корпоративті желілер санында қолданылады.

TCP/IP стегі төменгі деңейде барлық танымал физикалық және арналық деңгейлер стандарттарын қолдайды: локальді желілер үшін - Ethernet, Token Ring, FDDI; ауқымды желілер үшін – аналогты SLIP, PPP коммутацияланатын және ерекшеленетін торабтар жұмыс хаттамалары, X.25 және ISDN территориялды желілер хаттамалары.

Стегтің аталуына негіз болған негізгі IP және TCP хаттамалары болды. Бұл хаттамалар OSI моделінің терминологиясында сәйкесінше желілік және тасымал деңгейлеріне қатысты болады. IP буманыңқұрама желі бойынша қозғалысын, ал TCP оның сенімді түрде жеткізілуіне кепілділік береді.

Көп жылдар бойы түрлі мемлекеттер мен ұйымдарда TCP/IP стегін қолдану арқылы, ол өзіне қолданбалы деңгей хаттамаларын сансыз көбін жинақтады. Олардың бірі танымал файлдарды тасымалдайтын FTP хаттамалары, telnet терминалының эмуляция хаттамасы, Интернет желісінің электронды пошталарында қолданылатын SMTP пошталық хаттамасы, WWW қызметінің гипермәтінді сервистері және т.б.

Қазіргі таңда TCP/IP стегі кеңінен таралған есептеу желісінің тасымалдау хаттамаларының стегі болып табылады. Шыныменде, тек Интернет желісінің өзінде бүткіл әлем бойынша 10 миллион компьютерлер TCP/IP хатттамалар стегімен бір-бірімен байланысқан.

Интернет желісінің танымалдылығы негізінде әлемдегі коммуникациялық хаттамалар күшінің ретін өзгертті – Интернет желісін құраған TCP/IP хаттамалары өткен жылдар көшбасшысын орнынан сыға бастады – Novell компаниясының IPX/SPX стегі. Қазіргі уақытта TCP/IP стегі орналасқан компьютерлер саны IPX/SPX стегі орналасқын компьютерлер санына қарағанда әлдеқайда көп, бұл локальді желі администраторлрының үстел компьютерлерінде қолданылатын хаттамаларға көз қарасының өзгеруіне алып келуінен болды.

TCP/IP хаттамалары Интернетпен тығыз байланысты және көптеген компьютерлер осы стег негізінде жұмыс істейді, сонымен қатар Интернет бөлігі болмайтын көптеген локальді, корпоративті және территорялық желілер TCP/IP хаттамаларымен жұмыс істейді. Оларды Интернеттен ерекшелеу үшін мұндай желілерді TCP/IP желілер немесе IP-желілер деп аталады.

TCP/IP стегтері бастапқыдан Интернет ауқымды желісі үшін құрылғандықтан, ол көптеген басқа хаттамалар алдында ауқымды байланысты қосатын желілер құру мүмкіндігімен ерекшеленеді. Бұл хаттамалардың үлкен желілерде қолданылуын мүмкін ететін қасиеті – бумаларды фрагменттерге бөлу. Шыныменде, құрамды бөліктің үлкен құрамын әртүрлі принциптерде құрылған желілер құрайды. Әрбір желінің өзіндік ұзақтығы бар максималды деректерді (кадрлар) беру бірлігі болады. Егер үлкен максималды ұзындығы бар желіден кішігірім максиалды ұзындықты желіге ауысу берілетін кадрларды бірнеше бөлікке бөлукерек болады. TCP/IP стегінің IP хаттамасы бұл мәселені эффективті түрде шешді.

TCP/IP технологиясының тағы бір ерекшелігі адресациялау жүйесінің иілгіштілігі, мұнда түрлі технологиялар интерсеть желісіне қосылу басқа хаттамаларға қарағанда жеңіл жүреді. Бұл қасиет TCP/IP стегін қолдана отырып үлкен гетерогенді желі құру мүмкіндігін береді.

TCP/IP стегтерінде кең ауқымды хабарлау таратылымдарды үнемді қолдану мүмкінді бар. Бұл қасиеттер территориальді желілерге тән жылдамдығы төмен байланыс арналарда жұмыс істеу үшін өте тиімді болады.

Әрбір артықшылық үшін төлеу керек, мұндағы төлем IP-желілерді администрациялау күрделілігі мен ресурстарғы қойылатын талаптар жоғарлылығы. TCP/IP стегтер хаттамаларының қуатты функционалды мүмкіндіктері іске асырылуында үлкен есептеу шығындарды қажет етеді. Адресациялау жүйесінің иілгіштілігі мен ауқымды хабарлану таратылымдарынан бас тартуы IP-желілерінде түрлі орталықтандырылған DNS, DHCP типті және т.с.с. қызметтер қарастырылған. Әрбір қызметтер желіні администрациялау мен құралдарды конфигурациялау қарапайымдылығына бағытталған, бірақ осы қазметтердің өздері администраторлар жағынан жоғары бақылауды керек етеді.

IPX/SPX стегі.IPX/SPX стегі Novell компаниясының 80-ші жылдардың басында NetWare желілік операциялық жүйе үшін шығарылған оригиналды хаттамалар стегі болып табылады. Interwork Packet Exchange (IPX) және Sequenced Packet Exchange (SPX) желілік және сеансты деңгей хаттамалары Xerox фирмасының XNS хаттамасының (олар IPX/SPX стегіне қарағанда аз дәрежеде таратылған) тура адаптациясы болып табылады. IPX/SPX стегінің танымалдылығы Novell NetWare операциялық жүйесімен тікелей байланысты, ал оның қазіргі уақыттағы танымалдылығы Microsoft операциялық жүйелерінен әлдеқайда төмен.

IPX/SPX стегінің көптеген ерекшеліктері қарапайым ресурсты дербес компьютерлерден тұратын кішігірім локальді желілердегі жұмыс үшін бастапқы NetWare (4.0 нұсқасына дейінгілер) операциялық жүйелер нұсқасының бағытымен шарттандырылған. Novell компаниясының мұндай компьютерлері үшін жедел жадты аз шығындайтын (MS-DOS басқарылуымен көлемі 640Кбайт шектемелі IBM-сәйкестендірілген компьютерлерінде) және есептеу қуаты төмен процессорларда жұмыс істей алатын хаттамалар керектігі анық. Нәтижесінде IPX/SPX стегінің хаттамалары локальді желілерді жақсы жұмыс істеп, осы стегтің бірнеше хаттамаларымен жиі қолданылатын ауқымды хабарлау бумаларымен төмен жылдамдықты глобальды байланыстарды тым артық жүктегендіктен үлкен корпоративті желілердегі жұмысы төмен болды. Бұл IPX/SPX стегі Novell фирмасының жеке меншігі екенін растайтын факт және оны іске асыру үшін лицензия алуы (яғни, ашық спецификацияларға қолдау көрсетілмеген) ұзақ уақыт бойы оның таратылуын NetWare жүйелерімен шектеген. Бірақ Novell фирмасының NetWare 4.0 нұсқасын шығара бастаған уақыттан бері корпоративті желілерде жұмысы үшін өз хаттамаларына үлкен өзгерістер енгізіп әлі де енгізу үстінде. Қазіргі таңда IPX/SPX стегі тек NetWare жүйесінде ғана емес, сонымен қатар танымал ОЖ желілерінде, мысалы, SCO UNIX, Sun Solaris, Microsoft Windows NT/2000 қолданыс тапты.

NetBIOS/SMB стегі.NetBIOS/SMB стегі ІВМ және Microsoft компаниялар өнімдерінде кеңінен қолданылады. Физикалық және арналық деңгейде осы стегтің кеңінен тараған Ethernet, Token Ring, FDDI және т.б. хаттамалары қолданылады. Жоғары деңгейде NetBEUI және SMB хаттамалары жұмыс істейді.

NetBIOS (Network Basic Input/Output System) хаттамалары 1984 жылы IBM фирмасының PC Network желілік программасы үшін IBM PC енгізу –шығару (BIOS) базалық жүйесінің стандартты функциялардың желілік кеңейтілімдері ретінде пайда болды. Кейін бұл хаттама NetBEUI – NetBIOS Extended User Interface кеңейтілген қолданушылық интерфейс хаттамасымен ауыстырылды. Қосымшаның сәйкестігін қамтамасыз ету үшін NetBEUI хаттамасына интерфейс ретінде NetBIOS интерфейсі сақталынды. NetBEUI хаттамасы аз ресурсты шығындайтын және 200 жұмыс станцияларынан көп емес желілер үшін арнайы жасалған. Бұл хаттама көптеген пайдалы желілік функцияларға ие, олар OSI моделінің желілік, тасымалдау және сеансты деңгейлеріне жатқыза аламыз, бірақ оның көмегімен бумалар маршурутизациясы шамалы. Бұл NetBEUI хаттамасын ішкі желілерге бөлінбеген локальді желілерде қолданысын және де құрамалық желілерде олардың қолданысын шектеген. NetBEUI кейбір шектемелері Microsoft Windows NT операциялық жүйесіне енгізілген осы хаттаманың NBF (NetBEUI Frame) іске асырылуы арқылы шешіледі.

SMB (Server Message Block) хаттмасы сеансты, көрсетілімді және қоданбалы деңгей функцияларын орындайды. SMB негізінде файлдық қызмет, сонымен қатар қосымшалар арасындағы хабарламаларды тасымалдау және баспаға беру қызметтері іске асырылады.

Apple фирмасының Digital Equipment және AppleTalk/AFP корпорациясының IBM, DECnet фирмаларының SNA хаттамасының стегтері көбіне осы фирмалардың операциялық жүйелері мен желілік құралдарында қолданылады.

OSI моделі IBM/ Microsoft TCP/ IP   Novell   OSI стегі
Қолданбалы       SMB     Telnet, FTP, SNMP, SMTP, WWW     NCP, SAP     X.400, X.500, FTAM
Көрсетілімді         Көрсетілімді OSI хаттамасы
Сеасты     NetBIOS     TCP     Сеасты OSI хаттамасы
Тасымалды         SPX   Тасымалды OSI хаттамасы
Желілік   IP, RIP, OSPF   IPX, RIP, NLSP   ES-ES, IS-IS
Арналық   802.3 (Ethernet), 802.5 (Token Ring), FDDI, Fast Ethernet, SLIP, 100VG-AnyLAN, X.25, ATM, LAP-B, LAP-D, PPP
Физикалық   Коаксиал, экрандалған және экрандалмаған өрілген жұп, оптоталшық, радиотолқын

1-кесте. OSI моделінің танымал хаттамалар стегтерінің сәйкестігі.

OSI модель деңгейінің кейбір танымал хаттамалар сәйкестігі көрсетілген (1-кесте). Көбіне бұл сәйкестіктер шартты түрде ғана болады, себебі OSI моделі – бұл әрекетке жалпылама нұсқаулық, ал нақты хаттамалар спецификалық мәселелерді шешу үшін жасалған, олардың көбісі OSI моделі өңделгенге дейін шыққан. Көп жағдайларда стег жасаушылары желінің модульділігіне қайшы келуі арқылы оның жұмыс жылдамдығына назар аударды, бірде бір стег OSI стегі секілді жеті деңгейге бөлінбеген. Стегте көбіне 3-4 деңгей ерекшеленеді: физикалық және арналық деңгейлер хаттамалары іске асатын желілік адаптерлер деңгейі; желілік деңгей; өзіне сеансты, көрсетілімді және қолданбалы деңгейлер функцияларын жинақтайтын тасымал және қызмет деңгейлері.

Дәріс

Тақырып: Кездейсоқ қатынас құру әдістері (CSMA, CSMA/CD, CSMA/CA). Детерминалдық қатынас құру әдістері (маркерлік әдістер, сұратым артықшылдығы бойынша қатынас құруі). PDV есептеу

 

Қысқаша мазмұны:Байланыс жолдарының үлгілері мен аспабы. Кабельдердің стандарттары. Физикалық деңгейде мәліметтерді тасымалдау әдістері. Компьютерлік желіде коммутация әдістері. FDM және TDM мультиплексациялау технологиялары. Пакеттердің коммутация әдістері.

Физикалық деңгей (Phisical layer) физикалық байланыс каналдары арқылы биттерді жіберумен айналысады, мысалы коаксиальды кабель, оптоталшықты сым немесе цифрлық аймақтық канал. Бұл деңгейге деректерді беруге физикалық құрылғы сипаттамасы қатысады, мыналар секілді: өткізу жолағы, ақаудан қорғалғандығы және т.б. Осы деңгейде электрлік сигналдардың сипаттамалары анықталады дискетік ақпаратты беруші мысалы берілген сигналдың қысым деңгейлері немесе қысым деңгейлері, код типі, сигналдарды беру жылдамдығы.

Физикалық деңгейде биттер сілтемеленеді. Мұнда кей желілерде байланыс сызықтары өзара әсерлі компьютерлік бірнеше парларда қоладнылады, физикалық беру ортасы бос емес болу мүмкіндігі ескерілмейді. Каналдық деңгейдің (Data Link Layer) бір есебі болып беру ортасына шығуды тексеру табылады. Каналдық деңгейдің келесі есебі болып ұстау механизмдерін тарату және қателерді түзету табылады.

Есепеуіш желілерді құруда оның өңдеушілеріне көптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Бұл бөлімде біз тек қана маңыздыларын ғана қарастырамыз.

“Нүкте-нүкте” байланысы.

Екі құрылғының байланыстың ең қарапайым жағдайы. Оның физикалық арнамен байланысуы болып табылады, бұл байланысты “нүкте-нүкте” (( point-to-point) точка-точка) деп аталады.

Компьютердің перифериялық құрылғылармен байланысы

Компьютер мен перифериялық құрылғы (ПҚ) арасында мәліметтердіалмастыру үшін компьютерде сыртқы интерфейс немесе порт қарастырылған, яғни компьютерлер мен перифериялық құрылғыны байланыстыратын сымдар құрамы, сондай-ақ осы сымдар арқылы ақпаратты алмастырудың ережелер құрамы.

Құрылғылардың жіңішке класын (мысалы, Vista фирмасының жоғары графикалық мониторы) қосу үшін қаттеті арнайы интерфейстер бар, сонай-ақ әр түрлі перифериялық құрылғыларды қосуға мүмкіндік беретін және стандартты болып табылатын, жалпы тағайындалған интерфейстер де бар. Кампьютерде қолданылатын стандартты интерфейстерді мысалы, Centronies параллельді интерфейсі болып табылады. Бұл интерфейс принтерді қосуға арналған және принтерлер, “тышқан” тәрізді манипуляторлар, көптеген терминалдар ұстанатын RS-232C тізбкт интерфейсі болып табылады. Интерфейс бағдарламалық құралдар мен аппаратардың бірігуімен кампьютер жақтан қолданылады: ПҚ бақылаушысы және перифериялық құрылғыға сәйкес драйвер деп атайтын, осы бақылаушымен басқарылатын арнайы бағдарлама.

Перифериялық құрылғысы жақтан интерфейс ПҚ басқару аппараттық құрылғысымен жиі таратылады, бірақ бағдарламалық- басқарушылық перифериялық құрылғылар да кездеседі.

Процессормен орындалатынбағдарлама кампьютердің ішкі шинасына қосылған кез келген кісі-шығыс модуль бұйрығы көмегімен мәліметтермен алмаса алады.

ПҚ-р компьютерден мәліметтерді, мысалы: қағазға басу керек ақпарат байттарын, сондай-ақ басқару бұйрықтарын,мысалы, принтерден қағаз бетін алу сияқты алады. Перифериялық құрылғы кампьютердің сыртқы интерфейсі ақпаратты алу үшін ғана қолданып қоймай, сонай-ақ кампютерге ақпаратты береді, яғни сыртқы интерфейс арқылы мәліметтермен алмасу, бұл ереже бойынша қос бағыталаған болып табылады. Мысылы: принтер, ол ақпаратты шығару,мәліметтерді өз күйінде кампьютерге қайтаратын құрылғы.

Сонымен, перифериялық құрылғыда кейбір мәліметтерді беруге керекті қосымша. Операсиялық жүйеге кіріс-шығыс операциясын орындау туралы сұраныс жібереді. Сұраныстар: оперативті жадтағы мәліметтер адресі, перифериялық құрылғы туралы ақпарат және орындау керек операциа көрсетеді.

Операциялық жүйе сұранысты қабылдап сәйкес драйверге параметр ретінде шығарылатын мәліметтер адресін беріп, жұмысқа жіберуі. Ары қарай компьютер жақтан кіріс –шығыс операцияларын орындау әрекеттерін драйвер мен ПҚ бақылаушысы жасайды. Бақылаушы драйвердің басқаруымен жұмыс істейді. ПҚ бақылаушысы драйверден мәліметтер мен бұрықтарды өзінің ішкі буферіне қабылдайды. Ол буфер регистер немесе порт деп аталады. Содан кейін оны өңдеп сыртқы интерфейске жібереді. Перифериялық құрылғыдан қолданбалы бағдарламаға ақпараттың бір байтын беру схемасын қарастырамыз. Перифериялық құрылғылармен мәліметтер алмасуды орындайтын бағдарлама осы құрылғы драйверіне жүгінеді. Драйверге параметір ретінде жадтық байттық адресін жіберу керектігін қабылдайды. Драйвер осы байттың мәнін перифериялық құрылғы бақылаушысының буферіне жүктейді. Ол байланыс машинасына битерді электрлік сигнал ретінде жібере бастайды. Перифериялық құрылғыны басқару құрылғысына түсінікті болу үшін ақпараттың бірінші биті берілмей тұрып перифериялық құрылғыны бақылаушысы арнайы форманың бастапқы сигналын бастапқы қалпына келтіреді, ал содан кейін ақпараттың биттің соңғысын жібергенде –тоқтату сигналын соғады. Бұл сигналдар байттың берілуін синхрондайды.

Екі компьютердің өзара әрекетінің қарапайым жағдайлары.Ең қарапайым жағдайда екі капьютерді байланыстыру сол құрылғылармен, яғни перифериялық құралдармен іске асырады, мысалы, RS-232С тізбектерінің интерфейсі. Мұнда перифериялық құрылғылармен кампьютер мәліметтермен алмасу процедурасынан айырмашылығы, бағдарлама жұмыс жасау кезінде, бір жағынан, әр кампьютерде орындалатын екі бағдарламаның өзара әрекетінен болады.

Бір компьютерде жұмыс жасап тұрған бағдарлама, басқа компьютер ресурстарына- дискілеріне, файлдарына, принтеріне қатынаса алмайды. Ол тек басқа бағдарламамен, сол компьютерде орындалып жатқан бағдарламамен жұмыс жасай алады.Бұл сұраулар компьютер арасындағы байланыс арналары арқылы жүретін хабарламалармен жіберіледі. Хабарламалар тек қана кейбір әрекетті орындау бұйрықтары емес. Сондай –ақ басқа ақпараттың мәліметтер болуы мүмкін.

Компьютер А

Компьютер В

УУ диска
Қосымша
Кампьютер В

 
 


2.2 Сурет. Екінші компьютердің өзара әрекеті.

Мынадай жағдай қарастырайық. А жеке компьютерде мәтіндік редактормен жұмыс жасап отырған, қолданушыға В жеке компьютерге дискіде орналасқан файлдың кейбір бөлімдерін оқу керек. (2.2- сурет). RS-232 С интерфейсін қолданатын COM-порт сымы арқылы бұл кампьютерлерді жалғадық деп болжайық. Анықтылығы үшін бұл компьютер MS-DOS басқарушымен жұмыс жасайды дейік, бірақ бұл ол маңызды емес. COM –порт драйвері COM-порт бақылаушысымен жоғарыда келтірілген перифериялық құрылғылармен компьютер жұмыс жасаған сияқты жұмыс жасайд. Бірақ, бұл жерде ПҚ бақару құрылғысының рольінбасқа компьютер COM-портының драйвері мен бақылаушысы орындайды. Олар бірігіп кампьютер арасында ақпаратың бір байтын сым бойынша жібереді қамтамасыз етеді.

В компьютердің драйвері қабылдаудың тоқтату белгісін сұрастырады. Кейбір жағдайларда драйвер бақылаушыдан үзінділер бойынша асинхронды шақырылады. Байтты басқа жаққа жіберу аналогтық түрде таратылады-В кампьютерінен А компьютеріне. Осылайша, А және В компьютерінің бағдарламаларының орындалуына байт бойынша мәліметтерімен алмасу құралы бар.Бірақ сіз қарастырып жатқан тапсырма қиынырақ, біріншіден, алмастырылған компьютерден жеке байт емес,берілген файлдың белгілі бір бөлімін алу керек, екіншіден, бұл мәліметтер осы камьютердің оперативті жадында емес, оның перифериялық құрылғысында орналасқан.Осыған байланысты қосымша мәліметтер жоғары бағдарламаны шешуі керек. Сонымен, А қосымшасы В қосымшасы үшін хабарлама-сұранысты қамтамасты қалыптау керек. Сұраныста қалып атауын, операция типін, файлдың орналасуы мен керекті мәліметтері бар файл бар аймағын көрсету қажет. Бұл хабарлама оперативті жадтағы буферде сақталынады.

Алыстатылған В компьютерге берілген сұранысты жіберу үшін, А қосымшасы COM-портының драйверіне жүгінеді және буферде орналасқан хабарламаның адресін хабарлайды. В қосымшасы хабарламаны алып периферялық құрылғыға жүгінеді, ары қарай COM-порт драйвер көмегімен А кампьютерге байланыс арналармен жебереді. Ол жерде мәліметтер А қосымшасына түседі.

Дәріс

Тақырып: Жергілікті желілер хаттамаларының сипаттамасы. IEEE 802 стандарттары. LLC-кадрының құрылымы мен кеңеймесі.

Екі машинадан тұратын қарапайым желіні қарастырған кезде де, көптеген мәліметтерді көруге болады . Есептеуші техникадан мәліметерді көрсетуді көруге болады. Есептеуш техникада мәліметтерді көрсету үшін екілік код қолданылады. Кампьютер ішінде мәліметтердің нөл мен бірге дискретті электрлік сигналдар сәйкес келеді. Мәліметтерді электрлік және оптикалық түрде беру кодтау деп аталады. 1 және 0 екілік сандарының кодтаудың әр түрлі түрі бар, мысалы потенциалды тәсіл, мұнда бірге бір сәйкес келеді, екіншісіне-басқа, немесе импульстік тәсіл, сандардың орнына түрлі немесе бір полярлы импльстар қолданылады.

Мәліметтерді кодтау үшін және екі кампьютер арасында байланыс желілері бойынша беру кезінде ұқсас қатынастар болуы мүмкін.

Бірақ бұл байланыс желілерді кампьютер ішінде бар электрлік мінездемелерден айықшаланады. Сыртқы байланыс желілері мен ішкі желілер арасындағы негізгі айырмашылығы үлкен тартылысында, сонымен қатар, олар кеңістік арқылы экраннан тыс корпустан өтеді. Осының бәрі тік бұрышты импульстардың ескіруіне әкеп соғды.

Потенциалды кодтау

 

импульстік кодтау

 

 

Модуляция

 

 

2.4- сурет. Дискретті ақпаратты көрсету мысалдары.

Потенциалды және импульстік кодтау жоғары сапалы арналарда қолданылады, ал модуляция синусоидалы сигнал негізінде қолданылады. Модуляциялар аналогтық формада дауысты жіберу үшін өңделген аналогтық телефондық байланыс арналары арқылы мәліметтерді жіберу кезінде жергілікті желіде қолданылады.

Сигналдарды жіберу тәсіліне компьютер арасындағы байланыс желілеріндегі сымдар саны әсер етеді. Сигналды жіберу кезінде шешілетін тағы бір мәселе бір компьютер жіберушісінің басқа компьютердің қабылдаушысымен өзара әрекеттесуін ұйымдастыру кезінде бұл мәселе оңай шешіледі, себебі бұл жадайда барлық модульдер жалпы тактілік генератордан синхрозацияламады.

Синхронизация мәслесі компьютердің байланысы кезінде әр терісі тәсілдермен шешіледі: жеке линиялармен арнайы тактілік синхроимпульстар алмасу жолымен немесе мәліметтердің импульс формасынан ерекшеленетін мінездемелік форма импульстерімен шешіледі.Компьютерлердің арасында мәліметтерді жіберудің сенімділігін күшейту үшін стандарттығы қатынас қолданылады –бақылау қортындысын есептеу және оны әрбір байттан кейін немесе бірнеше байт биогынан кейін байланыс желілермен жіберу. Мәліметтермен алмасу хаттамасына көбнесе міндетті элемент сигнал-квитанция қосылады. Ол мәліметтер алмасудың дұрыстығын анықтайды.

Кейбір желілік құрылғылар, мысалы модульдер және желілік адаптерлер мәліметтер жіберудің физикалық мәселесіне арналған. Модемдер жергіліктіжелілерде дискреттік сигналардың модуляциясы мен демодуляциясын орындайды, байланыс желілері бойынша электромагниттік сигналдардың берілуін сихрондайды, бақыланатын қортынды бойынша жіберудің дұрыстығын тексереді және басқа да операцияларды орындай алады. Желілік адаптер белгілі бір жіберуші ортако аксальды сым, оптоталшық және тағы басқа жұмсқа есептелінген. Жіберуші ортаның әрбір типі бірімен ортаны қолдану тәсіліне әсер ететін белгілі бір электірлік мінездемеге ие және сигнал жіберудің жылдамдығын анықтайды, оның кодтау тәсілін және басқа да параметрлерін анықтайды.

Бірнеше компьютердің байланысу мәселелері. Физикалық байланыстардың тапологиясы. Егер байланысатын кампьютерлер саны екеуден асса, онда физикалық байланыстың конфигуратциясы немесе тапологиясын таңдау мәселесі туады. Конфигурацияның мүмкін болатын нұсқасының саны байланысатын құрылғылардың саны өскен кезде жылдам өседі. Егер үш кампьютерді екі әдіспен байланыстырсақ (2.5 а -сурет), онда төрт компьютер үшін тапология бойынша әр түрлі конфигурацияны ұсынуға болады.(2.5 б-сурет)