Босанғаннан кейінгі кезеңдегі іріңді-септикалық аурулар

970. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі іріңді-септикалық аурулардың асқыну жиілігі:

* 1-2%;

* 3-4%;

* + 4-6%;

* 7-9%;

* 10-12%

 

971. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың ең жиі қоздырғышы болып табылады:

* Аэробтар

* Анаэробтар

* Вирус және хламидия жиынтығы

* +Аэробтар және анаэробтар жиынтығы

* Қарапайымдылар және саңырауқұлақтар жиынтығы

 

972. Сазонов–Бартельс жіктеуі бойынша босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық инфекцияның таралуыныңбірінші дәрежесінің клиникалық түрлерінің бірі болып табылады:

* сепсис

* перитонит

* параметрит

* + босанғаннан кейінгі жара

* пельвиоперитонит

 

973. Сазонов–Бартельс жіктеуі бойынша босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық инфекцияның таралуыныңекінші дәрежесінің клиникалық түрлерінің бірі болып табылады:

* сепсис

* перитонит

* параметрит

* босанғаннан кейінгі жара

* + пельвиоперитонит

 

974. Сазонов–Бартельс жіктеуі бойынша босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық инфекцияның таралуыныңүшінші дәрежесінің клиникалық түрлерінің бірі болып табылады:

* сепсис

* + перитонит

* параметрит

* босанғаннан кейінгі жара

* пельвиоперитонит

 

975. Сазонов–Бартельс жіктеуі бойынша босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық инфекцияның таралуыныңтөртінші дәрежесінің клиникалық түрлерінің бірі болып табылады:

* + сепсис

* перитонит

* параметрит

* босанғаннан кейінгі жара

* пельвиоперитонит

 

976. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық инфекцияның жиі кездесетін түрі:

* мастит

* перитонит

* параметрит

* +эндометрит

* пельвиоперитонит

 

977. Босанғаннан кейінгі әйелде босанғаннан кейінгі 5–тәулікте дене қызуының 37,5оС дейін жоғарылауы, іштің төмен бөлігінің ауруы байқалды. Босану кезінде: бала жолдасының ақауы анықталып, қолмен бөлініп алынды. Қан анализінде: лейкоцитоз - 13,2х109/л, лейкоцитарлы формула солға жылжыған, эритроциттің тұну жылдамдығы-45 мм/сағ. Клиникалық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* параметрит

* сальпингоофорит

* пельвиоперитонит

* + эндометрит, жеңіл түрі

* эндометрит, ауыр түрі

 

978. Босанғаннан кейінгі әйелде босанғаннан кейінгі 2–тәулікте дене қызуының 39,0оС дейін жоғарылауы, іштің төмен жағында ауру сезімі, әлсіздік, жағымсыз иісті лохиялар, тахикардия, қалтырау анықталды. Босану кезінде: бала жолдасының ақауы анықталып, қолмен бөлініп алынды. Қан анализінде: лейкоцитоз - 19,2х109/л, лейкоцитарлық формула солға жылжыған, эритроциттің тұну жылдамдығы- 50 мм/сағ. Клиникалық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* параметрит

* сальпингоофорит

* пельвиоперитонит

* эндометрит, жеңіл түрі

* +эндометрит, ауыр түрі

 

979. Босанғаннан кейінгі әйелде босанғаннан кейінгі 2–тәулікте дене қызуының 39,0оС дейін жоғарылауы, іштің төмен жағында ауру сезімі, әлсіздік, жағымсыз иісті лохиялар, тахикардия, қалтырау анықталды. Босану кезінде: бала жолдасының ақауы анықталып, қолмен бөлініп алынды. Қан анализінде: лейкоцитоз -15,2х109/л, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, эритроциттің тұну жылдамдығы - 40 мм/сағ. Диагноз қойылды: Эндометрит, ауыр түрі. Емдеу тактикасы:

* гистерэктомия

* витаминотерапия

* плазмотрансфузия

* + антибиотикотерапия

* иглорефлексотерапия

 

980. Іріңді-септикалық инфекциясы бар босанғаннан әйелде антибактериальды терапия жүргізу шартында есепке алынады:

* лейкоцитоз көрсеткішіне

* пациенттің көңіл-күйіне

* + қоздырғыштар сезімталдығына

* қабыну үрдісінің орналасуына

* босанғаннан кейінгі кезең ұзақтығына

 

981. Босанғаннан кейінгі эндометриттің дәрі-дәрмексіз емі:

* жатыр массажы

* рационалды емдәм

* иглорефлексотерапия

* + жергілікті гипотермия

* ультракүлгін сәуле

 

982. Босанғаннан кейінгі эндометрит кезінде жатыр қуысын қыруға көрсеткіш:

* гематометр

* гематокольпос

* жатыр субинволюциясы

* + плацентарлық тін қалдығы

* децидуальдық қабық қалдығы

 

983. Біріншілік инфекция ошағы болған жағдайда босанғаннан кейінгі кезең сепсисті қою үшін, жүйелі қабыну жауабы синдромының келесі симптомдар саны жеткілікті:

* 1- ден кем емес

* + 2- ден кем емес

* 3- тен кем емес

* 4- тен кем емес

* 5- тен кем емес

 

984. Жүйелі қабыну жауабы синдромына гипертермия 380С-тан жоғары, тахикардия 1 минутта 90 реттен көп, тахипноэ 1 минутта 20 реттен жиі, лейкоцитоз 12х109/л жоғары және келесі қосымша белгілер тән:

* + 360С төмен гипотермия, 4,0х109/л төмен лейкопения

* 36,60С төмен гипотермия, 5,0х109/л төмен лейкопения

* 36,60С төмен гипотермия, 6,0х109/л төмен лейкопения

* 370С гипертермия, брадикардия 1минутта 60 реттен кем

* 37,50С гипертермия, брадикардия 1минутта 50 реттен кем

 

985. Босанудан кейінгі пельвиоперитонитте консервативті ем нәтижесіз болғанда келесі уақыт аралығында гистерэктомия көрсеткіш болады (сағат):

* 12

*+24

* 36

* 48

* 30

 

986. Кесар тілігі операциясынан кейін акушерлік перитонитке жиі алып келеді:

* қынаптың гематомасы

* +жатыр тігістерінің тұрақсыздығы

* қынап тігістерінің тұрақсыздығы

* жатыр мойны тігістерінің тұрақсыздығы

* аралық тігістерінің тұрақсыздығы

 

987. Кесар тілігі операциясынан кейін дамыған перитонитте көрсетіледі:

* Гистероскопия, жатыр қуысын дренаждау

* Лапаротомия, құрсақ қуысын дренаждау

* Лапароскопия, құрсақ қуысын дренаждау

* Лапаротомия, жатыр ампутациясы, құрсақ қуысын дренаждау

* +Лапаротомия, жатыр экстирпациясы, құрсақ қуысын дренаждау

 

988. Акушерлік перитониттің негізгі емі:

* + хирургиялық

* симптоматикалық

* физиотерапиялық

* дезинтоксикациялық

* иммуномодуляторлық

 

989. Септикалық шоктың жиі қоздырғышы:

* кандида тұқымдасты саңырауқұлақ

* вирустар, қарапайымдылар

* анаэробты микроорганизмдер

* + грамм теріс микроорганизмдер

* грамм оң микроорганизмдер

 

990. Септикалық шок – аяқ асты басталатын өмірге маңызды жүйелердің функциясының үдемелі бұзылысы, микроциркуляция және макроциркуляция дағдарысына алып келу себептері келесі өзгерістерге байланысты:

* массивті қан ағу

* дәрілік анафилаксия

* сәйкес емес қан құйғанда

* эндометриттің ауыр ағымы

* + микроорганизмнің экзо- және эндотоксині

 

991. Септикалық шоктың келесі даму фазаларын ажыратады:

* шынайы, жалған

* ерте, бастапқы, кеш

* + жылы, салқын, қайтымсыз шок

* біріншілік, екіншілік, метастатикалық

* бастапқы, аралық, терминалды

 

992. Босанғаннан кейінгі маститтің жиі қоздырғышы:

* Bacteroides spp.

* Escherichia coli

* Cаndida albicans;

* + Staphilococcus aureus

* Streptococcus hemolyticus

 

993. Босанған әйел босанғаннан кейінгі 5-тәулікте дене қызуының 38,0°С жоғарылауына, әлсіздікке, оң жақ сүт безінің қатаюына, гиперемиясы мен ауру сезіміне, емізікшедегі сызаттарға шағымданады. Объективті: оң жақ сүт безінің көлемі біркелкі ұлғайған, қатайған, ауру сезімді, тері гиперемияланған, емізікшеде сызаттар анықталады. Клиникалық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* +серозды мастит

* гангренозды мастит

* флегмонозды мастит

* абсцесті мастит

* инфильтративті мастит

 

994. Серозды маститте келесі ем көрсетіледі:

* хирургиялық

* + антибактериалдық

* лактацияны тежеу

* сүт безін ультракүлгін сәулелендіру

* экстракорпоралдық детоксикация

 

995. Босанған әйел босанғаннан кейінгі 10-тәулікте дене қызуының 39°С жоғарылауына, қалтырауға, тәбеттің болмауына, ұйқының бұзылысына, оң жақ сүт безіндегі ауру сезіміне шағымданды. Бес күннен бері ауырып жүр, дәрігерге қаралмаған. Объективті: оң жақ сүт безі көлемі ұлғайған, тері гиперемияланған, ауру сезімді, бездің ішінде флюктуация және тығыздалған ошақтар анықталады. Клиникалық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* лактостаз

* гипогалактия

* +іріңді мастит

* серозды мастит

* инфильтративті мастит

 

996. Іріңді маститті емдеудің негізгі әдісі болып табылады:

* + хирургиялық

* антибактериальды

* лактацияны тоқтату

* сүт безін ультракүлгін сәулелендіру

* экстракорпоральды детоксикация

 

Жаңа туылған бала іріңді септикалық ауруы

997. Жаңа туылған бала терісінің жайылған инфекциялық ауруының клиникалық түрлерінің бірі:

* сепсис

* эритема

* омфалит

* коньюктивит

* + везикулопустулез

 

998. Жаңа туылған бала терісінің жайылған инфекциялық ауруының клиникалық түрлерінің бірі:

* сепсис

* эритема

* омфалит

* коньюктивит

* + нәресте көпіршігі

 

999. Жаңа туылған бала терісінің жайылған инфекциялық ауруының клиникалық түрлерінің бірі:

* сепсис

* эритема

* омфалит

* коньюктивит

* + Риттер эксфолиативті дерматиті

 

1000. Жаңа туылған бала терісінің жайылған инфекциялық ауруының клиникалық түрлерінің бірі:

* сепсис

* эритема

* омфалит

* коньюктивит

* + Фигнер псевдофурункулезі

 

1001. Жаңа туылған бала терісінің жайылған инфекциялық ауруының клиникалық түрлерінің бірі:

* сепсис

* эритема

* омфалит

* коньюктивит

* + некротикалық флегмона

 

1002. Жаңа туылған бала терісінің жайылған инфекциялық ауруының клиникалық түрлерінің бірі:

* омфалит

* пневмония

* + коньюктивит

* некротикалық флегмона

* Фигнер псевдофурункулезі

 

1003. Жаңа туылған бала терісінің жайылған инфекциялық ауруының клиникалық түрлерінің бірі:

* +омфалит

* пневмония

* коньюктивит

* некротикалық флегмона

* Фигнер псевдофурункулезі

 

1004. Жаңа туылған баласепсисінің жіктелуі:

* ерте, кеш

* + құрсақішілік, туылғаннан кейін

* жедел, жеделдеу, созылмалы

* біріншілік, екіншілік, метастатикалық

* компенсациялық, декомпенсациялық

 

1005. Нәрестелерге госпитальды инфекцияның таралу жолдары:

* эндогенді, экзогенді, қосарланған

* біріншілік, екіншілік, метастатикалық

* парентеральды, каналикулярды, жанасу-тұрмысты

* гематогенді, лимфогенді, интраканаликулярлы

* + жанасу-тұрмыстық, энтеральды, ауа-тамшылы

 

1006. Палатада баланың анасымен бірге болуы, алдын-алады:

* жаңа туылған баланың құрсақ ішілік сепсиспен аурушылдығының

* + босанғаннан кейінгі бөлімшеде инфекция таралуының

* қызметкерлердің қолы арқылы нәрестенің індеттелуінің

* медицина қызметкерлерінің арасында бацилланы тасымалдаушылығының

* медицина қызметкерлерінің індеттелуінің

 

1007. Мерзімі жетіп жаңа туылған балалар арасында инфекциялық-қабынулық аурудың дамуына бейімдеуші фактордың бірі болып табылады:

* +асфиксия

* макросомия

* туа біткен даму ақауы

* жасандытамақтандыру

* құрсақішілік нәресте дамуының кідіруі

 

1008. Учаскелік педиатр жаңа туылған баланың оң жақ иығының некроздық флегмонасы диагнозын койды. Дәрігердің тактикасы:

* амбулаторлы бақылау

* күндізгі стационарда бақылау

* аллергологтың, дерматологтың консультация

* жоспарлы түрде хирургиялық бөлімшеге жатқызу

* + жедел түрде хирургиялық бөлімшеге жатқызу

 

1009. Қазіргі таңда өлімшілдік туылғаннан кейінгі сепсисті құрайды:

* 11-20%

* 21-30%

* + 31-40%

* 41-50%

* 51-60%

 

1010. Неонаталды сепсиспен ауырған балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы:

* 3 күн

* 3 апта

* 3 ай

* 3 тоқсан

* + 3 жыл