Курс педиатр-интерндерге пульмонология-визуальды диагностика бойынша тесттер 4 страница

*Обструктивті

*Аралас

*Рестриктивті

*Вентиляцияның уақытша бұзылысы

*Вентиляцияның бұзылуынсыз

!Бронхоэктазды ауру диагнозын нақты қою үшін қажетті әдіс:

*Бронхоскопия

*Пикфлоуметрия

*Спирография

*Бронхография

*Өкпенің қалдық көлемін зерттеу

!Вентиляциялық жетіспеушілігінің дәрежесі мен түрінің бар-жоғын бағалауға мүмкіндік беретін әдіс:

*Пневмотахография

*Пикфлоуметрия

*Спирография

*Реография

*Доплерография

!Өкпенің диффузды қабілетін зерттеуге көрсеткіштер:

*Өкпенің диффузды ауруына күмән туғанда

*Бронх демікпесін нақтылау мақсатында

*Жедел пневмония кезіндегі таралу үрдісі туралы сұрақтың шешімі

*Өкпелік асқынуларды нақтылау мақсатында

*Өкпе ақауларын жоққа шығару үшін

!Рита 5 жаста, келесі шағымдармен келіп түсті:тынысы қиындаған, жөтеледі. Ауырғанына 7 күн болған, катаральды көріністер дамыған, t -38,6оС. ауруының 3-ші күніқұрғақжөтелжәнеентігу дамыды. Анамнезінде: экссудативті-катаральды диатездің көрінісі. ЖағдайыТЖ ІІ дәрежесі есебінен ауыр. Тынысыкөмекші бұлшықеттердің қатысуымен, тыныс шығаруы шулы, қиындаған. Тынысыәлсіреген, көп мөлшердегі құрғақ ысқырықты және ылғалдыорташа көпіршікті сырылдар естіледі, ТЖ 48/мин. Спирограммада: ӨТС(ЖЕЛ)-41%, ФӨТС(ФЖЕЛ)-46%, ӨМВ(МВЛ)-44%, РВ-31%, МОД-31%, тыныс шығарудыңПТМ -0,6%. Беротектен кейін: тыныс шығарудың ПТМ 12%.

Алдын ала қойылған диагноздың қайсысы дәл келуі мүмкін?

*Жедел бронхит

*Жедел бронхит обструкциямен, ТЖ II дәр.

*Бронх демікпесі

*2-жақтыжедел пневмония, ТЖII дәр.

*Созылмалы деформациялаушы бронхит

!Созылмалы бронхит кезінде байқалатын өкпе вентиляциясының бұзылысы:

*Обструктивті типі бойынша

*Рестриктивті типі бойынша

*Аралас тип бойынша

*Вентиляцияның бұзылуынсыз

*Транзиторлық тип бойынша

!Тыныс шығарудың шектік жылдамдығы (ПСВ) анықталады:

*Пульсоксиметрдің көмегімен

*Спирометрдің көмегімен

*Глюкометрдің көмегімен

*Пикфлоуметрдің көмегімен

*Пневмотахометрдің көмегімен

! Жағдайын бағалау, ауырлық жіктелуі, емі және консультациялау кезіндеБЖАБЖ стратегиясы бойынша қолданылатын, балалардың жасы бойынша екі категориясы:

*0-2ай, 2 айлық – 5 жас

* 0-1 жас, 1 жас-5 жас

* 0-5 жас, 5-14 жас

* 0-3 жас,4-7 жас

* 0-6ай, 6-12 ай

!Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бойынша балалар жасындағы ауруларды бағдарланған жүргізу түсіндіріледі:

 

*Жекелеген аурулар мен синдромдар кезіндегі диагностикалық және емдік шаралардың реттілігі

*Науқас баланы емдеудегі полипрогмазия

*Науқас баланы емдеудегі монотерапия

*Арнайы медициналық көмек көрсету

*Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету

!Ауыр стридордың себебі болуы мүмкін:

*Жедел бронхит

*Жұтылатын абцесс

*Өкпенің ісінуі

*Туа біткен жүрек ақауы

*Пневмония

!Пульмонология бөлімшесіне 3 жасар бала келіп түсті, дене қызуының жоғарылауы, жөтелі және тыныс жетіспеушілігі бар.Ауруханадан тыс пневмония, орташа ауыр дәрежелі деген диагноз қойылды.

Науқасты емдеудің қандай тәсілі ЕҢ дұрысы:

* бензилпенициллин 50 000 мг\кг\тәул.б\е

* амоксициллин 25 мг\кг\тәул. пероральды

*цефтриаксон 80 мг\кг\тәул.б/е

* гентамицин 20 мг\кг\тәул. пероральды

* амоксиклав 25 мг\кг\тәул.пероральды

!Бала 2 айлық. Жедел ауырды, дене температурасының 38С-ға дейін жоғарылауы, енжар, емуден бас тартқан, есеңгіреген, қысқа мерзімді тырысулар болған. ТЖ-64 рет мин., кеуде қуысы төменгі бөліктерінің тартылуы, мұрын-ауыз үшбұрышының айқын цианозы бар. Өкпесінде-тынысы әлсіреген, өкпенің барлық аймағынан көптеген крепитациялық ылғалды сырылдар естіледі. ЖСЖ-142 рет мин., жүрек үндері айтарлықтай кереңделген, бауыры қабырға доғасынан төмен 3,5 см. Сирек зәр шығарады.

Науқасты емдеудің қандай тәсілі ЕҢ тиімді болып табылады:

*антибактериальды терапия

*кардиопротективті терапия

*тырысуға қарсы терапия

*зәр айдағыш терапия

*гепатопротективті терапия

!Бала 11 айлық, дене температурасы- 37,2С, құрғақ жөтел, мазасыздық, мұрын танауларының керілуімен, тыныстың жиілеуі, мазасыздық кезіндегі цианоз байқалады. ЖСЖ 48 рет мин. Перкуссияда: қораптық реңкпенөкпелік дыбыс. Аускультативті: қатаң тыныс, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар.

Науқасты емдеудің қандай тәсілі ЕҢ тиімді болып табылады:

*амбулаторлы емдеу

*«күндізгі стационарда» емдеу

*ауруханаға госпитализациялау

*санаторлы-шипажайлық ем

*физиоем

!Ауыр пневмониясы бар 1 жасар бала, антибактериальды терапияға қарамастан дене қызуының жоғарылауы жалғасуда.Бала енжар, тәбеті күрт төмендеген, дене температурасы 39С, ентігу, тынысы ыңқылдаған, ЖСЖ 60 рет мин. Перкуссияда: өкпеде тұйық дыбыс. Тынысы әлсіреген, оң жақта зақымданған аймақта тыңдалмайды. Ретгенограммада: оң жақ плевра қуысында сұйықтық анықталады.

Науқаста қандай диагноз болуы ЫҚТИМАЛ:

*пиопневмоторакс

*плевра эмпиемасы

*симпневмониялық плеврит

*өкпе торсылдағы

*метапневмониялық плеврит

!Ауыр пневмониясы бар 1 жасар бала, антибактериальды терапияға қарамастан дене қызуының жоғарылауы жалғасуда. Бала енжар, тәбеті күрт төмендеген, дене температурасы 39С, ентігу, тынысы ыңқылдаған, ЖСЖ 60 рет мин. Перкуссияда: өкпеде тұйық дыбыс. Тынысы әлсіреген, оң жақта зақымданған аймақта тыңдалмайды. Ретгенограммада: оң жақ плевра қуысында сұйықтық анықталады.

Науқасты емдеудің қандай тәсілі ЕҢ тиімді болып табылады:

*плевра қуысын дренаждау

*антибактериальды терапияны ауыстыру

*оксигенотерапия

*глюкокортикостероидты терапия

*муколитикалық терапия

!Бала 3 айлық. Жөтел, дене температурасының 390С-ға дейін жоғарылауы байқалады. Объективті: тыныс алуы 60 рет минутына, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады. Балада БЭЖ 3 дәрежесінің көріністері бар.

Қандай емдеу тактикасы ЕҢ оңтайлы болып табылады:

*алғашқы көмек көрсету, ауруханаға госпитализациялау

*алғашқы көмек көрсету, күндізгі стационарда ем қабылдауды ұсыну

*алғашқы көмек көрсету, аймақтық дәрігерді шақыру

*алғашқы көмек көрсету, кетіп қалу

*ауруханаға госпитализациялау

!Балаға 1 жас 2 ай.Жөтел, 3 күннен артық температурасының 390С-ға дейін жоғарылауы байқалады. Пульстың тыныс алуға қатынасы 1:2 тең.

Берілген науқаста қандай патологияның болуы ЕҢ ықтимал?

*пневмония

*кардит

*тиреотоксикоз

*менингит

*пиелонефрит

!Қыз бала, 3 айлық. Жансақтау бөлімінде жатыр. Аускультацияда –крепитациялық сырылдар естіледі, жөтелден кейін және кеуде қуысынфонендоскоппен басқан кезде күшейеді.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозы?

*плеврит

*бронхит

*трахеит

*фарингит

*ларингит

!6 айлық баланы қарап тексергенде қосымша бұлшық еттердің (іштің тік бұлшықеттері, кеуде, кеуде-бұғаналық) тыныс алу актісіне қатысуы және мұрын танауларының кернелуі және керілуі анықталды.

Осы баланы объективті қарап тексеруде қандай симптом анықталады?

*ентігу

*брадипноэ

*тахикардия

*брадикардия

*эмбриокардия

!Қыз бала 3 айлық. Стационарға өте ауыр жағдайында келіп түсті. Ентігу, дене температурасының 380С-ға дейін жоғарылауы. Оң жақтан кеуде қуысыныңүлкеюі анықталды. Әр жартыайналымды сантиметрлік таспамен өлшегенде – ассиметрия байқалды.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозы?

*плеврит

*бронх демікпесі

*бронхит

*бронхиолит

*трахеит

!Қыз бала 3 айлық. Стационарға өте ауыр жағдайында келіп түсті. Ентігу, дене температурасының 380С-ға дейін жоғарылауы. Оң жақтан кеуде қуысыныңүлкеюі. Әр жартыайналымды сантиметрлік таспамен өлшегенде – ассиметрия байқалды. Экссудативті плеврит диагнозы қойылды.

Науқасты әрі қарай жүргізу үшін төменде аталған тәсілдердіңқайсысын та,айындаған ЕҢ оңтайлы болып табылады:

*хирургтыңконсультациясы

*пульмонологтыңконсультациясы

*кардиологтың консультациясы

*аллергологтың консультациясы

*инфекционистің консультациясы

!Ұл бала 1 жаста. Дене температурасының 380С-ға дейін жоғарылауына, интоксикацияға шағымданады. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында өкпе суретінің күшеюі, өкпеде инфильтративті көлеңкелер анықталды, КТИ-0,53.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозы?

*жедел пневмония

*облитерациялық бронхиолит

*жедел бронхит

*бронх демікпесі

*обструктивті бронхит

!Балалардағы тыныс жетіспеушілігінің 3-дәрежесіне тән клиникалық көрінісіне жатады:

*терінің «мәрмәр түстес» болуы

* парадоксальды тыныстың пайда болуы

*жөтел рефлексінің жоғалуы

*немқұрайлық және есінің шатасуы

*корнеальды рефлекстің жоқтығы

!10 жасар қыз бала. Ауа жетіспеушілігі сезіміне шағымданады. Берілген клиникалық көрініс қалай аталады?

*ентігу

*обструкция

*гипотония

*тахикардия

*брадикардия

!Бала, 26 күндік. Үй жағдайында екіжақты пневмония көріністері анықталды.

Науқастың емін жүргізудің БЖАИЖ (ИВБДВ) бойынша ЕҢ дұрыс тәсілі:

*стационарда емдеу

*үйде емдеу

*күндізгі стационарда емдеу

*босану үйінде емдеу

* амбулаторлық жағдайда емдеу

!Қыз бала, 3 жаста. Диагнозы: Пневмония. ПЦР-ге тексеру барысында хламидияларға, микоплазмаларға, цитомеголовирустарға - оң реакция анықталды.

Науқаста пневмонияның қандай түрі?

*интерстициальды

*деструктивті

*ошақты-жайылған

*сегментарлы

*ошақты

!Ауруханаішілік деп ауруханаға түскеннен кейінгі немесе ауруханадан шығарылғаннан кейінгі қандай уақыт аралықтарындағы пневмонияны атайды?

*12 сағат

*24 сағат

*72 сағат

*96 сағат

*120 сағат

!Дені сау 10айлық балада, тамақтану барысында кенеттен ұстама тәрізді жөтел, инспираторлық сипаттағы ентігу, цианоз пайда болды. Жедел-жәрдем бригадасымен стационарға алып келді.

Төменде аталғандардан қайсысы ЕҢ ықтимал болжам диагнозы болып табылады:

* бронх демікпесі

* бөгде зат

* обструктивті бронхит

* туа біткен даму ақауы

* жай бронхит

!Бала, 5 жаста. Жөтел, 3 күннен артық температурасының 38,50С-ға дейін жоғарылауына шағымданады.

Диагнозды нақтылауға қандай аспаптық зерттеу әдісі көмектеседі?

*қақырықты флораға егу

*кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

*сыртқы тыныс функциясын зерттеу

*жалпы қан анализі

*иммунологиялық қан анализі

!Бала, 7 жаста. Жөтел, ентігу, температурасының 38,50С-ға дейін жоғарылауыне шағымданады. Рентгенологиялық зерттеуде: аралық ағзалардың зақымдалған жаққа ығысуы.

Берілген рентгенологиялық көрініс қандай диагнозды сипаттайды?

*экссудативты плеврит

*өкпе ателектазы

*диафрагмальды жарық

*пневмония

*гидропневмоторакс

!Бала, 3 жаста. Жөтел, ентігу, интоксикация, температурасының 390С-ға дейін жоғарылауына шағымданады. Рентгенологиялық зерттеуде: аралық ағзалардың ығысуынсыз өкпе суретінің тотальды қараюы.

Төменде аталғандардан қайсысы ЕҢ ықтимал болжам диагнозы болып табылады:

*өкпе циррозы

*фиброторакс

*экссудативті плеврит

*өкпе ателектазы

*бөліктік пневмония

!Бала, 5 жаста. Жөтел, ентігу, температурасының 38,50С-ға дейін жоғарылауына шағымданады. Рентгенологиялық зерттеуде: аралық ағзалардың сау жаққа ығысуы анықталды.

Төменде аталғандардан қайсысы ЕҢ ықтимал болжам диагнозы болып табылады?

*жайылмалы пневмония

*экссудативті плеврит

*бөлік ателектазы

*созылмалы бронхит

*бронхта бөгде зат

!Бала 6 айлық, жағдайы ауыр, жөтел, ентігу бар.Рентгенологиялық белгілері –васкуляризациясы төмендеген және мөлдірлігі жоғарылаған көптеген аймақтардың болуына байланысты өкпе суретінің мозаикалылығы,«ауалық қақпан» белгісі, сцинтиграфия кезінде – өкпе қандануының бұзылысы тән:

* жедел бронхиолит үшін

* облитерирлеуші бронхиолит үшін

* обструкциялық бронхит үшін

* бронх өкпелік дисплазия үшін

* аллергиялық альвеолит үшін

!Бала, 1,6 жаста.Мазасыздануы, дене қызуы жоғарылауы 37,2° С дейін, жөтел, басында құрғақ 2 –3 күн барысында, сосын ылғалды болғанына шағымданды. Қарап тексергенде: баланың жағдайы орташа ауырлықта, улану белгілері онша айқын емес. Өкпесінде: қатаңдау тыныс, барлық аймаққа өткізіледі, әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі.

Осы науқаста қандай болжам диагноз болуы мүмкін:

*обструкциялық бронхит

* жедел бронхит

* бронх демікпесі

* рецидивті бронхит

* жедел бронхиолит

!Балаға 1 жас 7 ай. Кенеттен басталып,15 минуттан кейін жоғалған жөтелге, ентігуге шағымданды. Қарап тексергенде: дене қызуы қалыпты, бала белсенді, аускультацияда сол жақтың жоғарғы бөлігінде дем шығарғанда ысқырған сырылдар, перкуссияда қораптық дыбысестіледі.

Төменде аталған болжам диагноздың қайсысы сәйкес келеді:

* обструктивті бронхит

* жедел бронхит

* бронх демікпесі

* бөгде зат

* жедел бронхиолит

!Балаға 1 жас 7 ай. Кенеттен басталып, 15 минуттан кейін жоғалған жөтелге, ентігуге шағымданды. Қарап тексергенде: дене қызуы қалыпты, бала белсенді, аускультацияда сол жақтың жоғарғы бөлігінде дем шығарғанда ысқырған сырылдар, перкуссияда қораптық дыбысестіледі.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет:

* кеуде қуысы ағзаларыныңрентгенографиясы

* бронхоскопия

* компьютерлік томография

* магниттік – резонанстық томография

* спирометрия

!Бала, 2 жаста. Құрғақ жөтел, температура 37.20С жоғарылағандығына шағымданады. Аускультацияда – өкпеніңбарлық аймағынан, арақашықтықтан көптеген құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі.

Төменде аталған емдеу тәсілінің қайсысы ЕҢ оңтайлы болып табылады:

*эуфиллинменингаляция

*вентолинменингаляция

*пульмикортпенингаляция

*преднизолономенингаляция

*беродуаломенингаляция

!Бала, 3 айлық. Жөтел, температураның жоғарылауына шағымданады. Объективті: экспираторлық сипаттағы ентігу,цианоздың болуы, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысуы, мұрын желбезектерінің керілуі, қабырғааралықтың тартылуы, аускультацияда көп мөлшердегі ысқырған және крепитациялық сырылдар естіледі.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы сәйкес келеді:

* обструкциялық бронхит

* жедел бронхиолит

* жедел бронхит

* созылмалы бронхит

* рецидивті бронхит

!Бала 5 жаста, жедел ауырды, дене қызуы 390С дейін жоғарылауы, аздап ентігу, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік байқалды. Аускультацияда: оң жақ қолтық астында және қолтық асты алдыңғы сызығында күрт әлсіреген тыныс естіледі, сырылдар естілмейді.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады:

*Пневмония

*Бронхиолит

*Ателектаз

*Бронхит

*Бронх демікпесі

!3 айлық балада. Симптомдар кешені: дене қызуы субфебрильді, интоксикация белгілері жоқ, конъюнктивит, ұстама тәрізді қиын жөтел, көкжөтел тәрізді, қақырық аз бөледі, обструкциялық синдром, өкпедегі физикалық өзгерістері аз.

Осы науқасты емдеудің ЕҢ оңтайлы емі?

* амоксиклав

* пенициллин

* линкомицин

* ровамицин

* гентамицин

!6 жастағы бала, қойылған диагнозы: пневмония. Жөтелгенде, терең тыныс алғанда, еңкейген кезінде оң жақ кеуде бөлігінде ауыру сезімі байқалады.Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында: өкпенің тотальды оң жақты қараюы, ағзалардың сол жаққа ығысуы анықталды.

Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін:

* ателектаз

* абсцесс

* плеврит

* эмфизема

* пневмоторакс

!6 жастағы бала, қойылған диагнозы: пневмония. Жөтелгенде, терең тыныс алғанда, еңкейген кезінде оң жақ кеуде бөлігінде ауыру сезімі байқалады.Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында: өкпенің тотальды оң жақты қараюы, ағзалардың сол жаққа ығысуы.

Науқасты әрі қарай жүргізудің ЕҢ оңтайлы тәсілі?

* емдік плевральдық пункция

*қанның көктамырлық лазерлі сәулелендіру

* вибрациялық массаж тағайындау

* трансбронхиальды пункция

*кеңірдек интубациясы

!Бала 13 жаста, қант диабетімен ауырады, жансақтау бөлімінде екі жақты пневмониямен жатыр. Қақырығынан алтын түсті стафилококк табылды. Екі антибиотикпен антибактериалдық ем басталды.

Дәлелді медицина көзқарасымен иммунотерапия тәсілдерінің қай түрі тиімді:

* рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагальды фактор

* қанды көктамырда лазермен сәулелендіру

* қанды ультракүлгін сәулелендіру

* рекомбинатты интерферон-альфа

* рекомбинантты интерлейкин-2

!Қант диабетінің І типімен ауыратын 5 жасар бала, пневмониядан емделіп жүріп, қайтадан шырышты іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға шағымданды. Аускультацияда: аздаған тұрақсыз құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық: өкпе суретінің түбірінде миграцияланған ошақты инфильтраттар байқалады. Қақырығында Сandida анықталды.

Науқасты емдеудің қандай тәсілі ЕҢ тиімді болып табылады?

* тималинтағайындау

* амброксолтағайындау

* цефазолинтағайындау

* флуконазолтағайындау

* преднизолонтағайындау

!Қыз бала 13 жаста, үдемелі ентігуге шағымданады. Тексерудің нәтижелері: ЭТЖ – 55 мм/сағ. Рентгенограммада – плевралық сұйықтық. Емдік мақсатта жасалған пункцияда- 900 мл геморрагиялық сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра қуысына сұйықтықтың қайта жиналуы байқалды.

Берілген зерттеулердің қайсысы диагнозды нақтылауда дәлірек ақпарат береді:

* трансбронхиальды пункция

* магниттік-резонансты томография

* экссудаттың цитологиялық зерттеуі

* онкомаркерлерге зерттеу

* компьютерлік томография

!Қыз бала 13 жаста, үдемелі ентігуге шағымданады. Зерттеулердің нәтижелері: ЭТЖ – 55 мм/сағ. Рентгенограммада – плевралық сұйықтық бар. Емдік мақсатта жүргізілген пункцияда-900 мл геморрагиялық сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра қуысына сұйықтықтың қайта жиналуы байқалды.

Науқасты емдеудіңқай тәсілі мақсатты түрде тағайындалады:

* антибиотиктерді ауыстыру

* кортикостероидтар тағайындау

* салицилаттар енгізу

* гемостатикалық препараттарды енгізу

* аналгетиктер тағайындау

!Бала 3 жаста. Шағымдары: ентігу, жөтел, дене қызуының390Сдейін жоғарылауы. Рентгенограммада: жайылуға бейім көптеген ошақты көлеңкелер. Қақырықты бактериалогиялық егуде пневмококк анықталған.

Науқасты емдеуде қандай тәсілі ЕҢ оңтайлы болып табылады?

* гентамицин, амикацин

* офлоксацин, ципрофлоксацин

* бензилпенициллин, экстенциллин

* фузидий қышқылы, ко-тримоксазол

* азитромицин, амоксиклав

!Бала 10 жаста пневмониямен амбулаторлық емделді,антибиотиктер қабылдады, жағдайы жақсармады,дене қызуы 39°Сжоғарылай бастады, ЖСЖ 120/мин, жүректің солға ұлғаюы, жүрек үндерінің кереңделуі бар. ЖҚА: лейкоциттер-20х109/л, нейтрофильдер-60%, таяқша ядролылар- 15%, ЭТЖ-40 мм/сағ. Рентгенограммада: анық горизонтальды деңгейде қоюлануы және оның үстінің ашықталуы анықталды.

Науқасты ары қарай ем жүргізу тәсілі:

* санациялық бронхоскопия, муколитиктер, антибиотиктер

* антибактериальды емді жалғастыру

* иммуностимуляторлар тағайындау

* бронходилататорлар, антибиотиктер, муколитиктер

* саңырауқұлаққа қарсы ем тағайындау, массаж

!10жастағы науқаста ошақты пневмониямен 9-шы тәулікте қан аралас іріңді қақырық пайда болды, сол жағынан жауырын ұшынан ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдарестіледі,дене қызуы 39-40С. Рентгенологиялық деструкция аймақтарымен көлеңке анықталады.

Қандай диагностикалық тәсілді тағайындаған дұрыс болып табылады:

* хирургтіңконсультациясы

* ЛОРконсультациясы

* Кардиологтіңконсультациясы

* Пульмонологтыңконсультациясы

* Фтизиатрдыңконсультациясы

!Бала 7 жаста. 8 күн бойы пневмония диагнозына байланысты ем қабылдайды. Емге қарамастан улану белгілері өршуде, температурасы 390С-ға дейін көтерілді. Аускультативті: өкпе үстінен «тамшы тамған тәрізді» дыбыс естілді.

Науқаста қандай асқыну түрі дамуы мүмкін?

* өкпенің ісінуі

* пневмоторакс

* гидропневмоторакс

* респираторлы дистресс синдром

* өкпенің эмфиземасы

!12 жасар бала. Диагнозы: бөліктік пневмония. Жоғары дене қызуының күрт төмен түсуі, кенеттен әлсіздік, басының айналуы, құлақтың шулауы, жүрек айну, құсу пайда болуына алып келді. Объективті: бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек үндерінің кереңделуі, АҚ төмендеген.

Науқасты емдеудіңқандай тәсілі ЕҢ оңтайлы болып табылады?

* гепариненгізу

* аскорутиненгізу

* витамин Кенгізу

* фенкарол енгізу

* флуконазоленгізу

!Науқас 8 жаста, әлсіздік, субфебрильді температура, кеуде қуысының оң жағында сыздап ауыру сезімі, жағымсыз иісті іріңді көп мөлшердегіқақырықпен жөтелге шағымданады. ТЖ – 38/мин, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде тынысы амфорикалық. Рентгенограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде: қуыс анықталды.

Науқасты емдеудіңтиімді тактикасы:

* ампициллин гентамицин

* плазмаферез курсы цефтриаксон

* ошақты санациялау қуысқа моксофлоксацин енгізу

* өкпе бөлігінің резекциясы цефтриаксон