Курс педиатр-интерндерге пульмонология-визуальды диагностика бойынша тесттер 7 страница

!Қыз бала 5 жаста. Диагнозы: орташа ауырлықтағы пневмония. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Анасы жоғары білімді.

Аймақтық педиатрдың ЕҢ дұрыстәсілі:

* үйде емдеу

* күндізгі стационарда емдеу

* ауруханада емдеу

* медициналық орталықта емдеу

* санаторлы-шипажайда емдеу

!Қыз бала 5 жаста. Диагнозы: орташа ауырлықтағы пневмония. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Анасы жоғары білімді. Балада 1-дәрежелі тыныс жетіспеушілігі.1-ші дәрежелі тыныс жеткіліксіздігін емдеудің ЕҢ тиімді тәсілі:

* маска арқылы оксигенотерапия

* бөлмені желдендіру

* мұрын канюлялары арқылыоксигенотерапия

* барокамера

* ӨЖЖ

!Қыз бала 6 жаста. Цитостатиктер және гормондармен ем алып жатыр. Бүгін күрт ентігу, ауыздан көпіршікті бөлінділермен қиын ұстама тәрізді жөтел пайда болды. Сілекей микроскопиясында пневмоцисталар анықталды. Безгек жоқ. Өкпенің рентгенологиялық көрінісі: «мақта тәрізді өкпе» түрінде интерстициальды өзгерістер анықталған.

Төменде берілген препараттардың қайсысы пневмонияның осы түріне ЕҢ тиімді?

*триметоприм

*максипим

*ванкоген

*фортум

*роцефин

!Ер бала, 2 жаста. Жөтелге, сұйықтық ішуден бас тартуға шағымданады. Объективті : тыныс алу актісіне қабырғааралықтардың тартылуымен қосымша бұлшықеттердің қатысуы. Ентігу минутына 50-ге дейін.

Осындай клиникалық көрініс кезінде БЖАИЖ-ге(ИВБДВ) стратегиясына сәйкес қандай ем жүргізу ұсынылады?

* антибиотиктер

* гормондар

* витаминдер

* муколитиктер

* саңырауқұлақтарға қарсы

!Ер бала, 2 жаста. Жөтелге, сұйықтық ішуден бас тартуға шағымданады. Объективті : тыныс алу актісіне қабырға аралықтардың тартылуымен қосымша бұлшықеттердің қатысуы. Ентігу минутына 50-ге дейін. Пневмония диагнозы қойылған.

Берілген науқаста пневмонияның салыстырмалы диагностикасын қандай аурумен жүргізу қажет?

* бронхиолитпен

* жүрек ақауымен

* муковисцодозбен

* Вильямс-Кемпбел синдромымен

* Патаусиндромымен

!Жедел бронхит үшін тән:

*құрғақ жөтел, аурудың бастапқы кезінде құрғақ сырылдар екі жақтан ірі көпіршікті сырылдар

*аурудың бастапқы кезінде ылғалды жөтел, орта көпіршікті сырылдар

*перкуторлы дыбыстың бір жақтан тұйықталуы, сырылдар жоқ

* ылғалды жөтел, перкуторлы дыбыстың екі жақтан тұйықталуы

* жөтел жоқ, перкуторлы дыбыстың әлсіреуі

!Жедел обструктивті бронхитке тән:

*экспираторлы ентігу, ылғалды әртүрлі калиберлі, ысқырықты жайылмалы сырылдар, кеуде қуысының эмфизематозды желденуі

* ылғалды жөтел, перкуторлы дыбыстың екі жақтан тұйықталуы

* аурудың бастапқы кезінде ылғалды жөтел, орта көпіршікті сырылдар

* инспираторлы ентігу, әртүрлі калиберлі құрғақ сырылдар

* кеуде қуысы бөшке тәрізді, тыныс алу кезінде ысқырықты сырылдар

!Бала 3 жаста. Вирусты этиологиялы обструктивті бронхит.

Төменде көрсетілген емнің қайсысы ЕҢ тиімді?

*вирусқа қарсы препарат, бронхолитик, кеуде торының вибрациялық массаж

* антибиотик, муколитик, иммуномодулятор

* сілтілі ингаляциялар, қөпсұйықтық ішу, кеуде қуысыныңмассажы

* муколитик, иммуномодулятор, сілтілі ингаляциялар

* антигистаминді препарат, кү тәртібін сақтау, кеуде қуысыныңмассажы

!Төменде көрсетілгендердің қайсысы пневмонияның өкпеден тыс асқынуына жатады?

* инфекциялық-токсикалық шок, ТШҚҰ синдромы,ересектер типіндегіреспираторлы дистресс – синдром

* пневмоторакс

* нейротоксикоз

* өкпе деструкциясы

* тырысу синдромы

!Бала 3,8 жаста, жедел аурыды, дене қызуының 38 С-ға дейін жоғарылауы, тамақтан бас тартты, жалпы қозу, тері жабындылары бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, тахипноэ,қосымша бұлшық еттердің тыныс алу актісіне қатысуымен (қабырғааралықтардың тартылуы) экспираторлы ентігу, сирек,құрғақжөтел, вирусты инфекциямен ауырғандармен қатынаста болды, кеуде қуысыжелденген, аңқасында әлсіз катаральды синдром, перкуссияда-өкпесінде қораптық дыбыс, аускультативті-қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек жағынан тахикардия, басқа ағзаларда ауытқулар байқалмайды.

Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы тыныс жетіспеушілігін куәландырады?

* қатаң тыныс

* құрғақ ысқырықты сырылдар

* қосымша бұлшық еттердің тыныс алу актісіне қатысуымен экспираторлы ентігу

* перкуссияда-өкпесінде қораптық дыбыс

* әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар

!Бала 4 жаста, жедел ауырды, дене қызуының 38,50С-ға дейін жоғарылауы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бір реттік құсу, терісінің бозаруы, көз астының көгеруі, ентігу (36-38 рет минутына), ата-аналары температура түсіретін дәрі берген, дене қызуы шамалы төмендеген, бірақ 2 сағаттан кейін қызуының 38,80С-ге дейін қайта жоғарылауы байқалған, ауруының 2-ші күні аймақтық дәрігер: аралас типті ентігу бар екендігін байқаған, өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, сол жерінде әлсіреген тыныс, ұсақкөпіршікті және крепитациялық сырылдар естіледі. Басқа ауытқулар байқалмайды.

Диагнозды қою үшін төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысын жүргізу қажет?

*ЭКГ

* іш қуысы ағзаларының УДЗ

*жалпы қан анализі, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

*жалпы қан анализі, кеуде торының КТ

* спирография, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

!Балаға 2 жас. Тамақтану барысында кенеттен жөтелді, көгерді, жөтел 10 минутқа созылды, кейін қайталанбады. Келесі күні қайтадан жөтелді (ұстама тәрізді емес), көптеген құрғақ сырылдар, әсіресе, оң жақтан естіледі.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы ықтимал:

* обструкциялық бронхит

* ларингит

* пневмония

* бөгде зат

* жедел бронхиолит

!Бала 1 жасар, ауруханаға айқын токсикоз белгілерімен, аралас типті ентігумен келіп түсті, дене қызуы 380С. Перкуссияда: перкуторлы дыбыс қораптық реңкпен анықталады. Шашыранды сырылдар, оң жақтан жауырын бұрышында-тұрақты ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал:

* бронхиолит

* альвеолит

* пневмония

* бронх демікпесі, тұншығу ұстамасы

* обструктивті бронхит

!Бала 9 айлық, ЖРВИ фонында ауруының 4-ші күні жағдайы нашарлай түсті, қайталамалы дене қызуының жоғарылауы37,80С-ға дейін, экспираторлы ентігу, оральды сырылдар пайда болды. Аускультацияда- тыныс шығаруыұзарған, әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар екі жақтан естіледі.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал

* бронхиолит

*обструктивті бронхит

* рецидивті бронхит

* пневмония

* плеврит

!Ер бала Ю., 9 жаста, жедел ауырды. Шамалы мазасыздық, басының ауруы, мұрыннан көп шырышты бөліністер, құрғақ жабысқақ жөтел байқалады. Ауруының алғашқы 2 күні науқас қатты қалтырады, бірақ парацетамол қабылдағаннан кейін температурасы түсті. Қарап тексергенде-аңқасында айқын катаральды өзгерістер, ринорея. Құрғақ жөтел сақталған. Аускультацияда: тынысықатаң, симметриялық шашыранды тұрақсыз құрақ және әртүрлі калиберлі (көбіне ортакөпіршікті) ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелден кейін сырылдар жойылады. Тыныс жиілігі 22 рет минутына.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал

* бронхиолит

*обструктивті бронхит

* жедел жай бронхит

* пневмония

* плеврит

!Бала 5 айлық. Ауру жедел дене қызуының 38°С-ға дейін жоғарылауынан басталды. Келесі күні жағдайы күрт нашарлады: пароксизмальды жөтел, қиындаған ысқырықты тыныспен, ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Қабырғааралықтардың тартылуы, мұрын танауларының керілуі, периоральды цианоз байқалады. ТЖ 60/мин. Перкуторлы: өкпелік дыбыс қораптық реңкпен. Аускультативті: көптеген ұсақкөпіршікті және крепитациялық сырылдар тыныс алуда және тыныс шығарудың ең басында естіледі. ЖСЖ 140/мин.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал

* бронхиолит

* обструктивті бронхит

* жедел жай бронхит

* пневмония

* плеврит

!Бала 7 жаста, суықтанғаннан кейін жедел ауырды, дене қызуының 39,0°С-ға дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел ауырсынумен, бас ауруы байқалды. Үйде қарап тексергенде: жағдайы ауыр, бас ауруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Тері жабындылары бозарған, «мәрмәр» суретімен. Шырышты қабаттары таза, құрғақтау. Аңқасы гиперемирленген. Тынысы ыңқылдаған. ТЖ – 32 рет минутына. Кеуде қуысы желденген, оң жағы тыныс алудан қалысқалады. Перкуторлы: оң жақтан, жауырыннан төменперкуторлы дыбыстың тұйықталу аймағы байқалады. Аускультативті: тынысы қатаң, тұйықталу аймағында әлсіреген, сырылдар жоқ. Жүрек үндері қатты, шулар жоқ, ЖСЖ 120/мин.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* бронхиолит

*обструктивті бронхит

* жедел жай бронхит

* пневмония

* плеврит

!Бала 7 жаста, суықтанғаннан кейін жедел ауырды, дене қызуының 39,0°С-ға дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел ауырсынумен, бас ауруы байқалды. Үйде қарап тексергенде: жағдайы ауыр, бас ауруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Тері жабындылары бозарған, «мәрмәр» суретімен. Шырышты қабаттары таза, құрғақтау. Аңқасы гиперемирленген. Тынысы ыңқылдаған. ТЖ – 32 рет минутына. Кеуде қуысы желденген, оң жағы тыныс алудан қалыс қалады. Перкуторлы: оң жақтан, жауырыннан төменперкуторлы дыбыстың тұйықталу аймағы байқалады. Аускультативті: тынысы қатаң, тұйықталу аймағында әлсіреген, сырылдар жоқ. Жүрек үндері қатты, шулар жоқ, ЖСЖ 120/мин.

Төменде көрсетілген шаралардың қайсысы ЕҢ тиімді?

* дезинтоксикациялық терапия

* антибактериальды терапия

* гемотрасфузиялық терапия

* орын басушы терапия

* өкепені жасанды желдендіру

! Тыныс алу жетіспеушілігінің клиникалық критерийі болып табылады:

* перкуторлы дыбыстың қысқаруы

*қабырға аралықтардың ішке тартылуымен ентігу

* амфорикалық тыныс

* дауыс дірілінің күшеюі

* құрғақ және ылғалды сырылдар

! Бронхоэктазы бар балаларда қақырықтың ерекшелігі:

*қақырық таңертең денесін алдыға еңкейткенде қақырынады, шіріген иіс, 3 қабаттық

* қақырық кешке бөлінеді, дене қалпына тәуелсіз, тот басқан түстес

* жағымсыз иіс, қою, 3 қабаттық

* қою жасыл түсті қақырық, көп емес

* серозды-іріңді сұрлау реңді, иіссіз, көп

! Бала 7 жаста, суықтанғаннан кейін жедел аурыды, дене қызуының 39,0°С-ға дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел ауырсынумен, бас ауруы байқалды. Үйде қарап тексергенде: жағдайы ауыр, бас ауруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Тері жабындылары бозарған, «мәрмәр» суретімен. Шырышты қабаттары таза, құрғақтау. Аңқасы гиперемирленген. Тынысы ыңқылдаған. ТЖ – 32 рет минутына. Кеуде қуысыжелденген, оң жағы тыныс алудан қалыс қалады. Перкуторлы: оң жақтан, жауырыннан төмен перкуторлы дыбыстың тұйықталу аймағы байқалады. Аускультативті: тынысы қатаң, тұйықталу аймағында әлсіреген, сырылдар жоқ. Жүрек үндері қатты, шулар жоқ, ЖСЖ 120/мин.

Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізген дұрыс?

* бронхит

* бронхиолит

* бөгде зат

* плеврит

* өкпеніңтуберкулезі

!Созылмалы бронх-өкпелік үрдіскезінде ЕҢ МҮМКІН болатын брохиальды өткізгіштік бұзылысының деңгейіқандай?

* бас бронхтар

* орта калиберлі бронхтар

* ірі бронхтардың таралуы

* ұсақ бронхиальды тармақтар

* өкпе ацинусы

!Рентгенологиялық зерттеу жүргізгенде өкпе суретінің бейнесі болып табылады:
* өкпенің дәнекер тінінің
* бронхтардың
* қантамырлардың

* тамырлар мен бронхтардың
* лимфатикалық тамырлардың

!Науқас А., 10 жаста. Ентігуге, жөтелге шағымданады.Анамнезінде: бір айлық кезінен бастап, қайталамалы респираторлы инфекция бронхообструктивті синдромменжөтелі бар.Қарап тексергенде жағдайы ауыр. Ентігу - тыныштық кезінде минутына 36–40 рет минутына қосыша бұлшықеттер қатысуымен. Шырышты іріңді қақырықпен ылғалды жөтел және тырнақтарында «сағат шынысы» симптомы анықталады.Аускультацияда: тынысы әлсіреген,құрғақ және әр түрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі.Рентгенограммада: тыныс алу кезінде оң өкпенің 8 сегментінде бронхтың кеңейгені көрінеді, тыныс шығару кезінде бронхтар аса тарылған, бұл проксимальді бөліктердіңбаллонирленген бронхоэктаздарына тән.

Науқасқа аталған өкпенің туа біткен даму ақауларының қайсысы тән:

* Маклеод синдромы

* Картагенерсиндромы

* Мунье-Кун синдромы

* Айерс синдромы

* Уильямс-Кемпбелл синдромы

!Науқас А., 10 жаста. Ентігуге, жөтелге шағымданады.Анамнезінде: жөтелі бірайлық кезінен бастап,бронхообструктивті синдромменқайталамалы респираторлы инфекция ауырады. Шолу рентгенологиялық зерттеу кезінде: кеуде қуысында обстуктивті синдром белгілері,өкпе тінінде эмфизематозды ісіну, жүрек көлеңкесі «тамшы» пішінібайқалған. Өкпе суретінде сол жақ проекциясы сегменттік тілігінде деформация байқалады. Кеуде қуысының салыстырмалы рентгенограммасында тыныс алу және тыныс шығару кезінде ісіну белгілері сақталады. Тыныс алу кезінде оң өкпенің 8 сегментінде бронхтың кеңейгені көрінеді, тыныс шығару кезінде бронх аса тарылған, бұл проксимальді бөліктердіңбаллонирленген бронхоэктаздарына тән.

Осы көрініс өкпенің туа біткен қандай даму ақауынатән болады:

* Уильямс-Кемпбелл синдромы

* Картагенер синдромы

* Мунье-Кунсиндромы

* Ослер – Рандю - Вебер синдромы

* Луи Барсиндромы

!7 жасар бала. «Созылмалы обструктивті бронхит» диагнозымен қаралуда. Сыртқы тыныс алу функциясына зерттеу жүргізгендеобструктивті компонент басымдылығымен айқын желдену бұзылысы байқалған: FEV1 – 30,3%, PEF – 35,0%, FEF25 – 25,7%, FEF50 – 21,9%, FEF75 – 19,5%. Бодиплетизмография бойынша бронхиальдіқарсыластық 354% дейін көбейген, ішкі кеуделік көлемі – 216% дейін, қалдық ауа көлемі – 399% дейін, өкпенің тіршілік сыйымдылығы – 133%.

Сыртқы тыныс алу функциясының зерттеу нәтижелері сәйкес келеді:

* өкпе эмфиземасықұрылымына

* өкпе фиброзықұрылымына

* ателектазқұрылымына

* бронх деформациясының құрылымына

* плевралық жабысу құрылымына

!Науқас 8 жаста. Ентігуге, созылмалы жөтелге шағымданады. Анамнезінде: бір айлық кезінен бастап қайталамалы респираторлы инфекция бронхообструктивті синдроммен ауырады. Тыныштық кезінде минутына 40-45рет минутына қосыша бұлшықеттер қатысуымен. Ылғалды жөтел қиын бөліінетін қақырықпен, тырнақтарында «сағат шынысы» симптомы анықталады.Аускультацияда тынысы әлсіреген,құрғақ және әр түрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу кезінде обструктивті компонент басымдылығымен айқын желдену бұзылысы байқалған.

Бірінші кезекте қандай аурумен дифференциальды диагноз жүргіземіз:

* созылмалы обструктивті бронхитпен

* туа біткен даму ақауларымен

* бронх демікпесімен

* бронхтағы бөгде затпен

* рецидивті бронхитпен

!3,5 жастағы науқас. Анамнезінде:тыныс шығарудың қиындауыменентігуге,жөтелі қиын бөлінетін қақырықпен, қайталамалы респираторлы инфекция бронхообструктивті синдроммен бірге. «Бронх демікпесі» диагнозымен аллергологта қаралады. Ингаляциялық және жүйелік глюкокортикостероидтар, кромон қатарындағы препараттар,қысқа әсерлі β2-агонистер (беротек) тағайындалған.Жүргізілген емнің тиімсіздігі қосымша қандай зерттеулерді жүргізуді қажет етеді?

* компьютерлік томография

* тыныс ағзаларының шолу рентгенограммасы

* сыртқы тыныс қызметін зерттеу

* иммуноферменттікзерттеу

* қанның газдық құрамын зерттеу

!Қыз бала А., 1,3 жаста. Анасының айтуы бойынша ентігуге, бір айлық кезінен бастап жөтелуге шағымданады.Анамнезінде: қайталамалы респираторлы инфекция бронхообструктивті синдроммен. Ентігу тыныштық кезінде минутына 50 рет минутынақосымша бұлшықеттердің қатысуымен. Ылғалды жөтел қиын бөлінетін қақырықпен. Аускультацияда тынысы әлсіреген,құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Тердегі хлор құрамы - 7,5 ммоль/л.

Жүргізілген зерттеулер бойынша бірінші кезекте анықталады:

* туа біткен бронх ақаулары

* бронх демікпесі

* бронхоэктазды аурулар

* рецидивті бронхит

* муковисцидоз өкпелік түрі

!8 жасар науқаста бронх шырышты қабаты биоптатының морфологиялық зерттеуінің гистологиялық көрінісінде шырышты бездердің гиперплазиясы, бокал тәрізді жасушалардың көбейгені,шырыш гиперсекрециясы,кірпікшелі жасушалары азайған, базальді мембрана қалыңдаған, бронхтардың мукоцилиарлық тазартылуы байқалған.

Осындай морфологиялық көрініс ЕҢ тән болады:

* бронх демікпесі үшін

* созылмалы бронхит үшін

*созылмалы пневмония үшін

* рецидивті бронхит үшін

* өкпелік муковисцидоз үшін

!7 жасар науқаста созылмалы бронхо-өкпелік үрдіспен, рентгенографиялық зерттеу жүргізген кезде өкпе суретінде диффузды өзгерістер байқалған, оның күшеюі және таралуы өкпе түбірінде және төменгі бөлігінде, өкпе түбіріндегі өзгеріс және олардыңқұрылымдық бұзылысы обструктивті синдромға тән. Осындай рентгенологиялық көрініс ЕҢ тән болады:

* жедел обструктивті бронхит үшін

* созылмалы бронхит үшін

* созылмалы пневмония үшін

* бронх демікпесі үшін

* жедел бронхит үшін

!8 жасар балаға бронхографиялық зерттеу жүргізгенде бронх қабырғаларының әртүрлі дәрежеде тартылуы және томпайғаны, бронхиальді тармақтардың контуры тегіс еместігі,олардың жалаңаштануы, кіші бронх тармақтармен кедейленуі,контрастты затпен толық қамтылмағандығы байқалған, бұндай көрініс тән:

* деформацияланған созылмалы бронхит үшін

* туа пайда болған бронх ақаулары үшін

* жедел обструктивті бронхит үшін

* рецидивті бронхит үшін

* бронхтағы бөгде зат үшін

!Науқас И., 11 жаста. Қақырықпен бөлінетін ұзақ жөтелге,әлсіздікке,шаршағыштыққа шағымданады.Анамнезі бойынша екі жасында жедел бронхитпен ауырған,содан жөтел сақталып қалған,өкпеде үнемі сырыл естіледі.Бронхоөкпелік үрдіс жылына 2-3 рет қайталанады,жоғары темпеартурамен қабаттасуымен,күшейген ылғалды жөтелмен өткен.Тексеру барысында аз бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, құрғақ және бірең-сараң ылғалды сырылдар оң өкпенің төменгі жағынан естіледі.

Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал:

* созылмалы бронхит

* созылмалы пневмония

* обструктивті бронхит

* муковисцидоздың өкпелік түрі

* бронхиальдіастма

!Қыз бала И., 11 жаста,ұзақағымды бронхо-өкпелік үрдісі бар.Бронхоскопияда оң жақтың төменгі бөлігінде катаральді-іріңді эндобронхит көрінісі бар.Өкпе сұйықтығында лейкоциттер -65%, альвеолярлық макрофагтар - 20%. Бронхограммада 8 сегмент деңгейінде бронхиальді тармақтардың контуры тегіс еместігі, олардың жалаңаштануы, кіші бронх тармақтармен кедейленуі, 10 сегмент 3–4 бөлікдеңгейінде контрастты заттың үзілуі байқалады.

Қандай ЕҢ ықтимал диагноз жөнінде ойлауға болады:

* туа біткен бронх ақаулары

* обструктивті бронхит

* муковисцидоздың өкпелік түрі

* бронх демікпесі

* созылмалы бронхит

!Бала 6 ай, қайталамалы созылыңқы көріністерімен бронхо-обструктивті үрдіс синдромы болып тұрады, дене дамуы артта қалған, асқазан-ішек жолдарының бұзылысы жоқ, терінің бөлінуі, хлоридтердің қалыпты көрсеткіші болатын болса, бірінші кезекте қандай аурудың болу мумкіндігін ЖОҚҚА ШЫҒАРАДЫ:

* туа біткен бронх ақаулары

* обструктивті бронхит

* муковисцидоз

* созылмалы бронхит

* бронх демікпесі

!Науқас 6жаста, «Созылмалы бронхит» диагнозымен қаралуда. Бронхоскопияны жүргізу кезінде оң жақты төменгі бөліктік катаральді- іріңді эндобронхит көрінісі анықталды. Лаваждық сұйықтықта лейкоциттер -65%, альвеолярлық макрофагтар- 20% құрады. «Созылмалы бронхит» диагнозы қойылды. Цефтриаксонды қанша мөлшерде тағайындаған ТИІМДІРЕК болып табылады:

*20 мг/кг

*40 мг/кг

*60 мг /кг

*80 мг /кг

*100 мг/кг

!Науқас В. 6 жаста,созылмалы катаральді ортаңғы отитпен қосарланған созылмалы бронхитпен ауырады. Бронхоскопия жүргізу кезінде оң жақты төменгі бөліктік катаральді-іріңді эндобронхит көрінісі анықталды. Лаваждық сұйықтықта: лейкоциттер -65%, альвеолярлық макрофагтар- 20% құрады. Кешенді емдеу кезінде меркациннің 10 мг/кг дене салмағына б/е тағайындау ұсынылды.

Балада қандай жанама әсер ЕҢ жиі дамуы мүмкін:

* нефротоксикалық

* гепатотоксикалық

*жалпытоксикалық

* ототоксикалық

* бронхотоксикалық

!Балада ентігу, созылмалы жөтелге шағымданады, ерте жасында қайталамалы респираторлы инфекциялар обструктивті синдром, тыныс жеткіліксіздігі көріністері болып тұрған, сыртқы тыныс алу функциясы зерттелді. Сыртқы тыныс қызметінің көрсеткіштері (ФТК1(ОФВ1) – 103,1%, ТШШЖ(ПСВ) – 101,8%, ӨТС(ЖЕЛ) – 108%, МОС25 – 106,4%, МОС50 – 112,1%, МОС75 – 127,7%) .

Берілген көрсеткіштер бойынша бірінші кезекте қандай аурудың болу мумкіндігін ЖОҚҚА ШЫҒАРАДЫ:

* туа біткен бронх ақаулары

* обструктивті бронхит

* муковисцидоз

* созылмалы бронхит

* бронх демікпесі

!Дені сау 9 айлық балада, тамақтану барысында кенеттен ұстаматәрізді жөтел, ентігу инспираторлық сипатта, цианоз пайда болды. Жедел жәрдем бригадасымен стационарға алып келді.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозы:

* бронх демікпесі

* бөгде зат

* обструкциялық бронхит

* туа біткен даму ақауы

* жай бронхит

!Бақыланбайтын бронх демікпесі фонында түзілген өкпе эмфиземасы кезінде кеуде қуысы пішінінің ЕҢ тән болатын өзгерісі: